Сабақ саны: лекция, семинар, лаборатор. СӨЗ, Барлық сағат саны



жүктеу 1.31 Mb.
бет2/6
Дата17.04.2016
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus -> Kuk
Kuk -> Лекциялар: 15 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Kuk -> Қазақстан Республикасы
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Kuk -> “Құқықтану” кафедрасы
Kuk -> “Ќ±ќыќтану” кафедрасы
Kuk -> Лекция: 15 сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Барлық сағат саны: 45 сағ Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)
Kuk -> Білім және ғылым министрлігі
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат
Kuk -> Силлабус қР азаматтық құқық пәні (Жалпы бөлім). (2-ші бөлім студенттер үшін) Жетісай – 2005 ж. Құрастырған: “Құқық” кафедрасының оқытушысы И. Бижанов. ОҚУ Әдістемелік кешені

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті


“Заңтану – тарих” факультеті




“Құқық” кафедрасы

Шетел мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша 050301 “Заңтану” мамандығының студенттері үшін


ЛЕКЦИЯЛАРДЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай 2005 ж.

Лекция №1: Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.

Жоспар:
1. Тарихи материализм - адамзаттық қоғам тарихының

методологиясы.


  1. "Мемлекет", "қүқық" түсініктері.

  2. "Жалпы мемлекет және қүқық тарихының қызметі мен пәні.

  3. "Жалпы мемлекет және қүқық тарихы" пәнінің жүйесі.


1
Адамзаттық қоғам тарихы - бұл әр түрлі контитенттер пен ендіктерде, қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы, тіршілік пен материалдық, моральдық қүндылықтары дүниетануы әр түрлі халықтарда мыңжылдықтар ағысында өтетін күрделі және қайшы процесс.

К.Маркс пен Ф.Энгельс материалистік диалектика негізінде жалпы әлеуметтану теориясының және оның әдісін - тарихи материализмді қүрастырды.

Олардың шығармалары барлық қайшы тенденциялардың жиынтығын көре түра, қоғамдағы түрлі топтардың анық белгіленетін тіршілік және өндіріс шарттарына сүйене, жеке "басшы" идеяларды таңдау мен оларды талқылаудағы субъективизм мен бассыздықты жоя түра, материальдық өндірістік күштер қалындағы барлық идеялар мен көп әр түрлі тенденциялардың түбірін аша тура, қоғамдық - экономикалық формациялардың пайда болу, даму және төмендеу процессін танудың жолын көрсетті.

Ф.Энгельс берген анықтамасында: "Өндіріс, оның сонынан өнімдерінің айырбастауы кез-келген қоғамдық қүрылыстың негізін қүрады. Әр бір қоғам өнімдерін қалай бөлумен, сонымен бірдей қоғамның қай топтарға ажыратылуымен, не және қалай өндіруімен, өндіріс өнімдерін қалай айырбастаумен белгіленеді" деген.

Осы сөздерді қорытып айтқанда қоғамдық- экономикалық формация - бүл қолданып жатқан өндіріс тәсіліне сай қоғамдық қүбылыстардың бірлестігі мен әрекеттестігін есепке алушы жүйе.

Қоғамдық-экономикалық формация түсінігін пайдаланып қоғамның дамуын, эпохалардың, қоғамдардың, мемлекеттік нысандардың, қүқықтық жүйелердің, идеологиялардың өзгеру себептерін түсіндіру мүмкін болды, адамзаттың өткенін түсініп, оның болашағына назар тастауға мүмкіншілік жаратылды.

Формациялар бірі-бірін белгілі заңдылықтардың негізінде ауыстырады: алғашқы қауымдық құрылыс, феодальдық құрылыс, капитализм құрылысы. Социализм құрылысы туралы бөлек айту керек (бұл сөзді талқылау).

Дегенмен, тек қана экономикалық факторларды есепке алсақ, қате болуы анық. Өйткені, экономикалық жағдай - тек базис ғана болады.

Оның негізінде (надстройка) төмендегілерден тұратын қондырма құрастырылады: мемлекет, құқық, религия, философия, өнер т.б.
2
Мемлекет - таптық қоғамда саяси биліктің негізгі құралы, ол қоғам басқарудың қажетті кездерінде мәжбурлеу күшін істетуші арнайы басқару жүйе.

Мемлекеттің негізгі элементтері:



  1. мемлекеттің тетігін қүрастырушы арнайы органдардың және
    мекемелердің бірлестігі бары (мәжбурлеу органдары: армия,
    полиция - арнайы орында).

  2. Қүқық бары (мемлекет жағынан белгіленетін немесе
    санкцияланатын жүріс-түрыстың заңдылықтары).

  3. Мемлекет билігінің әсер ететін белгілі аумақ бары.

Қүқық - мемлекет жағынан белгіленетін немесе санкцияланатын, ықпалымен қорғалатын, барлық азаматтар үшін міндетті жүріс-түрыстың заңдылықтары.
3
"Жалпы мемлекет және қүқық тарихының “ қызметі, оның тапсырмалары:

  1. Студенттерде қүқықты меңгеру мен қолданылу үшін қажет болатын арнайы заңды пікірлеуді қалыптастыру, мемлекет және қүқық мәселелері бойынша олардың дайындықтарын мүмкіндігінше кеңіту.

  2. Мемлекет және құқық теориясы, ілімдердің тарихын, мемлекеттік
    және халықаралық құқықты, тағыда басқа заң пәндерді аса жақсы
    менгеру үшін алдын ала қажетті жағдай жасау;

  3. Өз мемлекетімізде, және бүкіл дүниеде болып жатқан процестер
    туралы ғылыми пікірлеудің пайда болуына мүмкіндік жарату;

  4. Өзіндік ықтиярымен немесе жағдай ықтиярымен мемлекеттік -
    қүқықтық қызметтің объектісі немесе субъектісі болған адамдар
    туралы дүрыс және адамгершілікпен ойлауды дамыту.

"Жалпы мемлекет және қүқық тарихының” пәні - бүл бүтіндей қалай болса, жеке региондар мен елдерде де солай, мемлекет пен қүқық пайда болуының жалпы заңдылықтары мен олардың арнайы келбеттері, мемлекет және қүқықтың мәні мен ерекше нысандары, олардың дамуы және уәзіптенуі (функционирование) болады.

(Предмет всеобщей истории государства и права - это общие закономерности и специфические черты происхождения государства и права, как в целом, так и в определенных регионах и странах, сущность и особые формы государства и права).


4
"Жалпы мемлекет және қүқық тарихы" пәнінің жүйесі:

Курс 4 бөлімге бөлінеді:

I. Қулиенушілік мемлекет және қүқық; Ежелгі Шығыс мемлекеттері -
Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция:, Афина, Ежелгі
Рим, Ежелгі Спарта.

II. Феодалдық мемлекет және қүқық.

А) Батыс Европаның феодалдық мемлекеті мен құқығы (Франция, Англия, Германия).

Б) Шығыс Европаның феодалдық мемлекеті мен құқығы: (Болгария, Сербия, Прибалтика славяндары, Польша, Чехия).

В) Азия және Африкадағы феодалдық мемлекет пен құқық: (Араб Халифаты, Қытай, Жапония)

III. Буржуазиялық мемлекет пен құқық:

А) Жалпы дағдарысқа дейінгі капитализм (Англия, Америка, Франция, Германия, Италия, Болгария, Сербия, Жапония, Латин Америкасы).

Б) Жалпы дағдарысы кезіндегі капитализм.

I V. XX ғасыр: мемлекеттік - құқықтық тарих.

Бұл бөлімде екі дүниежүзілік соғыс арасындағы буажуазияшыл демократияның қалыптасуы, буржуазияшыл мемлекеттердің құқығында негізгі өзгерістер туралы айтылады.




Лекция №2: Ежелгі Шығыс мемлекеттері.
Жоспар:


  1. Ежелгі Египет, қоғамдық және мемлекеттік құрылыс.

  2. Ежелгі Вавилон, қоғамдық және мемлекеттік құрылыс.

  3. Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығы.

  4. Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығы.

1
Б.З.Д. ГУ-ІІІ мыңжылдықтар аралығында 40 тайпа бірлескеннен кейін Ежелгі Египет патшалығы пайда болды. Ол перғауын Нармер ( Менес ) екі патшалықты бір мемлекетке күшпен біріктіргеннен кейін пайда болды.

Ежелгі Египет тарихында 3 негізгі дәуір ажыратылады:


  1. Орта патшалық дәуір XXVIII - XXIII ғ. Б.З.Д.

  2. Орта патшалық дәуір XXII- XVII ғ., Б.З.Д.

  3. Жаңа патшалық дәуірі - XVI - XII ғ. Б.З.Д.

Бұдан былай, біздерді әрбір мемлекетте оның екі жағы ғана қызықтыратын болады: оның қоғамдық құрылысы мен мемлекеттік құрылысы.

Ал Ежелгі Египеттің қоғамына оралатын болсақ, онда қожайындық еткен тап құлиеленуші - ақсүйектер мен абыздардан қүрастырылған еді.

Ежелгі патшалық дәуірінің соңында орталық биліктің төмендеуінен пайдаланып, ақсүйектер өздерін салықтардан азат етеді. Басқарушы номархтар әсіресе осы дәуірде күшееді.

Орта патшалық дәуірінде ақсүйектерге тиісті имениелер, атақтар, лауазымдар мүра ретінде атадан балаға өтетін болып қалады.

Жаңа патшалық дәуірінде перғауын билігі күшейіп, сонымен бірге абыздардың рөлі жоғарылайды. Дәл осы кезде шіркеу мен абыздар көптеген жер мен қүндылықтарға иеленіп қалады. Абыздың атағы да мүра ретінде өтетін болып қалады.

Халықтың негізгі көпшілігі азат болып, деревняларда жасаған. Олар селолық қауымды қүрастырған. Жер осы қауымның жалпы меншігінде болып, жеке отбасыға берілген жер учаскелерді сату, алып қою, айырбастау тек қауым ризалығымен ғана рүқсат етілген.

Қауым жалпы жиналыспен, кеңеспен, ақсақалдармен басқарылған.

Бүл мемлекетте қауымның мыңжылдықтар ағысында сақталуы қолдан суландырылатын егін шаруашылық бірлескен еңбекті талап еткенімен ескеріледі: суландыру жүйелерін қүру, судан пайдалану, жеке далаларға су бөлу бірлескен еңбекті талап еткен.

Қүл еңбегінің маңызы (мәні) жоғарылап, ақсүйектердің, шіркеудің, мемлекеттің жерлерінде ол негізгі күшке айналады.

Қүлдар жаулап алынған жер халқынан алып келінген. Одан басқа, қауымның шаруалары да қарызын өтей алмаса, қүлдыққа берілген.

Мемлекеттік күрылыс:

Мемлекеттің басы перғауын болды ("Қүдай баласы" деп аталған). Оның билігі үлкен баласына мүра ретінде өткен. Перғауын билігі шексіз болған.

Атқарушы билік - "джатидің" (уәзірдің) қолында болып, оған қарасты мәселелер: жер бөлу, шінеуніктер аппаратын басқару, заңды бүзу туралы арыздарды қарау болған.

Одан басқа мемлекетте көзге көрінген лауазымды адамдардан бас қазынашы, жүмыстар бастығы (суландыру жүйесін бақылаушы) ажыратылып тұрған.

Мемлекеттік аппарат шінеуніктерден қүрастырылып, оларға арнайы атақ, киім берілген.

Армия, полиция (оның айқын және құпия бөлімдері болған. Перғауынның, ақсүйектердің күзеті олардың қатарына қосылған).

Сот билігінің жүйесі төмендегідей болған: оның басы - перғауын -1 инстанция;

Уәзір : "6 палата" - II инстанция;

Шіркеу, қала соттары - III инстанция есептелген.

Жергілікті билік ретінде - номархтың өзі, оның шінеуніктері болып түрған.


2
Біздің заманымызға дейінгі шамамен 1895 жылы Тигр және Ефрат өзеңдерінің төменгі ағымдары аралығында - шумер халқының жерлерінде- Вавилон империясы пайда болады. Оның қүрушысы әрі ен атақты патшасы Хаммурапи еді. Ол бір ғана қүдайға (Мардуққа) сыйынуды еңгізіп, "12 кесте заңдары”мен тарихта қалады.

Вавилон империясының саясат пен мәдениеттегі мәні біздің заманымыздың II ғасырына дейін өз күшін жоғалтпай келді (2000жыл !).

Коғамдык күрылыс: ақсүйектер мен дін басылары, жауынгерлер, шінеуніктер, селолық қауым шаруалары, қолөнершілер, саудагерлер, көнестер, қүлдар негізгі әлеуметтік таптарды құраған. Оның Ежелгі Египеттен бір ерекшілігі: азат адамдары екіге бөлінгені болды: "авилум" - "адам баласы", "мушкенум" - халы төменірек адам (мемлекеттік жердің арендаторы).

Мемлекеттік күрылыс: жоғары сатысында Вавилон патшалары тұрған: олардың билігі шексіз, шінеуніктер мен судьялар олардың муддесін қорғаған.

Шінеуніктер: ақшамен, жер учаскелерімен, қызметтік азық -түлікпен қамтамасыз етілген.

Армия (әскери): оның жауынгерлеріне қызметі үшін жер учаскесі берілген. Олардың балалары да қызметке барса, жер учаскесі отбасында қалдырылған.

Сот функциясын арнайы шінеуніктер, немесе сот коллегиялары атқарған. Жоғарғы сот- патшаның өзі болған.

Салык жинау: оның негізгі түрі кіріс салығы болып, азат адамдар үшін кірістің 10%, ал жартылай азат немесе тәуелділерден - 33% келемінде белгіленген болған.


3
Біздің заманымызға дейінгі XVIII ғасырда Инь мемлекеті пайда болды: онда егін шаруашылығы, қолөнер, сауда, ақша айналымы дамыған болады.

Біздің заманымызға дейінгі ІУғасырда ШаньЯнь ынтасымен реформа өткізілді: Оның нәтижесінде жерді еркін сату, сатып алу заңмен еңгізілді, отбасы бар еркектерге бөлініп шығу міндетті етілді; бұрынғы аймақтар бойынша бөлу орнына "бес"тіктерге бөлінген уездер қолданылды; "бес"тіктер принципы әскери мен қылмыстық құқыққа да еңгізілді - бірінің айыбына толық "бес"тік жауапкер болды (объективті айыпты тағу- объективное вменение ).

Шаруалардың ауыр жағдайы олардың соғылысуларына, көтерілістеріне әкеп соқты. Бұның нәтижесінде біздің заманымызға дейінгі 209 жылы Цинь династиясы құлатылды. Содан кейін, шаруалардың жағдайларына жеңілдік кірітіліп, құлдық жойылды, ақсақалдардың (старосталардың) сайлануы кайтарылды.

Дегенмен, адамзат коғамының даму заңдылықтарына сүйене, құлдар мен жерді еркін сату үш жылдан кейін-ақ қайтарылды.

Мемлекет күрылысы: мемлекет - ван-патша және үймдасқан шінеуніктердін көпшілігі -мен басқарылды. Территория уездерге бөлініп, оларды екі губернатор (бірі әскери, бірі азаматтық) басқарды. Қазына бірлескен (единую) металдық тенгені бірінші болып шығарған еді. Салықтық саясаты өнделгендігімен ажыратылып түратын еді.

Лауазымдарға иеленудің екі жолы болған : бірі - сатып алу, екіншісі -емтихан тапсыру арқылы тағайындалу еді. Бүл мемлекеттік аппаратқа ену үшін байыған көпестерге, колонершілерге жол ашты.

Біздің заманымызға дейінгі дәуірдің соңғы ғасырлары мен біздің заманымыздың бірінші ғасырларында Қытай қоғамы мен мемлекеті қүлиеленушіліктен феодолизмге қарай өркендеуде еді. Қүлдарға жер бөлініп, шаруалар тәуелді жүмысшыларға немесе арендаторларға айналып жатқан еді.
4
Біздің заманымызға дейінгі II мыңжылдықтын орталарында Үндістанның солтүстігіне, батыс жақтан европалық тілдерге жақын тілде сөйлейтін тайпалар кіріп келеді. Олар өздерін ария деп атаған.

Олар ру (гана) ларға бөлініп, рүлық көсеммен (ганапатимен) басқарылған.

Мал шаруашылығы - олардың негізгі шаруасы еді. Игерілген жерлерді әрі қарай жаулап алу нәтижесінде ру адамдары бөліне бастайды. Бір жақтан - бұл байып кеткен ақсүйектер мен олардын қолбасшылары (раджа мен кшатрия). Қалған азат арьялар - шаруа мен қолөнершілер. Олардан төмен тұратындар да бар еді: құлдар мен жаулап алынған жерлердің жергелікті халқы.

Коғамдык күрылыс: 4 варна (сословие) болған:

I - жоғарғысы - брахмандар (олар "көз көргенің талап ететіндерге” жатқан). Оларға тек елден шығарып жіберу немесе шашын алып тастау ғана жаза ретінде қолдануға руқсат етілген еді.

II-кшатрия-ақсүйектер варнасы. Бұлардан патшалар, қолбасшылар,


жоғарғы лауазымды адамдар тағайындалатын болған. Нақты билік брахмандар
қолында емес, бәлкім олардың қолында еді.

Артықшылығы жоқ варналар төмендегідей болды:

ІІІ-вайшья варнасы- шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер.

ІV-шудралар (қауымнан шығарылған шаруалар, азат етілген қүлдардан


түрған). Оларда отбасы, мүлікке ақысы болғанмен, олардың өзін сатып жіберу,
немесе сатып алу мүмкін еді.

Варнаға тиістілік туылумен анықталған. Оны өзгерту мүмкін болмаған.

Үндістанды сырттан жаулап алу варналардың касталарға айналуына көмектесті. Біздің заманымыздың бірінші ғасырларында Үндістанда феодалдық қатынастар пайда болды. Бұл жағдай кшатриялар варнасы жойылуына, олардың орнына жалдама әскери құрылуына әкеп соқты. Жай егін шаруасы вайшья емес, бәлкім шудра болып қалады. Вайшьялар болса - көпестерге, саудагерлерге айналды. Кәсіптік топтар – яғни, касталар қалыптаса бастайды. Кастаға тиістілік мұра ретінде атадан балаға - өтетін болып қалды. Касталар артықшылықты, артықшылықсыздарға бөлінеді. Жексүрін кәсіптер өкілдеріне қасаптар, тері илеушілер, аңшылар, балықшылар, ағаш ұсталары, дәрігерлер, қызметкерлер жатқан. Олар “Қол тигізуге болмайтын " дардың кастасына жатқан.

Лекция №3: Ежелгі Рим.

Жоспар.
1. Рим ќулиеленуші республикасы (Ежелгі Римдегі ќ±лиеленуші мемлекет).

2. Рим империясы.

3. Рим ќ±ќыѓы: А) Ерте дєуірдегі республиканыњ ќ±ќыѓы.

В) Кешкі дєуірдегі 12 кесте (таблица) зандары республиканыњ (классикалыќ) ќ±ќыѓы.

1
Римніњ єлеуметтік ќ±рылысы: Рим біздіњ заманымызѓа дейінгі VII –VI ѓасырларда пайда болды. Халќы 2 топќа бµлінген болѓан: патрицийлер мен олардыњ антогонисттері болатын плебейлерге.

Патрицийлер: 3 тайпаѓа бµлініп, олардыњ әр ќайсысы 100 р±дан ќ±растырылѓан. Он ру бір курияѓа бірлескен.

Куриялар рим ќауымыныњ жалпы Халыќ Жиналысын сайлаған. Оныњ ќ‰зыретінде:

-зањ ќабылдау;

-барлыќ жоѓарѓы лауазайды адамдарды сайлау;

-соѓыс жариялау;

-олім жазасы туралы сот шешімдерін (апелляция т‰скен жаѓдайда ) бекіту болѓан .

Рим аќсаќалдарының кењесі –сенат -300 адамнан тұрған (гректердіњ –“сенекс-ќария”сµзінен).

Ол рулыќ аристократтардан ќ±растырылѓан болып, оныњ міндеттеріне:

- тікелей басќару (атќару билік);

- зањ істеп шыѓу;

- бітім жасау берілген еді.

Патшаны (“рекс” деп аталѓан) ќуриялардың µкілдері сайлаѓан. Плебейлер: таптыќ ±йымнан сырт т±рѓандары ‰шін оларда ќауым басќаруѓа ќатысу ќ±ќыѓы болмаѓан. Олар жеке азат еді, єскері ќызметте болуѓа, салыќ тµлеуге, егін шаруашылыќпен, ќµл µнермен, саудамен айналысуѓа ќ±ќылы еді.

Сауда жєне µндірістік байлыќ плебейлердіњ ќолында жинаќталды, µйткені, патрицийлер ‰шін егін шаруа, саяси іс- єрекет пен єскері ќызметтен басќа ќызметтердіњ т‰рі ќорлайтын деп есптелген .

Байыѓан плебейлер жаулан алынѓан жерлерді бµлуге ќатыстырылмаѓандарынан риза емес еді.

Саяси тартысулар Сервий Тулий реформаларын ќажет етті , олардын нєтижесінде:

-плебейлерге Халыќ Жиналысына ќатысуѓа жол ашылды.

-м‰ліктік ценз (5 разряд) енгізілді.

Сонысына ќарамай, байлардын дауысы 193-тен 98-ін ќ±растырѓаннан кейін (жартысынан кµбін), олардын шешімі зањдардыњ µту - µтпеуін белгілеген.

Б±л жаѓдай рулар мен куриялар б±рынѓы мєніњ жоѓалтќандарын, яѓни , алѓашќы ќауымдыќ ќ±рылыстың бұзыла бастағанын көрсетті.

Осы кездерден мемлекет негіздері салына бастайды.
2

Біздің заманымызға дейінгі II-ғасырда Карфаген және Македонияны жаулап алғаннан соң, Рим мемлекеті Жерорта тенізімен жуылған жерлердің барлығына жетекшілік ете бастады.

Жаулап алынған жерлер құлдардың сарқылмас көзі болып қалды.

Римде “нобиль” деп аталатын жана ақсүйектер пайда болды. Олардағы мүліктін құны 1 млн сестерциядан асық болып , иеліктерінде жүз мындаған құлдары болған.

Екінші жақтан, Рим шаруалары кедейлене барды. Бұның себептері:

- олар арзан құлдық еңбекке бәсеке ете алмағаны.

-мұрагерлердің арасында учаскелердің майдалануы жердін жетіспеушілігіне әкеп соғуы;

-қарыз алу шарттары өте ауыр болуы;

-байлар олардың жерлерін жаулап немесе тонап алғандары болды.

Біздің заманымызға дейінгі 74 жылғы Спартак көтерілісі, жер иелері арасындағы қайшылықтар қоздырылуы құлиеленуші республиканың құлауын тездетті. Ол республиканың орнына Рим империясы келді.

Үлкен иперияны басқару үшін алдымен барлық құлиеленуші элементтерді бір топқа қалыптастыру керек еді. Соңдықтан Юлий Цезарь дәуірінен император Қаракалла дәуірлеріне дейін (212 жылға дейін) провинциялардың барлық адамдарына рим азаматы құқықтарына тең құқықтар берілді.

Құлдық еңбек өнімсіз, демек, зиянды болып қалды. Бұл жағдайда жер иелері құлдарға жерлерін астық бөлігіне (көбінше-жартысына) пайдалануға беретін болып, осындай учаскелер пекулия деп аталатын болды.

Екінші жақтан, азат шаруа арендаторға – “колонға” - айналады. Дегенмен, аренда қысқамерзімді болғаны үшін, колоннда жерді жақсарту, қажет болған құрылысты жүргізу муддесі болмады.

322 жылы, жер иелері муддесін қанағаттандыру мақсатында колонндарды жерге бекіту туралы заң шығарылады. Жерін тастап кеткен колонн жеріне күшпен қайтарылатын болды.

Бұның өзі феодализмнің пайда болуына алып келеді, ал арендадағы жер алғашқы ұзақ мерзімге берілетің, соңынан мура ретінде өтетін болып қалады.

Рим империясы кезеңі 2 дәуірге – принципат және доминат дәуірлеріне бөлінеді.

Принципат дәуірі: республика көрінісін сақтағанымен (халық жиналысы, сенат), нақты биліктің барлық түрі император қолына өтті: ол аскериге колбасшылық етеді, азаматтық істер бойынша сот жүргізеді, сенаторларды тағайындайды.

Доминат дәуірі: III ғасырда басталды.

Бұл шексіз монархия дәуірі. Республикалық мекемелердің аттары да жойылады. Империяны басқару императормен тағайындалатын лауазымды адамдардан құрастырылған мекемелерге жүктеледі.

Мемлекеттік Кеңес: заң шығарумен айналысқан.

Қаржылық мекеме: салық жинақтаумен шұғылданған.

Әскері мекеме: генералдармен басқарылды.

шінеуніктер үшін: киім (форма), артықшылықтар, пенсиялар белгіленеді.

Осы заманымызға дейін бұл мемлекеттің терминологиясы, іс жүргізуі, атақтары, церемониялары, дипломатиялық қатынастары, басқа қала азаматы құрметті атақтары – қолданылып келе жатыр.

Басқару мүддесіне сай, 395 жылы Рим империясы екіге бөлінді: Рим астанасымен – Батыс Римге, Константинополь (Стамбул) астанасымен – Шығыс Римге. Әр бөлігінде өзінің бастығы болғанымен, империя біртұтас есептелген.

3
а) Рим біздің заманымызға дейінгі V ғасыр орталарында “12 кесте заңдары” деп аталған жария және жеке адам құқықтарының бірыңғай жиынтығынан пайдалана бастады.

Жиынтық өзінің атын қала алаңына шығарып қойылатын 12 ағаш кестелерде жазылғаны үшін алды. Ешкім заңдарды білмеумен сілтеу таба алмауы үшін істелген еді.

Өзінің негізінде “12 кесте заңдары” плебейлерді патрициандық соттардың зорлық зомбылығынан қорғау үшін жазылған болған.

Оларда заттар екі категорияға анық бөлінген.

Біріншісіне жер, құлдар, жұмыс малдары жатқызылған еді. Олар мемлекеттік меншікте сақталып қалып, жеке адамның құқығы иелікпен (владение) ғана шектелген еді. Маркс, Энгельс сөздерімен айтқанда, бұл:



<<...құлдардың алдында табиғи пайда болған бірігу нысанын сақтауға мәжбүр болған мемлекет азаматтарының бірлескен жеке меншігі >>болды.

Басқа санаттағы заттардың бәрі құндылығына қарамай қолдан қолға еркін өткен.

Қарызын өтей алмаған адам бұл заңдар бойынша шет елге құлдыққа сатылған.

Жалпы алғанда “12 кесше заңдары” қылмыстық – құқықтың ережелері өте қатаң болған: егілген жерде мал бағу, немесе ондай жерден астық ұрлау өлтірумен жазаланған. Түнгі немесе құралы бар ұрыны әркім өлтіруі мүмкін еді, немесе ол жәбірленушінің қолына құлдыққа берілетін болған.

Империяның қалыптастасуы “Халықаралық құқықты” істеп шығу тетігін талап етті. Ол табылды – перигрин (жаулап алынған жер) преторына (басшысына) сот торелігін жүзеге асыру құқығы ғана емес, бәлкім “претор формуласымен” іс бойынша судья шешімін қалай шығаруына көрсетпе беру құқығы да берілді.

Бұнымен рим классикалық құқығына (юриспруденциясына) негіз салынын, “12 кесте заңдарын” елеумелік басталады. Претор формулаларынан басқа императордың көрсетпелері, сенаттың қаулылары, заңгерлердің консультациялары да рим құқығының қайнар көздері болып қалды.

Б) Рим заңгерлерінің теориясы бойынша барлық құқықтық ережелер екі санатқа бөлінуі тиіс – жеке тұлға құқығына (отбасылық, мұрагерлік, меншік қатынастарды реттеуші) және жария құқыққа (храмдарды,шіркеулерді, жолдарды құру).

Жария құқық бүтін Рим мемлекеті жағдайына тиісті мән -жайларды реттейтін нормалардан тұрған.

Жеке тұлға құқығы – жеке адамдардың пайдасына тиісті болады.

Бұл бөлу буржуазияшыл құқықпен осы уақытқа дейін қолданылып жатыр.

Рим құқығында (ақша) займы, (зат) саудасы, сатып алу – сату, жұмыс күшін, малды жайларды жалдау, сондай – ақ кепіл, ипотека туралы келісім шарттарына негіз салынды.

Отбасыда еркектің жетекші жағдайы орналасады.

Мұрагерлік құқығында мұрагерлер қатарына 6 -ыншы буынға дейінгі қаңдас туыстар қосылды. ”Қажетті мұрагерлік” принципі енгізлді – туысқан заң бойынша алынатын мұраның 4-тен біріннен кем алмайтын болады.

Бұнымен өсіет жарлығының зорлық – зомбылығына шек қойылды.

Лекция №4: Батыс Европа мемлекеттеріндегі феодалдық құқық.
Жоспар :
1 . Феодалдық құқықтың қайнар көздері.

2. Заңгерлер . Құқық қолдану .

3. Сот құрылысы жэне сот ісін жүргізу.

4. Мүліктік - құқықтың қатынастары. Отбасылық құқық.

5. Қылмыстық құқық.
1
Әрбір мемлекет өз құқығына ие болған. Біздер оның жалпы тарихын, негізгі келбетін, бас нысандарын қараумен шектеліп қаламыз.

Европалық қүқық үшін оның тарихындағы ерекше дэуір деп


XII-XI ғасырлар есептеледі. Осы кезден бастап қүқықтық кодификациялар, рим қүқығынан рецепциялар ("алу -қолдану") қолданылатын болды.

Олардан көшіріп жазылған қүқықтық "компиляциялар" ("тонау -үрлау") эр түрлі жерлердің соттарында қолданыла бастады. Мысалы, Францияның өзінде XV ғасырда осындайлардан 60 шақты үлкен, 300 кіші жинақ ("кутюм") қолданылған.

Ерекше танылған жинақтардың ішінде Бомануар есімді профессионалдық заңгер түзген жергілікті құқықтық компиляциясы болды. Онда басқа провинцияларда қолданылатын құқық нормалары бірлестіріп жазылған еді (шаруалардың өз учаскесін сату немесе кепілге қалдыру, өз провинцияларынан сырт жерлерден учаске сатып алу туралы мәселелер шешілген еді).

Бұл жинақтардың жағымды мэні олар заңдарды біркелкі талқылауға мүмкіндік бергенінде.

Ал Англияда XIII ғасырдағы ағылшын құқығы өзінің ерекше жолымен дамыды. Осы дэуірден заң күшіне еңген сот шешімдерін арнайы кітаптарға жазып алу басталды. Бұл жолмен Англияда сот прецеденті пайда болып, нығайды. Прецеденттердің жинағы Англияда жалпы құықтың негіздерін құрастырды.

Ең маңызды шешімдер жылдық жинақтарға баспасөзде шығарылатын болды.

Бірақ, жалпы құқықтық соттар кейбір жағдайларда шешім қабылдауға обьективті қиыншылықтарға ұшырады. Мысалы, теңіз кемесінің фрахты, басқа бітімдерден туындайтын міндеттер орындалмау бойынша істерді шешуде.

Экономикалық қатынастарды дамыту үшін сауда, теңіздегі жүк тасымалдың несие мен ақшалай қатынастарды жалпы түрде сэйкестендіретін жаңа қүқық нормаларында мұқтаждық сезілді. Феодалдық құқық өзінің шектелгендігімен, консервативтігімен бұл мақсаттарға сай емес еді.

Бүның шешімі рим құқығы рецепцияларынан табылды. Ол құлиеленуші мемлекеттің қүқығы болғанына қарамастан, дамыған тауарлық, жеке меншікке негізделген қоғамның қүқығы бола түрып, сонымен бірдей жоғары заңшығару мэдениетінің өнімі екендігі есепке алынды.

XIII ғасырда рим құқығы Лейден , Париж , Оксфорд , Прага (Болоньяның өзінде ғана 10 мың студент оқып жүрген дәүір ) университеттерінде оқытыла бастады.

Германияда, Францияларда рим құқығы заң күшінде болып, үлттық құқықпен бэсекелес болған. Тек қана Наполеон үкғіметі Юстинан кодексін заң күшінен айырды.
2.
Адвокатура, алғашқы императорлық Римде пайда болып, Францияда парламентпен бірдей қүрылды. Англияда адвокаттардың корпорациясы XIII ғасырда пайда болып, оған мүше болу өте қиын жэне қымбат еді. Осы корпорацияға мүшелік қана заңгерге сотта қатысу құқығын берген.

Францияда "юрисконсульттер" адвокаттардан XIV ғасырда-ақ бөлініп шыққан.

Каноникалық (шіркеулік) жэне рим құқығы рецепциялары қүқылы мүліктік дәмеленуге негіз бола алатын (имуществ . притезания) қүжаттардың маңызын асырды. Қүжаттар ресімделуіне, кэтелеріне мән беріле бастады. Солай етіп "Нотариат" пайда болды.

Прокурор лауазымы король доменін басқаратын "бальи"дің жэрдемшісі мінгдеттерінен келіп шыққан болды: айқын (очевидный) қылмыскерге айыптаушы табылмаса, "корольдің " және оның мүддесінің өкілі болып осы міндетті "бальи" жәрдемшісі атқарған.

Франциядағы прокуратура (мемлекеттік айыптаушы ретінде) XVI ғасырда қалыптасады. Сол кезде прокуратура Германияда пайда болып, оған тергеу міндеті де тапсырылды.
3.
Феодалдық қатынастар өркендеу дэуірінде (X - XIII ғасырлар) сот ісін жүргізу негіздерінің бірі болып “әр кім өзіне теңмен соттассын” деген принцип бар еді.

Сеньорлық соттардағы заседательдер сотталушыға оның мэртебесі бойынша тең адамдар болуы тиіс еді. Шаруалардың үстінен сотты өздерінің сеньорлары жүргізген.

XV ғасырдан бастап Батыс Европа мемлекеттерінде, эсіресе Францияда феодалдық ақсүйектерді сот іс-эрекеттерден шеттету прцесі болып өтті. Бұның 3 себебі бар еді:

1) Король билігінің күшеюі;

2) Рим қүқығының мэні төмендеуі;

3) Жоғарғы соттың пайда болуы;

Кодекстерді жэне басқа да заң жинақтарды білетін заңгерлер еңбегі, жоғарғы соттар пайда болғаннан кейін, сот ісін жүргізу кәсіпке айнала бастады. Бұрын сот ісін жүргізген пэр мен сеньорлар заңдарды жақсы үйрене алмағандары үшін бұл іс -эрекеттен бас тарта бастады.

Франция біріккен сайын провинцияларда да парламенттер - сот мекемелері ретінде қүрыла бастады. Жоғарғы соттар қүрамы кэсіптенген заңгерлермен толықтырыла бастады. Көбінесе олар рим құқығының білгірлері болған.

Тергеу эрекеттері өткізілуінің қажеттігі заңға енгізіліп, алғашқы тергеу мен сот тергеуі бірі бірінен бөліну уақыты XVI ғасырға тұра келеді. Осы кезден бастап ордалиялар процессуалдық эрекеті есебінде жойылды. Дегенмен, айыпты мойындату үшін азап көрсету XVI ғасырдың орталарына дейін қолданылып келді. Судьялар айыптаушы шешімін өз ішкі сенімі негізінде шығаруға құқылы болды. Үкім шығаруды судья қалаған мезгіліне кейінге қалдыруы мүмкін еді.

Англияда сот ісін жүргізу басқа жолмен дамыды. Бүл мемлекетте инквизиция болмады, рим қүқығының эсеріде дерлік таралмады. Англиялық сот процесінде сөзжарыс (состязательность) нығая бастады (истец - талап қоюшы, ответчик - жауапкер, олардың адвокаттары, екі тараптың куэлары). Сөзжарыс аяқталғаннан кейін присяжнойлар қылмыс фактісі болған - болмағаны туралы мэселені шешкен. Судья осыған негізделіп өз шешімін шығарған .

Англиядағы қылмыстық процестің ең үлкен жетістігі: айптаушы өзінің айыпсыздығын дэлелдеу міндетінен босатылды. Бұнымен дэлелдеудің ауыртпалығы - эрқандай процестің ең маңызды мэселесі -айыптаушыға жүктелді.
4.
Алғашқы кезде феодалдардың жері мұрагерлер арасында теңдей бөлінсе, көп өтпей, жерлердің майдаланып кетпеуі үшін, олар бүтіндей үлкен баланың қолына берілетін болды (майорат орнатылды).

Ал шаруа жерінің үштен екісі де үлкен баласының қолына берілетін болды.

Қалалар пайда болуымен буржуазиялық қатынастарға негіз салынған болды. Тауар өндірісімен бірдей оны алып сататын көпестер пайда болды. Жеке көпестің қаржысы жетпеген жерде сауда компаниялары түзіле бастайды.

Бірінші банк, вексель осы дэуірде пайда болады. Вексель бойынша қарыздарын өтей алмағандарға эр түрлі қатаң жазалар қолданылған: оларды қаладан шығарып жіберу, қамау, мүлкін тэркілеу сияқты жазалар.

Экономикалық байланыстардың түрлері көбеюімен, шарттар ресми құжат ретінде жазылып мойындала бастады.

Отбасылық құқық:

IX ғасырдан бастап некені бүзу (ажырасу) рүқсат етілмеген. Қандас туыстардың арасындағы некелерге тыйым салынған еді. Рим құқығынан алынып, қыз 12-де, бала 14-інде неке жасына жетілген деп қабылданды.
5.
Біздің заманымызда "қылмыс" деп аталатын эрекеттердің "тізімі" қылмыстық заңда анық көрсетілген. Оған енгізілмеген эрекеттер қылмыстарға жатпайды деп те белгіленген.

Орта ғасырлық эділет бүған басқаша қараған. Корольге, сеньорға, гильдияларға опасыздық білдірудің өзі қылмыс деп есептелген. Дегенмен, "берілгендік" түсінігі анықталмағаны үшін эрқашанда зорлық -зомбылыққа мүмкіндік болған.

Мысалы: мәйіттерді зерттеу үшін бөлшектеу, шаруалар өз қожайындарына қарсы сөз айтуы қылмыс деп танылған.

Ал бүгін қылмыс деп есептелетін эрекеттер ол кезде қылмыстық деп бағаланбаған . Мысалы: рыцарьлардың атты адамдар топтары үлкен жолдарда ашық тонаушылықпен щүғылданса, ақы алу үшін қамауға ешқандай негізсіз алса,"бірінші түн" құқығы деп эйелдерді зорласа, бүлардың барлығы қылмыс деп есептелмеген.

Орта ғасырлық сот қүрылысы сонымен зорлық - зомбылыққа, судьялардың ихтыярлығына экеп соққан.

Германиядағы судья Карпцов 20 мың адамды өлім жазасына үкім етті. Испания королі Филипп II Нидерланды мемлекетінің бұкіл халқын өлім жазасына тарту туралы шығарылған

инквизицияның үкімін бекітті. Бұл үкім негізінде 25 мың адам қырылды. Бүлардың барлығына қойылған айып - өз ұлттық бостандығы үшін күрескендері болды.

Англияда инквизиция болмағанымен, 4-5 млн-дық халқынан Генрих VIII дәуірінде 72 мың адам (эр бір жетпіснші), ал оның қызы Елизавета дәуірінде (XVI ғасыр) 89 мың адам эр түрлі "қылмыстары" үшін қинап өлтірілді.




Лекция: №5: Батыс Еуропа елдеріндегі феодалдық мемлекеттер.
Жоспар:


  1. Ертефеодалдық Франктер монархиясы.

  2. Батыс Еуропадагы феодалдық қатынастардың өркендеуі:
    Франциядағы, Анлиядағы және Германиядағы феодалдык
    мемлекет.

1
Ежелгі дәуірдегі Рейн жәңе Эльба өзендерінің ортасында жайғасқан Еуропаның территориясында көптеген (англ, сакс) т.б. Германиялық тайпалар қоныстынған. Юлий Цезарь куәлігі бойынша, олар жерге жеке меншікті білмеген: әр жылы тайпа жері рулар мен отбасылар арасында әділетті қайта бөлінген.

Жалпы айтқанда, олар дамыған қол өнері мен базары бар, отырықшы, егін шаруашылықпен айналысатын халық ретінде сипатталған болған.

Біздің заманымыздың V ғасырында кейбір Германиялық тайпалар (көбінесе, сакстар мен англдар) кельт аборигендерді тықсырып, қазіргі Англия территориясына көше бастайды. Басқа салиқалық (Жерорта теңіз жағасындағылардың жалпы атауы), франк деп аталған тайпалар Галлияны (қазіргі Францияны) жаулап алады. Оларды басқарған король Хлодвиг, оның жасақшылары бүл жаулап алынған жерге қожайындық ете бастады. Франктердің шаруалары да өзара көп жерді бөліп алды.

Селолық қауымы бола түрып олар орманды, жайылымдарды жүртшылық меншігінде сақтап қалды. Әрбір отбасы учаскелі болды. Деревняға басшылық еткен ақсақал сайлау жолымен тағайындалған.

Сословие — мемлекет заң ережелері бойынша өзара тең құқықты адамдардың қогамдық тобы.

Соғыстағы жеңістер жайша қолбасшыдан бірте-бірте монархқа айналған корольдің билігін өте күшейтті. Өйткені, жаулап алынған жер, көбінше, король меншігіне қосылды. Екіншіден, халықтан қүрастырылған жасақты өзінің түрақты әскерисіне айналдыру мақ-сатында, ол халық меншігіндегі жер учаскелерді алып қойып, өзіне жақын әскерилеріне берді. Осы жолмен король өзінің эскери күшін, демек, орталық билігін де нығайтты.

Мемлекет байтақтығы үшін оны бүрынғы қалыптағы рулық-қауымдық әдістермен басқаруға болмай қалды.

Ақсақалдардың кеңесін король өзіне жақын адамдардың кеңесімен ауыстырды, халық жиыны кездейсоқ жиналатын болып, өзінің мәнін жоғалтты. Халық жасағы орнына жаңадан пайда болып жатқан байлардан қүрастырылған әскерилер орын алды.

Осы мысалда, қүл иеленушілік өзінің дамыған қалыптарынан әрі өтіп кетіп, тікелей феодализмге өтуін байқап түрмыз.

VI ғасырда франктердің мемлекетінде жер еркін айналатын меншікке айналады. Сөйтіп, бір полюсте ірі жер иелену, екінші полюсте жері жетіспейтіндер пайда болуларына мүмкіндік туғызды.

Жердің мүрагерлер арасында майдаланып кетуі, ауыр салықтар, ақсүйектер мен шінеуніктердің тікелей талан-таражы шаруалар өз жерін,сонымен бірдей, жеке бостандығын да жоғалтуына әкеп соғады. Қарыздарын өтей алмаған адамдарды жерге бекіту басталады. Бүл процесс нәтижесінде франк шаруаларын жерге бекіту аяқталып, күшті орталық билікке мүқтаждығы қалмаған сеньорлар арасында сепаратизм күшейді.

Карл Мартелл атты майордом реформаларымен орталық билікті нығайтты.

768-814 жылдары франк мемлекетіне сакс тайпаларының жерлері, ( қазіргі Австрия, Швейцария, Испанияның бөлшегі) қосылды.

Варварлық зандар: "Варвар", "Тағы" ден римдіктер мен гректер германиялық тайпалардың адамдарын, жалпы бөтендерді атаған.

Біздер, көбірек, У ғасырда франктерде- олар жаулап алған жерлерде орналасу заманында - пайда болған ”Саликалықтар заңдарына” (Салическая правда) назар аударамыз.

Жер отбасыларға бөлінгенімен, жалпы ол селолық қауым меншігінде қалдырылады.

Бала мен қыз мүра ретінде қозғалмалы меншікті тең бөліп алған. Бірақ, жер тек қана балаға өткен. Бүның мәні - жер бөлінбей қауым меншігінде қалуын қамтамасыз ету болған.

Ажырасуға рұқсат етілмеген.

Қанды кек орнына айыппүл салынатын болды. (Қанды кек мәнін мысалмен түсіндіру). Еркін франкті өлтіргені үшін айыпкерге 200 солид айып салынған. Бүл ақшаға 100 өгіз сатып алуға мүмкін еді.

Іс-әрекеттің қасақаналығы немесе абайсыздығы ажыратылмаған. Жаза әрекеттің нәтижесіне қарай берілген.

Сот ісін жүргізу халық жиынымен сайланатын 7 рахинбургтер коллегиясымен атқарылады.

Сот ордалия, сынау нысаныда өтшзілген (от, су, темір).
2
843 жылы Үлы Карл немерелері, байтақ империяның үстінен билікті бөле алмай, империяның өзін бөлуге келісті.

Верден қаласында түзілген шарта бойынша, Үлы Карл империясы - негізінде қазіргі Францияға, Германияға, Италияға сәйкес келетін -3 бөлікке бөлінді.

Бүл бөлу феодалдық қатынастардың үстемдігінің, олардың толық жеңісі мен өркендеуінің белгісі болды. Сондықтан, біздер IX ғасырдың ортасын ертефеодалдық мемлекеттің аяғы деп, ал Франция, Италия және Германияның кейбір облыстарында феодалдық қатынастардың өркендеу дәуірі деп көрсетуіміз мүмкін.

Феодалдық шаруалардың теңсіздігі "қүдаймен орнатылған" деп жарияланып, ақсүйектер мен дінбасылар артықшылықтары, сондай-ақ шаруалардың міндеттері де формальды түрде бекітілді.

Францияда ақсүйектер мен дінбасыларының негізгі артықшылығы болып олар өз жерлеріне меншік қүқығын сақтағаны болып қалды. Бүл қүқықпен бірдей помещиктер өз шаруаларын соттауға, сотсыз жазалауға қүқылы болды.

Франциядағы феодалдық таптың ең жоғарысы болып герцогтар мен графтар түрды. Олар корольдердің өзіндік вассалдары деп есептелген. Олар өз жерлерінде тәуелсіз қожайын болып қалады.

Олардың вассалдары "барон" деп аталып, II сатыдағы вассалдар болып есептелген, жерлерін герцогтар мен графтардан “үстаған». Олардан да төменірек майда ақсүйектер — "рыцарь" деп аталған.

Феодалдық тәуелді шаруалар 2 топқа: "серв" және "виллан" дарға бөлінген.

Сервтердің жағдайы ең ауыр болатын: қожайыны оны жерімен қосып, немесе одан бөлек сатуға, қамауға, өлтіруге де қүқылы болған. Олар қожайындарының жерлерінде "барщина" ны атқаруға, оған салық (талья) төлеуге міндетті еді.

Вилландар жер салығын — чинш — төлеуге, бір жылдың 10 күнін қожайынының жерінде істеп беруге міндетті еді.

Феодалдық Англияның тарихы ерекше қалыптысты.

Францияның 1066 жылы Англияның солтүстік Нормандия првинциясының герцогы Вильгельм -Жаулап алушымен жаулап алынды. Қарсылық көрсеткен Англияның ақсүйектері жойылды, олардың жерлері Вильгельмнің және оның барондарының олжасы болып қалады. Вильгельмнің қолынан жер алғандар тікелей корольдің вассалы деп есептелген. Франциядағы бар вассалдардың ортадағы буыны Англияда болмаған.

Бүл ерекшелік король билігінің нығаюына, барондар оған тәуелді болып жүре беруіне себеп болған. Күшті орталық биліксіз англосакстық шаруалардың қаруланған қарсылығын тоқтатып, Англия жерлерін үстап қалуға бүдан бөлек мүмкіндік жоқ еді.

Германяның ІХ-ХІ ғ.ғ. артықшылықты сословиенің жоғарысында ақсүйектер мен шіркеу князьдары түрды. Өздерінің кең жерлерінде олар орталық биліктен кем тәуелді басшы болып қалады. Князьдардың вассалдары — графтар болды. Германия шаруалары 3 топқа бөлінген болды: крепостной (бекітілген), чинш төлеуші және азаттарға бөлінді.




Лекция №7: Рим – католиктік шіркеу. Инквизиция. Абсолюттік монархия.
1. Рим – католиктік шіркеу. Инквизиция.

2. Абсолюттік монархия.


1
Кедей мен құлдардың діні ретінде пайда болып, христиан діні Рим өкіметі жағыннан қатаң қуғынға ұшыраған.

Ол тек біздің заманымыздың 132 – 192 жылдарында ғана жасырын күйден шыға бастады. Осы жарты ғасырлық дәуірдің ішінде христиан діні үлкен табыстарға жетті. Христиандық әдебиет пайда болады, 4 інжілі жазылады. 250 жыл бойы христиандар құғынға ұшырап, жүздеп өртте өртелген.

Ал 1У ғасыр басында- император Константин дәуірінде- христиан шіркеуі қайтадан ресми болып қалады. Император билікке күресуде бұл шіркеуге сүйену үшін, оған жер сатып алу, өсиет етілген мүлікті қабылдау құқығын беріп, салықтар төлеуден азат етті.

325 жылы император Константин басшылығында “Дүниежүзілік Никейлік собор” (дінилердің жиналысы) өткізілді. Оның көрсетпесін орындап, собор шіркеудің “Дүниежүзілік” мәртебесін жариялап, Рим қаласының епископын империяның батыс жағындағы бөлігіне жалғыз ғана патриарх етті.

Бұдан кейін көп өтпей, Рим патриархына “папа” атауы беріліп, ол басқа дінбасыларды жоғары сот ретінде соттауға құқылы етілді.

Франктердің королі болған Пипин Қысқа, оның баласы Ұлы Қарл, оларға шіркеу жағыннан көрсетілген қызметі үшін папаға Рим қаласын иелігіне береді.

1054 жылы Рим шіркеуі мен Константинополь шіркеу арасындағы әр қайсысы өзінің ғана жалғыз ақиқаттығы туралы тартысулары өзара үзіліспен аяқталды.

Рим католиктік ширкеудің феодалдық қоғамдағы рөлі оның ең ірі жер иесі болуымен белгіленіп отырды. Мысал, Францияда жердің жетіден бір бөлігі осы шіркеу қолында еді. Германия мен Италияның кейбір аумақтарында католіктік шіркеу мемлекеттік билікке ие болған. Бұл шіркеу сондықтан әрқашанда өзін сол дәрежеге көтерген феодалдық тәртіпті дәріптей келген.

Шіркеудің ең маңызды артықшылығының бірі өзінің юрисдикциясы, сот жүргізуге құқықты болганы болды: Шіркеуге қарасты жерлерде істейтін шаруалардың, барлық монахтардың азаматтық істерін қалай болса, сондай-ак қылмыстық істерін де солай шіркеу соттары қарайтын болды.

Кінәмен байланысты істердің тергеуін өзіне алған шіркеу белгілі қылмыстар санаттары бойынша сотты да жүргізетін болды: дінбұзушылық, діннен қайту, сиқырлық, ардақты нәрсені қорлау (шіркеу мүлкін ұрлау, дін қызметкеріне зорлық жасау), зинақорлық, қан араласу, жалған куәлік беру, қос әйел алу, жала жабу, құжатарды жалғаннан жасау, өсімалушылық.

Діннен аластап шығару үш кезеңнен тұратын етілген еді: 1- шіркеу игіліктерінен аластап шығару; П – азаматтық құқықтарыннан айыру, Ш – адамдармен қатынас жасаудан

айру.


1232 жылдан бастап дін бұзушылықтармен шұғылдану құқығы тек доминикан монахтарына тиістілігі туралы папаның көрсетпесі шығады.

1252 жылы инквизиция сезіктілерге азап көрсету құқығын алды.

Жергілікті өкіметтен тәуелсіз инквизиция өзінің ғана заңдарын мойындайтын болып, қорқынышты күшке айналды.

Инквизициялық сот-тергеу процесін бір адам жүргізген, сондықтан дәлелдеме болу талабы қойылмаған еді.

Азап көрген адамдар болмаған айыптарды, қылмыстарды мойындап немесе өліп қана құтылған. “Айыбын” мойндамау өртеп жіберу жолымен жазаланған, ал мойындаған адам өмірлік қамауға өкім етілген. Инквизиция өрттерінде Жанна д, Арк, Ян Гус, Джордано Бруно сияқты әлемге танымалы адамдар өртеп жіберілген.
2
Абсолюттік монархия пайда болуына алдын ала жасалған жағдайлар:

(Латинша абсолютус- тәуелсіз, шексіз) Абсолюттік монархия – бұл феодалдық мемлекеттің соңғы, феодализм шіруі және капиталистік қатынастар пайда болу дәуіріндегі мемлекеттік билік нысаны.

Бұл кезде мемлекет басшысы – монарх- заңшығару мен атқару билігінің бас қайнар көзі болып, мемлекет үкіметі одан тәуелді болып, салықтың көлемін белгілеп, мемлекеттік қаржыларға толық қожайындық еткен.

Сумен айланатын дөңгелек, металлургияда механикалық үрлеу, кітап басу, тоқыма станок өмірге келіп, техникалық қайта құралдану дәуірі болған ХV-ХVІ ғасырларда капитал бір қолда жинақталған сайын, қала кәсіпкерлерінің жоғарысы буржуазия табына қалыптаса бастады.

Байлығы артқан сайын буржуазияның мәні мен рөлі жоғарылайды: ең қабілетті өкілдері лауазымдарды сатып алудан пайдаланып, қаржылық және сот мекемелеріне ене басайды, кейбіреулерін король өзіне кеңесші етіп алады.

Солай етіп, қолөнер мен сауда дамуымен корольдің қазынасын толықтыратын жаңа қайнар көздер пайда болып, король жетерлі әскери күш пен барлық саланы камти алатын бюрократиялық аппаратты қамтамасыз ете алатын қазынаға ие болды. Сонымен бірдей, монарх өзінің вассалдарынан қаржылық тәуелділігін жойып, абслюттік билікке жетті.

Мұның нәтижесінде ақсуйектер бұрыңғы маңызын жоғалтып, феодалдық сеньориялар жойыла барды. Басқару, заңшығару, сот жургізу корольдің үкіметі мен әкімшілігінің қолына өтеді.

Абсолюттік монархия приницптері ең толық болып Францияда бейнеленеді. Король:

-барлық провинцияларды бақылау;

-бүкіл мемлекет аумағында мәжбүри заңдар шығару құқығына ие болды.

Қалалық автономиялар, сениориалдық әдилет жойылып, Генералды штаттар шақырылмай қалады.

ХVІ ғасыр басында шіркеу тәуелділікке ұшырайды: шіркеулік лауазымдарға да корольдің өзі тағайындайтын болды. Тез арада абсолюттік монархия қоғамға қарсы күшке айналады. Заңдарды ғана емес, бәлкім барлық қаржыларды да қолына алған король ақшаны ақылсыз шаша бастайды. Король резиденциясына айналған Версальдің қаражаттары ғана бір неше жылдық бюджетке тең болған.

Бассыздықпен басқарылған мемлекет экономикасы төмендеп, ешқашан француз шаруалары мен шебер жәрдемшілері мұншалық кедейленген жоқ еді. Ешқашан армия мұншалық үлкен болып, осынша қаражат талап етпеген еді.

Лекция № 8: Араб халифаты.
Жоспар.


  1. Араб халифаты.

1
Аравиядагы 6-7 ғасырларда, ислам дініне дейінгі заманда әлеуметтік қатынастар өте курделі болган. Елдің басым бөлігінде рулық байланыстар, қанды кек алу, жерге жалпы меншік сияқты алгашқы қауым қатынастары жойылмаган еді. Сонымен бірдей, рулық ақсуй ектер ныгайды. Ұлкен қалалар пайда болып, сауда мен өсімталды алушылық кең таралады.

Шаруа халық (крестъянское население) малшаруашылық тайпалар сияқты, селолық қауым болып жасаган, жердің жеке меншікке өтуіне қарсы бола турып, әлеуметтік теңдік позщияларында турган.

Осындай жагдайда рулық ақсуйектердің қолына билік өткенін әділетсіздік деп, еркін жаңа діндегі адамдардың теңдігін тән алуды жариялаган ілім тарала бастайды.

Жана дін христиандық, иудаизм және басқа элементтерден қүралып, ислам діні деп қалыптасты.

Ислам дінінің пайгамбары 632 жылы қайтыс болады. Ислам жетекші дінге айналуымен Мүхаммед бүкіл Аравияның басы болып қалады, ал оның жақындары мен жақтастары араб қогамының артышыльқты қабатына айналады.

7-гасырдыц бірінші жартысынан Аравия көптеген жерлерді жаулап алады. Ен жақын көршілері —Византия мен Иранның төмендеунен пайдаланып, арабтар Палестина, Сирия, Египет, Иранды багындырып, өз билігін Солтустік Африка мен Испания Оңтустігіне, Кавказ бен Орта Азияга таратады. Өте улкен араб державасы пайда болып Араб халифаты деген атау алган еді. Оның орталыгы Багдад қаласы болып қалады.

Жаңа жерлерде аравиялық халықтың көпшілігі қоныстады. Араб ақсуйектері кулиеленуден ажрамай турып, жер иеліктері мен жерге бекітілген адамдарды сатып алу жолымен феодалдарга айнала бастады.

Жаулап алынган жерлердің көпшілігі мемлекет меншігіне айналдырылган еді. Оларга қоныстаган шаруалар мурагер -арендаторлар ретінде жер салыгын төлеуге міндетті етілген еді.

Халиф мемлекеттің әрі діни, әрі аксуйектік басы (светский) болды. Бір адам қолында жоғары ақсуйектік және шіркеулік биліктердің болганы халифаттың маңызды, оган феодалдық - теократиялық мемлекеттің сипатын беруші ерекшілік болды.

Жогары лауазымды адамдардың арасында уәзір бірінші орында еді. Диван (канцеляриялар) мәртебесі де жогары болган.

Облыстарды халифпен тагайындылган эмирлер басқарган. Халифаттың феодалдық ыдырауы (распад) кезінде олар тәуелсіз феодалдық басқарушылырга айналады. Қалаларды шейхтер басқаратын болган.

Халифаттың алгашқы дуәірінде қүқъқ пен дін біртүтас болган. Қүқъқтық бастаулары деп мүсылмандардың қасиетті кітабі - қүран танылган. Оның авторы деп заң шыгарушы пайгамбар (шариа) есебінде тән алынган Мухаммед есептеледі. Сондықтан мусылман қүқыгы “ шариат - тура жол “- атауын алады. Діни ережелерден басқа шариатта қылмыстық, азаматтық және іс – жүргізу қүқықтъң нормалары да берілген. Ислам дінінде қүқъқтық, діни, этикалъқ нормалардың барлыгы бір комплекс қүрамына кіреді.

Шариат жерге мемлекеттің меншігін бекітіп, мемлекет басына жеке адамдарга жер бөлу құқығы берілгенімен, жер тек иемдену (владение) қүқыгында және салъқ төлеу шартымен берілген. Арендатор - шаруалардан феодалдық рента алынган.

Феодалдық қатынастар дамуымен бірдей феодалдық ақсүйектердің қолындагы жериеліктер олардыц жеке меншігіне айнала бастайды.

Мұсылман құқығындагы міндеттердің жуйесі жүйелілігімен ажыралып түрады.

Бітімдер екі топқа бөлінген: олар бөлінуінің негізінде келісім жасалатын затты тапсыру міндеті жүктелгенімен немесе оның жүктелмегенімен серттелген.

Зат тапсыру міндетті етілген бірінші топқа айырбастау, займ, мүлікті жалдау, сатып алу шарттар жатқан. Екінші топқа серіктестік құру, сақтау, тапсырыс беру түралы шарттар жатады. Мұсылман қүқыгының ерекшілігі заттың кездейсоқ жоқ болуының қатері сатушыга жатқызылуында болған.

Неке қатынастарда еркектің әйелден үстемдігі бекітілген еді. Шариат еркекке төрт әйел және саны шектелмеген еріксіз әйелдерді алуды руқсат еткен. Мұсылман құқығындагы мурагерлік қүқыгы қалыптасқандыгымен ажыралып түрады. Өсиетші өз ихтиярмен мүлкінің 3/1- нен аспайтын бөлігімен гана қожайындъқ ете алады. Бүл құқықтың және бір ерекшілігі: мүрагерлерге міндеттер емес, тек қана құқықтар өтуінде. Мүрагер өлгеннің қарыздарын төлеуден артқан мүлікке гана қожайын болып қалады.

Тагайындалатын жаза түрлеріне қарай, шариат қылмыстарды екі топқа бөледі: бірінші топтагы қылмыс үшін айыпкер өз денесімен немесе өмірімен, екінші топтагы қылмыс үшін айыпкер айыбын жарима толеумен өтеген. Мысал, қылмыстардың бір түрі: үрлау мен шабүыл (қолын кесіп тастауына алып келеді), әйелдің зинақорлыгы, шабуыл кезіндегі адам өлтіру (өлім жазасы қолданылады).

Қанды кекті мойындайтын шариат өлтірілген адамның туыстарына толион принципі мен қылмыскерді жазалау құқығын да береді. Бірақ, қылмыскер тиісті қүнын төлесе, ол кешірілуі де мүмкін еді. Адам өлтіру қасиетті жерде немесе қасиетті айларда істелмесе, оның қүны жүз түйе мен он екі мың дирхем болган еді. Әйелді өлтірсе осы қүнның жартысы, басқа діндегі адамды өлтірсе 3/1- бөлігі төленеді деп белгіленген.

Сот жүргізуді кадилер атқарган, дегенмен ешқандай процесуалдық тәртіп орнатылган жоқ. Мұсылман процесінде прокурор немесе адвокат қатыспайды, іс жүргізу жазбаша түрінде емес, ауызша болган. Сот ісін қарауды жүргізу бір күннен аспау керек еді.

8 гасырдан бастап араб халифаты бірлескен мемлекет ретінде ыдырай бастайды. Тәуелсіз Египеттік халифат, Испанияда УШ гасырга дейін Кордовиялъқ халифат өмір сүреді. VIII ғасырда селъджук түріктер Багдатты жаулап алып, Багдат халифатын сонымен жояды.


Лекция №9: Феодалдық Орыс мемлекетінің құрылуы.




1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет