Сабақ саны: лекция, семинар, лаборатор. СӨЗ, Барлық сағат саны



жүктеу 1.31 Mb.
бет3/6
Дата17.04.2016
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus -> Kuk
Kuk -> Лекциялар: 15 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Kuk -> Қазақстан Республикасы
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Kuk -> “Құқықтану” кафедрасы
Kuk -> “Ќ±ќыќтану” кафедрасы
Kuk -> Лекция: 15 сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Барлық сағат саны: 45 сағ Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)
Kuk -> Білім және ғылым министрлігі
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат
Kuk -> Силлабус қР азаматтық құқық пәні (Жалпы бөлім). (2-ші бөлім студенттер үшін) Жетісай – 2005 ж. Құрастырған: “Құқық” кафедрасының оқытушысы И. Бижанов. ОҚУ Әдістемелік кешені

Жоспар





  1. Оњт‰стік славяндардыњ мемлекеті мен ќ±ќыѓы.

  2. Батыс славяндардыњ мемлекеті мен ќ±ќыѓы.

1
VI ѓасырдан славян тайпалары Балкандардыњ отарлауын бастайды. Кейінгі ѓасырда олар Мезияда (ќазіргі Болгария) жеті славян тайпаларыныњ одаѓын ќ±рады.

Осы ѓасырдыњ 70-ші жылдары жеті тайпа жерлеріне князь Аспарух басшылыѓында т‰рік –болгарлар кіріп келеді.

Славяндар, шамалы, болгар аќс‰йектеріне саяси билікті беруге мєжб‰р болѓан. Дегенмен, осымен µз жерлерінің µзгеше т±рмысын жєне µз тілін саќтап ќалады.

Славяндар мен болгарлардың одаѓы агрессивтіќ Византиядан сенімді ќорѓау болды. Ол негізгі ішкі даму процестерді, оларѓа к‰шті князь билігініњ ќорѓауын беріп, тездетті. (Он активизировал основные внутренние процессы развития, дав им защиту в лице сильной княжеской власти).

Экономикалыќ жєне мєдениеттік даму бойынша славяндар болѓарлардан жоѓары, сан жаѓыннан да кµпшілік болды, сондыќтан славяндар емес, бєлкім керсінше -болгарлар бөтен халыќќа сіњіп кетеді. Дегенмен, олар мемлекет пен оныњ халқына µз рулыќ аттарын ќалдырып кетеді.

VII ғасырдан бастап тарихта бірінші болгар патшалыѓы айтыла бастайды. X-ѓасырда онда феодальдыќ ќатынастар жењіп, XI-ѓасырда феодальдыќ бµліну басталады. Сол себептен, Византия Болгарияны жаулап алып, 150 жыл дєуірінде оѓан ќожайындыќ етті. 1187 жылы к‰рес нєтижесінде Болгария Византиядан тєуелсіздікке жетіп, II Болгар патшалыѓын ќ±райды. К‰шті орталыќ билік дєуірі болѓанымен, патшаларѓа феодальдыќ органдарыныњ т±раќты кењестің єсері сезілерлі еді.

Болгарлыќ бірінші ќ±ќыќ кодификациясы IX-X ѓасырлар аралыѓында пайда болып, “Адамдарѓа соттыќ зањ”, деп аталѓан. Ол Визиантиялыќ зањдардыњ к‰шті єсерінде жазылып, кµбінесе феодальдыќ ќатынастарды ныѓайтуѓа баѓытталѓан еді. Екі єйел алуѓа, ќандас туыстармен некелерге тыйым салынѓан болды. ¤сиет бойынша м±рагерлік пайда болады. Ќылмыстар арасында ќарақшылыќ арнайы орында т±рѓаныныњ себебі, феодальдар онда шаруалардыњ ќарсылыѓы мен кегін сезгендерінде болды. Қараќшылыќ ‰шін жаза-µлім болѓан. ¦рлыќ ‰шін кµзден айыру, м±рнын кесу ќолданылѓан, рецидив т‰сінігі енгізілді.


2

Терењ ежелден Балтия тењізініњ оњт‰стік жаѓасында, Эльба мен Висла µзендері аралыѓында, кµптеген славяндар тайпалары жасаѓан. Олар Германиялыќ тайпалардаѓы ќауымдарѓа ±ќсас ќауымдарда жасап, оларда ќ±л ењбегін пайдалану онша дамымады. Халыќтыњ басым бµлігін азат адамдар - смердтер- ќ±райды. Олардан жоѓары князь, аќсаќал, князь жасаќшысы, кµпестер, жер иелері т±рѓан.

Халыќтыњ тµменгі бµлігін ќарызын µтей алмаѓандар жєне ќ±лдар ќ±раѓан. Б±л тайпалар арасында екеуі µз санымен, єскери к‰шімен ажыралып т±рѓан: бодрич пен лютичи тайпалары. Балтиялыќ славяндардыњ тарихы XII-ѓасырмен аяќталды: 1160 жылы саксондардыњ герцоѓы Лев, тайпалар арасындаѓы ќайшылыќтардан пайдаланып, славяндардыњ жерін жаулап алуды бастайды. ¤здерін ќыру мен бірдей жерлерін неміс ќоныстанушыларымен отарлауы басталады. II д‰ние ж‰зілік соѓысы нєтижесінде славяндар µз жерлдерін ќайтарып алып, немістердіњ 1000 жылдыќ отаршылдыѓын жояды.

Поляк жерлерніде мемлекет пайда болуы, шамамен VII-VIII ѓасырларда басталады. Феодальдыќ ќатынастар жењген Польшада да, Европаныњ барлыќ жеріндегідей, феодальдыќ бытыранќылыќ дєуірі басталады. 1138 жылы король Болеслав мемлекеті 4 баласына бµліп берді. Аумаќтаѓы князьдер де иеліктерін балалары арасында бµлді. Біртұтас Польша есепте ғана бар еді.

М±ндай к‰шсіз мемлекет єрине сырттаѓы жауларының єсерін кµп сезген болѓан. Алдымен Речь Посполитая ќ±рамында бірлескен Литва, Беларуссия жєне Украинаныњ басым бµлігі, 1772 жылѓа дейін Польша патшалыѓына кірген болѓан. 1772 жылы Пруссия, Россия жєне Австрия Польшаны бµлудіњ I-сін µткізіп, µздеріне оныњ шекаралас аумаѓын ќосып алады.

1793 жылы Пруссия мен Россия арасында Польшаны бµлудіњ II-сі µткізілді. Б±ныњ нєтижесінде Белоруссия мен Украина Россияѓа, ал Пруссияѓа- ±лы Польша, Гданьск, Торунь облыстар жататын болып ќалды.

Корольдіњ орталыќ билігі орта жєне майда аќс‰йектер мен жауынгерлерініњ – шляхтаныњ - артыќшылыќтарымен шектелген еді.

Лекция № 10 : Түркийа.
Жоспар:
1. Осман империясының құрылуы.

2. Осман империясындағы сот пен құқық.


1
Түрік халқының мемлекеттік – саяси қалыптасуының басы Х-Х1 ғ.ғ. тұра келеді. Сельджук тайпалық одақтың ыдырауына байланысты (Х1-ХШғ.ғ.), оғуз ордасы дербестікке жетеді. Олар Иран, Кіші Азия, Месопотамияларды жаулап алып, 1055 жылы әскерилері Бағдатты жаулап алады. Олардың қолбасшысы халиф қолыннан султан атауын алады. Солардың негізінде Сельджук салтанаты құрылады. Онда жер мемлекеттік меншік деп жарияланып, султандар мен басқа да мемлекеттік қызметіндегі адамдарға берілген. Жер учаскесіне иеленген адамның өзі және оның жерінен пайдаланып жатқан тәүелді адамдары (ленная зависимость) әскери қызметке міндетті болып қалады. Мұның негізінде 250 мыңдық атты әскери күш қалыптасады және мемлекеттік әскери күшінің негізін құрайды. Дегенмен, монголдардың жорығы нәтижесінде, экономикалық төмендеудің нәтижесінде, султанат 12-16 жекелеген княжестволарға (бейліктерге) тарап, 1307 жылы монголдар соңғы сельджук сұлтанын буып өлтіреді. Олардың ішінде ең әлсіздердің бірі болып тұрған Осман бейлігі негізінде Х1У ғасыр басында жаңа құдіретті әскери мемлекет пайда болады. Византия мен Кіші Азия, Иран, Балкан түбегіндегі мемлекеттердің жері алынғаннан кейін, теңіз жағалауына шыққан Осман мемлекеті пайда болды. Оның абыройы Баязит 1 дәуірінде жоғарылап Қара және Жер орта теңіздері аралығындағы ең құдіретті субъектіге айналады. Тимур жорығы кезінде Осман мемлекеті бір неше бөлікке бөлініп кетеді. Билігін сақтап қалған сұлтандардың әсерімен біртұтас мемлекет байта қалпына келтірілді. 1453 жылы Константинополь басып алынып, оған Стамбул атауы беріледі. ХХ1 ғасырда империя құрамына Греция, Молдавия, Албания, Оңтүстік Италия, Мысыр, Кавказ, Солтүстік Африка жағалауы қосылады. Халқының жалпы саны 25 млн-ға жетті. Осман империясы ХУ ғасырда қалыптасқан қүйінде абсолюттік монархия нысанында болды.

Мемлекет басы сұлтанда (ресми аталуы “падишах”) ақсуйектік билік қалай болса, діни билік те солай қолында болды. Басқа мемлекеттегі құқықтан айырмашылығының бірі болып, оған заңшығару билік те берілгенінде болды. ХУП ғасырға дейін билігі атадан балаға өтетін еді. ХУП ғасырдан бастап билік Осман ұрпақтарының жасы ең ұлкені мұрагердің қолына өткен.

Биліктің әкімшілігін басқарушы болып ұлы везир отырды. Ол падишахтан кейінгі екінші лауазымды адам болып есептелді. Қасында кеңес орган – 7 везирден тұратын Диван құрылған еді.

Мемлекеттік істердің дінге байланысты бөлігін шейх-уль – ислам басқарған. Ол султанмен тағайындалатын болған еді. Бұл діни биліктің ресми билікке бағыныштылығын білдірген. Көп шінеуніктердің барлығы “султан құлдары“ есептеліп, олардың атақтары, кірістері мен беделі тек қызмет бабына, сұлтан ихтиярына байланысты болды. Олардың тегі, ұлты есепке алынбайтын болған. Ең жоғары шінеуніктердің біразы өз қызметін құлдықтан бастаған. Падишахтың еркі орындалмауы мемлекеттік қылмыс есептелген, және тек өлім жазасымен жазаланатын болған.

Қызметтік қатынастардың негізінде экономикалық, жер қатынастары жатқан. Жер мемлекеттік меншік есептелуіне сәйкес, жер участкелері қызметшілерге султан атыннан берілетін болды. Бұған құқықтық негіз болып 1375 жылы қызметтік жер учаскелері туралы қабылданған акті болды. Ірі қолбасшылырға көп жер – зеамет, ал қатардағы әскерлерге (сипахтарға) - тимар түрінде иеленген адам пайдасына тиісті натуралды және ақшалай міндеттіліктерді орындап, мемлекеттік салықтарды да төлеп отырды. Мұндай ұйымдастырушы жүйе империяның әскери күші төмендеуіне, ал 17 –ші ғасыр аяғында Осман мемлекетінің жалпы дағдарысына әкеп соғады. Әскери күшінің негізі туралы бөлек айтып өткен жөн. Оны янычарлар (ени чери – жаңа әскери) құраған. Оған сараланатын адамдар 3-7 жыл ішінде бір рет күштеп 8-20 жастағы балаларды (көбінше Болгария, Сербия елдеріне) отбасыларынан алып кетіп, мұсылман тәрбиесіне түріктік отбасыларға, кейінше (физикалық күшін есепке ала) янычар корпусына берілген. Олар орталарға (кәзіргі “роталарға”) бөлініп, султан гвардиясына айналады.

Түріктік мемлекеттіліктің ерекше әскери феодалдық келбетінің, сұлтанның абсолюттіқ билігінің негізінде жоғары билікте сословиелік бірлестіктердің тұрақты өкілдерінің жоғы болды.


2
Түрік мемлекетінің сот-құқықтық жүйесі жалпы мұсылман құқығы мен өзіндік әдеттегі құқығы – тюреден құрастырылды. ХV-ХУШ –ғасырларда мемлекеттік заңшығарудың маңызы жоғарылайды.

Мұсылман құқығы негізінде мұсылмандар үшін қасиетті кітабы Құран болды. Оның сұраларының көпшілігін Мұхамед –пайғамбар арқылы Алланың өзімен берілген мұсылмандар үшін міндетті жүріс - тұрыстың қағидалары құрайды. Бұл құқықтың маңызды бөлігі болып хадистер (пайғамбар өмірі мен іс-әрекеті, бірінші халифтер істері туралы әңгімелер) тұрады. Оны осылай қабылдаған мұсылмандар сүнни, ал қабылдамағандар шиит деп қалыптасады.

Суннада өмірлік және құқықтық жағдайлар доктриналды (міндетті) түрде емес, бәлкім баяндау нысанында берілгені үшін, ережелерді талдау мен талқылау тек жоғары дінбасыларға ғана берілгеніне байланысты, мұсылман құқығы прецеденттік нысанда қалыптасты. Өйткені, судьялар шешімдерді жүйелеп, қайта құруға құқылы болмаған.

Құқық қайнар көздерінің бірі болып ақсуйектік (светские ) заңдар жинағы –канун-намелер (кодекстер) орын алады. Оларда лауазымды адамдардың, орталық және жергілікті басқару органдардың уәкілеттіктері, сипахилер мен басқа әскерилерге жер участкесі бөлінуі туралы, ажырасу, қылмыс пен жазалар, полиция, қаржылық мәселелер туралы ережелер белгіленген еді. Олардың бір ерекшелігі – оларды бекіткен султан өлімімен кодекстер әрекеті тоқтатылуы шарт еді.

Әдилет жуйесінің негізін аумақтық принцип белгілеп отырды. Оның негізгі фигурасы болып кади – кәсіптенген судья – тұрды. Үлкен аумақта олардан басқа соттар, ел бойынша жоғары діни шариаттық сот- “Арыз-о-даст” тұрды. Оған шейх-уль-ислам төрағалық еткен.

Судьялар шешімін шығарғанда, жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде дербес болған. Азаматтық пен қылмыстық істер бір тәртіппен қаралған. Процесте негізгі дәлел ретінде: айғақ заттар (улики), куәлардің көрсетпелері және ант беру танылған.

Осман империясының әлеуметтік–құқықтық құрылысының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі болып адамдардың қалыптасқан айкын сословиелік бөлінуінің жоқтығы тұрды. Құқық қабілетті деп танылу үшін мұсылман дінінде болу жеткілікті болды. Өзге діндегілер азаматтық құқықтардың барлығында мұсылман азаматтарымен тең есептелген, дегенмен оларға ислам және түрік әдеттерін құрметтеу міндетті етілген. Мұсылман дінінде болмағандарға құлға иеленуге тыйым салынған болды.

Заттық құқықтың объектісі ретінде тек қозғалатын мүлік танылған. Қозғалмайтын мүлік тек Алланың меншігі деп жарияланған, оған тек белгіленген ережелер бойынша иелену мүмкін етілген.

Отбасылық құқыққа тиесілі қатынастар шариатпен реттелген. Заңмен неке жасы анық белгіленбеген еді. Мухаммед – пайғамбар оны 9 жастан мүмкін еткен. Еркек 4 әйелмен некеде болуы рұқсат етілген еді. Дегенмен, жақын туыстарымен, құлшадан туылғандармен некеге тыйым салынған еді. Әйел үшін неке мәселесін оның әкесі немесе ағалары шешуі мүмкін еді. Неке үш куә қатысуымен өткізілетін болған. Еркек әйелін ұруға, ал әйел еркек өз міндеттерін орындамауы туралы сотқа жүгінуге құқылы еді. Неке ешқандай мүліктік міндеттіліктерге әкеп соқпаған - әр кім некеге дейінгі мүлкіне ие болып қала берген. Ажырасу өте оңайланған еді (діннен шығу, немесе әйел бастамасы, т.б ).

Балалардың камелетке жету жасы анықталмаған еді. Оларды мұрадан айыру рұқсат етілмеген. Өсиет бойынша тек мүліктің үштен бірі ғана қалдырылуы мүмкін еді.

Қылмыстар үшін жаза Құран мен осман заңшығаруында белгіленген. Құранда теріс баға берілген қылық пен әрекеттер үшін онда белгіленген жаза берілуі мумкін еді. Ауыр қылмыс үшін (өлтіру, дене мүшесін зақымдау, жарахаттау, т. б.) қанды кек мойындалған. Дегенмен, оның құнын төлеу мүмкіндігі де берілген еді. Құн мөлшері айыптының мүліктік жағдайына байланысты анықталатын болды (байға көбірек салынған). Жазаның бір түрі болып таякпен ұру болды. Ол жария орындалуы тиіс еді.

Әйелді зорлағандардың жазасы қатаң болған – айып пұл төлеу, жыныстық мүшесін кесіп тастау, жария сақалын алып тастау, т. б.

Ұрлық, билікке қарсы қылмыстар өте қатаң жазаланған: қолын кесіп тастаумен, жария жаза қолданумен.


Лекция № 11: Жаңа дәуірдегі буржуазиялық мемлекет және құқық.
Жоспар.
1. Буржуазиялық қоғамның негізгі келбеті.

1.
Феодалдық қоғам қатнастардың тарихы сеньорлар езгілігіндегі адамдардан, қалалық көпшіліктен бірте-бірте үшінші сословие, ал кейінше буржуазия табы өсіп келе жатқанын көруге мүмкіндік береді. Дәл осы денгейде пролетариаттың туылуын байқаса болды. Оның тарихи ізашарлары жерге бекітілген шаруа мен шебер жәрдемшілері болған.

Капитализмның экономикалық құрылымы феодализмның экономикалық құрылымынан өсе бастады.

Капиталистпен феодал екеуі де өндіріс құралдарының меншік иелері және қанаушылар болса, олардың арасындағы маңызды айырмашылық не де екен?

Фридрих Энгельс (К.М.иФ.Э.,Соч,т.36,с 167 ) бұл мәселеде мынадай жазған екен: «базар үшін тауар шығарып жатқан құлиесі қалай болса, барщинадағы шаруаларды қанаушы румын ақсүйегі де солай- капиталист емес. Тек еркін жұмысшыны қанап пайдаланатын өндіріс құралдарының меншік иесі ғана капиталист бола алады».

Ал жалданатын жұмысшылар табының пайда болуы тек шаруаны жеріне, шебер жәрдемшісін цехына бекітуші қатынастар жойылумен ғана мүмкін болды.

“Азат етілетіндер қашан олардан барлық өндіріс құралдары мен өмір сүрудің барлық кепілдерін тартып алғаннан кейін ғана өзін-өзі сатушы болып қалады ” (К.Маркс, “Капитал”: т.1 (К.М.Ф.Э.,Соч.т.26,г.36,с.449)

Азат жалданушы жұмысшының еңбегін тәуелді жұмысшының (құлдың, бекітілген шаруаның) еңбегімен салыстырғанда оның артықшылығы келесіде:

Жер мен еңбек құралдарынан айрылған жалданушы жұмысшыны арзымайтын ақы үшін тәуліктің 12-16 сағатын істету немесе оны көшеге шығарып тастау бекітілген шаруаға қарағанда да тіпті оңай. Оны ақы төлеудің әр түрлі -сағаттық, жеке, келісімді - нысандармен қызықтыру мүмкін.

Капиталисттік жүйедегі капиталистік өндірістің өзіне ең тән (характерный) нысаны мануфактура болып тұрғанда, ХІV-XVI ғасырларда дуниеге келеді. XVIII ғасырлардың екінші жартысында мануфактура орнына фабрика, одан кейін ірі өнеркәсіп келді.

Солай етіп, тоқушы станок өзіне киім тоқуға істететін шаруаның қолында емес, тек бұл тауарларды базарға арнайы шығару ниетінде, жұмысшыны жалдап істеткенде ғана капитал бола алады. Осы дәуірге техникада және ғылымдағы табыстар да түра келеді, өнер өркендейді. Шіркеулік, діни идеологиялар қожайындығына шек қойылып, адам, сөз, баспа, сиыну бостандықтары нығайтылады.

Буржуазияның қожайындық етуші тапқа айналуы феодалдық қатынастар мен феодальдық мемлекетерді жойған саяси революциялардың нәтижесі болды. Кейбір мемлекеттерде бружуазия билікті толық қолына алса, (мысал, Францияда), басқаларында феодалдық элементтермен компромисс (ымыра) шарттарында (мысал, Англияда) билікке келеді.

Революциялардың шарттары мен нәтижелері жаңадан құрылып жатқан буржуазияшыл немесе буржуазияшыл- помещиктік мемлекетке, құқық нысандары мен оны кодификациялау әдістеріне сәйкес болады.


Лекция №12: Англия
Жоспар
1. Англиядағы буржуазиялық революция. Буржуазиялық мемлекеттің пайда болуы.

2. Англиядағы парламенттік монархияның қалыптасуы.


1
XVII ғасыр басында Англия “феодалдық крепостнойдан” көбірек “буржуазияшыл” көрінісін алған еді. Шаруалардың көбі жерін жоғалту нәтижесінде пролетарийластырылды. Өнеркәсіп және теңіз саудасы үлкен табыстарға жетті. Экспорттың ең маңызды заты жүн емес, бәлкім шұға болып қалды. Капиталисттік түрде ұйымдастырылған ірі сауда компаниялар пайда болып тез байыды.

Дегенмен, феодализмнің өзіне тән тауар шығару мен оларды сатудың үстінен үкіметтік бақылаудан, шебер жәрдемшілері мен оқушылар саны шектелуінен, арзан жұмысшы күш болатын тауарлар мен балалаларының қалаға көшіп кетуіне қойылған бөгеттерден буржуазия наразы еді.

Мемлекет басқару жүйесі өткір критика нысанасы болып қалады: соттардан тыс юстиция (саяси трибунал сияқтылар); жалпы құқық соттар үстіне тұрақты зорлық-зомбылық; жеке меншік үйлерде солдаттардың тұрғандары, қаруланған күштердің нашар жағдайы, парламентпен есептеспеу; құдіретті және ұятсыз фаворит герцог Бекингэм жағынан қиянат етушіліктер ,т.б. .

Солай етіп, буржуазияның саяси мүдделері билікті өз қолына алу қажетілігіне әкеп соқты. Бұл мүдделер 1640 жылдан король Карл I парламентті шақырғаннан жүзеге аса бастады. Парламент корольден әскери басшылық ету құқығын алумен бірдей келесі ережелерді де енгізді:



  • Парламентсыз басқару дәуірі үш жыл мерзімінен аспауы керек (бұл ереже корольмен, үкіметпен есепке алынбаса, орындалмаса сайлау өткізу ынтасы шерифтерге, олар да атқармаса- халықтың өзіне өтуі көзделген еді);

  • Парламент сессиясы басталғаннан кейін ешқандай билік оны 50 күн өтпей таратуы мүмкін емес;

  • саяси трибуналдар жойылды;

  • заңды сот деп тек “жалпы құқық соттары ” ғана жарияланды;

  • соттардың король билігінен тәуелсіздігі мен олардың ауыспаушылығы жарияланды.

  • ешқандай салық пен ешқандай төлемдерді жинау парламент ризалығынсыз руқсат етілмеуі заңды болды.

Король Карл I-нің революцияны тоқтату әрекеттеріне қарсы Парламент үкімет өкілеттіктерін атқаруды да өзіне алады. Карл I өзіне жақтас адамдарымен Оксфорд қаласында қоныстауға мәжбүр етіледі.

Парламент корольдің армиясы таратылуы және парламенттік армияның құрылуы туралы жариялайды. Офицерлік лауазымдарға әр қандай кабилетті адам тағайындалу мүмкіндігі еңгізілді. Солдаттар арасында түсіндіру саяси жұмыстар жүргізілді.

Армияға Оливер Кромвель қолбасшылық етті. Армияда реформаларды өткізудің жақтастары көбеюі парламентті қауіптендірді. Бұл жағдай саяси қайшылықтарға әкеп соқты. Армия буржуазияның орта қаббатары мен шаруалардың мүделері жағында болса, парламент ең бай “ақшалы” туздардың мүддесін қорғады.

Соңында бұл жағдай мемлекеттік төнкеріспен шешілді: 1648 жылы армия Лондонды басып алады. Парламентте “тазарту” өткізіліп, армияға жақтас 100 депутат ғана қалдырылды.

Корольді сотқа тарту мәселесіндегі заң жобасын жоғарғы палата бір дауыстан қабыл алмады. Бұл жағдайда төменгі палата теориялық мәні мен практикалық нәтижелері бойынша аса маңызды резолюция қабылдайды:


  • төмендегі палатаның жоғары палатаның тағы да басқа биліктер үстінен қараушылығы мойындалды.

1649 жылы ағылшын буржуазияшыл революциясы өзінің жоғарғы нүктесіне жетеді. Карл I-нің өлім жазасы жүзеге асырылғаннан кейін лордтар палатасы, сондай-ақ монархияның өзіде жойылды. Англия республикаға айналды.

1658 жылы О. Кромвель өлімінен кейін, 1660 жылы Стюарттардың реставрациясы болып өтті. Бұл екі палаталы парламентке қайтуға әкеп соқты.

Жетекші класс екі партияға бөлінді:”тори” –ірі жериеленушіліктің өкілдері мен “виги”-ағылшын өнеркәсіп және сауда өкілдеріне. Осымен қазіргі Англиядағы буржуазияшыл екі партиялы жүйеге негіз салынды: консерваторлар (өткенде “тори”) және либералдар (өткенде “виги”) партиялары құрылды.

1679 жылы ағылшын конституциясының маңызды бөлігі болып қалған жеке тұлға құқықтарының кепілдері тұралы акті қабылданды. Оның маңызы келесіде:

а) қамауға алу үшін жазбаша бұйрық көрсетілуі тиіс. Қамауға негіз табылмаса сот қамалғанды азаттыққа шығарады.

б) қамауға алынғандар ақшалы кепілдерге шығарылуы мүмкін еді.

Феодалдық ақсүйектер мен буржуазия арасындағы компромисс келесіге негізделген еді:

а)ақсүйектерге мемлекеттік аппараттарға табысты лауазымдар (доходные) қалдырылды ;

б)ақсүйектер өз саясатында өздерінің мүддесін ғана емес, бәлкім буржуазияның мүдделерін де басшылыққа алуға тиіс болды.

2
XVIII ғасыр ағылшын конституциялық монархиясының қалыптасу дәуірі болды. Бұл процесс Англияны дүние жүзіндегі өнеркәсібі дамыған мемлекеттер арасында бірінші орындарға шығарған өнеркәсіптік революциясымен алға сүрілді.

Дегенмен, ағылшын мемлекетік құрылысында екі партия неге керектігін түсіндіріп өту керек. Тарих бұл сұраққа мынадай жауап берді: Екі партия мәнсіз тартысулары сайлаушылардан кезекпен бір жаққа, немесе екінші жаққа жақтасуды талап етеді. Бірақ үшінші бір нәрсені таңдауға рұқсат бермейді. Кім жеңседе, ірі жериеленушілік пен капитал жеңісі қамтамасыз етілген болады.

Лекция №14: Франциядағы 1848 жылғы революция. Париж Коммунасы

мемлекеті мен құқығы. Франциядағы үшінші республика
Жоспар:


  1. Франциядағы 1848 жылғы революция.

  2. Париж Коммунасы мемлекеті мен құқығы.

  3. Франциядағы үшінші республика.

1.
Бірінші француз империясы 15 жылдай өмір сүріп, оған қарсы коалицияның- Ресей, Ұлыбритания, Пруссия, Швеция, Австрия әскерилері жағынан жеңілгеннен соң- жойылды.

Жеңген мемлекеттер коалициясы Францияның патшалыққа «легитимдық» (заңды) династияның өкілін –Людовик ХVIII-ні қоюға асықты.

Францияның жаңа басқарушылары жер меншігін қайта бөлудің нәтижесін, буржуазияшыл азаматтық (Наполеон) Кодексін, демек, феодалдық қатынастардың жойылғанын тән алуы тиіс еді.

1841 жылғы Хартия деп аталған Конституция бойынша сайлау жүйесіне мүліктік ценз қайта енгізілді. Бұл 30 млн. француздан 90 мыңы ғана дауыс беру құқығына ие болуына, ал сайлану құқығына бары-жоғы 15 мың адам ғана ие болуына әкеп соқты. 1830 жылы патшалық еткен Карл Х 6 ордонанс шығарып: 1) баспа сөз бен жиналыстардың бостандығын жойды; 2) төменгі (халықтан сайланатын) палатаның заң шығаратын құқығын қысқартты; 3) «католиктік дінді қорлау» үшін өлім жазасын қайтарды.

Бұл саясатқа 1830 жыл июліндегі көтеріліс жауап болды. Көшедегі қанды соғыстар нәтижесінде Карл Х құлатылып, қашты.

Бұл революцияға жетекшілік еткен ірі, көбінесе, қаржы буржуазиясы патшалыққа Луи Филипп Орландиялықты қойды. Сондықтан, мемлекеттегі жетекші роль қаржы аристократиясының қолына өтіп қалады.

Екінші республика:

Жоғарыдағы жағдай өнеркәсіптік буржуазияны қанағаттырмады. Жұмысшылар асып кеткен қиыншылықтарға төзе алмайтын дәрежеге жетті. 1848 жылы 22 февраль күні жұмысшылар көтеріліп, реформалар мен нан туралы талаптармен көшеге шығады.

Үкімет оларды бастыруға әскерилерді жібереді.

Париж баррикадаларға бөленді. Король тақтан безіп, қашып кетеді.

Республика үшін күрескен жұмысшылар оның әлеуметтік болуына, олардың кәрілік кезі, балдарының тәлімі туралы қамқорлық етуіне үмітті еді.

Бірақ, Құрылтай Жиналыс тікелей буржуазияшыл республиканы жариялады (4 май күні). Алданған жұмысшылардың июнь айындағы (буржуазиясыз) көтерілісі аяусыз жаншылды: 50 мың адам өлтірілді, 3 мыңы-көтерілістен кейін қырылды.

Бұл нәтиже пролетариаттың жалғыз өзі қалғаныннан болды: өйткені буржуазияшыл республика жағында қаржы аристократия, өнеркәсіптік буржуазия, орта қабаттар, майда буржуазия, армия, мемлекет –пролетариат, интеллегенция мен шаруалар тұрған еді.

Құрылтай Жиналыс 1848 жылғы Конституциясын бекітті. Ол Францияның буржуазияшыл республика болып қалуын, барлық еркектер үшін сайлау құқығы енгізілуін, заң шығаратын билік-Ұлттық Жиналысқа, ал атқару билік республика президентіне берілуін жариялады.

Республика президенті мен Ұлттық Жиналысқа сайлау тәртібі бірдей еді: жалпы дауыс беру -«плебисцит»-жолымен.

Екінші империя:

1848 жыл декабрінде Франция президенті етіп Луи Наполеон сайланды.

Конституциямен белгіленген билік мерзімі тек қана 4 жыл болғанына қанағаттанбаған Луи Наполеон 1851 жылы көтеріліс ұйымдастырып өз диктатурасын орнатады. 1852 жылы январь айында жаңа Конституция бекітілді:

Ол бойынша:



    1. Басқару жүйесінің ортасында президент орналасқан еді;

    2. Заң шығаратын билік қалай болса, сондай-ақ атқару билікте оған берілген еді;

    3. Министрлерді лауазымдарына қою мен алу да оның қолында еді;

    4. Сот оның атынан жүргізілген;

    5. Әскері мен полиция оның қарауында еді;

    6. Ол декрет шығарып, заң бекітуші еді.

Ноябрь 1852 жылы Наполеон президенттің атағы мен қолындағы билік нысаны арасында қайшылықты жояды. Алғашқы сенат, соңынан плебисцит оған Наполеон ІІІ атын беріп, Францияның императоры деп жариялайды.

Империя 1870 жылға дейін өмір сүрді. Осы жылы Пруссиямен басталған соғыста Францияның 100 мыңдық әскерисі капитуляцияға ұшырағаны барлық халықты толқындырды. Халық Заңшығару Жиналысқа бастырып кіріп, оған империяның жойылуы және республика қайтарылуы туралы декрет шығартады. Бұл 1870 жыл 4 сентябрьде жүзеге асып, ІІІ Республика орнатылды.


2.
18 март 1871 жылы ашаршылық пен жұмыссыздықтан қиналып кеткен Париж пролетариаты көтеріліс жасады.

Ұлттық гвардияға ұйымдастырылған пролетариат 1848 жылы жүзеге асырылмаған «социалдық-әлеуметтік республика» принциптерін орнату үшін Коммунаны жариялады.

Сайлау өткізілгенше уақытша билік Ұлттық гвардияның Орталық комитетіне берілді. Ол билік жұмысшылардың қолына өткендігі туралы жариялады.

Бұрынғы үкімет Версальға қашқаннан кейін буржуазиялық Франция мен пролетариаттық Париж өзара азаматтық соғыс жағдайында болып қалады.

Социалисттік принциптерін қолдай отырып, пролетариат ең алдымен өзіне жау мемлекетті бұзудан бастауы керек еді.

Коммуна тұрақты (постоянная) армияны, ескі полицияны жойды. Буржуазияшыл сот жоқ етілді. Шіркеу мемлекеттен ажыратылды.

Коммунаны тән алмаған шінеуніктер лауазымдарынан босатылып, лауазымды адамдар сайлануы туралы жарлық шығарылды.

Сайлау өткізіліп, Коммуна Кеңесі билік органы ретінде тек қана заң шығаратын емес, бәлкім атқару міндеттерді де өзіне алды. Оның құрамында 10 комиссия: қаржылық, тәлім, сыртқы қатынастар, қауіпсіздік, т.б., болды.

Әрқайсысының анық белгіленген хабардарлығы бар еді. Олардың істерін қалыптастырушы сол комиссиялар өкілдерінен құрастырылған атқару комиссия түзілді. Бұл органдар кәсіптік одақтардың ұсыныстарына ұқыптылықпен қарап, оларды ләжі барынша жүзеге асыруға әрекет етті.

Францияның мемлекеттік құрылысы қайта құру туралы «Франция халқына Декларация» 19 апрель күні басып шығарылды.

Бұл декларациямен үлкен қалалардан бастап деревняларға дейін өздері-өзін басқару құқығы беріліп, олардың барлығы еркін коммуналардан ұйымдастырылуы керек еді. Коммуналар жиналыс және баспасөздің бостандығын қамтамасыз етуге міндетті еді.

Әрбір коммунаға өзімен сайланатын, офицерлермен басқарылатын ұлттық гвардиясын құрастыру құқығы берілген еді.

Соттар құрамы сайлау жолымен жаңалануы ойда тұтылған еді. Уақытша төменгі инстанция ретінде бітістіруші судья қалдырылды. Маңызды қылмыстық істерді қарау үшін присяжнойлардың қатысуымен өткізілетін арнайы соттар құрастырылды.

Кейбір жағдайларда өмір талаптары мен құқық принциптері бірі-біріне қайшы келді. Мысал, реакциондық прессаны жабу туралы Коммунаның Декреті көптеген тартысулардан кейін ғана қабылданды. Баспасөздің толық және шектелмеген бостандығына жақтасқан адамдарға оны заң күшімен шектеу қиын міндет болды. Олар мұнда «принциптерге опасыздық»ты көрген болды.

Сондай-ақ, бір қаланың -Париждің- қажетіне жұмсай алмай қол сұқпайтын бүкіл ұлт дәулеті деп француз банкісі жөнінде жалтақтаулары айыптауға лайық болар ма екен?

Сонымен бірге, бұл жалтақтаулар пролетарлық азаттық қозғалысының жоғарғы мінез-құлқ идеалдарының әйгілі куәлігі:” Билік өзіне ғана бола ешқандай күреспеу” (Ни малейшей борьбы за власть ради самой власти).

Коммунаның трагедиялық ақыры барлығымызға да мәлім. Версальдық үкімет коммуналардың ерлігін күшпен жеңіп, Парижді қолына алады.

Коммунарлардан 30 мыңы атылды, 50 мыңы абақтыларға, сүргінге жіберілді. Олар өлімді ерлікпен қабылдады.

Айыпталушылардың соттардағы мінез-құлқы есте қаларлық еді. Коммуна әйелдер ұжымын басқарған Луи Мишель сотта өзіне өлім жазасын талап етті:” Менің ағайындарым өлген Саториде өзіме де өлім талап етемін”.

Коммуна мүшесі Ферре судьяларға былай депті: «мен ешқашан өмірімді оңбағандықпен құтқарып тұрмаймын. Еркін болып жасаған мен, еркін болып өлемін,... мені еске түсіру және мен үшін кек алуды болашаққа өсиет етіп қалдырамын...»

Коммуна жеңуінің мүмкіндігі бар ма еді ? Әрине, жоқ.

Дегенмен, Коммунадан тарихта оның тәжірибесі қалды. Ол большевиктер жағынан билікке күресте кең қолданылды (либерализмін алып тастаған күйде).

1875 жылғы франциялық конституциясы бойынша президент Ұлттық Жиналыстың абсолюттік көпшілігімен сайланатын болды. Ол кез-келген мерзімге қайта сайлануы мүмкін еді, әскерилерге қолбасшылық ету, палаталарды таратып жіберу құқығы болған еді. Сенат екі палатадан құрастырылып, 300 сенатордың 75-і өмірлік етіп тағайындалса, 225-і -9 жыл мерзімге сайланған.

Ал төменгі (депутаттар) палатасы жалпы еркек сайлау құқығы негізінде сайланған.

Ақырында, 1884 жылы, Конституцияға өзгерістер кірітіліп, республиканы басқарудың нысанын өзгертуге тыйым салынды. Президент өз ықтиярымен прерогативаларын қолдауына тыйым салынды. Палаталарды тарату құқығы үкімет қолынан алынды. Әскери қолбасшылық үкіметтің, әскери министрліқтің, Бас штабтың қолдарына өтті.

Депутаттар палатасы аймақтар бойынша салыстырмалы көпшіліктің мажориторлық жүйесі негізінде сайланды. Бір аймақтан 1 депутат сайланатын болды. Партия көпшілігінен шыққан кандидаттардың ішінен көпшіліктің дауысын алғанды сайлау келісілген еді. Мысал, аймақта 5 мың сайлаушыларға 5 кандидаттан сайлау керек. Оның кемшілігі төмендегідей:мысал, дауыстар 2000-1500-1000-450-50 болып бөлінеді. Бірінші кандидатқа қалған 3000 сайлаушылар қарсы болса да, ол сайлану тиіс.

Партиялар көп болғаны үкімет тұрақтылығына кері әсер етті. Сондықтан, 39 жыл ішінде оның құрамы 48 мәрте өзгерді. Дегенмен, кабинеттер ауыстырылсада, оларды құрастырған министрлер, жайын ауыстырып, қала берген. Мысал, кабинет ауысқанда Фрейсине 13 мәрте министр болып қалды (оның 4-інде премьер болып).

Министрлер саны 11 еді. Жергілікті өзін-өзі басқару жоқ еді. Департаменттегі шындық билік үкімет тағайындаған адамдардың қолында еді




Лекция № 15: Германия .
Жоспар :
1 . Германиялық одақтан германиялық империяға .

2 . Германияның бірігуі .

3 . Германияның жоғарылауы .
1
Х1Х ғасырдың басында Германия құрылымындағы 300 мемлекеттен тұратын “Германиялық ұлттың қасиетті Рим империясы“ ретінде тұрған еді. Олардың арасында ерекше маңызымен Пруссия, Саксония, Бавария, Вюртемберг және байтақ Австрия ажыралып тұрған еді. Бұл мемлекеттердің барлығы орталық биліктен тәуелсіз еді. Ақсүйектер жерді (мемлекетті) басқарған князьдардан немесе императордан жер жөнінде тәелді еді (ленная зависимость). Қала халқы оларды басқарған патрициандық отбасылардан, басқа бюргерлер мен қолөнершілерден құралған еді. Шаруалардың басым бөлігі крепостной болды. Даму бойынша Германия экономикалық, әлеуметтік және саяси жағыннан Англия мен Франциядан әлдеқайда төмен еді.

Соғыста Францияны жеңген германиялық бытраңкы мемлекет 1814 жылы “германиялық одаққа“ бірігіп, өз құрамында 34 мемлекет пен 4 азат қалаларды қамтитын болды .

Германиялық одақтың басқарушы органы – Одақтық Сейм, ал оның басы -Меттерних болды. Одақты біріктіріп тұрған тек оның басқарушы органы болды. Көп мәселелер бойынша оның құрамындағы мемлекеттер орталық биліктен тәуелсіз болды.

Ақсуйектер Наполеонның құлауымен өздеріне шаруалардың үстінен билігін, феодалдық сотты, барщинаны қайтарады.

Дегенмен, бірте-бірте, әсіресе Вюртемберг, Гессен, Кобург қалаларында, Пруссияда капитализм , өнркәсіптік өндіріс дами бастайды.

Капитализм дамуына ішкі Германиядағы басқару жүйе қарсы болғаны реформалардың өткізілуін қажет етті. Реформалар қажеттігін әсіресе франциялық 1848 жылғы революциясы көрсетті. 1848 жыл март айында Пруссияның астанасы Берлинде баррикадалар құрылып, үкіметтік әскерилермен қарулы күрес басталды. Басқа аумақтарға таралмауы үшін корольдер мен князьдар Бүкілгерманиялық Құрылтай Мәжілісті өткізуге шакырды. Дегенмен, ол алдына қойылған меселелерді шеше алмағанына байланысты таратылды.

Жаңадан 1850 жылы сайланған Мәжіліс 1850 жылғы Конституцияны қабылдайды. Бұл конституция бойынша заңшығару орган екі палатадан құрылатын болып, төменгісі сайланатын болуы тиіс еді, ал жоғарғысы - король жарлығымен князьдерден, король ұрпақтарынан, пэрлардан құрылатын болды.

Дегенмен, көрінісі демократиялық болған бұл органның билігін корольге берілген “вето” құқығымен, шын мәнінде, жоққа шығарып отырды.

Министрлер ландтагтан тәуелсіз болып тек корольге бағынысты етілді. Ландтагтың шешімдеріне “вето” салу құқығы корольдің қолында еді.
2
1866 жылы Пруссия Австриямен болған соғыста жеңіп, Германияны бірлестірүші күш ретінде мойындалды. Бұл соғыстың нәтижесінде қүштеп қосылған жерлерді есепке ала, Солтүстік – Германиялық Одақ пайда болды. Бұл жаңа мемлекет 1867 жылы жаңа конституцияны қабылдайды. Ол бойынша Одақты басқару пруссиялық корольге, канцлер мен екі палатаға тапсырылды. Төменгі палата, жоғарыда айтылғандай, сайланатын болды.

Одаққа солтүстік – германиялық жерлер кірмеді. Бұған қүшті “ империяның “ пайда болуына қарсы Франция өз әсерін тигізеді.

1870 жылы Пруссия Францияға соғыс жариялап, оны жеңеді. Содан соң, Солтүстік –Германиялық Одақтың құрамына- жасасқан мемлекеттерара шарттарға сәйкес- Бавария, Саксония, Вюртемберг т.б. қосылады. Еуропа ортасында жаңа мемлекет – Германиялық империя пайда болады.

1871 жылы бұл мемлекеттің жаңа конституциясына сәйкес империя құрамына 22 монархия, бірнеше азат қалалар кірді. Бұл мемлекеттердің дербестігі шектеүлі етілді.

Империяның басы король болды. Пруссияның үлесіне аумақтың жартысы мен халықтың 60 пайызы тұра келетініне сәйкес, оның короліне император титулы берілді. Ол қарулы күштердің колбасшысы етілді, Үкіметтің басы – канцлерді тағайындау құқығы да оның қолына берілді. Және ол Парламент жоғары палатасының құрамына Пруссиядан тағайындалатын мүшелердің құрамын анықтауға құқылы болды. Жоғары палатаның қалған мүшелері одақтас мемлекеттердің үкіметтерімен тағайындалатын еді. Солай етіп, 58 депутаттан 17-сі Пруссияға өкілдік ететін болған. Қалған мемлекеттер біреуден алтыға дейін өкілдеріне ие болған. Әр бір мемлекеттен жіберілетін өкілдердің саны конституцияда белгіленген еді. Төменгі палатаның (рейхстагтың) маңызы заң бойынша өте жоғары болғанымен, шын мәнінде оның билігі болар –болмас еді. Өйткені, заң жобасының өту -өтпеуі жоғары палата мен Пруссия өкілдері көпшілігінің қолында еді.

3
Германияның бірігуі оның өнеркәсіби дамуына үлкен әсер етті. 1882 жылдың өзінде ғана 50 жұмысшыдан көп істейтін 9,5 мың кәсіпорын пайда болды, 1895 жылы олардың саны 18 мыңға, 1907 жылы – 29 мыңға жетті. Осы дәуір ішінде өнеркәсіпте істейтін жұмысшылардың жалпы саны 6 млн –нан 11 млн-ға жетті.

Мұның нәтижесінде, Германия ең күшті еуропалық державаға айналды.

Германия жеткен құдіреті оған Англия, Франция мен Россияға қарсы соғыс ашуга мүмкіндік берді. 1 дүниежүзілік соғыста Германия талкандалды және монархиялық империя есебінде ол жойылды.




Лекция №16: Жапония.
Жоспар:

1. Жапония.


1
Көп ғасырлар дәуірінде Жапониядағы қожайындық еткен феодалдық қатынастар негізінде европадағыларға ұқсас еді. Тіпті Маркс былай деген: "Жапония өзінің жериеленуінің нағыз феодальдық үйымдастырылуымен және өзінің кең дамыған майда -шаруашылық қожалығы европалық ортағасырлықтың, біздің барлық, көбінесе, буржуазияшыл нанымдармен ұғынған (проникнутый предрассудками) тарихи кітаптарымызбен салыстырғанда - анағұрлым дәлрек көрінісін береді". Жапонияда шаруаны муралық ұстаушы болып ееептелген жеріне бекіту әдет болған. Ол төлейтін азықтық рента барлық астықтың 60-80 % құрастырған. Одан басқа ақшалы рента мен міндеттіліктер болған. Қытайдағыдай бестіктер жүйесі, айналма кепілдік еңізілген еді: отбасыда аға-інілер бірі-біріне жауапты болған. Жапониялық қалаларда ежелден қолөнершілердің ұйымдасу нысаны - цехтер мен көпестік гильдиялар болған. Цех пен гильдияның жарлықтары тек тауарлардың өндірісін ғана емес, бәлкім өз мүшелерінің, жеке өмірін де қамтитын еді. Жапониялық феодальдык тап біркелкі болмаған. Оның жоғарысы Жапонияны басқаратын сегун, онын Токугава руы, вассалдары және орталық биліктен жартылай тәуелді князьдар болған. Самурай атаумен танымалы майда ақсүйектер кішкене жерге иеленген, немесе жері болмаса, сеньорлары берген күріш паегімен немесе саудадан, инетелллектуальдық кәсіптік істерден түскен кіріске өмір сүрген. XIX ғасырда Жапонияда алғашқы капитал кору процесі нәтижесінде ірі жеке мүлік иелері пайда болады. Тауарлық ақшалы катынастар қаламен деревняны бірдей қамтиды. Цехтер қожайындығына қарамай, капиталисттік мануфактуралар пайда болып, феодальдық қатынастар ыдырау кезеңіне душар болады. Буржуазияшыл революция шарасыз (неизбежной) болып қалады.

Шаруалардың көтерілістері бірінен кейін бірі болып өтті. XIX ғасырдың I- жартысында 250 көтеріліс өткен.

Жапониялық буржуазия мемлекеттің батырынкалығынан және орталық биліктің бостығынан (ірі феодалдар өз аскерисін түтқан, өз акшасын шығарған, өзінің иеліктерінде тәуелсіз еді), цех пен гильдиялар барынан, колөнер мен сауданың бағындырылғанынан наразы еді.

Самурайлар да - өздерінің өнеркәсіп және саудамен байланысты болғаны үшін - қалыптасқан жағдайлардан наразы еді. Ең үйымдасқан, басқа қабаттарға карағанда едәуір жақсы қаруланған самурайлар буржуазия козғалысын колдарына алды.

Европадағы революциялардан ерекше, Жапониядағы буржуазия шаруалармен емес, бәлкім ақсүйектермен бірлесті. Сондыктан жапониялык капитализм феодальдық қатынастардан толык азат бола алмады. Азаматтық соғыс нәтижесінде сегун мен оның руы, оған жақтаскандардың барлығы талқандалды, император кайтадан билікке келді. Шаруалардың көтерілістерін тоқтату үшін реформалар өткізеле бастады. 1868 жылы цехтермен гильдияларды жою, әр кімге кәсіпті еркін таңдауға құқық беру, сауда бостандығы туралы декрет шығарылды. Облысттар арасындағы феодальдық богеттер жойылды. Мемлекет бойынша бірлескен заңдар шығарылды, сословиелік артықшылықтар жойылды, заң алдында тендік жарияланды. 1871 жылы жер еркін сатылуы руқсат етілді. Осымен феодалдық жериелену меншігі буржуазияшылға айналады.
Жер, бірақ төлеп алу шартында, оны устағандарға бекітілді.

Осы жылы феодальдық иеленулерге бөлуді жойып, ұкімет


орталықтан тағайындайтын губернаторлар басшылығындағы губернияларға бөлінуді енгізді. 1872 жылы жалпы аскери міндеттілік тұралы жарлық шығарылып, самурайлардың аскери қызметке болған монополиялық құқығы қопарылды (подрывалось право). Екі палата құрылды: жоғарғысы - феодалдық ақсүйктерден, ал төменгісі - самурайлық, буржуазияшыл элементтерден.

Дегенмен, екеуініңде ролі төмен еді. Мемлекетті бұрынғыдай жоғарғы ақсүйектер мен бюрократия басқарып келген. 1880 жылы сот жүйесіне Батыс Европа үлгілі қылмыстық және процессуальдық қүқықтар (кодекстер) еңгізілді. 1889 жылы Жапония Конституциясын бекітті. Ол Пруссия конституциясының үлгісімен жазылған болды. Императордың қолына биліктің үш түрі де беріледі. Капитализмның дамуы аскерилер тобы күшеюіне алып келді. Бүнымен Жапониядағы милитаризация дамуына негіз салынды. 1894-1895 жылдары ол Қытайға кіріп келіп, Пескадорлық аралдар мен Тайвань аралын жаулап алады. 1904 жылы Россияның Онтүстік Сахалин аралын, 1910 жылы Кореяны жаулап алады.




Лекция 17: Ќытай Халыќ Республикасы.
Жоспар:



  1. Ќытай Халыќ Республикасы.

1
1945 жылдыњ к‰зінде Кеңестік Армия Маньчжуриядаѓы Жапониялыќ Квантун армиясын жаншыды. Осы жаѓдайдан пайдаланып, Ќытай Коммунистік партиясы 4-інші жєне 8-інші Халыќтыќ-Революциялыќ армияларды шабуылѓа µткізеді. 1945жылдыњ аяѓына ҚКП Солт‰стік Ќытайдыњ ‰лкен территориясын жєне ондаѓы 150 млн халыќты µз карауына алды.

Гоминданмен µткізілген келіссµз (переговоры) – бірлескен ±кіметті ќ±ру жєне мемлекетті жалпы демократиялау туралы – нєтижесіз аяќталды. Америкалыќ маслихатшілар жаѓынан ныќталѓан (поощряемый) Чан-Кай-Ши кейінше III азаматтыќ революциялыќ соѓыс атауын алѓан жања соѓысты бастайды.

Гоминдандыќ армиялардыњ шабуылы бір жыл шамасына созылды. 1947 жылдыњ жазында Халыќтыќ-Азаттыќ (народно-освободительная) армия ќорѓанудан шабуылѓа µтіп, 1949 жылы барлыќ континентальдыќ Ќытайды азат етеді.

Июнь 1949 жылы саяси кењесті дайындау бойынша комитет µз ж±мысын бастайды. Оныњ ќ±рамына жетекші деп танылѓан Коммунистік партиядан басќа Революциондыќ гоминдан жєне Демократиялыќ Лига µкілдері бар еді.

Кµп µтпей жиналѓан Халыќтыќ саяси консультативтіќ кењес µзініњ жалпы баѓдарламасын істеп шыѓып, орталыќ ±кімет ќ±ру туралы зањ ќабылдап, Орталыќ халыќтыќ ±кіметтік Қењес сайлап, Ќытай астанасын Нанкиннен Пекинге µткізді.

Жалпы баѓдарлама бойынша Ќытай “Халыќтыќ демократия”, ж±мысшылар табыныњ жетекшілігінде Халыќтыњ демократиялыќ диктатурасын ж‰зеге асыратын, ж±мысшылар жєне шаруалар одаѓына негізделген мемлекетке айналды.

Баѓдарламада келесі тапсырмалар ќойылѓан еді: “Ќытайдаѓы империалисттердіњ ќ±ќыќтары мен артыќшылыќтарыњ, феодалдыќ ќатынастарды жою, ірі капиталдарды тєркілеу, мемлекеттің меншігі мен кооперативтерін ќорѓау; майда жєне ±лттыќ буржуазияныњ экономикалыќ мудделерін саќтау; мемлекет индустриализациясы.

Зањ шыѓаратын жєне атќару биліктердіњ жоѓарѓы органы Орталыќ халыќтыќ ±кіметтік Кењес жєне Республика ‰кіметі – Мемлекеттік єкімшілік Кенестер орталыќ өкімет туралы зањды шыѓарады.

‡кімет ќалай болса, биліктіњ басќа тараулары да сондай-аќ орталыќ халыќтыќ ‰кіметтік кењеске баѓынѓан болады. Барлыќ мањызды кµрсетпелер одан шығады.

Жалпы баѓдарламаның белгілерін орындай отырып, ЌЌР-сы ‰кіметі феодалдыќ жериеленуді жоюды, компрадорлық капиталѓа тиісті ірі µнеркєсіптік кєсіпорындарды, банкілерді, темір жолдарды тєркілеуді µткізді.

1954 жылы Б‰кіл ќытайлыќ халыќтыќ µкілдер жиналысы ККР – сыныњ жања конституциясын бекітті. Мемлекет тапсырмалары деп: мемлекетті индустриализациялау, егін шаруашылыѓында жєй – жєй µзгерістерді аяќтау болды.

1958 жылы Ќытай жетекшілігі (китайское руководство) µз ‰міттерін ¦лы секреумен (Великий скачок) байлады (связало). Ол Қытай экономикасына кері єсер етті. Тек 1966 жылы экономикасының стабилизациясына жетілді.

ЌК Партиясы орталыќ комитетініњ тµраѓасы Мао Цзе – Дун µлімінен кейін, соњѓы жылдар ішінде шындыќ билік иесі мен жања экономикалыќ саясаттыњ ж‰ргізушісі ЌК Партиясыныњ аќсаќалы Ден Сяо – Пин болып ќалады.

Оныњ дєуірінде саяси билік ЌК Партияныњ ќолында ќалдырылып, коммунистік ќ±рылыстыњ саяси қайта ќ±руына бармай, Ќытай µз экономикалыќ саясатын терењ µзгертіп, оѓан базар экономикасыныњ келбетін береді. Б±л жол мемлекетті аныќ табыстарѓа альп келді.

Лекция № 18 : Ресей .
Жоспар :
1. Х1Х ғасыр басындағы реформалар .


  1. Ресей империясының басқару жуйесінің қалыптасуы , Қазақ хандығының қосылу шарттары .

  2. 1905-1907 жылғы революция .

1
1462 жылдан ХУ1 ғасырдың соңына дейін Ресей аумағы 12 есе ұлғайды. ХУП ғасырдың ортасыннан бастап ол дүние жүзінде ең ірі мемлекет орнын алады. Дегенмен, адам саны- 6-8 млн ғана - кем болды (салыстыру үшін – Австрияда 20 млн, Францияда 19 млн, Испанияда 11 млн халқы болған).

Аумағы уезддер мен болыстарға бөлінетін болған. Шекараларды қорғау үшін, әсіресе оңтүстік және оңтүстік – шығыс бөліктерінде, арнайы қорғаушы қызмет ұйымдастырылып, ондағы қызметі үшін жер бөлу, азық-түлікпен қамтамасыз ету, әр түрлі жеңілдіктер берілуі көзделген еді. ХУ1 ғасырдан бастап осы қызметттегі әскерилер казак әскерилеріне (казачестволарға) бірігуді бастайды.

Ресейдің сословиелік құрылысы күрделі болған. Ең ұлкен, саны, беделі асықша болған “қызметшілер” табына (служилые), қалалықтар мен шаруа таптарына бөлінген. Дегенмен, сословиелер арасындағы құқықтар мен мемлекеттік міндеттіліктер бөлінуі анық емес еді.

1591 жылы Иван Грозныйдың 9 –жасар баласы Дмитрий анықталмаған жағдайларда өлгені билікке Б. Годуновты шығарады. Ол Ресейдің есіктерін шетелдік мамандарға кең ашып беріп, ақсуйетердің балаларын шетелге оқуға бірінші болып жіберді. Денегмен, опричнинадан мұраға калған экономикалық дағдарыс, ашаршылық, шаруалардың крепостнойларға айналу процесі халықтың 1603 жылы көтерілісіне әкеп соғады. Бұдан кейін басталған дағдарыс, ел басылардың жиі ауысуы 1650- інші жылдарға дейін созылды.

Осыдан кейінгі өзгерістер: ақсуйектердің біркелкі тапка айналуы, өндірістің және ауылшаруашылығының жоғарылауы, жалпы ресейлік рыноктің қалыптасуы, сыртқы мен ішкі сауда дамуы Ресейде абсолютизмнің қалыптасуын серттейді.

Х1Х ғасырдың 1 жартысында Ресей империясы өз шекараларын бекітіп, адам саны 69 млнға жетті. Ақсуйектердің қолындағы жер иеліктер көп мұрагерлер арасында майдаланып, иелерінің жағдайын қалай болса, барщинаны өтеуге мәжбүр болған шаруалардың да жағдайын өте ауыр етті. Бұл жағдай саяси өзгерістерді , реформаларды талап етті. Билікке келген Александр1 мемлекет басқару жүйесіне, білім беру саласына маңызды өзгерістер енгізді. 1812 жылы басталған Отан соғысы 1813 жылы Ресейдің жеңісімен аяқталып, дегенмен оны ауыр экономикалық жағдайға әкелді. Александр 1 өз реформаларын жалгастыруды жоспарлап отырады. Бұл кезде ақсүйек – революционерлер, олардың қатарында офицерлер арасында демократиялық идеялар кең өріс алып, Сенат алаңындағы оқиғаларда, декабристтердің көтерілісінде қоғамдық күшке айналғанын көрсетеді.

Дегенмен, декабристтердің идеялары үздік, өз уақытынан озған болуына қарамастан, халық оларды қолдамады. Александр 1 аурудан өлген соң, император Николай 1 болды.

Крепостной құқықтың жойылмауы Ресейдің ауылшаруашылығы төмендеуіне, металургия өнімі бойынша батыс елдермен салыстырғанда артта қалуына әкеп соқты. Крепостной болған шаруаларға ақсуйектермен салынған салық өте аур болып кетуіне, олардың көп көтерілістеріне, өнеркәсіпте жалдамалы жұмысшылардың саны тез көбеюіне байланысты реформалар қажет болды.

Реформалар дәуірі 1856 жылы орыс-түрік соғысында Ресейдің жеңілуімен, Александр П билікке келуімен басталады. Николай 1 –нің азаматтар мен прессаның бостандықтарына қысым жасаған жарлықтары бекерленді. 1856 жылы мен 1861 жыл аралығында крепостной құқық жойылып, тәуелді шаруалар бостандыққа жетеді. Бұл ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптегі жағдайды түпкіліклі өзгертіп, 1880 жылға келіп астық сату көлемі 3 есе, өнеркәсіптік өндіріс – 6,5 есе, ал халықтың саны 52 млн адамға көбеюіне әкеп соғады.


2
ХУП ғасыр ортасы мен УШ ғасыр басы аралығындағы қазақ хандығы ешқандай экономикалық ішкі байланыстардың, дамыған егіншіліктің, қолөнердің, калалардың жоқтығымен сипатталған. Экономиканың негізінде тек натуралды малшаруашылық болған. Бұл феодалдардың өзара жайылымдар мен суаттар, мал мен билік үшін тоқтамайтын және аяусыз күреске әкеп соқты. Феодалдық тартысулар мен шапкыншылықтар, мал айдап кету, жекелеген ауылдар мен бүтіндей рулық бірлестіктердің қирауына себепші болады. Бұның барлығы қоғамның өндірістік күштері дамуына, көршілес халықтармен өмірлік қажет айырбастау жүруіне кедергі жасады, елді сыртқы жаулар жаулап алу объектісіне айналдырды. Қорытып айтқанда, қазақ хандығы ішкі және сыртқы саяси дағдарысқа ұшырады.

Қазақ хандығының қорғауын, ішкі мәселелерін шешуге күші жететін бір ғана мемлекет, ол да болса Ресей еді. 1692 жылдан бастап, жүздер басшыларының (хандарының) Ресей құрамына, яғни, протекциясына алу туралы өтініштері 12 февраль 1731 жылы императрица Анна Иоанновна қазақтарды Ресей азаматтығына алу туралы жарлығымен шешілді. Протекторат есебінде құрылған қарым-қатынас нәтижесінде Қазақстан тәуелсіздігін және дербестігін жоғалтты, яғни, халықаралық сыртқы саяси келіссөз жүргізу құқығы жойылды. Бұл саладағы басқару билік толық Ресей патшалығының қолына өтті. Осы сәттен бастап ол қазақ жүздердің қоныс жерлерін анықтап, басқару органдардың руқсатынсыз көше алмайтын етіп, ру-тайпа басшылары тек Ресей отаршыл органдарымен (әскери гарнизондар басшыларымен) келісілген жағдайда ғана тағайындалатын болады. Жай-жай ру-тайпалық басқару жуйе аумақтық- әкімшілік органдар жүйесімен ауыстырыла бастайды. Мұның нәтижесінде Х1Х ғасырдың бірінші шірегінде хан билігі жойылып қазақ жерінің басым бөлігінде Ресейдің отаршыл басқару органдарының жуйесі құрылды.


3
1904 жылы 27 январь күні Жапония Ресейге қарсы соғыс бастады. Әскерисі қырылуына, флотының жойылуына әкеп соқтырған Ресейлік қолбасшылардың қәтелері, жалпы төмендеген экономикалық жағдай Ресейдің жеңілуіне әкеп соғады.

Революциондық жағдай пайда болуының себептері мынадай еді: халық көпшілігінің төмен өмір сүру жағдайы, жұмысшы таптың күшеюі және 1861 жылғы реформаларымен шешілмеген қатар мәселелер қалғаны -еңбекшілерді қанау, ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптегі феодалдық қатынастардың қалдықтары, кейбір жерлерде крепостнойлар сақталып қалуы- болды. Сондықтан алдында тұрған мәселелер бойынша революция буржуазияшыл – демократиялық болды. Оның қозғаушы күші болып осы мәселелерді толық шешуге мүдделі болған пролетариат тұрды.

Революция Путилов зауытында көтеріліспен, ереуілдермен басталып, оған Санкт-Петербургтың өзінде 150 мың адам қосылыуменжалғасты. 3 айда қосылғандардың саны 800 мыңға жетті. 1905 жылдың күзінде әскери флоттың 11 кемесі революция жағына өтеді. Дегенмен, бұл көтерілістер қатыгездікпен басылып, патша билігі жағыннан мәселелердің барлығы Мемлекеттік Дума арқылы шешілуі үәде етілді.

1906 жылының апрель айында өткен сайлау нәтижесінде сайланған Мемлекеттік Дума шаруа өкілдерінің бастамасымен жер шаруаларға берілу мәселесін қойғаннан соң, Үкіметпен таратылды. Ешқандай нәтижеге жете алмаған Думаның екінші құрамы да 1907 жыл июнь айында таратылды.

Бұл революцияның, жер мәселесін тек шаруалар, халық өзі шеше алатынын, пролетариатпен бірігудің қажеттігін көрсетті.


Лекция №19: Буржуазияшыл құқықтың пайда болуы және оның ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы дамуы.


Жоспар:



1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет