Сабақ Тақырыбы: «Ұбт дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?» Мақсаты: Ұбт-ның ерекшеліктерімен бітіруші түлектерді таныстыру. «Ассоциация» жаттығуы



Дата12.01.2020
өлшемі98.48 Kb.
түріСабақ
1-сабақ

Тақырыбы: «ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?»

Мақсаты: ҰБТ-ның ерекшеліктерімен бітіруші түлектерді таныстыру.

«Ассоциация» жаттығуы

Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация – бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басыңа келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз, ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын: Емтихан ...»

Тақырыптың ұсынылуы

Жүргізуші: Сіздің жақында мектептегі жылдарыңыз аяқталады. Алдарыңызда өте маңызды сынақ-емтихан тұр. Бұл емтиханды ерекше формада тапсырасыздар. Бұл – ҰБТ деп аталады.

ҰБТ жайында ақпараттан бұрын оқушылардан ҰБТ жайында не белгілері келетінін анықтап алу қажет.

Ақпарат

ҰБТ – бұл әр пән бойынша тегін емтихан жүйесі. ҰБТ қорытындылары мектеп аттестаты мен жоғары оқу орнына түсу кезінде жарамды болып табылады. Әр пән бойынша емтихан сұрақтары мен тапсырмалары әр түрлі типте болады. ҰБТ тапсыру процесі үшін: емтихан жоғары мобильділік, тез қабылдағыштық, жоғары дәрежеде зейінді шоғырландыру, қиюластырғыштық қажет.



Ойландыру

Ең маңыздысы оқушылар өздері ҰБТ жайында ой қалыптастырғаны жөн. сондықтан да «ҰБТ маған не бере алады?» деген тақырыпта ой түйіндеген жөн. Оқушылардың мынадай сұрақтарға жауап іздеулерін құрастыру керек. ҰБТ мен үшін дәстүрлі формадағы емтихан және оның мен үшін маңыздылығы неде?

«Мен неге қол жеткізгім келеді?» жаттығуы

Мақсаты: жеңіске жетуге талпындыру.

Нұсқау: Бірнеше уақыт тыныштықта отырып, мен неге қол жеткізгім келеді деп ойланыңыз. Сіз ол үшін не істеу керектігін анықтаңыз. Сіз оы ойыңызды сөзсіз, мимика, ым-ишара көмегімен көрсете аласыз ба?

Талдау


маңызды мақсатты таңдау қиын болды ма?

Өз мақсатыңызға жету үшін не істеу керек?

Сіздің мақсатыңыз ірі ме әлде ұсақ-түйек пе әлде казіргі жетістіктеріңіз бе?

Рефлексия

Сабақ қорытындысын өткізу. Бітірушілер келесі сұрақтарға жауап береді:

Қазір сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

Не ұнады не ұнамады?

Сіз өзіңіз үшін жаңадан не білдіңіз?



2-сабақ

Тақырыбы: Емтихан кезіндегі стресстен қалай арыламыз?

Мақсаты:  Стресс туралы түсінік беру; Стресстің адам денсаулығына  кері әсерін түсіндіру; Тренинг - жаттығулар арқылы стресстен арылту.



Барысы: Стресстің пайда болу себептері туралы әдебиетте көп жазылады. Бұл кінә сезімі, құндылықтардың жойылуы, оқуға деген жеккөрушілік және т.б.факторлар болады. Мектеп стрессогендік фактор ретінде қалыптасқан кезде көптеген оқушылар оған теріс қарайды. Сонда не істеу қажет? Ең алдымен өмірдің стилі мен өз-өзіңді өзгерту қажет.

            Уолтер Расселдің сөзіне сүйенсек: «Егер қызықпайтын нәрсемен айналыссаңыздар, онда бірте-бірте сіздің ағзаңызда күйзеліс токсиндері пайда болып, нәтижесінде сіз шаршағандықтан азап шегіп немесе ауруға шалдығасыз». «Істеген ісіңізді сүю қажет немесе сүйіспеншілікпен жасау керек» шығыс даналығы осылай дейді.

            Барлық істеген ісіңізді қуанышпен және ең жақсы белгілі әдіспен орындаңыз. Оқуға деген сүйіспеншілік сіздің физикалық және жан дүниелік күшіңізді молайтып, шаршағандықтан және «сағыныш» ауруынан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық денсаулығыңызға көңіл аударыңыз.

Стрестің физиологиялық белгілері:



  • ұйықтай алмау,

  • бас аурулары,

  • жүректің қатты соғуы,

  • арқада,

  • асқазанда,

  • жүректе қысым пайда болуы

  • қысылу.

Стрестің психологиялық белгілері:



  • алаңғасарлық,

  • жадының бұзылуы,

  • қобалжушылық,

  • ашуланшақтық,

  • уайымдаушылық,

  • себепсіз қорқыныш сезімдері.

  • Бұның барлығы өз-өзіне сенімін төмендетіп, түрлі ауруларға шалдығуына, психикалық іс-әрекетінің төмендеуіне және дәрілік тәуелділікке әкеледі.

 

Ал қазір эмоцияналды күш салуды төмендету үшін келесі жаттығуларды орындаймыз:

  Бас бармағыңды алақаныңа салып, саусақтарыңды жинап,

жұдырығыңды  қыс, асықпай ақырын тынысыңды шығарып, жұдырығыңды одан да қатты қысып, содан соң қысымын төмендетіп, тыныс алыңдар. /5 рет қайталаңдар/. Бұл жаттығуды көздеріңді жұмып орындасаңдар тиімділігі екі есе өседі.

 

Екі грек жаңғағын алып, әр алақаныңда кезегімен айналдыр.



Кішкентай бөбек саусағыңның ұшын сипап, уқала.

Жаңғақты кішкене бөбек саусағыңа жақындатып, алақаныңа орналастыр, басқа қолдың алақанымен 3 минут бойы жаңғақты айналдыр.

Стресті жеңу үшін не істеу қажет

Біріншіден: стресс кезінде ағзада дәрумендер қоры бітеді, әсіресе, В дәрумені жетіспейді. Дәрігерлердің көбі дәрумендерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.

Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып, дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.

Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер:

баяу музыканы тыңдап,

түнгі аспанға қарап армандаңдар,

бұлттарға қарандар,

армандандар.

Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата-аналарына, өздеріңнің әже-аталарына, аға-апайларына және басқа жақын туыстарына барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейірімді жылы сөзді күтіп отыр.

Жағымсыз эмоциялардан қалай босаңсуға болады?

Сені түсінетін және саған жаны ашитын достардың ортасында ойыңды айтып теріс эмоциялардан босаңсуға болады. Егер сен жалғыз болсаң, онда өзіңнің ашуыңды жастықты соғып немесе құрғақ болса да орамалыңызды бұрап сығу арқылы төмендетуге болады. Ашу энергиясының көп бөлігі негізінен иықтың бұлшық еттерінде, қолдың жоғарғы бөлімдерінде және саусақтарында жиналады. Әр түрлі спонтанды дыбыстарды шығар – күш салу тамағыңда «тығылып тұруы» мүмкін. Қандай да бір спорт түрімен айналысу толық жағымсыз эмоциялардан босаңсуға көмектеседі. Сондықтан да нағыз спортсмендерде дене және де жан-рухының денсаулығы зор болады.

Табиғат адамға жағымды әсер етеді. Ең қиын жағдайда да табиғаттың кереметтілігіне қызығу арқылы, судың ағынына қарағанда, ормандағы дыбыстар мен иістерді сезініп, естігенде адамның көңілінің жайлануы мен жұмысқа қабілеттілігін ең қиын жағдайларда да нормаға келтіруге болады. 

Стресс кезінде: 3-4 қысқа тыныс шығарып, соншама рет тыныс алу керек. Терең тыныс алған кезде миға баратын импульстердің ағыны бөлінеді-стресс күйінде бұл өте маңызды.

Табиғат, күлкі мен жылау сияқты, біздің миға шамадан тыс психикалық күштің түсуінен қорғаныс ретінде тамаша тәсіл береді.

Күлкі жүйке жүйесінің өзгеше бір қорғанысы болып табылады. Күлкіні қысқа тыныс шығару сериясы ретінде қарастыруға болады. Бұл қысқа тыныс шығару қауіпті импульстердің ағынын бөлшектейді. Осы жаттығуда жылау мен күлудің дәрілік қасиеттері бірігеді.

Қорытынды: Балалармен шаттық шеңберге тұрып, тренинг – сабақта алған әсерлері жайлы әңгімелесу.

3-сабақ

Тақырыбы: Емтихан кезіндегі стресстен қалай арыламыз?
Мақсаты:
— Стресс туралы түсінік беру.
— Стресстің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру.
— Тренинг — жаттығулар арқылы стресстен шығу жолдарын көрсету.
Міндеттері:
— Позитивті ойды дамыту.
— Стресстен арылуға психологиялық кеңес беру.
Қатысушылар: педагогтар
Билингвистикалық компоненттер: стресс-күйзеліс, эмоция-көңіл-күй.

Тренинг
Тренинг – “жаттығу” деген ұғымды білдіреді.


Психологиялық тренинг – тез шешім қабылдау, қысылтаяңда жол таба білу, тіл табысу, өзге адамдармен қарым-қатынас мәдениетін жүзеге асыруға бағытталады.
Тренинг қағидалары
Белсенділік;
Ашық кері байланыс;
“Нақ осы жерде және тап қазір”;
Сенім білдіру;
Белгіленген тәртіпті сақтау.
Тренингті ұйымдастыру кезеңдері
Жалпыға ортақ психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
Рефлексия тудыратындай пікірталас, ойын не сұхбат жүргізу.
Нақты міндетті шешу, дамыту не түзету мақсатына жету.
Психологиялық жеңілдеу, релаксация және сабақты қорытындылау.
Тренинг тобының ережесі
Келісім шартқа отыру;
Қол көтеру заңы: кезекпен сөйлеу;
Баға бермеу заңы: әр түрлі пікір қабылдануы тиіс;
Сыр шашпау заңы: тренинг барысында болған оқиғалар тек топ мүшелерінің ортасында қалады;
“Тоқта” заңы: тәжірибені талдау кезінде жағымсыз жағдай туындаса, “тоқта” деп тақырыпты жауып тастауға болады;
Белсенділік заңы: тренингте белсенділік көрсеткендердің жай отырғандарға қарағанда алары мол [1].
1- жаттығу:
«Бейдж» танысу жаттығуы:
Мақсаты: Қатысушылардың тренингте өздерін еркін ұстауын және көңіл-күйін шоғырландыру.
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Ұйымдастыру кезеңі, 10 минут.
Ресурстар: Бейдж, түрлі-түсті маркерлер, түрлі-түсті қағаздар.
Жүргізілуі: Қатысушылар өздерінің таңдаған лақап аттарын немесе өзіне ұнайтын есімдерді берілген параққа түрлі түсті маркерлермен жазып, бейджге салып, неліктен осы есімді таңдағандықтарын түсіндіреді.
«Стресс және одан арылу жолдары» тақырыбына таныстырылым.
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезеңі, 5 минут.
Ресурстар: Слайд.
Стресс – адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады.
«Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы рет стресс сөзіне анықтама берген канадалық физиолог Ганс Селье [2].
Стресстің пайда болу себептері.
Уақытты жетіспеушілігіне байланысты жұмыс,
Ақпараттың шамадан тыстығы;
Тұлғаға ұжымдық қысым;
Өзіне және қоршаған ортаның өміріне қауіп төндіретін жұмыстар;
Міндетті түрде шектелу;
Өмірде мақсаттың болмауы;
Болып жатқан жағдаяттарды қалыпқа келтіре алмау және тағы басқа.
Стресс белгілері
Үнемі шаршаңқылық сезімі;
Эмоционалды ден саулығының азуы;
Сыртқы ортадағы өзгерістерге байланысты қабылдауы мен белсенділіктегі өзгерістер;
Себепсіз бастың ауруы мен қан қысымының көтерілуі;
асқазан-ішек ауруларының жолдарының қозуы;
Жыныс қызметіндегі бұзылыстар;
Дене салмағының күрт азаю немесе ұлғаюы;
Толығымен немесе сирек ұйқының бұзылуы;
Ұйқылы-ояу жүру;
Физикалық және эмоциялық жағдайлардағы тыныс алудың қиындауы.
Стресске қарсы тұру факторлары
Өз денсаулығын күту;
Өз-өзін жоғары бағалау;
Өзіне және өз қабілеттеріне деген сенімділік;
Стресске қарсы тұра алу;
Ашық қарым-қатынасқа түсе білу;
Өз-өзін басқару;
Оптимизм т.б.
Зерттеу бойынша әйел адамдар ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді екен. Психологтардың зерттеуі бойынша, әйелдер әңгімеге жақын, жылауға дайын тұрады. Сол арқылы іштегі барлық жағымсыз эмоция, энергияларын көз жасы арқылы, сырын бөлісу арқылы сыртқа шығарып отырады. Ал ер адамдар барлығын ішке сақтайды, олар жыламайды не әйелдер сияқты өсек әңгімеде жақын емес. Бұдан шығатын қорытынды: ер адамдарға айтар кеңесіміз, арасында жылап алғандарыныз дұрыс [3].
Егер мәселе уақытында шешілмесе ол – стресске ұшырайды, стресс уақытында шешілмесе, оның арты депрессияға ұшырайды, депрессия – неврозға, невроз – соматикалық ауруларға ұшыратады. Сондықтан стресстің алдын алу үшін, мәселені уақытында шешкен дұрыс.
2-Жаттығу:
«Менің сезімім» жаттығуы:
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезең, 20 минут.
Ресурстар: Ақ парақ, акварель.
Мақсаты: Іште жиналған жағымсыз эмоцияларды шығарып, жағымды эмоция қалыптастыру.
Жүргізілуі: Қатысушыларға ақ парақ ұсынылады.
Осы бөлінген бөлекшелерге ақ түске ақ бояумен өзінің ойына бірінші оралған жағымды суретті салып, ең жақын адамына тілектер жазу.
Екінші бөлікке жасыл бояумен сурет салып, өз арман тілектерін жазу.
Үшінші бөлікке қызыл түспен сурет салып, ішіндегі ашуын жазу.
Төртінші бөлікке қара бояумен сурет салып, өміріңізде болған ең жағымсыз оқиғаңызды жазыңыз.

3-Жаттығу:


«Рефрейминг» жаттығуы
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезең, 15 минут.
Ресурстар: Ақ парақ және түрлі-түсті маркерлер.
Мақсаты: Жұмыс барысында стрес туындататын жағымсыз мінез-құлықтардан арылту.
Жүргізілуі: Тренинг қатысушылары жұп болып бөлінеді, жұптағыларға бір бірлерінің өздері ұнатпайтын, стрестің туындауына әкелетін ең жағымсыз қасиеттерін анықтауға 3 минут уақыт беріледі.
Жұбыңыздың жұмыс барысында стреске әкеліп соқтыратын ең жағымсыз қасиетін жағымды қасиетке айналдыруға арналған постер жасау.

4-Жаттығу:


«Ақиқат орындығы» жаттығуы
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезең, 10 минут.
Ресурстар: Орындық, таратпалар.
Мақсаты: қатысушылардың қорқыныштары мен стрестерінен арылту, ашық болуға шақыру.
Жүргізілуі: Алдарыңызда таратпалар жиыны тұр. Енді сіздер кезекпен ортаға шығып, аяқталамаған сөйлемдерге жауап берулеріңіз керек.
Таратпалардағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш бұл — …
Мен мынадай адамдарға сенбеймін…
Мен ренжимін, егер…
Мен ұмытпаймын егер…
Маған көңілсіз, егер…
Егер маған дауыс көтерсе, мен…
Егер мен сенімсіз болсам…
Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болғандығы жайлы сұралады. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеді.

5-Жаттығу:


«Хат жазу» жаттығуы.
Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезең, 10 минут
Ресурстар: Ақ парақ, қаламсап.
Мақсаты: Ішкі мәселелерді зерттеу және түзету.
Жүргізілуі: Қатысушылар шеңбер болып отырады. Тренердің нұсқау береді: сезіміңізді толық білдіре алмаған адамды еске түсіріңіз. Қандай сезіміңіз бар? Енді сол адамға хат жазып, сезіміңізді, айта алмай жүрген сөзіңізді, ойларыңызды жазыңыз. Ол үшін көзіңізді жұмып, сезімді (қуаныш, реніш, уайым, ыза, ашу) еске түсіріңіз.
Енді «Қымбатты» немесе есімін жазып хатты жалғастырыңыз. Ішіңізде сақтаған бар сырыңызды төгіп, салып жазыңыз, іште ештеңе қалмасын, барлығын жазыңыз. Өзіңізге шектеу қоймаңыз, есесіне жеңілдеп, жадырап қаласыз. Қатысушы ұстаздардың эмоциясы талқыланады.

Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Релаксация 7 минут


Бейнебаян релаксация

6-жаттығу


«Чемодан, ет тартқыш, себет» жаттығуы:
Ресурстар: Бейнебаян
Слайд, үш түсті стикер.
Мақсаты: Жүргізілген тренингтен өзіне керекті мағлұматтарды чемодандарына салып алып, қажетсіз деп танығандарын ет тартқыш арқылы тартып қоқыс себетіне тастау.
Жүргізілуі: Тренинг қатысушыларына үш түсті стикер таратылып, мақсат бойынша түстерге өз ойларын жазып, қажетті деп танығандарын ортаға салуды ұсыну.

Рефлексия

Қатысушыларға кейбір сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Өзіңізді қалай сезінесіз?

Сіз үшін үрейді жеңудің қандай әдісі тиімді?

Сізге не оңай, не қиын болды?



Келесі тренинг сабаққа қандай ұсыныстарыңыз бар?

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет