Сабақ тақырыбы Нәтиже сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 4 1



бет1/5
Дата23.04.2020
өлшемі416.19 Kb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Пән: Қазақ тіліТ2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.Аспан әлемінің құпиялары



Күні:28.02.2020

Сынып: 5

Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нәтиже сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.4.3.1 жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу

5.3.6.1 тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын айтады, үйренген сөздерін қолданады



Оқушылардың көпшілігі:

Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын тірек сөздерді дұрыс қолданып айтады, үйренген сөздерін қолданады, құралдарын қолданып жазады



Оқушылардың кейбірі:

Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын тірек сөздерді дұрыс қолданып айтады, үйренген сөздерін қолданады, құралдарын қолданып жазады, көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді.



Бағалау критерийлері

- жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазады;

-тақырып бойынша үйренген сөздерін қолданады;

-мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді;

Лексикалық минимум

сипаттау, бейнелеу сөздері

Грамматикалық минимум




Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік құндылықтары

Пәнаралық байланыстар

Тарих,өзін-өзі тану


АКТ




Бастапқы білім

Жұлдыздар туралы біледі

Сабақтың барысы

С.кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин


Ұйымдастыру.

Топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау



Сабақтың ортасы

28 мин



Оқылымалды тапсырма. «Дананың кілттері» әдісі
1-тапсырма. Жұптық жұмыс

«Әліпби» кілті – Сөздерді әліпби ретімен жазыңыз (515)

Жұлдыз, шоқжұлдыз, аспан, ғарыш, Құс жолы, галлактика, ғарышкер, Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Күн, Ай, қазақ ғарышкерлері, телескоп, расытхана, ғаламшар, жұлдызшы



Кері байланыс:мұғалім көрсеткен дайын жауаппен өзін-өзі тексеру
Оқылым тапсырмасы.

2-тапсырма. Топтық жұмыс. Мәтінді оқы.

«Конструктор» кілті«Сөз –сөйлем -мәтін» тәртібі бойынша мәтін құрастырыңыз.

Дескриптор: -мәтін бойынша тірек сөздерді жазады;

-сөйлем құрастырады;

- мәтінді құрастырып, оқиды;

Темірқазық жұлдызы(Полярная звезда) түні бойы жарқырап жанады да тұрады. Таң ағарғанда ғана көзге көрінбей сол тұрған орнында батады. Кешке қарай тағы да сол орнынан туады. Адам жұлдыз танығалы Темірқазықты сол бір орнынан көрді.Ол басқа жұдыздар сияқты орнын ауыстырмайды. Сондықтан оны «темірқазық жұлдызы» немесе «орталық жұлдыз», «бағдар жұлдыз», деп атап кеткен. Темірқазық жұлдызы – бар жұлдыздың патшасы.

Темірқазық жұлдызын жұлдыздардың патшасы деуге де үлкен негіз бар. Күллі аспандағы, орындарын алмастырып жүрген жарық жұлдыздардың бәрінен ең жарығы да, нұры күштісі де, әрі орнынан қозғалмай қатып тұруы да темірқазық жұлдызына тән дара ерекшелігі болып табылады.

Бағзы замандағы ата-бабаларымыз Темірқазық жұлдызының аспан әлеміндегі осы биік орнына, оның жарық бейнесіне қарап та, оны «патша жұлдыз» деп атаған.

Қазақ жұлдызшылары Темірқазық жұлдызын «бағдар жұлдыз» деп атаған. Өйткені ертедегі қазақтар түнде жүргенде адаспас үшін ,ең бірінші, темірқазық жұлдызына қараған. Жүретін жолын сол арқылы анықтаған.
Кері байланыс:дескриптор арқылы бағалау
3- тапсырма. Жұптық жұмыс

«Тағы қалай?» кілті – берілген мәселеге өз көзқарасыңызды (пікіріңізді) айтыңыз


Темірқазық -жұлдыздардың патшасы.




Қазақтар Темірқазық жұлдызын «бағдар жұлдыз» деп атаған.




Жолаушылар түнде жолды Темірқазыққа қарап анықтаған





Кері байланыс:дескриптор арқылы бағалау\

4- тапсырма. Жеке жұмыс



«Жаңа дизайн» кілті

«Менің шоқжұлдызым» тақырыбында өз шоқжұлдызыңды бейнелеп, сипаттап жаз.

Дескриптор:

-кіріспе бөлім 1-2 сөйлем ;

-негізгі бөлім 3-4 сөйлем ;

- қорытынды 1-2сөйлем

Кері байланыс:дескриптор арқылы бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет