Сабақ тақырыбы: Ноғай Ордасы. Жалпы мақсат



жүктеу 135.29 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі135.29 Kb.
түріСабақ
: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"
Тарих пәнінің мұғалімі Чалгинбаева Гульгасыл Солтанғазықызының қысқа мерзімдік жоспары





Қазақстан тарихы


10 сынып


Сабақ тақырыбы:

Ноғай Ордасы.

Жалпы мақсат:

  1. Ноғай Ордасы тақырыбына қысқаша шолу, тақырыпшаларға талдау жасай отырып, тақырыптың идеясын, мақсатын ұғындыру.

  2. 2. Оқушылардың материалды тұжырымдап аяқтауға, жүйелі ойлауға, өздігінен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

2.Қазақстан тарихынан оқыту әдістемесі

3.10-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы

4. Шың-Қазақстан тарихынан анықтама



Оқу нәтижесі:

Тарихтағы орнын анықтау арқылы, Ноғай Ордасы дербес өз алдына заманына сай мемлекет болғанын түсіну. Материалды тұжырымдап аяқтауға, жүйелі ойлауға, өздігінен жұмыс істей білу дағдылары қалыптасады. Топпен жұмыс жасай алады. Ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар:

Ноғай Ордасының тақырыбының мәнің ашу, қазақ тарихындағы алып жатқан орнын таныту.

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. АКТ материалдары

  2. Карта

  3. Сызба

  4. Кесте

Оқыту әдістері:

    1. Блум таксономиясы

    2. Топпен жұмыс, жеке жұмыс

    3. Ой қозғау

    4. Іздену

    5. Мәселені шешу

Дерек көздері:

      1. Оқушы анықтамасы

      2. Ғаламтор материалдары

      3. Шың – Қазақстан тарихынан анықтама

Тапсырмалар:

Мәтінмен жұмыс, топтастыру, сұрақтарға жауап беру, талдау,салыстыру,кесте толтыру



Кезеңде

рі


Мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Жұмыс тың түрі

Нәтижесі

Бағалау формалары

1.

Білу

Ноғай Ордасының құрылу тарихы туралы алған білімін еске түсіру.

  1. Оқушыларды геометриялық фигураларды пайдалана отырып топқа бөлу

  2. Ноғай Ордасы құрылу тарихы туралы білімдерін тексеру (сұрақ-жауап)

1.Оқушылар топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды

2.сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты еске түсіреді



Топтық жұмыс


Оқушылардың зейіні сабаққа аударылады. Сабаққа ынтасы оянады.

Топтық бағалау


2.

Түсіну

Мәтінмен жұмыс жасау арқылы Ноғай Ордасының құрылуы, саяси тарихына, ыдырау себептерін талқылау

1. тақырыпқа кіріспе. презентация

2. Мәтінмен жұмыс. Топтарға тапсырма беру.

1-топ. Ноғай Ордасының құрылуы. Жер аумағы

2-топ. Қоғамдық құрылысы

3-топ. Ноғай ордасының саяси тарихы.

4-топ.Ноғай Ордасының ыдырауы



Постерге сызба, кесте т.б арқылы түсіріп,әр топ өз жобаларын қорғайды.

Топтық жұмыс

Белсенділігі және қызығу-шылығы артады.

Топтық бағалау


3.

Қолдану

Талдау


Ноғай Ордасының ыдырау себептерін анықтай отырып, ситуациялық сұрақтар қою арқылы оқушыларды пікірлерімен алмасуға, талдауға, тәжірибеден өткізуге дағдыландыру.

  1. ситуациялық сұрақтар қою арқылы ой қозғау

Ситуацияға кіре отырып сұраққа топпен ақылдаса отырып жауап береді

Топтық жұмыс

Теориялық білімдері артады

Топтық бағалау


4.

Жинақтау

Ноғай Ордасының ыдырауына әсер еткен Ресей империясының саясатына тұжырымдама жасай отырып, Ноғай Ордасында мекендеген тайпалардың Қазақ хандығына қосқан үлесін анықтау

  1. сұрақтар қою арқылы Ноғай Ордасында мекендеген тайпалардың Қазақ хандығына қосқан үлесін анықтату.

Талдау жасау арқылы, берілген тапсырмаларды топпен орындайды

Топтық жұмыс

Топпен бірлесе отырып талқылауға

Топтық бағалау



5.

Бағалау



Ноғай Ордасының Қазақ тарихындағы алатын орнын бағалау

  1. Ноғай Ордасының тарихтағы орнын сұрақтар қою арқылы бағалату.

өз ойларын ортаға салады, ойларын айтады, құндылығын айқындайды

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу.



Топтық жұмыс

Ойлау қабілеттері дамиды, өз ойларын жетік білдіреді.

Бірін-бірі бағалау

Білу.


  1. Ноғай Ордасы қашан құрылды?

  2. Ноғай Ордасының негізін қалаған кім?

  3. Неге Ноғай Ордасы деп аталды?

  4. Ноғай Ордасы қай жерде құрылды?

  5. Астанасы қай қала?

  6. Ноғай Ордасындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға кім?

  7. Ноғай Ордасы қашан ыдырады?

Түсіну.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Алтын орданың ыдырауы, Ақ орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік-батысында – Ноғай ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды.

Орданың алғаш алып жатқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің алқабы.

Орданың орталығы Сарайшық қаласы. Жайық өзенінің оң жағында орналасқан. Негізін қалаған – Едіге. Ноғай ордасының аты – Алтын орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған. Едіге 1411-1419жж Ноғай ордасын басқарған. Едіге басқарған уақытта Алтын ордадан оқшаулана бастаған. Едігенің баласы Нұраддин Ноғай ордасын 1426-1440жж басқарған, сол кезде Ноғай ордасы өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын ордадан бөлініп шықты.

Едіге Алтын орданы 15 жыл билеген (1396-1411ж). Кейін өз алдына дербес Ноғай ордасын құрады. Оны 8 жыл басқарды. Едіге билік жүргізген кезде ХІҮғ 90ж Тоқтамыс ханмен соғыс жүргізген. Соғыстың басты мақсаты: 1. билік үшін күрескен. 2. Ноғай ордасының беделін көтеріп, шекарасын ұлғайту үшін соғысқан Едіге билік жүргізген кезде Ноғай ордасының территориясы Батыс Сібір ойпатына дейін ұлғайған. ХҮІғ басында ыдырай бастады. Ыдырау себебі: ішкі талас-тартыстар, сыртқы шиеленіс, осының нәтижесінде Ноғай Ордасы ыдырап бірнеше ұлыстарға бөлініп кетеді.

Топтарға тапсырма

І топ. Ноғай ордасының құрылуы, жер аумағы

ІІ топ. Қоғамдық құрылысы

ІІІ топ. Ноғай ордасының саяси тарихы

ІҮ топ. Ноғай ордасының ыдырауы.

Сұрақтар


  1. Ноғай Ордасы қанша уақыт өмір сүрді?

  2. Едіге Алтын Орданы қанша уақыт биледі?

  3. Ноғай ордасы мен көрші жатқан мемлекетті ата

  4. Ноғай Ордасымен шектеспеген ортағасырлық мемлекетті ата?

  5. Едігеге арнап маңғыт елі қандай жыр шығарды?

Сергіту сәті

Қолдану. Талдау.



  1. Ноғай Ордасының ыдырауына не себеп болды?

  2. Ноғай Ордасының ыдырауына себеп болған сол кездегі хандардың билекке таласы деп ойлайсындар ма?

  3. Егер сен сол кезде Ноғай Ордасының үкімет басындағы хан болғанында мемлекеттін дербестігін сақтап қалу үшін не істер едің?

Жинақтау.



  1. Ресей империясының іс-әрекеті дұрыс па?

  2. Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар Қазақ хандығына келіп қосылмағанда, қазіргі Қазақстан Республикасының территориясын көз алдына қалай елестетер едің?

Бағалау.



  1. Ноғай Ордасына ұқсас қазақ таихында қандай мемлекеттер болды?

  2. Ноғай Ордасының қазақстан тарихындағы орны қандай?

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Үйге тапсырма: Ноғай Ордасы бойынша ақпараттар жинақтау

Бағалау : Топ басшыларының бағалауы

Рефлексия



Тарих пәнінің мұғалімі Чалгинбаева Гульгасыл Солтанғазықызының қысқа мерзімдік жоспары





Қазақстан тарихы


10 сынып


Сабақ тақырыбы:

Азиядағы араб елдері

Жалпы мақсат:

  1. Азиядағы араб елдері тақырыбына қысқаша шолу, тақырыпшаларға талдау жасай отырып, тақырыптың идеясын, мақсатын ұғындыру.

  2. 2. Оқушылардың материалды тұжырымдап аяқтауға, жүйелі ойлауға, өздігінен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

2.Қазақстан тарихынан оқыту әдістемесі

3.10-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы

4. Шың-Қазақстан тарихынан анықтама



Оқу нәтижесі:

Тарихтағы орнын анықтау арқылы, Азиядағы араб елдерінің дербес өз алдына заманына сай мемлекет құруға талпынысын түсіну. Материалды тұжырымдап аяқтауға, жүйелі ойлауға, өздігінен жұмыс істей білу дағдылары қалыптасады. Топпен жұмыс жасай алады. Ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар:

Азиядағы араб елдері тақырыбының мәнің ашу, дүниежүзі тарихындағы алып жатқан орнын таныту.

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. АКТ материалдары

  2. Карта

  3. Сызба

  4. Кесте

Оқыту әдістері:

    1. Блум таксономиясы

    2. Топпен жұмыс, жеке жұмыс

    3. Ой қозғау

    4. Іздену

    5. Мәселені шешу

Дерек көздері:

      1. Оқушы анықтамасы

      2. Ғаламтор материалдары

      3. Шың – Қазақстан тарихынан анықтама

Тапсырмалар:

Мәтінмен жұмыс, топтастыру, сұрақтарға жауап беру, талдау,салыстыру,кесте толтыру



Кезеңде

рі


Мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Жұмыс тың түрі

Нәтижесі

Бағалау формалары

1.

Білу

ХХғ бас Үндістан тарихы туралы алған білімін еске түсіру.

  1. Оқушыларды смайлинг пайдалана отырып 4 топқа бөлу

  2. Үй тапсырмасы (сұрақ-жауап)

«Галереяны шарлау»

«Аквариум»әдісі арқылы тесеріледі.

А.ХХғ бас Үндістанның жағдайы қандай болды?

Б. Бдс аяқталғаннан кейін Үндістанның жағдайы қандай болды?

В. Үндістанда жаппай күрес не себепті басталды?

Г. «Түз шеруі» не себепті басталды?

Д. Үндістан Конституциясының жобасы бекітілді ме?

Ж. Үндістанды басқару туралы заң қашан қабылданды?


1.Оқушылар топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды

2.сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты еске түсіреді

Бірінші топ жауап береді.Екінші,үшінші топтар сұрақ қояды.Төртінші топ бақылайды.Орындары ауысады.



Топтық жұмыс


Оқушылардың зейіні сабаққа аударылады. Сабаққа ынтасы оянады.

Топтық бағалау


2.

Түсіну

Мәтінмен жұмыс жасау арқылы Азиядағы араб елдерінің саяси тарихын талқылау

  1. «Болжау» Суреттерді талдау

А.Суретте нені көріп тұрсындар

Б. Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?

В. Сендердің болжауларын тура келді ме, жоқ па?

2. Мұғалім жаңа сабаққа қысқаша тоқталу.

3. Мәтінмен жұмыс. Постер қоғау

І топ. Сирия

ІІ топ . Палестина

ІІІ топ. Иран

ІҮ. Арабия түбегі

ТОптардың өзара сұрақтары



Постерге сызба, кесте т.б арқылы түсіріп,әр топ өз жобаларын қорғайды.

Топтық жұмыс

Белсенділігі және қызығу-шылығы артады.

Топтық бағалау








Сергіту сәті
















3.

Қолдану

Талдау


Сөздер топтамасын бере отырып оқушыларды пікірлерімен алмасуға, талдауға, тәжірибеден өткізуге дағдыландыру.

ТОптастыру «өрмекші»сызбасын келтір.

І топ. Түркия, англия, Египет, 350 мың феллах, Бдс, Сұлтан әкімшілігі, Сайнс-Пико

ІІ топ. ХХғ басы, Алжир ,Тунис, Марокко, Италия, Франция, Англия, қожайын

ІІІ топ. «Әл-Уафд әл-Мысри», Лондон қамқорлығы, Король, Сұлтан, Конституция, парламент

ІҮ топ. Едс, Ш. Де Голль, Шукри аль-Куатли, Аламейн, Египет


Оқушылар сөзбен келтірілген материалды түрлендіреді, көрсетеді, ұсынады,өзгертеді,қайта құрастырады.

Оқушылар өз ойындағыларын топпен ортағасалып,жіктеп,топтастырады.Ортаға шығып топпен қорғайды.





Топтық жұмыс

Теориялық білімдері артады

Топтық бағалау


4.

Жинақтау

Ситуациялық сұрақтар қою арқылы, өздерінің ойларын жеттік білдіруге дағдыландыру, тұжырымдама жасауға үйрету

  1. Ұлы державалардың басқыншылық әрекеттері дұрыс болды ма?

  2. Егерде Сирия, Полестина, Иран сияқты мемлекеттер сол кезде ұлы державалардың отары болмағанда, қазіргі кезде дамуы қандай болар еді?

Талдау жасау арқылы, берілген тапсырмаларды топпен орындайды

Топтық жұмыс

Топпен бірлесе отырып талқылауға

Топтық бағалау



5.

Бағалау



Осы мемлекеттердің дүниежүзі тарихындағы алатын орнын бағалау

  1. «Алты қалпақ»

А. ХХғ Бас Азиядағы араб елдерінде ұлт-азаттық көтерілістер болып өтті. Осы әрекеттері дұрыс па?

Б. Осы мемлекеттердің тарихта алатын орны қандай?



өз ойларын ортаға салады, ойларын айтады, құндылығын айқындайды

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу.



Топтық жұмыс

Ойлау қабілеттері дамиды, өз ойларын жетік білдіреді.

Бірін-бірі бағалау







Рефлексия






















Үйге тапсырма

№ 12 оқу . сұрақтарға жауап беру

Қосымша : 1. «Ә. Фейсал- Ирак мәлігі», «Абдул әл-Азиз- Сауд Арабиясының мәлігі» деректеме,



  1. Ғаламтордан қосымша материалдар қарастырып келу.



















Бағалау

Топ басшыларының бағалауы. Топтық бағалау. Өзін-өзі бағалау
















©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет