Сабақ тақырыбы: Қорықтар 9 сынып қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Зейнелова Қ. Т. Астана, 2012



жүктеу 77.53 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі77.53 Kb.
түріСабақ
: files -> sites -> 1383501714865338 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1393860334782393
1393860334782393 -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Малдың пайдасы Сабақтың мақсаты: а оқушыларға өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру
book-catalog -> Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы
1393860334782393 -> 63 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзахметова Жанна Даулетовна
book-catalog -> Сабақ 10 «Ә» сынып «Жарасымды қарым-қатынас»
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару
book-catalog -> Пән: Физикалық география Сыныбы: 6 Күні: 12. 2015 Тақырыбы
«№63 ОМ» ММ

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: ҚОРЫҚТАР

9 СЫНЫП

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі Зейнелова Қ.Т.


Астана, 2012

Сабақтың тақырыбы: Қорықтар

Сабақтың мақсаты: Қорықтар туралы жан – жақты мәлімет беріледі. Оқушылар мәтіннің мазмұнын меңгереді, идеясын анықтайды

Сабақтың міндеттері: алдын – ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар өздігінен ізденеді, шығармашылықпен жұмыс істеу, жүйелі түрде өз пікірін айта білу дағдыларын компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттырады. Туған елінің, жерінің табиғатын сақтай білуге, қорғай білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың көрнекілігі: техникалық құрал – жабдықтар – компьютер, үнтаспа, бейнефильм, қорықтардың суреттері. Дейгейлік тапсырмалар, Қазақстан картасы.

Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ, модульдік технология бойынша.

Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, пікір айту, әңгімелеу, іздену, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, кластер стратегиясы, топтастыру әдісі, компьютермен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: информатика, тарих, музыка.

Сабақтың құрылысы:
І. Кіріспе бөлім

1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) сәлемдесу;

Ә) кезекшінің мәлімдеуі;

Б) сабақтың мақсатын түсіндіру;

В) оқушыларды топқа бөлу.


ІІ. Негізгі бөлім

Сабаққа кіріспе. Қызығушылықты ояту.

Өткен сабақты пысықтау.

Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс.

Жаңа сабақты бекіту.

Тест сауалдары.


ІІІ. Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма.


Кіріспе сөз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады (сол уақытта «Атамекен» әні ойнап тұрады). Бұл интеграциялық сабақ. Сабақ модуль бойынша өткізіледі, әр оқушы өз білімінің дәрежесін көрсетуге тиіс.

Информатика пәнінің мұғалімі қауіпсіздік ережелерін қайталайды.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі сабақты жалғастырады.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Топтар өз орындарына отырады. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді.
Негізгі бөлім:

Қызығушылығын ояту.

Осы сабақта алатын ақпаратымыз белгілі табиғат бөліктері жайлы (хат тыңдалады). Хат: «Табиғат адамның жанын тербейді, сезімдерін оятады, мүмкін, сондықтан белгілі ақын – жазушылар табиғат тақырыбына көп көңіл бөлген»




  1. Бұл мәліметті қандай адам жазды деп ойлайсыздар?

  2. Бұл ақпаратта қандай жер туралы айтылған деп ойлайсыздар?

  • Балалар, бүгін біз Қазақстанның қорықтары туралы әңгімелейміз. Сендер қорықтар туралы не білесіңдер?


Өткен сабақты пысықтау.
Өткен тақырыптарды пайдаланып, Қазақстанның табиғаты сұлу, әрі адам баласының көмегін, қамқорлығын қажет ететін жерлері туралы еске түсіреді.

Оқушылар алдын – ала дайындап келген тапсырмалар бойынша Алматы, Наурызым, Барсакелмес қорықтары туралы толығырақ әңгімелеседі.

(үй тапсырмасы)

1.Алматы қорығы

2.Наурызым қорығы

(әңгімелеу)



Компьютермен жұмыс

Сөйлемдерді аяқтаңыздар.

І топ І – деңгейлік тапсырма. Алматы қорығы.

1. Алматы қорығы...

2. Аумағы...

3. Жануарлар дүниесі...

4. Шыршалы орманда...

5. Құстардың...

6. Іле өзенінің бойындағы...

ІІ топ. І – деңгейлік тапсырма. Наурызым қорығы.

1. Қостанай облысының...

2. Аумағы...

3. Қорық көлеміне...

4. Онда тұяқтылардан...

5.Сүтқоректілердің...

6. Аппақ қардай...

ІІІ топ (Кластер стратегиясы бойынша) Қазақстанның қандай қорықтарын білесіңдер? Кестені толтырыңыздар.

Үлгі:



Қорықтың атауы

Орналасқан жері

Құрылған жылы

Аумағы


















































ІVтоп. Табиғат туралы мақал – мәтелдер мен өлеңдерді жатқа айтады.
Мәтінмен жұмыс.
Аудирование. (мәтінді компьютерден оқып тыңдайды. Берілген тапсырмаларды орындайды)
І топ

Барсакелмес қорығы

Арал теңізінің солтүстік – батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі – 16,8 мың га. Ондағы мақсат – жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықтарды қорғау болды. Бұрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде.

Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. Соңғы жылдары биологиялық жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделеніп, қорықтың біраз жануарларын көшіруге тура келді.

Таныс емес сөздермен жұмыс.

Өзі аттас – одноименные

Кешен – комплекс

Ақбөкен – сайгак

Қарақұйрық – джейран

Жоғары саты – высший класс

Бейімделу - приспособиться


  1. Асты сызылған сөздердің синонимдерін тауып, сөйлем құрастырыңыздар.

  2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді аяқтаңыздар:

Қорық... жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі...Қорыққа шөлді аймақта тіршілік етуге бейімделген... тән. Негізгі қорғалатын аңдар...

ІІ топ

Қорғалжың қорығы.

1968 жылы ұйымдастырылған. Қорық Ақмола облысының 259 мың га жерін алып жатыр. Оған тың даланың қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай – ақ Қорғалжың және Теңіз көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген.

Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 315 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Көл жиегінің қара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп.

Таныс емес сөздермен жұмыс.

Тың дала - целинные земли

Дүниежүзілік маңызы - всемирное значение

Су қоймасы - водохранилище

Сүтқоректілердің - млекопитающие

Қамыс - камыш

Көл жиегінің – берег озеры


  1. Асты сызылған сөздермен құрмалас сөйлем құрыңыздар.

  2. Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін қойып, сөйлемдерді аяқтаңыздар:

Қорық ... 259 мың га жерін алып жатыр. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар...тізіміне енгізілген. Қорықтың ... дала зонасына тән.

Қорғалжың көлінің ...қабандар мекендейді. Олар: ...



ІІІ топ
Марқакөл қорығы

1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы – 75 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны алып жатыр. Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен, Ертістің оң саласы – Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтын тамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 58 түрі мекендейді. Оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 260-қа жуық түрі бар. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.



Таныс емес сөздермен жұмыс:

Жота – хребет

Теңіз деңгейі – уровень моря

Жылға – ручей

Сала – приток, отрасль

Дәрілік өсімдік – лекарственные растения

Алтын тамыр – золотой корень


  1. Асты сызылған сөздермен қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрастырыңыздар.

  2. Мәтіннің мазмұнын айтыңыздар.



ІV топ

Қазіргі таңда қорықтардың адам өміріндегі алатын орны туралы эссе жазыңыздар.
Жаңа сабақты бекіту. Тест сұрақтарына жауап беру.

  1. Қорықтың атауын көрсет.

А) Сәуірім

Ә) Наурызым

Б) Қарашам

2. Қорғалжың қорығы қайда орналасқан?

А) Ақмола облысында

Ә) Атырау облысында

Б) Алматы облысында



3. «Алтын тамыр» шөбі қай қорықта кездеседі?

А) Марқакөл

Ә) Наурызым

Б) Қорғалжың



4. Барсакелмес қорығы қай жылы ұйымдастырылған?

А) 1938


Ә) 1939

Б) 1937


5. Қазақстанда неше қорық бар?

А)7


Ә) 8

Б) 9


6. Шығыс Қазақстанда орналасқан қорықты ата.

А) Алматы қорығы

Ә) Қорғалжың қорығы

Б) Марқакөл қорығы



7. Арал теңізінің жағасында орналасқан қорық атауы.

А) Наурызым

Ә) Барсакелмес

Б) Алматы



8. «Млекопитающее» сөзінің аудармасы

А) қанатты

Ә) сүтқоректі

Б) жорғалаушы



9. Барсакелмес қорығындағы азайып бара жатқан жануарларды ата

А) жабайы қабан

Ә) аю

Б) ақбөкен



10. Сөйлемді аяқта: Қорықтарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты...

А) табиғаттың әсемдігін сақтау

Ә) азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау

Б) сирек кездесетін өсімдіктерді өсіру.



Сабақты қорытындылау. Мұғалімнің қорытынды сөзі. Қорықтар туралы қандай мәлімет алдыңыздар. Сабақта сіздерге не ұнады? Табиғатқа, қоршаған ортаға деген біздің қарым – қатынасымыз қандай болу керек?

Бағалау. Үйге тапсырма: осы тақырыптар бойынша оқушылар сөзөрім құрастырып келеді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет