Сабақ тақырыбы Сабақ мақсаты Күтілетін нәтиже Қамтылатын модульдер мен сұрақтар



Дата12.02.2020
өлшемі276.58 Kb.
түріСабақ


Коучинг сабағының жоспары


Сабақ тақырыбы

Сабақ мақсаты

Күтілетін нәтиже

Қамтылатын модульдер мен сұрақтар

Ресурстар

Топтық жұмыс. Топтық жұмыс тиімді болу үшін оны қалай ұйымдастыру керек?

Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру мен сабақта қолданудың тиімді жақтары ашылады.

  • Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары талқыланады;

  • Қатысушыларда топқа бөлу, топтық жұмыс туралы пікір қалыптасады.

  • Ұйымдастырудың тиімді жақтары ашылады.

  • Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы түсінік қалыптасады.

  • Коучингке қатысушылардың жағымды эмоционалдық сезімде болады.

  • Топтық жұмыстың мақсатын анықтау;

  • Топтық жұмыстың міндеттерін анықтау;

  • Топтық жұмыстың артықшылықтары;

  • Топтық жұмыстың кемішіліктері;

  • Кемшіліктерді болдырмау жолдары;

Түрлі-түсті гүлдер, қағаз, желім, флипчат

Коучинг барысы




Кезеңдер

Бөлінетін уақыт

Коучерлердің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ресурстар

Топқа бөлу


5 мин

  • Салеметсіздер ме, мен сіздердің коучинг- сабақта көргеніме қуаныштымын!

Мұғалімдерді шаттық шеңберіне тұрғызу.

-Бүгін біз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Ендеше, сіздер мына гүлдерден бір гүлді таңдап, бір жақсы тілек айтып, екінші адамға сыйлайық.

- Енді бірдей гүлдер бойынша топтарға бөлінейік

- Алдарыңыздағы жатқан флипчатқа осы гүлдерді желіммен ортасына жабыстырыңыздар, яғни тілектеріңіздің гүл шоғырын жасаңыздар

-Рахмет, бүгінгі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!


Таңдаған гүлді екінші адамға сыйлап, бір тілек айтады

Топқа бөлінеді



Қағаздан жасалған екі түсті гүлдер

(2 түсті гүлдер )

Миға шабуыл

Білу, түсіну



7 мин


Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай ?

Ия, бүгінгі коучингіміз сабақта топтық жұмысқа байланысты болады.


Сұрақ:

-Сіз сабағыңызда топтық жұмысты қолданасыз ба?

-Сіз топтық жұмысты қалай ұйымдастырар едіңіз?


Қатысушылар жауап береді
Қатысушылар талдайды,

топтың бір мүшесі ортақ ойды айтады






Тапсырмалар

Қолдану, талдау



5 мин


Біз топқа бөліндік.

Ендеше, бүгінгі жұмысымыздың түрі топтық жұмыс болады.

Сондықтан сіздерден жұмысымыз өнімді болуы үшін, әр топ өзінің топтық ережесін құруы қажет және оны қорғау сұралады.
(Топтық жұмыстың тиімді болу шарты ескерілуі керек)


Әр топ өзінің ережесін құрайды және қорғайды

А4 парағы,

маркер


Жинақтау, бағалау

20 мин


Топтарға постер дайындау ұсынылады:

І топ - «Топтық жұмыстың артықшылықтары»

ІІ топ - «Топтық жұмыстың кемшіліктері»

ІІІ. топ –«Топтық жұмыста кемшіліктеді жою жолдарын ұсыну»



Постер қорғаудан күтілетін нәтиже:

Топтық жұмыстың мақсаты:Білім алу үдерісіне әрбір оқушыны белсенді қатыстыру

Топтық жұмыстың міндеттері:

  1. Танымдық қабілеттерін арттыру

  2. Өзіндік жұмыс істеуді дамыту

  3. Сыныптастар арасындағы қарым-қатынасты дамыту

Артықшылықтары:

  • Белсенділіктің артуы

  • Алаңдаушылықтың төмендеуі

  • Оқытылу, сабақты меңгеру артады

  • Сыныптағы психологиялық климат жақсарады

Кемшіліктері:

  • Топтық жұмысқа үйрету

  • Мұғалімге түсетін салмақ

  • Кейбір оқушылардың жақсы оқушылардың еңбегін пайдалануы

  • Кейбір оқушылар үшін топқа бөлу үдерісі ауырлық тудырады

Кемшіліктерді жою жолдары:

Топтар постер құрады және оны қорғайды


Флипчаттар, маркерлер, желім , стикерлер

Кері байланыс

5 мин


Рефлексия

Коучингтің нәтижелілігінің критерийі:

«Мен өзімді коучингтен кейінгі қалай сезінемін?» әдісі



Сұрақтар:

Коучинг-сабақ сізге ұнады ма?



Сіз өзіңізді коучингтен кейін қалай сезіндіңіз?

  • Сіз бұл коучингтен өзіңізге пайдалы нәрсе алдыңыз ба?

Сіздің ұсыныс-тілектеріңіз ?

Қатысушылар коучинг туралы пікірлерін стикерелерге жазып,тақтаға жабыстырады

Тілектер ағашы








М.Горький атындағы №16 мектеп-лицей

Коучинг жоспары
Тақырыбы: Топтық жұмыс тиімді болуы үшін оны қалай ұйымдастыру керек?
Дайындаған: Ү.Шенберген

2019-2020 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет