Сабақтақырыбы Жақшалардыашу. Коэффициент.Ұқсасқосылғыштар. Ұқсасқосылғыштардыбіріктіру



Дата10.12.2019
өлшемі48.32 Kb.
түріСабақ

Бекітемін:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.2В Алгебралық өрнектер.



Мектеп:№118

Күні:11.12.2019 ж

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Сабақтақырыбы

Жақшалардыашу. Коэффициент.Ұқсасқосылғыштар.

Ұқсасқосылғыштардыбіріктіру.

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау

Сабақмақсаты

Оқушылар:

• алгебралық өрнектерде ұқсас қосылғаштарды біріктіре алады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • жақшаларды ашу ережесін қолданады;

  • ұқсас мүшелерді анықтайды;

  • алгебралық өрнектерді ықшамдайды.

Тілдікмақсаттар

Оқушылар:

  • ұқсас мүшелерді біріктіруді түсіндіреді;

  • алгебралық өрнектің коэффициентін қалай анықтайтынын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • айнымалы;

  • коэффициент;

  • ұқсас мүшелер;

  • әріпті өрнектің мәні;

  • өрнектерді ықшамдау.

  • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • әріпті бөлігі бірдей қосылғыштарды … деп атайды;

  • ұқсас мүшелерді қосу үшін …;

  • егер жақшаның алдында «минус» таңбасы тұрса, онда ...;

  • егер жақшаның алдында «плюс» таңбасы тұрса, онда ….

Құндылықтардыдарыту

Жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын,

координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту

Пәнаралықбайланыстар

Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-4мин
4-5мин

5-7мин

Ұйымдастыру.

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Жұпқа бөлу.

«Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.

Оқушыларға алгебралық өрнектер таратылады. Оқушылар өзіндегі алгебралық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы:

2(x+4) сәйкес 2x+8; 2+(3+а) сәйкес 5+а;

-(а+3) сәйкес –а – 3; 5-(5-с) сәйкес с т.б.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.




Сабақтың ортасы

7-13 мин

13-14 мин


14-22 мин
22-24 мин

24-32 мин



32-37 мин

Жаңа сабақты түсіну.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 1.

Сабақта мұғалім Айжан мен Бижанға

6 + (7с 2bс) –(5c + 4bc) өрнегін ықшамдауды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды.

6 + (7с 2bс) –(5c + 4bc) = 6 +7c – 2bc – 5c – 4bc =

= (7 - 5)c – (2 + 4)bc + 6 = 2c – 2 bc +6.

  1. Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар?

  2. Ал сіздер өрнекті қалай ықшамдар едіңіздер?

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, дер кезінде кері байланыс беріліп, ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін құрастыруды сұралады.

Бірнеше жұп өз ойларымен бөліседі. Сосын сыныппен бірге ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін жазылады.

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:

1. олардың коэффициенттерін қосу керек

2. алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.

Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс.

«Көз түйістіру» сергіту сәтін өткізу арқылы жұпқа бөлінеді.

Тапсырма 2.



  1. Өрнектерді ықшамдаңыз:

a) 11p+2p +20p–7p-3,8k–k+3,8k+k+a+6,2a–6,5a–a;

b) -18n – 12n + 10a + b – 10b – a +7,3n + 6,5n;

c) 9a – 9b+ 7a – 9,2m+5a + 15m-1,2a + 5,8m;

d) -12p + 3k +0,5a - b- 3,2p – 2,3k - 8,8p - 3,7k;

e) 0,5a - b - a – b+ 0,1a - b+ 3,8k + k + a -7,8k.

Тапсырма 4.

2. кез келген натурал n үшін өрнек 3 ке еселі болатынын дәлелдеңіз.

Тапсырманы орындағаннан кейін дайын шешімдер арқылы жұптар өзара бірін-бірі тексереді.Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды.

Жаңа сабақты бекіту.

Тапсырма 3.

1. Өрнекті ықшамдаңыз және айнымалының берілген мәнінде өрнектің мәнін табыңыз.

а) 12(3с – 1) – 35с + 4(с+6) егер с = - 0,2;

б) егер;

в) егер;

г)егер.

Дескриптор: Білімалушы

  • жақшаларды ашады;

  • ұқсас мүшелерді біріктіреді;

  • өрнекті ықшамдайды;

  • өрнектің мәнін табады.

  1. Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыз.

  1. , мұндағы

  2. ,мұндағы

Дескриптор: Білімалушы

- көбейтудің үлестірімділік заңын қолданады;

- қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданады;

- ұқсас мүшелерді біріктіреді;

- өрнектің мәнін табады.

Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.



Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

(Есепті шығарудың алгебралық өрнегін құрастырып, оның мәнін табыңыз).

Кітап сөресіндегі кітаптар үш қатарға орналастырылған. Бірінші қатарда n кітап бар. Бірінші қатардағыдан екінші қатардағы кітаптар 1,2 есе артық, ал үшінші қатардағы кітаптар 1,3 есе артық. Кітап сөресінің үш қатарында неше кітап бар? Мұндағы . (Жауабы: 70 кітап).




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы.

АКТ-менбайланыстар

Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

«Көз түйістіру» сергіту сәті өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет