Сабақтарының Әдістемелік нұСҚауы пәні: «Дизайн негіздері» Мамандық, шрифы: 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу»



Дата01.05.2016
өлшемі408.75 Kb.
түріСабақ


Ф-ОБ-007/033

Сырдария” университеті

«Кәсіптік білім және өнер» факультеті

«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ


Пәні: «Дизайн негіздері»

Мамандық, шрифы: 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»

Курс: 3

Семестр: 6


Жетісай 2014
Практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауын құрастырған: оқытушы Мелдеханова А.Ө.
Практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы «____» _________ 20__ж. факультет деканы бекіткен пәннің жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.

Практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының «____» _________ 20__ж. мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама № «____» _________ 20__ж.

Кафедра меңгерушісі: __________ ___________________________

(қолы) (аты-жөні, ғылыми атағы)

1-тақырып:

Графикалық жобаның негізі.
1. Сабақ жоспары:


  1. Графика туралы түсінік

  2. Графюра.

  3. Тегіс графика


2. Сабақ мақсаты:

    1. Графикалық әдістермен бірнеше жұмыс орындау.

    2. Графикалық тұрғыда түзу, ирек, тағыда басқа сызық түрімен ырғақты түрде орындау.

    3. Графикалық жұмысты әдемі көрсету, сызықтардың ара қашықтығын дәл ұстау, сызықтардың қалындығын ескерту.


3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Графика сөзі грек тілінен «графо» - «жазу» деп аударылады. Графиканы анықтаушысы - сурет, мәнерлі тәсіл болып сызьқ, түс пен көлеңке үйлесімі, ақ пен қара дақтардың қарым-қатынасы, контраст дәрежесі немесе олардың қарама-қарсы қойылуында қарым-қатынасы қызмет етеді. Графикаға жататындар: сурет (қаламсап, перо, көмір, сангина, кағазға кистьпен, металды тырнау, таста орындау), біртүсті және әртүсті эстамп (ағашка, металға, цинкте, тас, линолеумге гравюра). Графика станкілі (өзіндік шығарма), штамп иллюстрациясы және кітапты хаттау, газет және журналдық сурет және қолданбалы (этикеткалар, пошта маркалары, шрифт). Плакат анағұрлым үгіттеу - шақырушы күшке ие.

Гравюра (фр. gravure, graver – кесу) – графиканың бір түрі, тақтайшалардан басылған шығармаларды қамтиды, гравирлеудің әр түрлі түрлерімен суреттелген тақтайдағы суретті оттиск айнадағыдай болады (қарама-қарсы). Баспа графикасының негізгі түрі гравюра деп аталады /ағашта, металда, таста/.

Гравюрлеудің ең көне әдісі ХҮ ғасырда Батыс Еуропада және XVI ғасырда Ресейде қолданыла бастаған ағашқа салынған гравюра болды.

"Гравюра" сөзі француз тілінен аударғанда "ойып алу" деген мағынаны білдіреді. Гравюраға литография, ксилография, линогравюра офорт түрлері жатады.

Гравюра өнері – материалдың жазық бетіне сурет салынады, кейін бояуланады және қағаз бетіне басылады. Басылымдардың саны гравирлеу технологиясына байланысты болады. Гравюралардың негізгі материалдары – металл ( мыс, цинк, болат), ағаш (самшит, пальма, алмұрт, шие және т.б.), линолеум, картон, 20 ғ.- пластик, оргстекло. Гравирлеу тақталары механикалық әдіспен орындалады, болат құралдармен немесе қышқылмен. Гравюраның негізгі мүмкіншілігі – оттисктердің көп сан алынуы және қатты материалда орындалатын стилистикасы.

Гравюра 15 ғ. Европада халыққа арналған өнер ретінде пайда болды.Арзандатылған гравирленген парақтар базарларда сатылды, олар үйлерді әсемдеуге, көбінесе түрлі оқиғаларды суреттейтін кітаптің орнын басатын еді.

Станкілі графика шығармаларына – станкілі парақтарда басылым технологиямен орындалған станкілі суреттер жатады (эстамп). Станкілі графика мұражайларға, көрме жинақтамаларына, қоғамдық және тұрмыс үйлерді әсемдеуге арналған болатын.

Тегіс графика. Графика - қағаз бетіне басылған немесе салынған сурет ( ежелде – папируста, пергаменте). Графика бірнеше түрге бөлінеді - станкілі графика (сурет, эстамп, лубок), кітап графикасы (иллюстрации, виньетки, заставки, буквицы, титул, авантитул, түртеу, мұқаба, супермұқаба), журнал және газет графикасы, миниатюра ( кітап графикасы), өндірістік графика, экслибрис, плакат, шелкография, линогравюра.

Графика - ақ және қара түстердің негізінде, қатаң сызықтармен салынған сурет. Ақ түс ретінде қағаз, қара түс ретінде қарандаш, көмір және т.б материалдар қолданылады. Сонымен қатар жұмыстың түріне қарай түстердің шектеулі түрлерін де пайдаланады. /Плакат, безендіру, жол белгілері т.б./

Суреттер қолмен және машинамен бірнеше данада жасалуы мүмкін. Сондықтан да графиканы екі түрге бөлуге болады: қағазға тікелей салынған сурет және баспа графика.

Графика жазықтық бетіне бейнелеу мен байланысты. Ақ немесе түсті қағаз, графиканың негізі болып есептелінеді, фон-негізгі түстің орнын алады, бейнелеу әдісі - сызық, штрих, нүкте.

Басып көбейтілген графиканы бөледі: терілген басылым, жекеленген басылым.

Жекеленген басылым көркем шығарманы 1 дана ретінде шығарады: сурет, акварель, гуашь, монотипия, коллаж, аппликация, фотомонтаж.

Терілген басылым (гравюралар) көркем шығарманы тираж көлемінде шығарады, оттиск-оригинал авторлық шығарма болып есептелінеді.

Гравюра материалмен жұмыс істеу тәсілдері бойынша (гравирования) – механикалық (резьба, процарапывание) немесе химиялық (травление) түрлеріне бөлінеді, тереңдігіне байланысты терең - «глубокой», биік - «высокой» немесе тегіс - «плоской» басылымдарға бөлінеді және жасалу технологиясы бойынша: ксилография, линогравюра, цинкография, литография, картондағы гравюра, мыстағы гравюра, офорт, меццо-тинто, акватинта, құрғақ ине және т.б.Гравюралар жеке немесе қоспа технологиялармен орындалу мүмкін түсті немесе түссіз нұсқада.

Заманауи графикалардың түрлеріне компьютерлік графика жатады, бұл графика электрондық жүйелерде құрастырылады. Заманауи графикалық дизайн жекеленеді.

Жазба графика (эпиграфика, искусство шрифта, каллиграфия) көлемді облыс құрайды, бұл түр Ежелгі және Шығыс жазба жүйелерде үлкен көркем және эстетикалық орын алған (арабская вязь, китай және япон иероглифтері, үнді қарыптары-шрифттері және т.б.).


4. Бақылау сұрақтары:

  1. Графика деген не?

  2. Гравюра дегеніміз не?

  3. Гравюра қай ғасырда және қай елде пайда болды?

  4. Гравюра түрлерін ата.


5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Графикалық жобаны үйренуді қалыптастыру


6. Үй тапсырмасы:

Сюжетті композиция орындау.


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

  1. Гидион З. Пространство, время, архитектура. М.,1993.

  2. Коренина Т.Н. Эргономика архитектурной среды. Уч. пособие. Екатеренбург, 2002.

  3. Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектора и дизайнера М., 1995.

  4. Нестеренко О.И. Краткая энциклопедия дизайна. М., 1994.

  5. Орехов П.Н. Производственная графика.М., 1988.

  6. Нешумова Б.Г. Художественное проектирование. М.,1989.

  7. Лебедов Ю.С. Архитектура и бионика. М.,1981.

2-тақырып:

Ырғақты әдемі қозғалыстын кеңістіктегі сызықтық графикасы. Жұмсақ құрылысы, қатты құрылысы.
1. Сабақ жоспары:


  1. Әдемі ырғақта жалпақ – сызықтық графика.

  2. Жұмсақ құрылым.

  3. Қатты құрылым.

  4. Сызықтар мағынасы


2. Сабақ мақсаты:

    1. Графикалық әдістермен бірнеше жұмыс орындау.

    2. Кеңістіктегі сызықтық графиканы әдемі қозғалыста бейнелеп көрсету.


3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Әдемі ырғақта жалпақ – сызықтық графика. Композицияның маңызын ашатын амалдар: ырғақ, композицияның сюжетті ортасы, симметрия және ассимметрия, басты тұлғаның екінші орынға орналасуы.

1. Ырғақ - композициядағы бейнелеу обьектісінің кезектесіп орналасуының, олардың нақтылы реттілігінің көрсетілуіне мүмкіндік береді, сонымен қатар ондағы бейнеленетін адамдар мен жануарлар тұлғаларының қимыл үстіне берілуіне жағдай жасайды.

2. Өзіне ерекше назар аударатын, композицияның идеялық мазмұнын ашатын басты бөлігі - композицияның сюжеттік ортасы.

3. Симметрия атауы композицияның оң және сол жақ бөлігінің салмағы-ның, пішінінің, түсі мен реңінің тепе - теңдігі, ондағы бар элементтердің өзара үйлесімділігіне, сұңғаттылығына тұжырым жасайды. Композициядағы бейнелердің ассимметриялы орналасуы - кескіндеменің салмағы, пішіні, өңі жағынан тең екі бөлікке бөліп қойғандай әсер қалдырмайды, ондағы бейнелер тынымсыз, бір - бірімен араласып, тепе - теңдік жағынан ауытқып жатады, бірақ кескіндемедегі жалпы тепе - теңдік композициялық ырғақтылықтың айқын көрсетілу нәтижесінде сақталады.

4. Композицияны түйсінудегі психологиялық көңіл - күйдің туындауына себеп болатын айқын орталық бола алғанда ғана ондағы басты тұлғаны екінші орынға орналастыруға болады.

Жұмсақ құрылым. Қаламман қысқа сызықтар тек білекті қолдың қимылымен, ұзын сызықтар бүкіл қолдың қимылымен жүргізіледі.

Мұның бәрі сурет салудың «қүрғақ» әдістері. Енді сурет салудың «дымқыл» әдістерімен, яғни қаламұшпен және фломастермен сурет салумен танысамыз. Қаламмен, көмірмен техниканың кез-келгенінде суретші штрихпен де, тональдық дақпен де әрекет жасай алса, ал қаламүш техникасында оның билігінде тек штрихтар ғана қалады. Алайда шебер штрихтардың бір өзімен тек абрис (сыртқы тұрпат) пен форманы ғана емес, сонымен бірге, белгілі дәрежеде түсті де, дәлірек айтқанда, заттардың алуан түрлі бояуын бере алады.

Құралдардың әдеттен аздығы арқасында қаламұш техникасы суретшіні модельді өте мұқият талдап, ондағы ең басты және елеулі нәрсені ұстап қалуға үйретеді. Нақ сондыктан да қаламұш техникасын жаңа бастаған суретшіге де ұсынуға болады — ол әрбір штрих үшін жауапкершілік сезімін бойға сіңіреді.

Қаламұшпен сурет салу тушьпен немесе сиямен (қара немесе қара-қоңыр) жасалады. Жорық жағдайында сурет салған кезде, оның сызықтары аздап біртектестігімен және монотондылығымен ерекшеленетініне қарамастан, қара сиясы бар әдеттегі қаламұш автоқаламын пайдаланған ыңғайлы. Соңғы жылдары фломастер деп аталатын, қаламұш орнына фетр немесе бамбук білтілері бар өзгеше автоқаламдар өте кең тарады.

Қаламұшпен және фломастермен жұмыс істеу үшін тегіс тығыз қағаз көбірек жарамды. Кедір-бұдырлы қағазға қаламұшпен сурет салуға болмайды: қаламұш оның бетімен ауыр жылжиды және ол өзінің қозғалысында көбіне суретшінің қолынан гөрі қағаздың кездейсоқ кедір - бұдырына бағынады.

Қауырсындармен сурет салу сендердің алдарыңда өте қызықты мүмкіндіктер ашады. Әңгіме бағзы замандардан бері адамдарға қызмет еткен, атап айтқанда қамыс және құс (негізінен қаздың) қауырсыны туралы болып отыр. Осындай қауырсындармен өткен заманның аса ұлы суретшілері — Микеланджело, Рафаэль, Рембрандт сурет салды, ол кезде болат қаламұштар жоқ болатын. Бұл қауырсындардың болат қаламұштардың алдында бірқатар артықшылықтары бар: қамыс пен қаз қаламұшы беретін сызық аса жіңішке де, өте жуан да бола алады, қаламұш қағаз бетінде, оның кедір-бұдырына тимей жұмсақ жылжиды. Қамыс қаламұштар деп тек қамыстан жасалған қаламұштарды ғана емес, сонымен бірге басқа да жеткілікті дәрежеде мықты және зақымданбаған қуыс сабақтардан, мысалы,қатты, жақсы кептірілген қара бидай мен бидайдың сабанынан жасалған қаламұштарды атайды.



Қатты құрылым. Сурет салу үшін суретшілер өте көп аспаптар мен материалдарды пайдаланады. Олардың ішіндегі бірінші және неғұрлым кең тарағаны - кәдімгі графит қаламы. Сурет салған кезде қаламды, жазу жазғандағыдай емес, тіпті басқаша ұстайды.

Графит қаламның «кәдімгі», кеңінен тараған, әркімге сәби жастан таныс қаламға айналганына онша көп бола қойған жоқ. Ежелгі римдіктердің өзіне қалам белгілі болған, бірақ ол тек қана күміс немесе қорғасын қалам болатын. Орта ғасырда оларға қалайыдан және қалайы мен қорғасынның қорытпасынан жасалған қаламдар қосылды. Қаламдардың ізі пвргаментте нашар сақталатын, сондықтан олар дербес жұмыстар үшін пайдалануға жарамсыз болды — олар тек алдын-ала нобайлар сызып алуға ғана пайдаланылып, кейін ол нобайлар қаламұшпен немесе ңылқаламмен дұрыстап жасалды.

XIII ғасырдың аяғында Европада қағаз пайда болды да мұның өзі металл қарындаштардың мүмкіндігін ұлғайтты. Бірақ олар қағаз бетінде де өте бозғылт сызықтар берді, сондықтан үлкен тиімділікке жету үшін қағазды кейде алдын-ала грунттеп отырды. Күміс қаламның штрихтары біршама уақыт өткеннен кейік тотығып, қызыл-қоңыр түске ие болып, бұрынғыдан айқынырақ көзге түсетін болды. Күміс қалам өте жіңішке штрих жасауға, пішінді мұқият бейнелеп шығуға мүмкіндік берді. Ренессанстың ұлы шеберлері — Боттичелли, Гольбейн, Рафаэль және басқалар күміс қаламдарды пайдаланды.

Мұндай қаламдар кең тарай алмады. XVI ғасырдың II жартысында Англияда графиттің табылуы бұл істе революция жасады. Металл қаламдардың орнына неғұрлым қара түсті әрі неғүрлым арзанырақ графит қаламдар келді. Бірақ олардың да ірі кемшілігі бар еді — ластағыш болды, қагаз бетінде онша жақсы ұсталмайтын, оп-оңай сынып қалатын. Тек XVIII ғасырдың аяғында ғана француз механигі Гонте, графит ұнтағын тиімді пропор-цияда сазбалшықпен араластыра отырып, біз қазір де пайдаланып жүрген қаламды принципінде ойлап тапты. Графит қаламның өзіне тән ерекшелігі — оның штрихтарының металл түстес жеңіл реңкте болуы.

Графит қаламдардың қаттылығы түрліше дәрежеде үлкен мөлшерде шығарылады. Совет қаламдардың 13 қаттылық дәрежесі бар, олардың неғұрлым қаттырақтары Т әрпімен (1Т-дан 7Т-ға дейін), неғүрлым жұмсақтары М әрпімен (1М-нен 5 М-ге дейін) белгіленеді. ТМ қаламдары орташа жағдайга ие болады. Сол сияқты шетелдік қаламдар Н(ағылшынша һагсі — қатты) және В (Ыаск — қара) әріптерімен белгіленеді.

Сурет салу үшін 1 М-нен 5 М-ге дейінгі маркілі біршама жұмсақ қарындаштар неғұрлым ыңғайлы болады. Бұл қаламдар түрлі және өте бозғылт реқктен тіпті қараға дейінгі тондық (өңдік) градациялар диапазонын бере алады, бұл штрихтау немесе туштеу (ысқылап жағу) арқылы жасалады. Туштеу үшін растушевка деп аталатын өте қарапайым аспап қолданылады. Оны өзің-ақ жасап алуға болады — бұл екі шеті ұшталған, сыртқы түрі жағынан жуан қарындашты еске түсіретін, жұмсақ қағаздан тығыз шиыршықталған кішкентай рулон. Жай шүберекті немесе мақтаны да пайдалануға болады.

Қаламмен жұмыс істеген кезде жақсы, жұмсақ өшіргіш болуы керек. Өте жұмсаң өшіргіштерді суретшілер өздері дайындап алады. Бұл үшін кәдімгі өшіргішті екі күндей бензин ішінде ұстайды да, одан кейін екі сағаттай қайнаған суға пісіріп алады. Бірақ жұмыс істеген кезде өшіргішті шектен тыс көп пайдаланбай, яғни қаламды қағазға жағып, өшіре бермеген жөн.

Графит қаламдардан басқа, суретшілер итальян қаламдар деп аталатын қаламдарды да пайдаланады. Ол қаламдар Ренессанс дәуірінен мәлім болған, кейде қара бор деп аталатын ерекше итальян тақтасынан (сланец) жасалған. ХУІІІ-ХІХ ғасырларда орыстың Көркемсурет академиясында итальян қаламмен сурет салуға міндетті болған.



Сызықтар мағынасы. Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырмашылығы: мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен, сызықтар деп өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие бола алады. Басқаша айтқанда, сызықтар пішіннің шекараларын белгілеп, олардың контурын жасаса, ал штрихтар тобы пішіыге өқ-рең береді. Сөйтіп, жеңіл, болар болмас көрінетін сызықтардың кемегімен болашақ жалпы формасы, оның негізгі бөліктерін, пропорциясын белгілейтін ең бастапқы иобай жасалады. Содан кейін қысқа, әсерлі сызықтар аркылы форма, кеңістік беріледі. Штрихтарды оңға, солға немесе төмен (өзіңе қарай) сызуға болады, ал қарындаштың ұшын жоғары қарай (өзінен әрі қарай) жүргізуге болмайды. Егер штрих сызығы дұрыс жургізілмеген болса, оны өшірмейақ, дәл соның жанынан екінші сызық жүргізген дұрыс. Сонда жіңішке жүргізілген алғашқы дәл емес штрих сызықтары суретке карағанда көзге түспейді де, сурет салынып біткенде ол сызықтар көрінбей қалады. Штрихтармен нәрсенің түрін, жарық пен көлеңкені, нәрселердік рең-бояуындағы үйлесімін, қандай материалдан жасалғанын, карындашпен бірқатар штрихтар жасау арқылы суреттегі турліше көлеңкелерді, түстер қатынасын көрсетуге болады.

Штрих дегеніміз - суретке салынатьн заттың объектісін, яғни, оның сурет салушыдан қанша қашықтықта тұрғандығын, қандай материалдан жасалғандығын және сыртқы түсін белгілейтін сызық. Штрихтың қоюлығы мен жиілігі, бағыты нәрсенің қандай материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.


4. Бақылау сұрақтары:

  1. Композицияның маңызын ашатын амалдар

  2. Жұмсақ құрылым дегенді қалай түсінесің?

  3. Қатты құрылым дегеніміз не?

  4. Графит қаламының ерекшелігі.


5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Жұмсақ құрылысы. Жазықтықты әр түрлі қозғалыстағы сызықтармен топтару және кедір-бұдыр көрінісін көрсету, материалды көрсетуін шығару.


6. Үй тапсырмасы:

Қатты құрылыс. Әр түрлі әдістермен бірқалыпты сызық түрімен жазықтықты қолдану. Графикалық сызық пен түстердің ерекшеліктері, оның жазықтықпен байланысы. Қозғалыстағы және қалыпты сызықтар. Қатты құрылымның элементтермен пропорционалды салыстыру, графикалық көріністің ерекшелігі.


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

  1. Дизайнер интерьера: основы профессии. Уч. пособие. Составитель Н.Н.Лазарева. М., 2000.

  2. Нестеренко О.И. Краткая энциклопедия дизайна. М., 1994.

  3. Паранюшкин Р.В. Композиция. Уч. пособие.Ростов-на-Дону, 2002.

  4. Рунге В.Ф. Эргономика в дизайн-проетировании. Уч. пособие М., 1999.

  5. Нешумова Б.Г. Художественное проектирование. М.,1989.

3-тақырып:

Заттар мен кеңістік графикасы.
1. Сабақ жоспары:


  1. Заттар мен кеңістік графикасы.

  2. Интерьердің мағынасын беретін сурет.


2. Сабақ мақсаты:

    1. Интерьерден ашып көрсетудегі графикалық сурет.

    2. Заттың ерекшелігі мен мазмұнын ашу сызықтарды қолдану, тегіс сызықтарды сызудағы рең ерекшелігін табу.

    3. Пропорциясын, өлшемін, перспективасын дұрыс үйрену.


3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Өз шығармашылығында көлеңкелерді шебер пайдалана білу және олардың көмегімен өз ойларын еркін бере білу үшін ең алдымен олардың пайда болу заңдарын білу керек.

Табиғи және жасанды жарық кезінде көлеңкелердің пайда болуы түрліше өтетінін бірден ескерте кетелік. Басты айырмашылық табиғи жарық көзі — күн бізден өлшеусіз алыста болғандықтан, оның сәулелері іс жүзінде параллель түсетіндігімен анықталады. Ал жарықтың жасанды көзі жарық түсіп түрған затқа қатысы жағынан онша алыс орналаспайды да оның сәулелері бізге тарамдалып тарап жатқан сияқты болып қабылданады.

Көрерменге және картинаға қатысы жағынан күн негізінен үш түрлі жағдайда болуы мүмкін, ал көлеңкелерді құру осыларға қарай анықталады. Күн бақылаушыға қарама-қарсы, картинаның екінші жағында түр. Мұндай жағдайда заттардың бақылаушыға қараған жазық беттерінің бәрі қаракөлеңкеленіп, заттардың көлеңкелері оған қарай түсіп тұрады. Бейнеленіп отырған тікбүрыштардан түскен көлеңкелердің көлемі мен бағытын дәл анықтау үшін, нүктесінен тікбұрыштардың төменгі бұрыштары арқылы сәуле сызықтар жүргізіп, оларды 8 нүктесінен тік-бүрыштардың жоғарғы бұрыштары арқылы жүргізілген сәуле сызықтармен кездескенге дейін жүргізу керек.

Жасанды жарық кезінде көлеңкелерді құрудың екінші жағдайында — күн бақылаушыдан бір бүйір тұрады да көлеңкелер картинаға параллель түседі.

Перспективті жағдай — кун бақылаушының артында турады. Заттардын, алдынғы беттерінің 6әpi жарықтанып, тусетін көлеңкелер көрерменнен картина ішіне карай түседі (5-сурет).

Үшінші жағдай — күн бақылаушының артында тұрады. Заттардың алдыңғы беттерінің бәрі жарықтанып, түсетін көлеңкелер көрерменнен картина ішіне қарай түседі.

Алғашқы екі жағдайлардағы көлеңкелерді перспективалық құру суреттерден айқын көрінеді де қосымша түсіндірулерді қажет ете қоймайды. Үшінші жағдайда көлеңкелерді құру былайша жасалады. Суретші өзіне қажетті бағытты анықтайды және соған сәйкес 8, қиылысу нүктесін белгілейді. Сәуле сызықтар күн көкжиектен қаншалықты биік деп есептелсе, соншалықты одан төмен алынатын 8, нүктесіне бағытталады. Суретте еңкіш және тік жазықтықтар үстінде көлеңкелердің пайда болуы көрсетілген.



Интерьердің мағынасын беретін сурет. Перспектива кез-келген сурет сызықпен рең (тон) арқылы орындалады. Нәрсенің дұрыс бейнеленуі- перспектива мен жарық немесе көлеңке заңдылықтарын жетік білудің нәтижесінде болады. Перспектива заңдылықтарын білу мен қолдану, шынайы бейнелеудің маңызды шарты. Сонымен перспектива дегеніміз нәрсе әлемін көріп қабылдаумен сәйкес бейнелеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол латын тілінен “perspicere”- тасадағыны көре білу деген сөзден шыққан. Перспективаның ережелері: Тәжірибемен анықталған ережелер жиынтығын бақылау перспективасы деп атайды. Ал, геометрияға негізделген перспективаның ғылыми даму жолы Қайта өрлеу дәуірінен басталады. Ол сызықтық перспектива деген атау алды.

Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян сәулетшісі,суретшісі Филиппо Брунелесски. Бірақ алғаш перспектива туралы шығарма жазып, осы ғылымның негізін қалаған итальян суретшісі Пьеро Делла Франческо. Оны зерттеумен Паоло Учелло, Леон Батист Альберти т.б. итальян суретшілері шұғылданған. Аты әйгілі Леонардо да Винчи да өз еңбектерінде перспектива заңдылықтарын ашуға маңызды орын берген.





5-сурет.Бөлменің фронталь көрінісі.

Интерьер көрінісінде қабырғалар және еден бейнеленеді. Бейнелеу көкжиек деңгейін анықтаудан басталады: еденнен көз деңгейіне дейіңгі қашықтық, еденнен төбеге дейіңгі қашықтық сияқты өлшемдер.Бұл деңгейді натурада қабырғанын жанына орындыққа отырып анықтауға болады.

Көкжиек сызығының бойында негізгі нүктеде барлық перспективалық сызықтар бірігеді. Негізгі нүктенің орналасуына байланысты интерьердің бейнесі фронталь және бұрыштық бейнелерге бөлінеді.



Фронталь интерьер суретіндегі көру сызығы қабырғаға перпендикуляр орналасқан.Биіктіктің және енінің сызықтары перспективті өзгеріссіз вертикальды және

6-сурет.Бөлменің фронталь және бұрыштық көрінісі.


горизонтальды сызылады. Барлық параллель сызықтар (бірігу сызықтары) бір нүктеде қосылады.

Интерьер суретін салу екі вертикаль сызығын сызудан бастайды- фронталь қабырғаның еденмен және төбемен шек сызығы. Жоғарғы және төмеңгі сызықтарының жанында бос аудан қалу тиіс.Биіктік пен енінің пропорциялық қатынасы белгіленіп екі вертикаль сызық – бөлменің бұрыштарын көрсететін сызықтар сызылады.

Көкжиек сызығы белгіленіп – көз деңгейімен сәйкес, негізгі нүкте белгіленеді. Негізгі нүкте арқылы тереңдік сызықтары сызылады. Жиһаздардың суреті едендегі ізінен бастап сызылады.Жиһаздардың параллель сызықтары қабарға сызықтарына сәйкес сызылады және негізгі нүктеге бірігеді, кіші көлемді бөлшектері анықталып сызылады.
4. Бақылау сұрақтары:


  1. Интерьер дизайн деген не?

  2. Интерьер сµзі ќай тілден алынѓан?

  3. Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі .


5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Интерьердегі түрлі заттардан құралған тақырыптық күрделі натюрморт (сурет салу)


6. Үй тапсырмасы:

Интерьердегі натюрморт (сурет салу)


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

  1. Гидион З. Пространство, время, архитектура. М.,1993.

  2. Дизайнер интерьера: основы профессии. Уч. пособие. Составитель Н.Н. Лазарева. М., 2000.

  3. Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектора и дизайнера М., 1995.

  4. Лебедов Ю.С. Архитектура и бионика. М.,1981.

4-тақырып:

Заттар мен кеңістік графикасы.
1. Сабақ жоспары:


  1. Заттық-кеңістіктік графика туралы түсінік.

  2. Экстерьерді ашып көрсететін сурет.



2. Сабақ мақсаты:

1. Экстерьердің мазмұнын ашатын графикалық суретті орындау.

2. Графика әдістерінің әр түрін қолдану: сызықтық, сызықтық кескіндер, түстер, жазықтықты түспен толтыру.

3. Мағынаның біртұтастығы.


3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Бейнеленетін объектілердің жарық түсіп тұрған жағы жарық деп, ал екінші, қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтарында меншікті көлеңке пайда болады. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеқкені түспе көлеңке деп атайды. Жарықтан келеңкеге ауысар жерін шала көлеңке деп аталады. Меншікті келеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда болады. Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарды көру қиын емес. Бұл заттың, өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс беттерінде сондай ақ олардың қырларында көбірек байқалады.

Суретте жарық пен көлеңкені бейнелеуге кірісерде заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын, қай жерлері көлеңке екенін, түспен келеңкелер қай жакқа қарай бағытталып тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық көзінің қандай екендігін, сондай ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор. Суретте жарық пен келеңке өң арқылы беріледі. Өңнің қоюлығы не бәсеңдігі заттың көлеңкелері мен оған түскен жарықтың арасындағы қатынастарға сәйкес болып шығуы тиіс. Бейнеленуші объектінің түс қатынастары суреттегі өңдердің қатынастары арқылы берілуі керек. Түстердің және жарық пен көлеңкенің үйлесімін берген кезде ақшыл нәрседегі (мысалы гипстегі) көлеңке қара нәрседегі (мысалы қоңыр матаның бүктелген жеріндегі) жарықтан ашығырақ болатынын есте ұстаған жөн. Өңі берілетін суреттерді салғанда өңдер қатысын салыстырып, анықтап алу керек.


Экстерьерді ашып көрсететін сурет. Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп түрған бөлігіндегі ең жарық нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу керек, әлбетте рефлексті де ұмытып кетуге болмайды. Суреті салынатын нәрсенің жарық түсіп түрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болуға тиіс. Суретте өң тұтас берілуі керек. Суреттегі өң нәрсенің формасын, түсін және жарықтың түсуін берудің құралы болып табылады. Заттың сыртқы бетінің түсі оның өңі деп аталады. Пропорциялар мен негізгі формаларды анықтағанда түсіп түрған көлеңкелердің шетінен бастамау керек, өйткені олар заттардың негізгі пропорцияларын да, бедерін де белгілемейді. Тіпті бұл көлеңкелер кейде заттың, формасын мүлдем бұзып, оның көзге түсіп тұрған пропорцияларын бұрмалап, өзгертіп, бүлдіріп те жібереді. Көлемді форманы салғанда оған түскен жарықты, ақ дақты, жартылай өңді, көлеңке мен рефлексті таба білу міндетті шарт екендігі әрдайым есте болу керек.

8-сурет. Көлемді бөлу: а) тігінен, б) көлденеңінен

Жарық пен көлеңкенің арасындағы айқын қарама-қарсылық контраст деп аталады. Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы контраст солғұрлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда контрастар мейлінше ашық болады да, екінші, үшінші, одан арғы пландарда контраст азая береді. Сонымен, бақылаушыдан алыстаған сайын нәрсенің жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді; ал күңгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын етіп көрсетуге талаптану керек. Жарық пен көлеңкені дүрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасына зер салып қарауды қажет етеді. Жарық пен көлеңкені нәрсенің негізгі формаларымен бір мезгілде белгілеген жөн. Сөйтіп, біз жарық пен көлеңке жөнінде біршама түсінік алдық. Мұның бәрін есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек. Суретін салып отырған затымыздың жарық пен көлеңке шекараларын айырып алудан бұрын заттың жоғарыда атап өткендегі анықтама бойынша пропорцияларын ескере отырып, оларды дұрыс сала білу керек.

Суретте көрсетілген бойынша жұмыс барысы басқаша: перспективадағы горизонталь сызықтар үшiн бөлу масштабтарын қолдану осындай ұшбұрыштардың қасиеттерiне негiзделген. Кез-келген бағытта бара жатқан параллель сызықтар АВС бұрышы жақтарында өзара прапорциональды кесiндiлердi бөлiп тастайды (6, б-сурет, жоғарғы), яғни



немесе


Демек, егер қандай да бiр нүкте горизонталь сызықты берiлген қатынаста бөлсе, онда бұл сызықтық перспективасы да осы нүкте перспективасымен дәл сондай қатынаста бөлiнедi. Перспективаның кез келген горизонталь сызығын өзара тең немесе бiр-бiрiмен әлде бiр қатынастарда тұрған бiрқатар кесiндiлерге бөлу үшiн де осыны пайдаланады.

Бiз бастаған фасадты бөлудi аяқталық. ЛГ-да К еркiн нүктесiн аламыз, ол нүктеден в және с нүктелерi арқылы сәулелер жүргiземiз де оларды еркiн алынған көлденең сызығына дейiн созамыз. Осы бiр еркiн алынған кесiндiсiн аралық қабырғалар мен терезелерге пропорционал кесiндiлерге бөлемiз. Алынған нүктелерден К нүктесiне сәулелер жүргiземiз. Фасадтың ВС сызығымен бұл сызықтардың қиылысуы оны көлденеңiнен қажеттi қатынаста бөлшектерге бөледi. ВС-да алынған нүктелерде перпендикулярлар тұрғыза отырып, терезелердi немесе басқа элементтердi бөлудi аяқтаймыз.
4. Бақылау сұрақтары:


  1. Экстрьер дизайн деген не?

  2. Контрас дегеніміз не?

  3. Сурет салғанда ең алдымен неге назар аудару керек?


5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Натюрморт. Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеқкені түспен көлеңке арқылы ажырату (сурет салу).


6. Үй тапсырмасы:

1. Натюрморт (суретсалу).

2. Коллоквиум.

3. Глоссарий


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

  1. Басчастнов Н.П. Черно-белая графика. Уч.пособие. М., 2005.

  2. Дизайнер интерьера: основы профессии. Уч. пособие. Составитель Н.Н. Лазарева. М., 2000.

  3. Найс Клаудиа. Рисунок тушью. Минск, 2000.

  4. Орехов П.Н. Производственная графика.М., 1988.

  5. Рунге В.Ф. Эргономика в дизайн-проетировании. Уч. пособие М., 1999.

5-тақырып.

Отмывканы қолдану арқылы сызықты – кеңістікті графика орындау.
1. Сабақ жоспары:


  1. Отмывка әдісі

  2. Сызықты -кеңістіктік графика.

  3. Нобайлар мағынасы.

  4. Суреттің даму тарихынан.


2. Сабақ мақсаты: студенттерге бояулармен жұмыс істеу техникасын үйрету
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Отмывка әдісі. Акварельмен жұмыс істеудің үш әдісі бар.

Біріншіден, алғашқыда бояулармен өте жеңіл, заттың өзіне қарағанда әлдеқайда әлсіз және мөлдір болып келетін ортақ төсем жасай отырып, ал одан кейін кепкен алдыңғы қабат бетіне бірізді жұқа, лессировкалы қабат түсіру арқылы түсті біртіндеп күшейте отырып, құрғақ қағазда көп қабатты жұмыс жасауға болады.

Екіншіден, тиісті түсті бірден барлық күшінде, мозайкадағы сияқты, ұсақ жағындылармен түсіре отырып, құрғақ қағаз бетінде, бірақ бір қабат етіп те жұмыс істеуге болады. Мұндай жекелеген жағындылар көрші бояу жағындыларымен (әлі кебе қоймаган) «дәнекерлене» отырып, бір түстен екінші түске біртіндеп көшуге мүмкіндік жасайды.

Үшіншіден, дымқыл қағазға, түсті бірден түсіре отырып, бір қабат етіп те салады, бұл кезде бояу жағындылары азды-көпті жайылып, бір-бірімен араласып жатады. Соңғы техника мейліңше күрделі: қағаздың қажетті дәрежедегі дымқылдығын дұрыс сезініп, анықтауға тек ұзақ тәжірибе ғана көмектеседі. Тым дымқыл кағаз бетінде жұмыс істеу бояу түсін күшті әлсіретіп, шайып кетуі мүмкін.

Көбіне үш әдістің бәрі бір жұмыста, бейнеленіп отырған бөлімнің сипатына байланысты қолданыла береді. Түтінді, туманды сулы қағаз бетінде үлкен тиімділікпен бейнелеуге болады. Керісінше, алдыңғы қатардағы детальдар — тастар, ағаштар құрғақ қағаз бетіне айқын, күрт жағылған бояулармен беріледі. Бояу жағындыларының жұмсақтығына қол жеткізу үшін акварельшілер кейде қағазды ылғалды күйде ұстайды, бұл үшін оның астына дымқыл жүн матаны (мүмкіндігінше ақ матаны) төсейді.

Тәжірибесіз акварельшіге алғашқыда құрғақ қағазға сурет салған жақсы. Дымқыл қағазда жүмыс істеу техникалык, жағынан ысылып машықтануды талап етеді. Жұмыс кезінде түсті мүмкіндігінше заттың өзіне жақынырақ етіп, толық күшінде алуға ұмтыла отырып, (кейде суретшілер айтқандай) картинаны «сілікпесі шыққан» етіп көрсететін көптеген қайта бояулаудан және әсіресе қайта-қайта шая беруден аулақ болу керек. Таза ақ қағазға толық күйінде бірден түсірілген түс ең «толық үнді» болып шығады. Соның өзінде акварель кепкен кезде ағаратынын естен шығармау керек. Дымқыл бояулар, әсіресе ақ қағаздың қоршауында неғүрлым қара-қошқыл әрі бояуы қанық болып көрінеді, сондықтан жаңа бастаған акварельші көбіне түсті әдеттегіден әлсізірек етіп алады.

Кейде жұмысты бастар алдында қағаздың бүкіл бетімен бейненің жалпы колоритына неғұрлым тән түсті, мысалы күшті күи жарығы үшін қызғылт немесе бұлтты ауа райы үшін көгілдір түсті алдын ала әлсіз жағып шығады.

Ерекше нәзік детальдарды нақтылап жасауды әдетте жұмыстың соңына қалдырады.

Балауыз негіздегі ашық түсті қаламдарды немесе жәй үшкірленген таза балауыз таяқшаларын дұрыс ойластырып қолдану кейде қызықты әсер тудыра алады. Мұндай қаламмен көз қарашығындағы, жылтыраған заттардағы немесе толкындардың жалдарындағы өткір бликті (ең жарық нүктені) белгілей отырып, содан соң, бликтарды қалдыруға қам жемей-ақ, бұл орындарды бояумен батыл бояп шығуға болады — олар балауыз ізінің арқасыңда өзінен-өзі пайда болады.

Балауыз қаламдарды XVIII—XIX ғасырлардағы акварель живописінің шеберлері, әсіресе миниатюралық портреттерде, кеңінен пайдаланды.

Акварель живописінің техникасы материалдық жарақтандырылуы жағынан мейлінше қарапайым. Жалпақ бояу құйындыларын жағатын және жіңішке сызықты (ұшымен) жүргізетін жұмсақ жуан қылқаламдар қажет. Жуылып, сілкумен жақсылап кептірілген қылқаламмен қағаздан бояулардың артығын алып, су ізінің шегін белгілейді. Акварель живописінде негізінен күзеннің, тиіннің, борсықтың қылқаламдарын қоладанды.

Сызықты -кеңістіктік графика.





9-сурет.Бөлменің бұрыштық перспективті көрінісі.


Бөлменің бұрыштық перспективті көрінісі еркшелігі – негізгі вертикаль бөлменің бұрышында орналасады, көру бағыты бөлменің бұрышына қарай бағытталады, параллель сызықтар екі бірігу нүктесінде жинақталады-қабырға сызықтары еден және төбе сызықтарымен тоғысады.

Сурет салуды парақтың ортасынан бастап көкжиек сызығының бойына негізгі нүкте белгіленеді. Негізгі нүкте арқылы бұрыштың вертикаль сызығын белгілеп көз деңгейінен денге дейін және төбеге дейін арақашықтықты белгілейміз.




10-сурет.Бөлменің бұрыштық перспективті көрінісін салу әдісі.
Бағыттар бойынша көлбеу бұрышын табамыз. Жиһаздардың суретін олардың сыртқа қабырғалары бойынша перспективті суреті салынады. Қарапайым жағдайда жиһаздар қабырғалардың бойымен орналасады, сондықтан олардың перспективті суреті қабырға сызықтарға ұқсас бағытталады.Егер үстел немесе орындақ бұрыш жасай орналасса оның перспективті суреті өзінің негізгі нүктелерін табуы арқылы сызылады.

Нобайлар мағынасы. Кез-келген суретші өзінің болашақ шығармасын жасауға кіріспес бұрын, оған керекті кейбір нәрселердің сырт нобайын тездетіп қағаз бетіне түсіріп алады. Заттың өзіне қарап отырып шапшаң нобайлар салу суретшінің творчестволық процесінде маңызды роль атқарады. Ұзақ уақыт салынатын суреттен айырмашылығы сол, нобайларда бейнеленуші объектілердегі ең басты нәрсе, жалпы әсер беріледі.

Нобайлар үйрену, танып-білу мақсатында жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сурет заттың өзін, айналадағы өмірді зерттеп, танып-білудің, шеберлікті жетілдірудің құралы болып табылады. Ал белгілі бір шығарманың детальдарын, жекелеген образдарды жасау мақсатымен нобайлар салған кезде суретшінің алдына басқаша творчестволық мақсат қойылады. Нобайлардың бұл екі қызметі де бір-бірімен табиғи байланысты. Бірқатар жағдайларда нобайлар белгілі бір оқиғалардың тікелей әсерімен (немесе заттың өзіне қарап отырып) жасалады да, суретшінің қиялындағы болашақ тақырыптық композициямен, нақтылы сюжетпен байланысты болмайды.

Нобайлар салудың пайдасы зор. Әсерлерді жинақтаумен қатар мұндай суреттер болмысты, заттар мен қүбылыстардың өзіне тән ерекшеліктерін көре білуді дамытады. Нобайдың басқа да міндеті бар. Белгілі бір қағаз форматына натюрморт сала бастаудан бұрын, картина бетіне нәрселерді неғұрлым тиімді орналастыру үшін бірнеше нобай жасап алу қажет. Жеке-жеке қағаздарға нобайлар салынып, композиция табылғаннан кейін, яғни көру орталығы анықталып, соның айналасына натюрморт заттар орналастырылғаннан кейін, сурет салуға кірісуге болады. Алдымен тағы көру орталығы белгіленеді, ал натюрморт заттары суретке негіз етіп алынған нобайдағыдай салынады. Осы нобай оңай әрі шапшаң салынады, заттардың өзіне әзірше қарамаса да болады.

Сурет салғанда жұмысты жалпыдан бастап, ең әуелі нәрселердің жалпылама формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен келеңкені дұрыс салып алу қажет. Эскиз де болашақ шығарманың түпкілікті өзі емес, тек нобайы болғанымен, мұнда суретші, нобайға қарағанда көбірек еңбек сіңіреді. Эскиз көбіне ой-қиял бойынша, бірақ бейнеленуші объектінің өзін бақылау негізінде жасалады. Оны қарындашпен де, акварель бояуларымен де, майлы бояулармен де, пастельмен де жасауға болады. Эскизде суретші композициялық міндеттерді шешеді: болашақ картинаның неғұрлым лайықты көлемін, оның композициялық және мағыналық орталығын, жарық түсу сипатын, түстер гаммасын және т.б. іздестіреді. Сондай ақ ол жекелеген элементтерді: қандай да бір фигураның қимыл қозғалысын, бет бейнесін көрсетуге ұмтылады. Кез келген елеулі көркем шығарманы жасауға кірісу үшін алдын ала көптеген нобайлар мен эскиздер жасап алу қажет.



Суреттің даму тарихынан. Сурет бейнелеу өнерінің жеке түрі ретінде ХҮ ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында қалыптасты. Бұған дейін оған картинамен, мүсінмен, гобеленмен жұмыс жасаудың алдындағы дайындық ретінде қарады. Тарихи даму барысында суретке әр түрлі түстер де араласа бастады. Енді графикаға пастельмен, акварельмен, гуашьпен салынған суреттер де қатысты болды.

Әлемнің үлкен мұражайларында тез салынған нобайлар да, болашақ картинаның нұсқасы ретінде салынған ұзақ мерзімді суреттер де сақталған. Көптеген мұражайларда енді арнайы графика бөлмелері жабдықталған. Егер жанды бейнеде барлық түстердің палитрасы қолданылса, суретші-график бір ғана түспен немесе аз ғана түстермен үлкен шығарма жазады.


4. Бақылау сұрақтары:

1. Отмывка дегенді қалай түсінесің?

2. Акварельмен жұмыс істеудің әдістері.

3. Бөлменің бұрыштық перспективті көрінісі еркшелігі.

4. Нобай дегеніміз не?
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. Отмывка әдісінің қолдана отыра сызықты – кеңістікті графика орындау.

2. Берілген көріністің терең кеңістік заңдылықтарын сақтай отырып графикалық кеңістіктегі интерьерін құру.

3. Нысананың композициялық құрылымының мінездемесін беру.

4. Негізгі және қосымша көріністердің өлшемін, салыстырмалылығын, пропорциясын көрсету.
6. Үй тапсырмасы:


  1. Пейзаж (сурет салу)

  2. Тест


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

  1. Нестеренко О.И. Краткая энциклопедия дизайна. М., 1994.

  2. Паранюшкин Р.В. Композиция. Уч. пособие.Ростов-на-Дону, 2002.

  3. Рунге В.Ф. Эргономика в дизайн-проетировании. Уч. Пособие М., 1999.

  4. Нешумова Б.Г. Художественное проектирование. М.,1989 г.

  5. Лебедов Ю.С. Архитектура и бионика. М.,1981 г.

6-тақырып.

Түсті графика.
1. Сабақ жоспары:


  1. Түсті графика.

  2. Қолданбалы безендіру түрлері.

  3. Суретті түспен шешу.

  4. Перспектива заңдылықтары.


2. Сабақ мақсаты: Интерьерді орындауда түстердің шешімімен әсем қолданбалы түрде шешу.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Түсті графика. Көрнекілік ала-құлалық пен дөрекілікке айналмай жарасымды түстік үйлесімде болу тиіс. Мәселен, қара мен сары түсті үйлестіру өте алыстан-ақ тез көзге түседі, ол жол бойындағы белгілер мен жазуларға үйлесімді. Алайда бұдан барлық жұмыстарды бірдей қарамен сары бояулармен жасау қажет деген ұғым тумауы керек. Сонымен қатар ашық таза түстерді қолданғанда да шамамен осы шартты ұстану қажет.

Кейде түсті графикада фигураларды бейнелегенде оған қара контур не ақ түсті жиек жасайды. Сондай-ақ өрнектерге де алтын немесе күміс түсті контур қолданылады.

Контурдың мынадай мәні бар:

1) екі қанық түсті бөліп, олардың арасында пайда болған жиектік контрасты жойып, тазалық әсерін күшейтеді;

2) түстік дақтың шығыңқы немесе кіріңкі сияқты болып көрінуін азайтады;

3) кейбір өте өткір түстерді жұмсартады немесе тым солғын түстерді күшейтеді.

Түрлі бояулы түсті графиканы жасағанда түстерді қабылдауға жасанды жарықтың тигізетін әсерін де ескеру қажет. Электр шамдарымен жарық түсіргенде, барлық түстер қызғылт-сары реңкке ие болып, осыдан қызыл, сары, қызғылт-сары түстер онан сайын қызарып, күшейетіні, ал жасыл түс сұрғылттанып, кірлеу болып көрінетіні анықталған.

Сурет салынатын объектінің құрылысына талдау жасап алғаннан кейін, сурет салушының алдында тұратын бірінші міндет суретті қағаздың бетіне дұрыс салу және оның мөлшерін белгілеу. Заттардың өзіне қарап сурет салғанда, олардың пішінін әр-бір белгі бойынша беруге тырыспай, бірден бүтіндей, сол тұрған қалпында салуға ұмтылған дұрыс. Қандай нәрсенің болсын суретін салуға кіріскенде ең алдымен оның шамамен болса да жалпы пішінін белгілеп алып, содан кейін егжей-тегжей қарап, ұсақ-түйектерін көрсетуге көшу керек. Бұл бейнелеу өнерінде бүтіндік заңы деп аталады. Сонымен, сурет садғанда жалпыдан жалқыға карай көшу принципін ұстанғап орынды. Сурет салардың алдында ең алдымен салынатын суретті қағаз бетіне дұрыс орналастыру жағын, яғни композицияның жалпы тепе-теңдігін дұрыс сақтау үшін суретті қандай көлемде салу, қалай орналастыру керектігін алдын-ала ойластырып алу қажет.

Бұл жұмысты бастағанда әуелі суреттің жоғарғы және төменгі (сол жағы мен оқ жағындағы) шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ қағаздың жиектерінен ашық орын қалдырып отырған дұрыс. Сонда сурет жинақы, әдемі болып көрінеді. Қағаздың шетіне тақап салынған сурет тартымсыз болып шығады. Суреттің шекараларын анықтаған кезде суреті салынатын объектінің негізгі пропорцияларын белгілеп алған орынды. Себебі, осы кезде қате жіберілсе, әрі ол қате дер кезінде түзетілмесе, салып отырған сурет дұрыс шықпайды. Сондықтан негізгі пропорцияларды белгілегенде өте мұқият болған жөн. Суреттің жалпы биіктігі мен енін анықтамас бұрын бейнеленетін объектіні мұқият зерттеп, оның негізгі пропорцияларын белгілеп алу керек. Содан кейін ғана оның жеке бөліктерінің пропорцияларын белгілеуге көшуге болады. Сөйтіп, бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастыру үшін жұмысты неден бастау керек, қалай істеу керек деген мәселелердің бәрін жақсылап ой елегінен өткізіп алғаннан кейін ғана оны жүзеге асыруға кіріскен жөн.

Қолданбалы безендіру түрлері. Болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды. Бұл жоспар бәрі үйлесімді, қисынды, әбден дұрыс болып шыққанша сан рет түзетіліп, толықтырылып, өзгертіліп отырады. Жоспарды жетілдіру үстінде толып жатқан эскиздер жасауға тура келеді. Осылайша эскиздер жасау бейнеленетін заттың негізгі пропорциялары түпкілікті белгіленгенше, бүкіл шығарманың басты-басты бөліктерінің өзара байланысы қамтамасыз етілгенше жүргізіле береді.

Осы алдын-ала орындалатын жұмыстарды жоспарлау яғни суретті үйлестіру тәсілі суретшілердің тілімен айтқанда, компоновка деп аталады. Компоновканың түпкі мақсаты бейненің жеке бөліктерін біріктіріп, олардың біртұтас болып шығуын қамтамасыз ету. Суреті салынатын нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін ең әуелі қағаздың ортасында бірін-бірі кесіп өтетін вертикаль, горизонталь сызықтар (координаталар, осьтер), немесе бірнеше вертикаль, горизонталь, көлбеу сызықтар сызылады. Бұл сызықтар (симметрия осьтерінен басқалары) нәрселердің көлбеу бұрыштарын анықтау үшін пайдаланылып, соңынан өшіріліп тасталады.



Суретті түспен шешу.Майлы бояудан немесе темперадан айырмашылығы, акварель қайта жасау мен түзетулерге іс жүзінде мүлдем дерлік жол бермейді -бұрын жағылған бояудың үстіне жаңадан бояу жағу арқылы тек қарайтуға ғана болады, ал қарайған жерлерді негұрлым ағарта түсуге енді болмайды. Акварельмен жұмыс істей отырып, суретші қылқаламмен бірінші бояуды жақпас бұрын, одан кейінгі бүкіл жұмыс барысын жалпылама болса да ойша елестетуге тиіс. Егер жұмыстың біршама бастапқы сатысында елеулі олқылықтар байқалса, онда губкамен немесе үлкен жұмсақ қылқаламмен қайсы бір фрагментті немесе тіпті жасалғанның бәрін шайып тастайды. Қалган ақшыл ізді толық кептіріп алады да қайтадан сала бастайды. Бұлай шаю кезінде бояуды қылқалам немесе губка емес, су шаятынын, сондыктан қагазға өте абайлап қарау керектігін, суды көбірек пайдалану және оның артық тамшыларын жиі алып тастап отыру керектігін есте ұстау керек.

Акварель техникасының өзіндік ерекшелігі — оның барынша дымқылдығында. Қылқалам бояудан ісініп тұруға тиіс, бояу қағаз бетімен бейне бір өзінен-өзі аққандай болады, ал қылкалам оның парақ бетінде дұрыс бөлінуіне көмектеседі. Жиі кездесетін қателік мынада: тәжірибесіз суретші құрғақ қағаз бетінде жартылай құрғақ қылқаламмен жұмыс істейді. Жұмыстың үлкен, азды-көпті біртүсті беліктерін (ашық аспан немесе тыныш су беті) бірқалыпты жалпақ құйындымен жасау керек. Ал құрғақ, дәлірек айтқанда сілку арқылы құрғатылған қылқаламмен тек бояулардың артық жерлерін іріктеп, альш тастайды. Акварельмен жұмыс істеген кезде, сұйық бояу қағаз бетімен еркін жылжуы үшін, ол шамамен 30°-қа еңкіш орналасуга тиіс.

А
кварель астындағы сурет өте жеңіл, контурлы болуга тиіс. Егер ол мұқият жасауды талап етсе, онда оны алдымен басқа парақта жасап алады, ал болашақ акварельге одан тек ең қажетті контурларды ғана түсіреді. Акварель бояу қылқаламнан қагазға өте оңай жұғады, сондықтан ол жақсы, алдын ала мұқият салынган суретті талап етеді, бояу дағы дәл өз орнына түсуге тиіс. Суретті бірден акварельмен, әлсіз өң бере отырып, жіңішке қылқаламмен де жасауға болады.

11-сурет.Суретті түспен шешу.



Перспектива заңдылықтары.

а) сызықтық перспектива заңдылықтары,

б) ауа перспектива заңдылықтары,

в) жарық пен көлеңке перспективасының заңдылықтары.

а) белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель емес сызықтар бір нүктеде түйіседі, бұл нүктелер әр уақытта көкжиек сызығына жатады. Бақылаушы адамның көз деңгейінде жатқан көлбеу сызық әрдайым көкжиек сызығы болып есептеледі. Көкжиек сызығынан төмен орналасқан төменнен жоғары қарай бір нүктеге бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар-жоғарыдан төмен қарай нүктеге бағытталады.

б) бақылаушыға жақын орналасқан нәрсенің түстері ашық, айқын, ал алыстағы нәрсенің түстері солғын және жиынтық түс түрінде қабылданады. Жақындағы барлық заттың түстері қаз-қалпында қабылданса, алыстағы түстердің ішіндегі біреуі басым түрде, қалғандары соған жақындау болып көрінеді. Алыста тұрған өңі ашық заттардың түстер жанындағыға қарағанда ашықтау болып келеді. Жалпы алыстағы дүние ортадағы тығыз ауа қабатының әсерінен көгілдір тартып мұнартады.

в) жарық көзі мен бақылаушының арасында тұрған нәрсе өз түсінен қараңғы болып көрінеді. Егер бақылаушы бақыланатын зат пен жарық көзінің ортасында болса, онда заттың түсі өз түсінен жарығырақ болып көрінеді.


12-сурет. Перспектива заңдылықтары.



4. Бақылау сұрақтары:

  1. Интерьер дизайн деген не?

  2. Интерьер сµзі ќай тілден алынѓан?

  3. Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі .


5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

    1. Графикалық сурет (сурет салу).

    2. Кеңістікті түстермен әсем шешу.

    3. Декоративті элементтерді түс арқылы шешу.

    4. Заттың көлемін ырғақпен байланыстыру.

    5. Композицияны құруда бөлшектердің дәлдігі, түрленудің біртұтастығы және өзіне көңіл аударуды ескерту.


6. Үй тапсырмасы:

      1. Сурет салу

      2. Коллоквиум


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

  1. Нестеренко О.И. Краткая энциклопедия дизайна. М., 1994.

  2. Паранюшкин Р.В. Композиция. Уч. пособие.Ростов-на-Дону, 2002.

  3. Рунге В.Ф. Эргономика в дизайн-проетировании. Уч. Пособие М., 1999.

  4. Нешумова Б.Г. Художественное проектирование. М.,1989 г.

5. Лебедов Ю.С. Архитектура и бионика. М.,1981 г.

7-тақырып:

Кеңістікті - көлемді композиция. Макет орындау.
1. Сабақ жоспары:


  1. Кеңістікті-көлемді композиция.

  2. Тұрғын үй интерьері.

  3. Берілген ортаның макетін жасау.

  4. Берілген ортаның жобасын жасау.


2. Сабақ мақсаты: Тұрғын үй жобасының ерекшеліктерімен танысу. Көлемді кеңістік композициясын құрудағы заңдылықтар. Макетті жасаудағы ерекшеліктер. Әр түрлі материалдармен жұмыс жасауды меңгеру.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Кеңістікті-көлемді композиция. Бір-бірімен үлкендігіне сәйкес орналасуында кескін көлемді форманың шектеріндегі көлемді-пластикалық моделировканың элементтері. Планда көлемді форманы әртүрлі орналастыру және әр­түрлі жарықтандыруы 16 ғасырдың педагогикалық және шығармашылық практикасында негізгі көмекші тәсіл болған. Планда түс бояуларын және түстік-көлеңкені ажырата білу көркемдік шеберліктің негізі болып табылады.

План - (лат. Рlanus - жазық, тегіс) Әртүрлі бөліктерінде кеңістіктік зона, бейнелеудің көрінетін бөліктеріне сәйкес келеді және кеңістікте тереңдікті берудегі негізгі тіреу пункті мәнін алады (әсіресе пейзажда). Бірінші (алдыңғы), екінші (орта) және артқы (алыс) болып бөлінеді. Планда, классикалық схемада пейзажға қоңыр, жасыл және көк түстер тән. Жие план саны көп болуы мүмкін, ол суретшінің композициялық ойы, мотивті таңдау мен көзқарасына байланысты. Планның тереңдігі, ара-қашықтық пен олардың арасындағы шегі айқын болмауы мүмкін.

Сурет салудың алғашкы сатысында заттардың кеңістікте орналасу жағдайын анықтау үшін визирлеу әдісі деп аталатын әдіс көп колданылады. Мұның мәнісі мынада: сурет салушы қолын алға созып, қарындашты көзінің деңгейінде ұстап отырып, қашықтықта түрған объектінің биіктігін анықтап, оны басқа заттардың көлемдерімен салыстырады.

Визирлеу әдісі кеңістіктегі заттың шын мәніндегі орналасу жағдайын анықтап, оны суретте бере білуге көмектеседі. Сонымен бірге бұл әдістің зиянды жағы да бар, мәселен, көзбеы мөл-шерлей білуге үйренуге кедергі жасайды.

Нәрсе бөліктерінің пропорцияларын визирлеу. арқылы тексеру, суретті салмай тұрып салынып біткеннен кейін істеледі. Суретті салмастан бұрын визирлеу зиянды, өйткені алдын ала өлшеп алуға үйренген суретші көз мөлшерімен есептеуге дағдылана алмайды.

Тұрғын үй интерьері. Интерьер француз тілінен қазақша тіліне аударғанда ішкі деген мағынаны білдіреді.Сәулет өнерінде оны ішкі көрініс, ішкі жоба (жеке үйлердің және ғимараттардың ішкі көріністерін) жобалайтын ұғым.

Интерьер архитектуралық шешімдерді (өлшемдер, пропорциялар, жиһаздардың, құрылымдардың) жобасын көрсетеді.

Перспективалық құрылымдарда вертикаль сызықтардың барлығы қатаң түрде вертикаль сызылады. Себебі барлық құрастырулар көкжиек сызығына жақын орналасады.Вертикаль сызықтарының перспективалық қысқарулар көру сәулесінің көкжиек деңгейінен бұрылғанда байқалады.


Берілген ортаның макетін жасау.
14-сурет. Тұрғын үй макеті.
Макетті құрастыру – үйдің құрылысы тәрізді нақтылық пен жауапкершілікті талап ететін шығармашылық үрдіс.

Макет жасау шығармашылық ойды қалыптастырып дамытады. Сәулетті макеттер натуралық объектен басқа материалдардан жасалады, бірақ сапа жағынан айырмашылықтанады, натуралық материалдарды имитациялайды. Негізінде макеттер кеңістік, кейде пластикалық ерекшеліктерді көрсетеді.

Макеттеу жұмыстары этаптарға бөлінеді: эскиздеу, шығармашылық ізденіс, көлемді-кеңістік үйлесім (жұмыс макеті); келешек құрылысты жарықтандыру мен статикалық сапасын көтеру; проекттеудің соңғы сатысы; бақылау тексеру.

Берілген ортаның жобасын жасау. Берілген ортаның жобасын жасау алдымен масштабын белгілейді, кейін бүктелген картонның бірнеше қабатын жинақтайды. Ағаштардың орнына кіші көлемді ұқсас бұтақшаларды қолданады. Үлгі ретінде сіріңкенің корапшаларын қолдануға болады.

Жоспар құрылымды модельдеуге аппликация қодануға болады.Түрлі түсті қағаздардан 1:100 немесе 1:50. пропорционал көлемді төртбұрыштарды қиып жапсырады.

Тұрғын үйдің социалды моделдеуі жоспарланған құрылымды дайын макет негізінде орындалады. Тығыз жылтыр қағаздан қабырғалар мен аралықтарды қиып бөлме шекараларына бекітеді. Бөлме биіктігін еніне сәйкестендіріп алады.Қиындылардан терезелер мен есіктерді анықтап бөлме қырларын майыстырады.Дайын шешімдерді негізге қырларымен жабыстырады.

Моделдеу жұмыстары келешек құрылыстың статикалық сапасын көтеруге әсерін тигізеді.

Моделдеу жұмыстары саздан, ермексаздан, пенопласттан, қағаздан орындалу мүмкін. Макеттін алғашқы негіздері куб тәрізді пішіндер болу мүмкін.

Макеттеу жалпылама пішімдермен, көлемді фигуралар, тірек каркас көмегімен орындалады.

Макет жасаудың мақсаты – сәулет ғимараттың көрнекі мағыналы сыртқы пішінін көрсету, тұрғын үйдің жалпы және бөлшектерінің өлшемдерін, пропорцияларын, ғимараттың жалпы конфигурациясын, құрылыстың түстік шешімін анықтау: қабырға, терезе, шатыр, мансард, веранда, террасаның өлшемдерін.

Моделдеу жұмыстары шығармашылық ойды талдауға көрнекі түрге айналдырады, мәселені шешу үшін белсенді іс-әрекеттерді тудырады: келешек құрылыстың визуалды және пластикалық тұжырымы, нұсқаларды тексеру және салыстыру.

Моделдеу жұмыстары ғимараттың көрнекі үйлесімді және құрылымды шешімін табу мақсатында арзан, пластикалық материалдардан орындалады.Ерекше назар құрылымның шынайы материалдардың тектоникасына аударады.

Макет 1:50 масштабта орындалса келешек құрылыстың өте тиімді ракурстарда фотосуреттерін жасауға болады.

Үлгі макет қатты материалдардан орындалады: ағаш, металл. Макеттің негізгі бөліктері: іргетас, подвал, цоколь, баспалдақтар, чердак, шатыр, қабырғалар корапшасы.
4. Бақылау сұрақтары:


  1. План дегеніміз не?

  2. Визирлеу әдісі.

  3. Интерьер дегеніміз не?

  4. Интерьер архитектуралық шешімдері.

  5. Макетті құрастыру дегенді қалай түсінесің?


5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Тұрғын үй интерьерінің макетін орындау.


6. Үй тапсырмасы:

Тұрғын үй интерьерінің макетін орындау.


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

  1. Басчастнов Н.П. Черно-белая графика. Уч.пособие. М., 2005

  2. Дизайнер интерьера: основы профессии. Уч.пособие. Составитель. Н.Н.Лазарева. М., 2000.

  3. Нестеренко О.И. Краткая энциклопедия дизайна. М., 1994.

  4. Орехов П.Н. Производственная графика.М., 1988.

  5. Рунге В.Ф. Эргономика в дизайн-проетировании. Уч. Пособие М., 1999.

8-тақырып.


Көлемді - кеңістік композиция



1. Сабақ жоспары:

  1. Кеңістікті көлемді композиция.

  2. Тұрғын үй интерьері.

  3. Берілген ортаның макетін жасау.

  4. Берілген ортаның жобасын жасау.


2. Сабақ мақсаты: Оңай құрылымдағы интерьердің жобасының ерекшеліктерімен танысу.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Кеңістікті көлемді композиция. Кеңістікті көлемді композицияның алғашқы эскиздері қағаз бетіне графика әдісінде, соден соң макетте орындалады.

Макетті орындау әдісінің әсерінен дұрыс пропорциялық өлшемдер, элементтердің жіңішке пластикасы, сызықтардың анықтылығы көрсетіледі.




Макетті рулондық және деформацияланған қағаздан жасауға болмайды.. Мұндай сападағы қағаздарды алдын ала подрамникке тартып тегістеу керек.

15-сурет. Кеңістікті көлемді композиция.



Тұрғын үй интерьері. Оқу макеттеу үшін қағаз, картон, эглин, пенопласт қолданылады. Жаттығуға арналған қолайлы материал – ватман тәрізді тығыз қағаз, папкалардағы акварельге арналған қағаз, жіңішке картон.

Қағаздан конструкциялау жұмысқа талдау мінездеме береді, конструкциялау жұмыстарын орындау барысында практикалық дағдыларды қалыптастырады, стандартты емес ойларды тудырады, суретшіге берілген форманы жалпы көруге дағдыландырады, мәселені толық көруге мүмкіндік жасайды.

Қағаз макетінде жасау барысында пішін пластикасын көрсетудің маңызы зор: жарық-көлеңке сапасын, қарама-қарсы контраст көрсету дәрежесі өте жоғары.

Қағазбен жұмыс істеу оның текстуралық ерекшеліктерін білуін талап етеді. Негізгі «жіптердің» бағыты бойынша қағаз түрлі бүктеу қабілетіне ие: көлденең бүктелген қағаз «сынғыш» келеді.

Қағаздың негізгі «жіптердің» бағыты анықтау үшін ұзыннан және көлденеңінен қағаз қиындысын қияды, қалам немесе ине көмегімен бүктейді – «сынықтар» пайда болса қағаз көлденең бүктелгенін көрсетеді. Бұл мысал цилиндлік үлгілерді жасаудан алдын орындалады.

Қағаз макет жасауға иілгіш материал – үйлесімдерді қысқа мерзімде жасауға мүмкіндік береді.

Күрделі құрылымдарды жасау барысында қисық сызықты бүктеулерді қолдануға болады. Олар резак көмегімен белгіленеді – белгі қағаз қалындығының жартысына аспау тиіс, кейін сызық бойынша майыстырылады.

Берілген ортаның макетін жасау. Берілген ортаның макетін жасау – кеңістік көлемді үйлесімді түрлі ракурстарды, динамикалық өзгерістерді есептеп жан-жағынан визуальды «тұтынуға» жағдай жасайды.

Кеңістік көлемді үйлесімдер көлемдердің, пішімдердің тұтас агрегатын, бөлек және композициялық байланысқан массаларымен көрсетілу мүмкін.Үш өлшемді пішін кеңістік көлемді үйлесімдер туралы ақпараттарды, мәліметтерді толықтырады, пішіндер вертикальды бағытты ұйымдастырылып – доминанта немесе стилистикалық шешімнің көмекшісі ролін атқарады

Оқу кеңістік көлемді үйлесімдерді жасау алдында жан-жағына энергетикалық әсерін ескеру керек, әсіресе макет бір-неше объекттерден құрылған болса.

Үйлесімдерді құрастыру жұмыстарында шығармашылық тұрғыдан нәтижелі ережелерді ұстану керек. Олар: үйлесімді кодтын бірлігі және толыққандығы, бейнелеу құралдырдың минимумы, пішіндердің гармониялық үйлесіміне максимум көңіл аударылуы, элементтердің бір-бірімен сәйкестігі.



Берілген ортаның жобасын жасау. Кез келген шығармашылық үрдіске ұқсас күрделі құрылымды макеттің жұмысының дайындығы үш этапқа бөлінеді:

  • принципті шешімінің жалпы нобайын жасау;

  • элементтердің бір-бірімен және негізге сәйкестігін және бағыныштығын, пропорциясын, өлшемдерін есептеу;

  • жұмыс макетін жасау.

Осы жұмастардан кейін экспозициялық макеттің жұмысына кірісуге болады.

Интерьер дизайн үйлесімі жалпы кеңістік шешімімен анықталады.

Кіші аумақты интерьер дизайн үйлесімінде қабырғалардың бойына жан-жағынан көрерменге ашық алаңға көлемді үйлесімдерді орналастыруға болады: фитоинсталяциялар, мүсіндер, 1м биіктіктегі құмыралар.

Макеттерді қағаздан жасау үшін қағазды подрамникке тартып, бойына қиылатын бөлшектерді сызып дайындалады. Подрамникке тартылған қағаз оңай боялады.

Шеңберсызардың көмегімен сызылған сызықтарды резактын жұмысын атқаратын үшкір инемен орындайды. Материалды қиюды бағыттау үшін металл сызғышты қолданады.

Бөлшектерді желімдеу үшін ПВА желімін қолданады, клеенка тәрізді материалдарды желімдеуге резиналы желімдер қолданады.

Макет жасау жұмыстарынның алғашқы сатысында монохромды бір түсті ақ қағазды қолданады.

Түрлі түсті қағаздар кез келген макеттін ажарын ашатын құрал. Түрлі түсті қағаздардың қолдану аясы –монтаж немесе жеке элементтер аппликациясы.

Визуальды қабылдау мінездемесі бойыншаүйлесімдер: фронтальды, көлемді, тереңді үйлесімдерге бөлінеді.
4. Бақылау сұрақтары:
5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:


  1. Нысананың жалпы интерьердегі макетін орындау.

  2. Шыдамдылығын, пайдалылығын, әсемдігін, ыңғайлы құрылысын, көркем әсемдігін ескеру.

  3. Макетті практикалық тұрғыда орындау, Броника, эргономика заңдылықтарымен танысу.


6. Үй тапсырмасы:

Тұрғын үй макетін дайындау


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

  1. Дизайнер интерьера: основы профессии. Уч. пособие. Составитель Н.Н. Лазарева. М., 2000.

  2. Кудрящев К.В. Проблемы изобразительного языка архитектора и дизайнера М., 1995.

  3. Нестеренко О.И. Краткая энциклопедия дизайна. М., 1994.

  4. Лебедов Ю.С. Архитектура и бионика. М.,1981.






Каталог: CDO -> 2013-2014
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат лбс: 15 сағат С¤Ж: 45 сағат обс¤Ж: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат
2013-2014 -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет