Сабақтың барысы



жүктеу 49.74 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі49.74 Kb.
түріСабақ
:
Сабақтың тақырыбы: Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға діни әңгімелердің тууы, Құран Кәрім туралы жан-жақты мағлұмат беру, оқу- білімге деген қызығушылықтарын артттыру, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдіс- тәсілдері: баяндау, ой қозғау, , тест, сұрақ- жауап, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: география, тарих, қазақ тілі.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Құран кітап, слайд, кітап көрмесі.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру: сәлемдесу, сабақққа дайындықтарын тексеру.(Үш топқа күн, жұлдыз, ай қиықшаларын тарату арқылы бөлу, топ басшыларын сайлау.)

2. Үй тапсырмасын тексеру.(слайд арқылы,көрініс)

3. Жаңа сабақ.

Ой шақыру.

(Оқушыларға слайд суреттерді көрсету, бұл суреттерді көргенде ойларына қандай сөздер мен сөз тіркестері келгендігін сұрау)



Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Адамның бойындағы ең басты қасиет – ол таным мен сенім. Адамзат қоғамы тарихында әрбір адам сенімдерінің ең абзалы – Жаратушыға деген сенім. Сенім негізінде адамның дүниетанымы қалыптасады. Жаратушыға деген сенімі қалыптасқаннан кейін адамдар одан қажетін сұрады, тіледі,құлшылық етті, дәріптеді, соған сай береді деп үміттенді немесе Жаратушының әміріне қарсы келуден қорықты. Сол сенім іс- әрекеттерді, құлшылықтарындағы жөн- жоралғылар мен салт-дәтүрлерді, ережелер мен қағидаларды «Дін» деп атады. Діннің өзіндік жөн- жоралғылары көп. Сондықтан ол кейде дәстүрге ұқсап кетеді.(Тақтаға қарап төмендегі жазбаны тиянақты түсіндіру)

Қ ұран – Ислам дінінің ең негізгі басты кітабы. Ол діннің ғана емес, араб әдеби тілінің де класикалық үлгісі. Араб әдебиеті тарихында кітап болып басылып,жарық көрген тұңғыш көркем шығарма. Онда тарих. әдебиет,шариғат, салт- сана, әдет- ғұрып, тазалық, әділдік, шипагерлік секілді жан- жақты бай мазмұн қамтылған.

Құранда 114 сүре бар. Мұхаммед- Алланың елшісі және жер бетіндегі үмбетіне шарапатын тигізуші ең соңғы пайғамбар.

Құран Кәрім барлық іс бір Алланың әмірімен болатынын айтып, адамдарды сабырлы, салиқалы, мейірбан, қайырымды, күнәдан пәк болуға шақырады.

( Дін жолын жаңадан ұстанып жүрген Абдолланың Құран туралы айтқан сөздерін тыңдау. Ықылас сүресін айтқызу)


Топтастыру стратегиясы.
Кітаппен жұмыс. Сөздік жұмысы.

(интерактивті тақтаға жазып қою)



Алла – күллі ғаламды жаратушы. Құран – Ислам дінінің негізгі ережелері, уағыздары жазылған діни кітап. Уахи – хабар. Сахаба – пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүретін, ислам дініне үлес қосқан адам. Хафиз – Құранды жаттап, үнемі есіне сақтап жүретін адам. Қари – Құранды жаттап, жеті түрлі әуенге салып оқитын адам.

Сергіту сәті.

(оқушыларға аудиожазбадан ғибратнама тыңдату)



Тест сұрақтары:

1. Қазақ халқы қай дінді ұстанады ?

А) христиан; Ә) будда; Б) котолик; В) ислам.

2. Мұсылман діні қай елден шыққан ?

А) орыс; Ә) араб; Б) қытай; В) грек.

3. Мұсылман (ислам) дінінің басты кітабы.

А) Зәбүр; Ә) Інжіл; Б) Таурат; В) Құран.

4. Мұсылман дінінің негізін салып, халық арасына таратушы кім ?

А) Иса; Ә) Мұхаммед; Б) Лама; В) Конфуций.

5.Құранда неше сүре бар ?

А) 114; Ә) 25; Б) 145; В) 118;

6. Алла тағаладан Құран аттарын жерге жеткізуші қай періште ?

А) Ібіліс; Ә) Әзірейіл; Б) Мүңкір- Нәңкүр; В) Жебірейіл.

7. Құран қай тілде жазылған ?

А) қазақ; Ә) түрік; Б) араб; В) парсы.

8. Мұхаммед пайғамбардың өсиеттерін қалай атайтынын көрсет ?

А) тезис; Ә) баяндама; Б) мақал; В) хадис.

9. Мұсылман діні заңдарын қалай атайды ?

А) Ғазауат; Ә) Шариғат; Б) Ораза; В) Құран.

10. «Уахи» деген не ?

А) хабар; Ә) зат; Б) адам; В) табиғат;
(жауап кілті: 1В,2Ә, 3В, 4Ә, 5А, 6В , 7Б, 8В, 9Ә , 10А,
Бекіту сұрақтары ( сөзжұмбақ)
1. Біздің ұлтымыз кім ?

2. Алланың елшісі, жер бетіндегі ең соңғы пайғамбар .

3. Құранды жаттап , жеті түрлі әуенге салып оқитын адам .

4. Құранды жаттап, үнемі есіне сақтап жүретін адам.

5. Құран сөздерін поэмаларына арқау еткен орыс ақыны.
(Сызба)





























































Қ

А

З

А

Қ

























М

Ұ

Х

А

М

М

Е

Д
















Қ

А

Р

И


































Х

А

Ф

И

З
















П

У

Ш

К

И

Н























Сабақты қорытындылау.Топ басшыларына сөз беру.Бағалау.

Үйге тапсырма: 1.Мәтінді оқу, мазмұндау. Дін туралы мақал-мәтел,нақыл сөздер жаттау, жазып келу.


Бестөбе кенінің

№ 1 орта мектебі
А ш ы қ с а б а қ

( 5 - с ы н ы п )




Пән: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Діни әңгімелер, Қасиетті Құран Кәрім.

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Абенов Қазбек Кенжетайұлы.

2014 – 2015 оқу жылы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет