СабақТЫҢ жоспары № Пән аты: Қолданбалы бағдарламалау пакеті Оқытушы



бет1/15
Дата17.03.2020
өлшемі1.57 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Ф-ОИБ-04/01














«БЕКІТЕМІН»













Директордың ОІЖ орынбасары:













________________Е. Билалов










САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ №____

Пән аты:

Қолданбалы бағдарламалау пакеті

Оқытушы:

Сопбекова М. Ж.

Дәрісхана:

301

Дәрістің түрі:

Зертханалық сабақ

Оқыту әдісі:

Жаттығу, іскерлік ойын, интерактивті тақта, электрондық оқулық

Дәрістің тақырыбы:

Adobe Photoshop бағдарламасы .

Дәрістің мақсаттары:




Білімділік:

Студенттерді Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуына сараптама жасап, тиімділігін көрсетіп, кері әсерін анықтау.


Дамытушылық:

Студенттердің танымдылық, іздемпаздық қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:

Студенттерді адамгершілікке, сауаттылыққа, үлкенді сыйлауға, үлкеннің жолын кеспеуге, қадірлеуге мәдениеттілікке, ұқыптылыққа, пәнді сүюге тәрбиелеу.

Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар:

Компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, мәтіндік редакторда

Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин) Дәрісхана, тақта тазалығына назар аудару, оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың қатысымын тексеру,оқушылардың сырт көрінісін және төс белгісін қадағалау. Оқу құралдарының түгел болуына басты назар аудару
ІІ.Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру: (15 мин) «Контурлармен жұмыс істеу»

Сұрақтар:

1. Контур (path)- құралдар панелінің қай объекті?

2. Олар қандай сызықтармен қосылған нүктелерден тұрады?

3. Контурдың немесе фигураның нобайын өзгерту үшін контурды не істеуге болады? 4. Қабаттан айрық шаулау контуры- бұл не?

ІІІ. Сабақты өткізуді ұйымдастыру: (55 мин) Әр оқушыны жеке компьютерге отырғызып, нұсқау кітапшаларын таратып беру. Техника қауіпсіздігін сақтау туралы дәптерге қол қою. Нұсқау кітапшасындағы Жұмыстың орындалу тәртібі мен техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Жұмысты нұсқауға сәйкес орындау. Тапсырма мен бақылау сұрақтарының орындалуын қадағалау.

Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы редакциялау үшін жасалған. Бағдарламаны Adobe Systems inc. фирмасы өңдеп жариялаған. Adobe Photoshop-ты кəсіпқой фотографтар, цифрлық суретшілер, графикалық дизайнерлер, веб- дизайнерлер жəне қарапайым қолданушылар пайдаланады. Бағдарламаның жаңа нұсқаларында бірнеше интерфейс бар, осы арқылы оны əркім өзіне ыңғайлы күйге келтіреді. Бұл бағдарлама суреттеріңізді түзетуге, мөлшерін өзгертуге, кесуге, түс түзетуін жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламада сурет сала аласыз, осы мақсатта көптеген құралдар бар: brush, mixer brush, art history brush, pencil жəне т.б. Фотошоп растр суреттермен жұмыс істейді, бірақ вектор объектілерді қолдайды.

Adobe – Photoshop-ты алғаш жүктегенде фотошоптың негізгі терезінде жүктелген графикалық файл көрінеді.Негізгі терезе келесі элементтен тұрады:

1. Меню қатары: Edit, layer, image, select, filter, view, window, help.

Image – тікелей бейнелермен жұмыс істеуге арналған.

Layer – қабаттар мен жұмыс істеуді ұйымдастыру.

Select – ерекшелеу және онымен жұмыс жасау.

Filter – функцияның әр-түрлі қызмет атқаратын қосымша модельдерінің жиынтығы

Window – палитраларды қосу және ажырату.

2. Инструменттер палитрасы: Жұмыс істеу барысында ең жиі қолданылатын барлық негізгі

құралдар орналасқан элемент. Көпдеген инструменттердің батырмасында қосымша элементтерді шығаратын тілшелер орналасқан

3. Параметрлер палитрасы (Options): Инструменттерді өзгертуге болатын параметрлері көрсетіледі.

4. ПалитраларСпецификалық қызмет атқаруды басқару элементі топтастырылған кішігірім терезе.

5. Қыстырмалар – Үнсіз келісім бойынша экранда 3-ші пайда болады. Олар:Browser (Шолушы), Too Presets және Layer Comps.Олар жиі қолданылатын файлдарды тез шақыру қызметін атқарады.Кез келген палитраны қыстырма ретінде қаастыруға болады.

Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы – графикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен

70 мемлекетте қолданылатын программа.

Бүгінгі таңда бұл бағдарлама суретшілердің, фотографтардың және дизайнерлердің қолданысына ие. Бағдарламаның алғашқы түпнұсқасын ағайынды Томас және Джон Нолл жасаса, қазіргі уақытта өңдеушілердің саны 41 болып тұр.

Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі

Adobe Photoshope бағдарламасының қолданыста болғанына 22 жыл ғана болса да, қазіргі қоғамның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан арнайы графикалық программа.

Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі. Яғни, маркетинг – ағылшын тілінен аударғанда нарықты жасау деген мағынаны білдіреді. Маркетинг бүгін өзінің даму барысында ғылымға, бизнестің өзегіне айналды. Жарнамалық шараларды жүргізу де – осы маркетингтік қызмет болып табылады. «Жарнама – сауда двигателі», деп бекер айтпайды.

Adobe Photoshop бағдарламасы эстетикалық медицинада үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда эстетикалық медициналық клиникалар өз жұмыстарында әр түрлi графикалық редакторлар мүмкiндiктеріне жүгінуде. Мәскеу клиникаларындағы мәліметтерге сүйенсек, Adobe Photoshop бағдарламасы адамның бастапқы морфингісін жасау үшін қолданылатын өте әйгiлi программалық орта.

Пластикалық операция жасатуға тәуекел еткен адамды алдымен фотоға түсіріп, суретті компьютерде сақтап алады. Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы операция жасалатын жерлерге өңдеу жұмыстарын жасайды да «дейін» және «кейінгі» нәтижені экраннан көрсетеді. Өңделген сурет емделушінің операциядан кейінгі нәтижесін көрсетеді.

Осылайша, Adobe Photoshop бағдарламасы дәрiгерлер үшiн - операцияның сәтті шығуына мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, Photoshop күннен күнге дамып келе жатыр. Photoshop –тың жаңа мүмкіндіктерінде шектеу жоқ. Бағдарламаны толық көлемде жетік меңгермесе де, әр адам минимум дегенде өз фотосын қалауы бойынша өңдеуіне мүмкіндігі бар. (Мысалы: суреттің өңделуі )

Полиграфиялық өнім кез келген кәсіпорын жұмысының ажыратылмас бөлігі болып табылады. Ол бөліктерге визиттік карточкалар, фирмалық бланкілер, тауардың этикеткасы, билеттер, күнтізбелер, открыткалар, шақыру билеттері, дипломдар, грамоталар, блокноттар, қойын дәптерлер, пакеттің сырттары, кітаптар мен журналдар жатады.

Семей қаласы ғана бойынша полиграфиялыөнімді шығаратын 42 орын жұмыс жасайды. Атап айтсақ, жоғары сұранысқа ие: «СЕМЕЙ-ПОЛИГРАФИЯ», «PRINT», «Регион Сем Пресс», «МАСКА» дизайн студиясы, «ПОЛИГРАФ ПОЛИГРАФЫЧ», «ПОЛИГРАФСЕРВИС» типографиясы, «Семей Коркем», «Konica», «Фотомир» т.б. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің де полиграфиялық қызметтеріне жүгінуге болады: "Арбат", ЖК Евдокимов , Амиргазина А.О., «Аскар и К» т.б.

Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері

Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі мен қоса оның кері әсері де бар. Бірнеше мемлекеттің саясаткерлері «Азаматтардың психикасына жарнамалар мен бұқаралы ақпараттар құралдарындағы фотошопталған суреттер кері әсер етеді» деген пікірге келіп отыр. Ұлтты жан күйзелісінен арылту үшін заңды түрде фотошоппен күресуді ұйғарып отыр.

Көрік пен әсемдіктің дүниежүзілік қалыбы ақылға сыймастай ұлғайып отыр. Осы тұрғыда қарасақ, Photoshope бағдарламасының заманына «нүкте» қойылды деп айтуға болады.

Халықты алдап –арбауды тоқтату мақсатында бірінші болып бастама алған француз парламенті болды.

Компьютерлік ретушьтің бұқаралық ақпараттар құралдары мен жарнамаларда қолданудың алғашқы наразылық толқынын депутат Валери Бойе көтерді. Жүздеген француз парламенттерін жұмылдырып, 2009 жылдың қыркүйек айында заң шығарды. Заң бойынша адамның сырт келбетін компьютерлік өңдеуге ұшыратып, оның шынайы сипатын өзгертіп көрсететін кез-келген жарнамалық суреттерде «сурет өңделген, адамның сырт келбеті өзгертілген» деген жазудың жазылғанын атап айтқан.
ІҮ. Сергіту сәті:(10 мин)     Ал қанекей балалар енді сендерді кішкене сергіту мақсатында жаттығу жасап жіберейік, біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз. Сендердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері), осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге барлық бөгеттерден өтіп «Жетістік» мемлекетінде болуы ұсынамын. Барлықтарының бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді жабуды сұраймын, менің белгім бойынша, біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз (ән ойналады). Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.

    Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, – ал сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы».

                                                        Таңертең көбелек оянды, тартылды,

                                                          Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

                                                          Азғана айналып, барлығына күліп,

                                                          Қайта гүліне оралды.


Ү.Сабақты қорытындылау және бағалау: (5 мин) Жұмыстың орындалуына қарай оқушыларды бағалау. Жұмысты аяқтау, компьютерді дұрыс өшіру

ҮІ. Үй тапсырмасы: Н1:209-212 «Файлдарды сақтау» тақырыбын оқып келу.


Н1:

О.Камардинов, К.Б.Есекеев «Информатика».- Ғылым, 2004


Оқытушы:_______________М. Сопбекова

Ф-Е-10/4.1

Дәріс жоспары № 1


Топ

Вф9-142

Вф9-143







Дәрістің

өткізілетін күні
















Пән аты:

Информатика

Оқытушы:

Ратанова Шолпан

Дәрісхана:

216

Дәрістің түрі:

Кіріспе сабақ

Оқытуәдісі:

Баяндау, ойтуғызу, интерактивті әдіс

Дәрістің тақырыбы:

Кіріспе. Ақпарат ұғымы. ЭЕМ. Техника қауіпсіздігі

Дәрістің мақсаттары:




Білімділік:

Оқушыларды Информатика ғылымының негізгі мақсатымен, ғылымның даму тарихымен, ақпарат ұғымымен, ақпаратты алу көздері мен берілу жолдарымен таныстыру. Ақпараттық технология кабинетіндегі негізгі техника қауіпсіздігімен таныстыру. Мектеп қабырғасында өткен тақырыптарға шолу жасау. Компьютердің типтері жайлы ақпарат беру.







Дамытушылық:

Оқушылардың танымдылық, іздемпаздық қабілеттерін,логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге дегенқызығушылығын арттыру.


Тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке, сауаттылыққа,үлкенді сыйлауға, үлкеннің жолын кеспеуге, қадірлеуге мәдениеттілікке, ұқыптылыққа, Отанды, пәнді сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Математика, кибернетика, тарих, қазақ тілі

Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар:

Компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқулық


Дәріс барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин) Дәрісхана, тақта тазалығына назар аудару, оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың қатысымын тексеру,оқушылардың сырт көрінісін және төс белгісін қадағалау. Оқу құралдарының түгел болуына басты назар аудару
ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру:(25 мин) Мектеп бағдарламасынан өткен тақырыптарға шолу жасау.

Сұрақтар: «Ұяшықтар арқылы сұрау» Слайд№1


1

2

3



4

5

6



7

8

9



  1. «Информация» термині қай тілден аударылған?(Латын тілінен)

  2. Қандай мағынаны білдіреді? (түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information cөзінен шыққан)

  3. Ғылымның негізгі мақсаты қандай?(Комптютер арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән)

  4. Ғылымның негізгі объектісі не?(Дербес компьютер)

  5. Ақпарат дегеніміз не?(Дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немес олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз)

  6. Ақпарат өлшенеді ме?(Иә,өлшенеді)

  7. Оның қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?(оның өлшем бірліктері – бит, байт, килобаит, мегабаит, гигабаит, террабаит)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру жоспары (40 мин)


  1. Информатика ғылымы

Информатика — информация қасиеттерін, оның көрсетілуі мен автоматты түрде өңдеу әдістерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ғылым.

ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып информацияны жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін информациялық не компьютерлік технология деп атайды (texno (техно) — шеберлік, logos (логия) — ілім).

Жалпы, информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру үшін орындалатын әрекеттер:

информацияны алып, өңдеуге мүмкіндік туғызатын үлгісін дайындау;

оны өндеу үшін жинақты түрде нұсқаулар тізбегін (алгоритмін) құру;

машина түсіне алатын командаларды (командалар жүйесін) пайдаланатын бір программалау тілінде алгоритмді программаға айналдыру;

программаны ЭЕМ-де орындап, нәтиже алу;

нәтижені зерттеу. Егер құрылған үлгіде, алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;



керек кезінде пайдалану үшін берілгендер мен дұрысталған программаны тасымалдаушыларға тиеп, сақтау.


  1. Ақпарат ұғымы

Ақпарат — дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Қарапайым түрде айтқанда, түрлі нысандар, құбылыстар мен процестер және т.б. жөніндегі мағлұматтар информация делінеді. Мысалы, айналадағы кеңістіктен жер жағдайы, өсімдіктер жөнінде көп информация аламыз. Ауада найзағайдың ойнауы — күннің бұлтты екенін және жауын жаууы мүмкіндігін, т.б. білдіретін информация. Көшеге ілінген бағдаршамның жасыл не қызыл түсте жарықтануы — жолды кесіп өтуге болатынын не болмайтынын білдіретін информация. Радио, телевизор арқылы берілетін хабарлар мен ғылыми-техникалық жаңалықтар да информация түрлерінің бірі.


  1. ЭЕМ.

50-жылдардың бас кездерінен бастап көптеп жарыққа шыға бастаған электронды есептеуіш машиналарын (ЭЕМ-дерді) осы жұмыстарға пайдалану оларды орыңдаудың шапшаңдығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызуда.

ЭЕМ-ді компьютер деп, автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайыңцалған сандық, символдық, мәтіндік, т.б. информацияны деректер не берілгендер деп те атайды.

Деректер (берілгендер) ~ информацияға тең келе бермейтін ұғым. Олар — информацияның диалектикальгқ құрылымды белімі, тіркелген түрлі белгілер мен сигнаддар


  1. Компьютерлердің типтері

50-жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өңдеу құралы - бірінші буын ЭЕМ-дерінің ішкі құрылымы элементтері жеке бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектердің негізгілері вакуумдық электрондық шамдар еді. Мұндай компьютерлердің көлемдері үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары бір секөнтте 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын (екі санды қосу, көбейту не символдарды салыстыру сияқты бір әрекет қарапайым операция деп аталады да, оны орындайтын команда машиналық команда делінеді. Оның үстіне, мұндай машиналар үшін құрылатын программа машиналық командалардан тұратын да, программалау жұмысы көп еңбекті қажет өткізетін. Ал, ЭЕМ-нің өзі тек есептеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылатын.)

Транзисторды ойлап шығаруға байланысты, 50-жылдардың соңғы кездерінде техникалық негіздері түгелдей алмастырылған, негізгі элементтері жартылай өткізгішті транзисторлардан тұратын екінші буын ЭЕМ-дері жарыққа шықты. Мұндай элементтер машинаның әрекет тездігін және машинаның сенімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік берді. Екінші буын машиналарының сырт аумағы, массасы, энергияны пайдалану шамасы көп төмендегендіктен, олардың өзіндік құны да бірінші буын машиналарына қарағанда көп төмеңдетілді. Оның үстіне, бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлі (Алгол, Фортран, Бейсик, т.б.) программалау тілдерінде операторлардан тұратын программалармен жұмыс істеу мүмкіңдігі туды. (Өңдеу операторы — бірнеше, тіпті ондаған, жүздеген машиналық командалардан тұруы мүмкін программалық комаңда (әрекеттер тізбегінің негіздік бірлігі)

Сонымен, тиімді программа құру технологиясына жету арқылы жұмсалатын адам еңбегін үнемдеудің екінші кезеңі басталды.

Алпысыншы жылдардың екінші жартысыңца және жетпісінші жылдары ЭЕМ құрылымына одан әрі сапалы, күрделі өзгерістер еңгізіліп, элементтік негізі жартылай өткізгішті интегралдық схема (ИС), үлкен интегралдық схема (ҮИС) және аса үлкен интегралдық схема (АҮИС) болатын үшінші, төртінші буын машиналар көптеп жасалына бастады. Мысалы, 80-жылдардың басында дайьшдалған төртінші буындық ЭЕМ-дер бір кристалыңда он мыңдаған-миллиондаған транзистор болатын микропроцессорлардан құрылды. 90-жылдары пайда болған соңғы төртінші буын ЭЕМ-дері білімді нәтижелі түрде өңдей алатын, параллель жұмыс істейтін ондаған микропоцессорлар жиынтығынан дайындалып шықты. ЭЕМ жұмысын күрделендіру одан әрі жалғасуда.

  1. Техника қауіпсіздігі

Компьютердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге оған күтім жасау ережелері көмектеседі:

- компьютерді орналастыратын орын таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстаңыз;

- мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түспейтіндей етіп орналастырыңыз;

- монитор бейне бетін арнайы ерітінділермен және арнайы шүберектермен сүртіп отырыңыз;

- тінтуірдің жұмыс бетін шаң-тозаңнан үнемі тазартып отырыңыз;

- компьютер тұрған жайды күн сайын жинастырып отырыңыз. Аппараттармен, кабельдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық электр тоғынан зардап шегуге әкеп соқтырып, жабдықтарды күйдіріп жіберуі мүмкін.

Сондықтан:

- жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға;

- қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қол тигізуге;

- бейне бетке және монитор мен пернетақтаның сырт жағына қол тигізуге;

- монитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап сияқты заттарды қоюға;

- дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.

ІҮ. Жаңа материалды бекіту: (10 мин) «Инсерт кестесі» арқылы


Білгенмін

Үйрендім

Білгім келеді























































Сұрақтар:

  1. «Информация» термині қай тілден аударылған?(Латын тілінен)

  2. Қандай мағынаны білдіреді? (түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information cөзінен шыққан)

  3. Ғылымның негізгі мақсаты қандай?(Комптютер арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән)

  4. Ғылымның негізгі объектісі не?(Дербес компьютер)

  5. Ақпарат дегеніміз не?(Дәл анықтамасы жоқ кең ұғым. Бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немес олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз)

  6. Компьютерлер неше типке жіктеледі? (4-өте үлкен, үлкен, кішіғ өте кіші)

  7. Ақпарат өлшенеді ме?(Иә,өлшенеді)

  8. Оның қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?(оның өлшем бірліктері – бит, байт, килобаит, мегабаит, гигабаит, террабаит)


Ү.Сабақты қорытындылау және бағалау: (5 мин) Оқушыларды үй тапсырмасының қорытындысы бойынша және жаңа сабаққа қатысу белсенділігін бағалау. Түсінбеген сұрақтарына жауап беру.
ҮІ. Үй тапсырмасы: (5 мин) Н1:13-18, Н2:16-25, Н3:9-11, Н5:65-67 , Кіріспе. Ақпарат ұғымы. ЭЕМ. Техника қауіпсіздігі.
Қолданылған әдебиеттер:


Н1:

О.Камардинов К.Б.Есекеев «Информатика».- Ғылым, 2004

Н2:

Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ».- Алматы, ЖТИ 2003

Н3:

«Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал» Ұлттық ақпараттандыру орталығы. Алматы, 2007.

Н5:

Н.Ермеков «Информатика элементтері».-Астана. Фолиант, 2011



Бөлім меңгерушісі:_______________С.Салыбекова

Оқытушы:_______________Ш.Ратанова




Пән аты:

Топ













Дәрістің

өткізілетін күні















Информатика негіздері

Оқытушы:

Сопбекова М

Дәрісхана:

301

Дәрістің түрі:

Теориялық сабақ

Оқытуәдісі:

Ойтуғызу, қызығушылықты ояту, интерактивті тақты , электрондық оқулық

Дәрістің тақырыбы:

Access-ті іске қосу. Берілгендер қорын басқару

Дәрістің мақсаттары:




Білімділік:

Оқушыларды Access берілгендер қорымен таныстыру. Берілгендер қорының объектілерімен, кесте құру жолдарымен ттық технология кабинетіндегі негізгі техника қауіпсіздігімен таныстыру. Мектеп қабырғасында өткен тақырыптарға шолу жасау. Компьютердің типтері жайлы ақпарат беру.







Дамытушылық:

Оқушылардың танымдылық, іздемпаздық қабілеттерін,логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге дегенқызығушылығын арттыру.


Тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке, сауаттылыққа,үлкенді сыйлауға, үлкеннің жолын кеспеуге, қадірлеуге мәдениеттілікке, ұқыптылыққа, Отанды, пәнді сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Математика, кибернетика, тарих, қазақ тілі

Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар:

Компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқулық

Дәріс барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: (10 мин) Дәрісхана, тақта тазалығына назар аудару, оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың қатысымын тексеру,оқушылардың сырт көрінісін және төс белгісін қадағалау. Оқу құралдарының түгел болуына басты назар аудару
ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру:(45 мин) Ұяшықтағы сандармен жұмыс. Excel функциялары.

Сұрақтар: «Ұяшықтар арқылы сұрау» Слайд№1


1

2

3



4

5

6



  1. Ұяшықта қандай ақпараттар орналаса алады?

  2. Ұяшықтағы сандардың адрестерін қалай белгілеуге болады?

  3. Ұяшықтар блогын қалай таңдаймыз?

  4. Ағымдық ұяшық дегеніміз не?

  5. Бағанды не жолды таңдау үшін қандай әрекеттер орындалады?

  6. Іргелес емес ұяшықтар дегеніміз не?


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру жоспары:

  1. Microsoft Access-ті іске қосу

Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиімді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрінде де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, осндықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.). MS Access кіру жолы: пуск – все программы – MS Office – MS Access, яғни

  1. Кестелер

Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі. Формалар-форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экран-да бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсе-теді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шоблонның біріне сәйкес ор-наластырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкто-ры көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады. Есесп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп беру-лер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістер-ді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз. Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірне-ше кестелерден қажетті деректерді алуға болады. Деректерге қатынау беті MS Access немесе Mocrosoft SQL Server деректер қорында сақталған интернет немесе интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады. Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді.
ІҮ. Жаңа материалды бекіту: (25 мин) «Инсерт кестесі» арқылы


Білгенмін

Үйрендім

Білгім келеді























































Сұрақтар:

  1. Access-ті қалай іске қосымаз?

  2. Конструктор шебері дегеніміз не?

  3. Пішімдер бөлімінде не орналасқан?

  4. Есептер бөлімі нені атқарады?


Ү.Сабақты қорытындылау және бағалау: (5 мин) Оқушыларды үй тапсырмасының қорытындысы бойынша және жаңа сабаққа қатысу белсенділігін бағалау. Түсінбеген сұрақтарына жауап беру.
ҮІ. Үй тапсырмасы: (5 мин) Н1:13-18, Н2:16-25, Н3:9-11, Н5:65-67 , Кіріспе. Ақпарат ұғымы. ЭЕМ. Техника қауіпсіздігі.
Қолданылған әдебиеттер:


Н1:

О.Камардинов К.Б.Есекеев «Информатика».- Ғылым, 2004

Н2:

Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ».- Алматы, ЖТИ 2003

Н3:

«Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал» Ұлттық ақпараттандыру орталығы. Алматы, 2007.

Н5:

Н.Ермеков «Информатика элементтері».-Астана. Фолиант, 2011



Оқытушы:_______________М. Сопбекова

Ф-Е-10/4.2



Зертханалық-практикалық сабақтың жоспары № 9


Топ

В9-152

В9-153

В9-154

ТК9-151

ОШ9-151

КТК9-151

Дәрістің

өткізілетін күні
























Пән аты:

Информатика негіздері

Оқытушы:

Ратанова Ш

Дәрісхана:

216

Дәрістің түрі:

Зертханалық сабақ

Оқытуәдісі:

Талдау, жинақтау, интерактивті тақта, электрондық оқулық

Дәрістіңтақырыбы:

Формулалар редакторын іске қосу. Формулаларды редакциялау.

Дәрістің мақсаттары:




Білімділік:

Оқушыларды формулалар редакторының жұмысымен, математикалық символдар жолы, шаблондар жолдарымен таныстыру. Формулаларды қоспернелер арқылы жылдам теру жолдарымен таныстыру. Формулаларды теру, редакциялауды үйрету.

Дамытушылық:

Оқушылардың танымдылық, іздемпаздық қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке, сауаттылыққа, үлкенді сыйлауға, үлкеннің жолын кеспеуге, қадірлеуге мәдениеттілікке, ұқыптылыққа, пәнді сүюге тәрбиелеу.

Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар:

Компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқулық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет