Сабақтың жоспары: Саяси идеология анықтамасы мен мәні. Саяси идеологияның негiзгi қызметтерi, түрлері



Дата03.05.2016
өлшемі56.37 Kb.
түріСабақ
Cеминар №15. Қазіргі әлемдік саяси идеология
Сабақтың жоспары:

  1. Саяси идеология анықтамасы мен мәні.

  2. Саяси идеологияның негiзгi қызметтерi, түрлері.

  3. Консерватизм идеологиясы.

  4. Либерализм идеологиясы.

  5. Жаңарған либерализм, консерватизм идеологиясы


Сабақтың мазмұны:

Саясаттану оқулықтарында идеологияның мына қызметтері атап көрсетілген:



1. танымдық қызметi, ол арқылы саяси жүйенi, саяси өмiрдi танып бiлемiз;

2. бағдарламалық қызметi, ол қоғам, әлеуметтiк даму, саяси тұлға, билiк т.б. туралы түсiнiк берiп, адамдардың iс-әрекетiне бағдар берiп отырады;

3. жұмылдыру, iске тарту қызметi, жоғары құнды идеяларды, мақсат-мүдделердi айқындап, оның жүзеге асырылуына түрткi болу, әлеуметтiк топтарды жұмылдыру, рухтандыру;

4. бағалау қызметi, халық санасында қоғамның дамуына баға берерлiк жағдай жасайды, үстемдiк етiп отырған қоғамдық тәртiп туралы белгiлi бiр көзқарасты тудырып, қалыптастырады.

Саяси идеологияның әрекет ету деңгейi де әртүрлi болып табылады:

теориялық-концептуалды, белгiлi бiр таптың құндылықтары мен идеалдарын ашатын немесе қандай да бiр саяси даму мақсатын ұстанатын басты ережелердi қалыптастыру;

бағдарламалық-саяси, әлеуметтiк-философиялық қағидалар мен идеалдар саяси элита бағдарламасына, ұрандары мен талаптарына айналады, сөйтiп басқарушылық саяси шешiм қабылдаудың қалыптық негiздерi және азаматтардың саяси iс-әрекетiнiң ниеттемесі қалыптасады;

өзектендiрiлген, яғни азаматтардың аталған идеологияның мақсаты мен қағидаларын игеруiн, оны саяси iске және әрекетке айналдыру деңгейiн сипаттайды.



Көптеген батыстық теоретик-саясаткерлер үшiн идеология дегенiмiз:

әлем туралы ғылыми емес бiлiм, ол адамдар санасын манипуляциялаудың құралы немесе саяси насихаттау саласындағы психологиялық әдістердің жиынтығы;

«жалған сана», қоғамның үстемдiк етушi күшiмен оған деген көзқарастардың арасындағы қатынастың қоғамдық негiзiн жоққа шығару, үгіт-насихатпен табысу;

тұжырымдар, идеялар жиынтығы, қандай да бiр саяси жүйедегi лидерлердің басшылығын ақтау мақсатындағы жеке адамдар мен халықтың қолдаулары;

көптүрлілік, белгiлi бiр әлеуметтiк топтардың әлеуметтiк бiлiмдерiнiң немесе құндылықтық бағдарларының әртүрлiлiгi.

Батыс әдебиеттерiнде идеология проблемасына екi көзқарас қалыптасқан: 1) идеологияны жалған сана, субъективтi ойлау деп түсiну; 2) идеологияның құралдық-қолданбалы жағына үлкен мән беру.



Сонымен, идеология дегенiмiз адамдардың үлкен әлеуметтiк топтарының iс-әрекетiне бағдар берiп, олардың мақсат-мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесi.

Саяси идеологияның негiзгi түрлерi. 1. Либерализм және неолиберализм. Классикалық либерализм идеясы буржуазиялық революция дәуiрiнде пайда болады. Либерализм /liberalis- ерiктi/ идеологиялық ағым ретiнде ХVll-ХVlll ғ.ғ. ағылшын-американ және т.б. батыстық ағартушылардың саяси философиялары негiзiнде қалыптасты. Оның негiзгi өкiлдерi: Дж.Локк, Ш.Монтескье, А.Смит, И.Кант, Т.Джефферсон, А.Токвиль. Бұл идеология феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар пайда болуымен бiрге қалыптасты. Бұл кезеңде буржуазияға саяси билiктi өз қолына алуы үшiн либералды саяси доктриналар керек болды. Либерализм мына қағидаларға сүйенедi:

 барлық адамдар табиғатынан дене және ақыл-ой қабiлетi жағынан тең. Қабiлеттер теңдiгi олардың өз мақсаттарына жетудегi теңдiгiн ұсынады;

 адамның жеке бостандығы, оның табиғи құқығы және жеке меншiкке құрмет, оның өмiрiнiң негiзiн құрайды. Табиғи бостандық пен теңдiктi тану- адамның алғашқы бастама жағдайын тану /Дж.Локк/.

 барлық адамдар тең ғана емес, сонымен бiрге дербес те болып жаратылған. Сондықтан да ол өзiн-өзi басқару құқығына ие. Басқару формасының ең тиiмдiсi- азаматтарының еркi кең болғаны.

Сонымен, либерализм қағидалары: адамның еркiндiгi, тұлғаның табиғи құқығы мен бостандықтарының байланысы, олардың мемлекет және қоғам мүддесiнен жоғары тұруы. Либерализмнiң мұраты /идеалы/ саяси демократия қағидаларының қалыптасуы мен жетiлуiне, дамуына зор ықпал ету.

Либерализмнiң экономика саласындағы негiзгi қағидалары: адамның жеке меншiкке құқығы, нарықтың, бәсекелестiктiң, кәсiпкерлiктiң еркiндiгi, экономикалық iс-әрекеттiң мемлекетке тәуелсiздiгi.

ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы әлеуметтiк дағдарыстар либерализм идеологиясының әлсiздiгiн көрсеттi. Сондықтан либерализмдi қайта қарап, жаңғыртқан жаңарған либерализм пайда болды. Оның негiзiн салушылар: Ф.Хайек, Дж.Кейнс, Дж.Гэлбрейт т.б. Жаңарған либерализм идеологиясы бойынша мемлекет экономика мен әлеуметтiк салада белсендiлiк танытуы қажет. Олар плюралистiк демократия идеясын ұсынды. Либерализм идеологиясы Жапония, Англия, Австрия, Канада т.б. елдерде кездеседi.



Консерватизм және неоконсерватизм. Консервативтiк идеология /консервативус- қорғаушы/ ұлы француз революциясының саяси идеяларына қарама қарсы идея ретiнде дүниеге келдi. Олар монархиялық билiктi, феодалдық қоғамдық құрылысты, оның саяси-мәдени құндылықтарын сақтағысы келдi. Консерватизмнiң негiзгi өкiлдерi: Э.Берк, Ж.Местр, Ф.Савиньи т.б. Олар ортағасырлық әдет-ғұрып, дәстүрлер қоғам өмiрiнде шешушi рөл атқарады, сондықтан оны қалпына келтiру керек деп санады. Консерватизмнiң идеялық-саяси негiздерi мыналар:

 адамзаттың ежелгi моралдық дәстүрлерiн сақтау, ата-бабалардың даналығына құрметпен қарау;

 мақсаты мен мазмұнына қарамастан ескi басқару тәртiбiн артық көру, оны қорғайтын сана жүйесiн қолдау;

 саяси қатысу мен әлеуметтiк тәртiптiң белгiлi бiр бағдарлары мен қағидаларын қолдау;

 қоғамды рухани ақиқаттылық ретiнде тану. Қоғамның негiзгi сипаты тәжiрибе, дәстүр, мәдениет қажеттiлiгiмен анықталынады деп санау.
Студенттерге берілетін тапсырмалар

1-тапсырма. Мына ойшылдар саяси идеология ұғымын қалай түсіндірді?




Ойшыл

Түсінігі

1. В.Парето

А. Идеологияны саяси бірлестіктерді қандай да бір қолдануға бағытталған коммуникацияның көптүрлілігі

2. К.Маркс

Б. Идеология саяси дамудың белгілі бір мақсаттары мен құндылықтарын қалыптастырады, сонымен бір уақытта практикалық мәселелердің шешілуін қиындатады

3. К.Мангейм

В. Идеология мен бұқаралық мәдениет бір деп санады

4. Д.Истон, А.Конноли

Г. Идеология тек күрделі саяси дағдарыстар кезінде ғана саяси аренаға шығады

5. У.Матц

Д. Идеологияның құндылықтық мазмұны маңызды

6. А.Хабермас

З. Идеология «ерікті мистификация» жүйесі

7. Л.Саджент

К. Ең алдымен қоғамдық тұрмыс пен өндірістік қатынас қарама-қайшылығынан туындаған елестік сана формасы

8. Г.Лассуэл

Н. Саяси идеологияны «сезім тілі» болып табылатын интеллектуалдық жүйе және адам іс-әрекетінің оятушы мотиві



2-тапсырма. Консерватим және неоконсерватизм

  1. Негізгі өкілдері

  2. Пайда болған кезеңі

  3. Идеялық-саяси негіздері

  4. Жаңарған консерватизм, оның өкілдері

  5. Жаңарған консерватизмнің негізгі идеясы


3-тапсырма. Кестені толықтырыңыз:

Каталог: CDO -> CASE -> tarih -> %D0%A1%D0%90%D0%AF%D0%A1%D0%90%D0%A2 -> Seminar
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
CDO -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
CDO -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Seminar -> Сабақтың жоспары: Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар, халықаралық саясат ұғымдары
%D0%A1%D0%90%D0%AF%D0%A1%D0%90%D0%A2 -> Кратология, бұл билік туралы ғылым
%D0%A1%D0%90%D0%AF%D0%A1%D0%90%D0%A2 -> «Гуманитарлық білім» факультеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет