Сабақтың жоспары: Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар, халықаралық саясат ұғымдары



жүктеу 58.03 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі58.03 Kb.
түріСабақ
: CDO -> CASE -> tarih -> %D0%A1%D0%90%D0%AF%D0%A1%D0%90%D0%A2 -> Seminar
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
CDO -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
CDO -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
%D0%A1%D0%90%D0%AF%D0%A1%D0%90%D0%A2 -> «Гуманитарлық білім» факультеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
Seminar -> Сабақтың жоспары: Саяси идеология анықтамасы мен мәні. Саяси идеологияның негiзгi қызметтерi, түрлері
Cеминар №14. ҚР әлемдік қауымдастықта
Сабақтың жоспары:

  1. Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар, халықаралық саясат ұғымдары.

  2. Геосаясат теориялары, концепциялары.

  3. ҚР барлық бағыттардағы халықаралық өзара әріп-тестіктері.

  4. Қазақстан және халықаралық ұйымдар.

  5. Орталық Азиядағы қауіпсіздік және сыртқы күштердің мүдделері

  6. АТА саяси, экономикалық және мәдени мүмкіндігі, потенциалы, даму мүмкіндігі


Сабақтың мазмұны:

Халықаралық қатынас – бұл экономикалық, саяси, диполматиялық, әлеуметтік, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.

Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар: әлемдік экономикалық жағдай; әскери стратегиялық жағдай; жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.

Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері: халық; мемлекет; мемлекетаралық ұйым; әлемдік, регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.

Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары: әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің артуы; халықаралық қатынаста көпұлтты жүйенің пайда болуы; әлемдегі әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы; қарама - қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде саяси құралдардың ролінің артуы; проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың шынайылығы арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуі; бірдіндеп геосаяси кеңістіктің капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақты құруы.

Сыртқы саясат – бұл халықаралық аренада өз мүддесі мен қажеттіліктерін іске асырудағы мемлекет пен басқа да қоғамның саяси институттарының қызметі.

Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың өткізілуі мен елдің сыртқы экономикалық дамуын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету; сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін қамтамасыз ету.



Сыртқы саясатты жүзеге асырудың формалары: мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар орнату; халықаралық ұйымдар негізінде немесе соған мүше ретінде мемлекеттік өкілдіктердің ашылуы; мемлекет, партия өкілдерімен әр түрлі дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге асыру.

Мемлекеттің сыртқы саясатындағы әдіс - тәсілдер: үнемі информация алмасуды іске асыру; әр-түрлі дәрежеде ресми түрде қарым қатынас пен алмасу, екі жақты және көпжақты шарттар мен келісімдер дайындау; мемлекеттердің ішкі және сырқы саяси іс-әрекеттерін немесе олардың одақтасуының даму мүмкіндіктеріне көмектесу; толық немесе жартылай блокадаға дайындалу және жүзеге асыру; сырқы саяси жағдайда қолайлы әскери іс - әрекет жүргізумен қамтамасыз ету және соғысқа дайындық.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар – бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен байланысты, өмірлік қажетті проблемалар жиынтығы.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың айрықша белгілері - барлық мемлекеттердің, адамзаттың өмірлік қажеттіліктері қозғалады; адамзаттың позитивті дамуына қатер төндіреді; өз шешіміне барлық мемлекет пен халықтың ұжымдық күш салуын талап етеді.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:

Халықаралық қатынас саласымен байланыстылар: бейбітшілікті сақтау мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің экономикалық артта қалу қиындықтарын жеңу, халықаралық терроризммен күрес.

Қоғам мен жеке адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: аштық пен күрес, білім мен денсаулық саласының маңызды мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау.

Табиғат пен адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық – түліктік және дамографиялық.



Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар – бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен байланысты, өмірлік қажетті проблемалар жиынтығы.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың айрықша белгілері - барлық мемлекеттердің, адамзаттың өмірлік қажеттіліктері қозғалады; адамзаттың позитивті дамуына қатер төндіреді; өз шешіміне барлық мемлекет пен халықтың ұжымдық күш салуын талап етеді.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:

Халықаралық қатынас саласымен байланыстылар: бейбітшілікті сақтау мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің экономикалық артта қалу қиындықтарын жеңу, халықаралық терроризммен күрес.

Қоғам мен жеке адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: аштық пен күрес, білім мен денсаулық саласының маңызды мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау.

Табиғат пен адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық – түліктік және дамографиялық.

Жаһандық проблемалардың принципиалды ерекшеліктері мыналар:

Планетаралық, жалпыәлемдік сипатқа ие, барлық халықтар мен мемлекеттердің өмірлік маңызды мүдделерін қозғайды;

Тез арада шешуді талап етеді, сондықтан да барлық халықтар мен мемлекеттер, мемлекетаралық бірлестіктер мен бүкіл әлемдік қауымдастықтардың ұжымдық талпыныстарын талап етеді;

Егер шешімі табылмаса бүкіл адамзатқа қауіп төнеді, регресске, өркениет құлауына алып келеді.



Міне осы ерекшеліктері жаһандық проблемаларға әлемдік қауымдастықтың негізгі назарын аударуына, әлемдік саясаттың негізгі мәселесі болуына алып келеді. Мұнда әрине экономикалық дамудың тұрақты жолын табу өте күрделі болып табылады. Өндіріс пен тұтынудың қазіргі моделі капитализм жер шарының барлығына жуық бөлігінде басым болғандықтан өндірістің нақты тарихи құн мен қосымша құн- капитал формасына өтті. Катипал ішкі өлшемге ие емес және шексіз сандық өсуге тырысады. Сондықтан қоғамдық байлық тауарлардың өте көп жиналуымен, ал қоғамдық прогресс оның саны мен түрлерінің шексіз көбеюімен сипатталынады. Дамыған елдер «алтын миллиард» дамушы елдерге қарағанда планета ресурстарын 20 есе көп пайдаланады. 75-ды құрап отырған дамушы елдерге әлемдік табыстың 14 ын ғана пайдаланады. Бұл қоғамтанушы ғалымдардың тұтынушы қоғам сатысына келдік деп тұжырымдауына алып келді.

Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейліктің асқынуы халық бұқарасының жаппай қайыршылануына апарып соқтыруы мүмкін. Кедейлік, материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласады. Мұның салдары елде түрлі қылмыстың етек алуына, азғындыққа апарып соқтырады. Жер шары халқының саны 1960 жылы 3 миллиардтан көбейіп XXI ғасыр басында 6,3 миллиардқа жетті. 1,2 миллиард адам қазіргі әлемде кедейліктің сипаты әртүрлі: ашаршылық, таза ауыз судың және қарапайым санитарлық жағдайдың жоқтығынан жапа шегуші балалар, өз отбасын қамтамасыз ету мүмкіндіктері жоқ ересектер. 1,2 миллиард астам адам бір күнде бір доллардан кем ақшаға өмір сүруде, 800 миллион адамнан аштық зардабын шегуде. Кедейлік мәселесі қара ниетті басқарудың, саяси тұрақсыздықтың, қақтығыстардың, жұқпалы індеттердің және табиғи апаттардан қорғансыздықтың негізінде қоғамның әлеуметтік-саяси құлдырауы салдарынан қиындай түсуде. 1990-шы жылы әлемнің көптеген аймақтарында кедейлік деңгейі біршама төмендегеніне қарамастан, Африкада (әлемнің ең кедей 20 елінің 18-і осында орналасқан) кері үрдіс байқалуда. 2010 жылы қарай 435 миллион африкандықтар азық-түліктің жетіспеушілігіне ұшырауда. 2000 жылы әлемдік қауымдастық 2015 жылы дейін кедейлікті жартысына дейін қысқарту міндеттемесін қойды. Бұл мақсатқа жету үшін 2005 жылы "Үлкен сегіздік елдері" Африкаға қажетті ресурстарды бөлу жөнінде саяси міндеттемелер қабылдады.
Студенттерге берілетін тапсырмалар

  1. Әлемдік саясат түсінігі мен халықаралық қатынастар жүйесі.

  2. Халықаралық саяси институттар, олардың ерекшеліктері мен мақсатттары, түрлері.

  3. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары.

  4. Тәуелсіз Қазақстанның саяси проблемалары.

  5. Қазақстан және аймақтық мемлекетаралық құрылымдар.

  6. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

  7. Американ ғалымы П.Гуревич қоғам ішіндегі қатынастарға сырттан ықпалын тигізетін үш себепті атап өтті.

  8. Халықаралық қатынастағы «ұлттық мүдде» ұғымы.

  9. Ф.Ратцельдың мемлекеттің кеңістіктік дамуының жеті принципі.

  10. Геосаяси ұғымын алғаш рет еңгізген ғалым.

  11. «Қазақстан- 2030» даму стратегиясында белгіленген Қазақстанның сыртқы саясатының бағдарлары.

  12. Нақты елдер мен аймақтарға байланысты ҚР саясатының басымдылықтарының сипаты.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет