Сабақтың мақсаты : а Білімділік



жүктеу 42.78 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі42.78 Kb.
түріСабақ
: download -> version
version -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
version -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
version -> Дома на окне пылился светильник со сломанным абажуром
version -> Қыс Қыстың ақ бояуы Көрпеге жер оранды Балалар ойнап далада Сырғанаққа тояды Ақ мамық қарды жер Балалар ойнап күлуде Мұзайдында сырғанап Астана
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> Сабақ Қазақтың ұлттық ою түрімен құрлық суын бейнелеу
version -> Қазақ әдебиеті пәнінің негізгі мектепте оқытылу нысаны қазақ әдебиетінің үлгілері Басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, тілін т б

ОҚО,Бәйдібек ауданы,Шаян ауылы. Шаян көпсалалы -лицей жалпы орта мектебінің АӘД пәнін оқытушы-ұйымдастырушысы Бегімбетов Бағлан Бекжанұлы . Мамандағым АӘД,Д/Т пәндерінің мұғалімі  87024580503,87056886776 хабарласып барлық сыныптарға толық нұсқасын алааласыздар

« Бекітемін »

Мектеп директоры: Ғ.Патсаханов
11 сынып оқушыларымен өтілетін АӘД пәнінің сабақ жоспары
Өмір қауіпсіздігінің негіздері
Сабақтың мақсаты : а ) Білімділік : -


  • Оқушылардың жеке қабілетін зерттеу , оның табиғи және жан – жақты дамуын бағдарлау ,

  • Тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту , өз ойларын айта және жаза білуге дағдыландыру ,

  • Зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын күштер мен құралдарын пайдалана білуге үйрету.

ә ) Дамытушылық : -
- Оқушыларға жаңа сабақты жаңа қырынан тани білуге дағдыландыру ,

- Зардап шеккендерге алғашқы медициналақ көмек көрсетумен төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын жүргізуге көңіл аудару .



б ) Тәрбиелік : -
- Күн сайын алған білімдерін жетілдіру үшін өз бетінше оқи білуге , оқығандарын зерделеп тоқи білуге үйрету ,

- Оқушылар елін , жерін сүюге , саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуға , ҚК – ге деген

құрметке , қырағылыққа , батылдыққа және бастамшылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі : - аралас сабақ

Сабақтың әдісі : - түсіндіру , сұрақ – жауап , әңгімелесу , баяндау .

Уақыты : - 45 минут

Өткізілетін мерзімі :

Өткізілетін орны : - АӘД кабинеті.

Басшылыққа алынатын құрал – жабдықтар : - АӘД пән оқулығы, бағдарламасы , ҚР – ның

заңдары мен Үкімет қаулысы №118 , АҚ және ТЖ бұрышы , АӘД пән плакаттары .


Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі :
- Оқушылардың сабаққа дайындығы жөніндегі взвод командирінің баянаты ,

- Оқушыларды түгелдеу , екі қатарлы сапқа тұрғызып сырт көрінісін тексеру ,

- Орнындағы бұрылыстарды « оң – ға ! » , « сол – ға ! » , « ай – нал ! » пәрмендерін орындау ,

- АӘД кабинетіне кіргізу , орналастыру ,

- Оқушылар назарын жаңа сабақ барысында білім алуға бағыттап , бірыңғай талап қою .
ІІ Жаңа білім алуға даярлық кезеңі : -
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаты , қойылатын сұрақтармен қысқаша таныстырып өту , оны жаздыру .
ІІІ Жаңа білімді меңгеру кезеңі : -
22 . Бас, кеуде, құрсақ, дененің жамбас бөлігі және аяқ-қолдарды таңу ережесі және әдістері.
1. Басқа: "чепец" таңғышы ыңғайлы және берік болып саналады, ол бинт жолағы арқылы төменгі жақ астына бекітіледі. Бинтті ораған сайын тік ленталарды асыра тастау арқылы (ұзындығы шамамен 1 м) оны біртіндеп барған сайын тіктей отырып, басты толық жапқанша орайды. Осыдан кейін бинтті тік лентаға бекітеді. Лента ұштарын иек астына бант түрінде байлайды, бұл бүкіл таңғыштың беріктігін қамтамасыз етеді.

2. Қолга: саусаққа орама таңғыш салу білезік аумағында біркелкі айналдыра ораудан басталады, содан кейін бинтті қолдың сырты арқылы қиғаштап бас бармаққа әкеледі. Осы жерде шиыршықталып саусақ түбіне дейін бинттеледі. Қолдың сырты арқылы бинт білезікке апарылып осы жерде бекітіледі. Осындай таңғыш барлық саусаққа салынуы мүмкін, ол қолғапқа ұқсайды. Білезікке, әдетте, сегіздік түріндегі таңғыш, тік бұрышты бүгілген шынтаққа (шынтақ буынының ауруы немесе зақымдануы) "тасбақа" типті (ұштасатын немесе алшақтайтын) таңғыш салынады, ол тізе аумағына салынатын таңғыш сияқты (138-140 суреттер).



138-сурет.Саусаққа таңғыш салу 139-сурет. Барлық саусаққа таңғыш салу 140-сурет. Қол сыртына таңғыш салу

3. Кеудеге:шиыршық тәрізді таңғыш салынады. Бинттен 1,5 м бөлік кесіп алып, бір ұшы арқада, ал екінші ұшы кеудеге салбырап тұратындай етіп сау білекке қояды. Семсер түріндегі ұшынан әжептәуір төмен айналдыра бинтті бекітеді, осыдан кейін төменнен жоғары қарай шиыршыта барлық кеуде клеткасын қолтық астына дейін орайды. Бинттің бос салбырап тұрған бөлігін оң иықтан әрі тастап, арқада салбырап тұрған ұшымен байлайды.

4. Ішке: іштің жоғарғы бөлігін таңу үшін кәдімгі шиыршық тәрізді таңғыш қолданылады. 141-сурет. Иық буынына айқыш

Іштің төменгі бөлігін таңу үшін іштің шиыршық тәрізді таңғышы мен жамбас таңғышын түріндегі таңғыш салу

біріктіру қажет (142-сурет).

5. Аяққа: сан аумағында иілмелері бар шиыршық тәрізді таңғыш қолданылады, айқыш түріндегі таңғыш жүрістері арқылы санның жоғары үштен бір бөлігіне бекітіледі; тізе буыны аумағында — аяқты бүгіп қойған қалыпта "тасбақа" типті таңғыш, ал аяқты жазса — тізе буынының жоғарғы және төменгі жағын айнала отырып, тізе асты шұңқырында айқасатын қиғаш айналымдар жасайтын сегіздік түріндегі таңғыш салынады.



142-сурет.Іштің төменгі бөлігіне(а) және шап арасына 143-сурет.Сирақ-аяқ басы буынына

(ә) айқыш тәріздес таңғыш салу таңғыш салу
Сирақ буынына әдеттегі шиыршық иілмелері бар, көбіне көтерілетін таңғыш салынады. Таңғыш берік болу үшін сирақ толықтай оралуы керек .
Ү . Жаңа сабақты пысықтау кезеңі : -


  • Оқушылардан ауызша сұрау және практикалық жаттығулар арқылы жаңа материалды қалай меңгергенін анықтау , жете түсінбеген тұстарын көрсету , үйрету арқылы толықтыру нәтижесінде жаңа сабақ материалдарын пысықтаймын .



ҮІ . Үйге тапсырма беру кезеңі : -

ҮІІ. Қорытындылау кезеңі : -


  • Сабақты қорытындылау ,

  • Кеткен кемшіліктерді, жеткен жетістіктерді атап , толықтырып өту.

  • Оқушыларды бағалау , оны күнделікке қою .


АӘД пәнін оқытушы-ұйымдастырушысы : Б . Бегімбетов .



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет