Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата18.04.2016
өлшемі79.56 Kb.
түріСабақ
Құрманғазы Сағырбаевтың шығармашылық сипаты, музыкалық шығармаларын талдау.
Аймағамбет Күләнда Қуанышқызы

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің

Әлем және қазақ музыка

әдебиеті пәннің мұғалімі

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Пәннің аты: Қазақ музыка әдебиеті

Сыныбы: 4



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды күй атасы – Құрманғазы Сағырбаевтың шығармашылығымен таныстыру. Күйлерді тыңдату.

Тәрбиелігі: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Сонымен қатар күй шығармаларын тыңдай және мазмұнын түсіне білуге тәрбиелеу. Оларды өнерлі болуға, өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Күй өнеріне баули отырып, ой өрістерін дамыту және күй жанрына қызығушылықтарын анықтау.

Сабақтың түрі: Топтық

Сабақтың өтілу әдісі: Сұрақ –жауап, топпен жұмыс, ойын.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: Күйсандық, слайдтар, домбыра, композитордың суреті, плакат, буклет, музыкалық орталық.

Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

а) теориялық

ә) практикалық

ІV. Сабақты қорытындылау.

V. Бағалау.

VІ.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

“Кім жылдам ? ” ойыны.

Сынып ІІ – топқа бөлінеді.Топқа жеке- жеке сұрақтар қойылады.

1.Күйлер қандай аспаптармен орындалады? (“Домбыра”, “Қобыз”, “Жетіген”, “Сыбызғы”, “Шаңқобыз”, “Шертер”)

2.Домбыра күйлерінің орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай нешеге бөлінеді? ( Төкпе және шертпе )

3.“Төкпе” күйдің атасы кім? (Құрманғазы)

4.“Шертпе” күйдің атасы кім? (Тәттімбет)

5. “Төкпе” күй өкілдері қай аймаққа тән? (Батыс өңірі)

6. “Шертпе” күй өкілдері қай аймаққа тән? ( Шығыс өңірі)

7.Құрманғазынің ең атақты, ЮНЕСКО – ның “әлемдік музыканың таңдаулы” қорына еңген күй. (Сарыарқа)

8.Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиясың халық аспаптары оркестрінің іргетасы қай жылы қаланды? (1934 жылы)

ІІІ.Жаңа сабақ:

а) теориялық

Құрманғазы Сағырбаевтың шығармашылық сипаты, музыкалық шығармаларын талдау.

Құрманғазы Сағырбаев - ұлы күйші, композитор. 1823 жылы кедей – шаруа отбасында дүниеге келді. Әкесі Сағырбай он екі ата Байұлының ішіндегі Қызылқұрт руынан шықан. Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Оның әкесі - Сағырбайға баласының музыкаға деген қабілеті оншалық әсер етпейді. Бірақ шешесі Алқа Құрманғазының бұл талабына Сағырбайдан гөрі өзгеше көңіл қояды. Жасы оннан асқанда Шағбаланың ауылына әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас Құрманғазының домбырада күй тартуын ұнатқан Ұзақ қарт, оған домбыра тарту өнерінен біршама сабақ береді. Бұл кездесу Құрманғазы үшін өмір жолын анықтаудағы маңызы зор оқиға болады. Ол он алты жасынан бастап туған аулынан кетіп, күй тартып, ел аралай бастайды. Үнемі ат үстінде жүріп, әйгілі күйшілермен кездесіп, өз өнерін одан әрі жетілдіре түседі. Осындай күндердің бірінде Құрманғазы өзіне бата берген Ұзақ қартпен тағы кездеседі. Онымен бірге ауылдарды аралап, көптеген күй тартыстарға қатыса жүріп, елге атағы шығады. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.

1836 - 1837 жылдардағы Махамбет пен Исатай бастаған халық көтерілісі Бөкей Ордасын, оның ішінде Құрманғазы шыққан Қызылқұрт руын дүр сілкіндірді. Құрманғазы бұл көтеріліске тікелей қатыспаса да, көтерілістің басшысы батыр Исатайға арнап «Кішкентай» күйін шығарады.

“Балбырауын” күйі - халықтың сүйіп орындайтын, елге кең таралған күйлерінің бірі. Бұл ырғақты, биге икемді келетін күй, ауыл жастарының ойындарына, билеріне арналған.

“Адай” күйі - Құрманғазы адай ауылына келіп бір үйге келіп түскен екен.Сонда бір жас қыз домбыра шертіп отырcа керек. Құрманғазы тындап отырып, күй орындалғаннан кейін: “ Шырағым, күйдің шоқтығын тартпай, боқтығын тарттың ғой, домбыраны берші” – деп, “Адай ” күйін тарта жөнелген екен.

XIX ғасырдың елуінші жылдарында Құрманғазыға “ат ұрладың” деген жалған айып тағылып, түрмеге қамалады. Түрмеде жатқанда шешесін сағынып, оның көңіл – күйін ойлап, анасына “Аман бол, шешем, аман бол”, “Қайран шешем” күйлерін шығарған.

“Сарыарқа” күйі – қазақ даласының кеңдігі мен халқының еркіндік аңсаған рухын көрсетеді. Сонымен бірге ат жарысы, бәйге бейнесін суреттейді. Шабыс ритмі күйдің басынан аяғына дейін жүріп отырады. Күйдің отты, қуатты, жалынды тартылыс екпіні аяғына дейін жүріп отырады.

“Ақсақ киік ” күйі – күйші Төремұрат, Нарынбай ауылында жүріп киік аулауға шығады. Екі киікті сұлатып түсіп, үшінші киікке оқталарда Құрманғазы: “Киіктің қай жерінен тигізейін ?”- деп сұрайды. Сонда батырдың жолдастарының біреуі осы тигізе қояр деймісің дегендей: “Аяғынан” - дей салады. Сонда Құрманғазы киіктің артқы аяғынан тигізіп, киік үш аяқтап ақсандап, қаша жөнелсе керек. Ізінен қуамыз деген жігеттерге Құрманғазы рұқсат етпейді. Өзі домбырасын алып құйқылжыта жөнеледі. Осы тартылған күй “Ақсақ киік ”екен.


Күйші шын мәнінде, Батыс Қазақстандық аспапты музыка өнерінің негізін қалаушы болып саналады. Оның творчествасында төкпе күйлердің стилистикалық ерекшеліктері қалыптасты.
Қазіргі кезде Құрманғазы күйлерінің барлығы дерлік нотаға түсірілген. Оның күйлері атақты орындаушылардың репертуарында басты орын алады. Сонымен қатар, композитордың күйлері Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің орындауында кеңінен танымал. 
б) практикалық.

“Ойлан тап” ойыны

Әр топқа үш күйден тыңдатылады. Оқушылар күйдің атын, қысқаша шығу тарихын әңгімелеп беруі тиіс.

Тыңдалатын күйлер:

І – топ – “Адай”, “ Балбырауын”, “Аман бол, шешем, аман бол!”

ІІ- топ – “Сарырақа”, “Кішкентай”, “Ақсақ киік ”.



ІV.Сабақты қорытындылау. Сөзжұмбақ шешу:

1.Құрманғазының анасының аты кім?

2.Құрманғазының ұстазы кім болған?

3.Би қимылына арналған күй?

4.Құрманғазының күйші болып қалыптасуына әсер еткен күйшілердің бірі?

5.Исатайға арналған күйі?

6.Құрманғазының атында қандай жоғарғы оқу орны бар?

7.Құрманғазының әкесінің аты кім?

8.“Аман бол, шешем, аман бол!”, “Қайран шешем” күйлері кімге арналған?

9.Күйшінің ата-тегі кім?



10.Құрманғазы қай облыста дүниеге келген?




А

Л

Қ

А







Ұ

З

А

Қ







Б

А

Л

Б

Ы

Р

А

У

Ы

Н







Б

А

Л

А

М

А

Й

С

А

Н




К

І

Ш

К

Е

Н

Т

А

Й







К

О

Н

С

Е

Р

В

А

Т

О

Р

И

Я




С

А

Ғ

Ы

Р

Б

А

Й







А

Н

А

С

Ы







Қ

Ы

З

Ы

Л

Қ

Ұ

Р

Т







А

Т

Ы

Р

А

У





V.Бағалау

Оқушыларды білім деңгейіне, жаңа сабақты меңгеруіне байланысты бағалау.



VI. Үйге тапсырма

1.Құрманғасы Сағырбаевтың өмірбаяны туралы реферат жазып келу.




Каталог: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет