Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстанның жер бедерінің алуан түрлілігін, ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру



жүктеу 22.7 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі22.7 Kb.
түріСабақ





Сабақтың тақырыбы: Аласа таулы өлкелер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның жер бедерінің алуан түрлілігін, ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттырып, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ұжымдық қарым-қатынас, бір-бірін сыйлау, тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.
Көрнекілігі: Компьютер, проектор, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар, бейне суреттер, кестелер.
Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Үндемес ойыны.

3. Пошта.

4. Кескін картамен жұмыс.

5. Жаңа сабақ.

6. Адасқан объектілер.

7. Сәйкестендіру тест.

8. Үй тапсырмасы.
Сабақ барысы

1. Оқушылардың бар назарын сабаққа аударып, бүгінгі сабақ жоспарымен таныстыру.





2. «Үндемес» ойыны. Жазықтар мен ойпаттар тақырыбын қайталау.

Бір оқушы картадан жазықты көрсетеді, келесі оқушы тақтаға сол жазықтың атын жазады. Ойын осылай алма кезек жалғаса береді. Соңында мұғалім жазықтар туралы білімдері жайында қортындылап өтеді.



3. «Пошта» ойыны. Балалар енді поштамен келген тапсырманы орындап көрейік.

Әуелі мұқият тыңдап, қандай қателіктер барын табасыздар. Бұл тапсырмалар үстірттер мен қыраттарға байланысты екенін естеріңе сала кетейін.


1-тапсырма: Торғай үстірті шығысында Сарыарқа, батысында Мұғалжар және оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Оның абсолюттік биіктігі 700 м.

2-тапсырма: Бетпақдала үстүрті батысында Сарысу өзені, оңтүстігінде Шу өзені, солтүстігінде Сарыарқа, шығысында Алтай тауымен жалғасып жатыр. Орташа биіктігі 100-200 м.

4. Кескін картамен жұмыс. Бірінші қатардағы оқушылар - Балқаш маңы, жалпы сырт үстіртін белгілейді. Екінші қатардағы оқушылар – Үстірт, Орал алды үстірттерінің орнын анықтайды.

5. Жаңа сабақ. Біз Қазақстанның жазық, үстірт, қыраттары туралы білімімізді бүгін одан ары нығайтып, жер үстіне қарай биіктеп, аласа таулармен танысамыз. Сендер картадағы бұлардың бояуларына да назар салған боларсыңдар. Тақтадағы картамен мұғалім жаңа сабаққа түсінік беріп өтеді.

Сарыарқа


  • Батыстан шығысқа қарай 1200 км

  • Ені батысында 900 км

  • Шығысында 350 км

  • Орташа биіктігі 500-600 м

Мұғалжар

  • Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 км

  • Ең биік жері – Үлкен Боқтыбай 657 м



Маңғыстау

  • Қаратаудың ұзындығы 117 км

  • Ақтау 70 км

  • Биік нүктесі Бесшоқы 556 м

6. Адасқан объектілер. Аласа таулардың биіктігін анықтау.

  • Ақсораң 556 м

  • Үлкен Боқтыбай 1133 м

  • Бесшоқы 1305 м

  • Қарқаралы 657 м

  • Шыңғыстау 1403 м

  • Ұлытау 1565 м

7. Сәйкестендіру тест жұмысы. Төмендегі облыстардағы аласа таулардың аттарын жаздыру.

  • Қарағанды

  • Павлодар

  • Қостанай

  • Шығыс Қазақстан

  • Көкшетау

8. Оқушылардың сабаққа қалай қатысқандығын бағалап, үйге тапсырма беру. (Оқулықпен жұмыс)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет