Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әдеби тіл және мемлекеттік тіл туралы түсінік қалыптастыру, «Тіл туралы» заң туралы мағлұмат беру



бет1/8
Дата24.04.2016
өлшемі1.18 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әдеби тіл және мемлекеттік тіл туралы түсінік қалыптастыру, «Тіл туралы» заң туралы мағлұмат беру

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін, елін, халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, ойын дамыту

Сабақтың типі: Кіріспе сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, кітап-дәптермен жұмыс, мәнерлеп оқу, эссе, талдау, ауызша тіл дамыту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе сабақ

Әдеби тіл туралы түсінік беріп өту.

1989 жылы қазан айында қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, «Тіл туралы» заң қабылданды.

«Тіл туралы» заңнан үзінділер оқып беремін.
ІІІ. Бекіту жаттығулары


  1. Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс




  1. 1-жаттығу

    1. Өлеңді мәнерлеп оқу

    2. Мазмұнына талдау жасау, өз ойларын дәлелдеу

2-жаттығу Эссе

Ана тілінің қадір-қасиеті жайлы эссе жазу
3-жаттығу


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Тақырып қою

  3. Берілген тапсырма блйынша пікірлерін дәлелдеу.

  4. Морфологиялық талдау жасау

Мөлт-мөлт жас үйірілген жанарында сыр тұнғандай.




  1. Ауызша тіл дамыту

«Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?»
ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:


  1. Оқу

  2. Өлеңді жаттау

Күні: 4.09.13ж

Сыныбы: 7 «А»


Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің лексикалық нормалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тіліміздегі сөздердің лексикалық нормасы жайлы, әдеби нормаға жататын сөздер мен жатпайтын сөздер жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбексүйгіштікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: оқушылардың сөздердің мағыналарын, жасалу жолдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, ойын, тілін, сөздік қорын дамыту



Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, дәптермен жұмыс, ойтолғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ
Тіліміздегі сөздердің жасалу аясы бірдей емес. Олардың көпшілігі әдебиетте жиі қолданылады, ал көпшілігі қолданудан шығып қалған.

Лексикалық нормаға жатпайтын сөздер:



  1. диалектизмдер

  2. дөрекі, былапыт, жаргон сөздер

  3. қазақ тілінде баламасы бар термин сөздер

Кез-келген термин сөздердің баламасы бола бермейді.


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту жаттығулары
4-жаттығу Ауызша

Берілген сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру, лексикалық нормаға жататын, жатпайтынын анықтау


Үлгі:

Қоғамдық мал – тіркесу арқылы

Совхоз, колхоз - қысқару арқылы

Руль – кірме сөз т.б.



5-жаттығу Дәптермен жұмыс

1. Синонимдерін табу


Етегін баспа- кедергі келтірме

Жолын қу – ізін бас

Бетін қақпа – қарсы келме

Белін бу – күш бер, көмектес

Тірілерге санама – бар-жоғы бірдей

2. Лексикалық нормаға жататын-жатпайтынын анықтау



6-жаттығу

1. Мәтінді оқу

2. Мағынасын ажырату

3. Сөз екпінін түсіру


Ой толғау
«Шалқыған Арал теңізі неге тартылды?»
ІҮ. Қорытынды

Ү.Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу 2-бөлім

Күні: 12.09.13ж

Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіннің бірліктері мен белгілері жайлы ой қорыту, мәтіндерге талдау жасауға үйрету

Тәрбиелік: Мәтін мазмұны арқылы тіл тазалығын сақтауға, орынды сөйлей білуге, адамгершілікке, қоршаған ортадан тек жағымды қылықтарды сіңіре білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, мәтін мазмұнына үңіліп, ондағы негізгі ойды анықтай білуге машықтандыру

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мәтінмен жұмыс, талдау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын сұраймын.


ІІІ. Жаңа сабақ

Мәтін - өзара байланысты сөйлемдер жиынтығы.

Мәтінде бір-бірімен жалғасып келетін бірнеше күрделі ой болады. Бір бүтін күрделі ой жазуда абзац ( азат жол) арқылы көрінеді.
Абзац:


  1. Мәтінді жаңа жолдан бастап жазғанда, оңға қарай жасалатын шегініс.

  2. Бір азат жол мен келесі азат жол арасындағы азат жол бөлігі

Мәтін

Көркем шығарма Публицистикалық Ғылыми

шығарма шығарма

(Диктанттар жинағынан мысалдар келтіремін)
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
7-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Талдау

3. Дәптермен жұмыс

Орфографиялық нормаға сай келмейтін қолданыстарды тауып жазу

8-жаттығу

1. Мәтінді оқу

2. Қандай сипаттағы мәтін?

3. Ауызша талдау жасау


9-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Қай ғылым саласына жатады? (Тіл ғылымы)

3. Қазіргі тіл нормасында қолданылмайтын сөздерді теріп жаз.

Лұғат дәлдігі – мағына дәлдігі
10-жаттығу

1. Мәтінді түсініп оқу

2. Тапсырмалар бойынша жұмыс

11-жаттығу

1. Мәтінді оқып, тақырып қою.

2. Мәтіннің бұған дейінгі берілген мәтіндерден өзгешелігін ажырату

3. Араб-парсы тілдерінен енген сөздерді тауып, олардың лексикалық норма болатынын дәлелдеу



Ү. Қорытынды

ҮІ.Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: 12-жаттығу

Қазақ тілі 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды талдау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Орфографиялық, орфоэпиялық ережелерді еске түсіру, олардың ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдегі орны, айырмашылықтары жайлы алған білімдерін пысықтату

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, дұрыс сөйлей білуге, еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, ұтымды, нақыт сөйлей білуге тірбиелеу

Дамытушылық: оқушы ойын дамыту, мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қиялын дамыту



Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, өзіндік жұмыс, талдау, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге «Мәтін» тақырыбын оқып келуге және 12-жаттығуды орындап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеремін.

Қосымша сұрақтар:


  • Мәтін дегеніміз не?

  • Сөйлем мен мәтіннің айырмасы неде?

  • Түрлерін атаңдар.

  • Абзац дегеніміз не? Қандай мәнде жұмсалады?

  • Мәтіндегі сөйлемдер бір-бірімен қалай байланысады?


ІІІ. Өткенді қайталауға арналған жаттығу жұмыстары

  • Орфографиялық, орфоэпиялық норма дегеніміз не?

  • Бұл сөздер тілімізге қай тілдерден енген?


13-жаттығу Ауызша


  1. Мәнерлеп оқып, қаратпа сөздерді табу

  2. Мәтіндегі эмоционалды-экспрессивті сөздерді тауып, жазылу емлесін түсіндіру.



14-жаттығу


  1. Тыныс белгілерін қоя отырып көшіру.

  2. Оқшау сөздерді ажырату

  3. Демеулік шылауларды анықтау

  4. Орфоэпиясында өзгеріске ұшырайтын сөздерді анықтау


15-жаттығу Ауызша


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Мәтіннің абзац санын, ондағы негізгі ой мен тірек сөздерді анықтату



16-жаттығу Шығармашылық жұмыс

1. Мәнерлеп оқу

2. Мәтінді ары қарай жалғастырып жазу

Топтық жұмыс

20, 21, 25-жаттығуларды үш қатарға беріп, берілген сөздерді айтылуы бойынша транскрипциясымен жаздырамын.


Бұрынғы - [бұрыңғы]

Аймангүл - [Аймаңкүл] т.б.



ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

31, 32-жаттығулар.

Мәнерлеп оқу, мәтін түрін анықтау, тірек сөздерді теріп жазу


Қазақ тілі 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Күз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың 6-сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, қайталау, жазу сауаттылықтарын, білім-біліктерінің деңгейін бақылау

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, баға бере білуге, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, естігендерін сауатты жаза білуін дамыту

Сабақтың типі: Білім сынау сабағы

Сабақтың түрі Диктант

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Диктант жазуға дайындық

ІІІ. Диктант жаздыру
Күз

Күзге салымғы шуақ күндердің бірі еді. Танабай аулы Ақмоланың оңтүстік жағындағы Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді. Өзеннің жағалары қалың биік тал, кей жерлерде талмен араласа шыққан қамыс. Араларында, қырат жерлерінде биік ұшқат, қараған, тобылғы. Өзеннің екі жағындағы жалпақ шыққан неше түрлі өсімдіктердің сары ала алтынданып, әбден піскен кезі. Талдардың жапырақтары сап-сары алтын түстеніп, ақырын жыбдырлап желбірейді.

Қарағандардың да жапырақтары сарғайып, бүршіктері қызарып, құндақтары тұқым шашқан. Тікендердің жазғы ал қызыл гүлдерінің орындарына қып-қызыл моншақтай, сабақтаған қызыл соншақ түймелердей болып, итмұрандар самсаған. Қызыл тобылғылардың жасыл жапырақтары алтындай сараланып құйылған. Өзеннің және қара сулардың жағаларындағы селдіреген қамыстардың шашақтары үлбіреп, жел соқса, ақырын ырғала желбіреп, сары үкідей болып сарғайған. Қамыстардың әдемі сыбдырлаған жапырақтары да сары ала болған.

( 114 сөз. С.Сейфуллин)


Тапсырма:

Морфологиялық талдау жасау


1. Қарағандардың да жапырақтары сарғайып, бүршіктері қызарып, құндақтары тұқым шашқан.

2. Өзеннің екі жағындағы жалпақ шыққан неше түрлі өсімдіктердің сары ала алтынданып, әбден піскен кезі.


ІҮ. Қорытынды

Ү. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау

Ережелерді еске түсіру



Күні: 16.09.10ж

Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі

Көптік, тәуелдік жалғаулары



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есімнің мағыналық топтарын еске түсіру, зат есімнің түрленуін, өзіндік ерекшеліктерін меңгерту

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы халықтық мұраларды, тарихты қастерлеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ойын, тілін, сөздік қорын дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс, талдау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

ІІІ. Жаңа сабақ
Грамматикалық мағына үстейді

Зат есім + жалғау

Екінші сөзбен байланыстырады
Зат есім көптеледі, септеледі, тәуелденеді, тек адамға байланысты сөздер жіктеледі.
Көптік жалғау(6) : -лар, - лер, -дар, -дер, - тар, -тер
Көптік жалғау сол заттың көптігін ғана емес, сол заттың көпке ортақ екенін де білдіреді.
Зейнеп + тер, апам+дар
Ескерту:

Мал

Мұнай + к.ж.

Газ


Тары
Тәуелдік жалғау

Бір заттың екінші затқа тәуелді екенін білдіреді


Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғауы жалғанған сөзбен байланыстырады.
Оңаша Ортақ

І.ж -ым, -ім, -м -ымыз, -іміз,мыз, -міз

ІІ ж. -ың, -ің, -ң -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз

-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз

ІІІж. -сы, -сі, -ы, -і -сы, -сі, -ы, -і
Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа неадамға тәуелді екенін білдіруді оңаша тәуелдеу, ал бір не бірнеше заттың көп адамға тәуелді екенін білдіруді ортақ тәуелдеу дейміз.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
34-жаттығу

1. Түсініп оқу

2. Ауызша тіл дамыту

3. Дәптермен жұмыс

Зат есімдерді теріп жазып, жалғау түрлерін ажырату

Қағанат+ы+ның, негіз + і + н, қалаушы + лар + дың


36-жаттығу Ауызша талдау
37-жаттығу

Көптелетін және көптелмейтін зат есімдерді теріп жазу


Көптеледі Көптелмейді

Халық мұнай

Байлық көмір

Мемлекет алтын

Қазақ мыс

Ұлт уран


Жүн

Мақта


Астық

Ғарыш


Аспан

Төмендегі сөздерді тәуелдеу:

Үй, киім, бала, Отан, бөлме
38-жаттығу

Қарамен жазылған тәуелдік жалғаулы сөздерді байланысқан сөзімен теріп жазып, нешінші жақта тұрғанын ажырату.


Жердің жүзін – т.ж. ІІІж.

Күннің көзін – т.ж.ІІІ ж.

Ордасын – т.ж. ІІІ ж.
Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: 35-жаттығу

Қазақ тілі 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есімнің түрленуі жөнінде алған білімдерін тереңдету, зат есімнің септелуін, оның өзіндік ерекшеліктерін меңгерту

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, септік жалғауларын дұрыс ажырата білуге машықтандыру

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, рөлге бөліп оқу, талдау, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 40-берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.

Қосымша сұрақтар:



  • Көптік жалғауларын ата

  • Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?

  • Оңаша тәуелдеу

  • Ортақ тәуелдеу дегеніміз не?



ІІІ. Жаңа сабақ
грамматикалық мағына

Септік жалғауы + з.е.

Байланыстырады
Зат есімге септік жалғауы ілгерінді ықпал заңына бағынып жалғанады.

Көмектес септігі ықпал заңына бағынбайды.


Тәуелдік жалғауынан кейін септік жалғаулары жалғанады, бірақ өзгеріс бар:

І, ІІ ІІІ



Б.с. –ға, -ге, - қа, -ке -а, -е -на, -не

Тс. -ны, -ні, -ды, -ді -н

Ж.с. –да, -де, -та, -те -да, -де -нда, -нде
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
39-жаттығу

Өлеңді рөлге бөліп оқу


40-жаттығу

Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғауларын көрсету


Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады.

Толқын мен толқын жарысад,

Күңіренісіп кеңеспен.


42-жаттығу


  1. Түсініп оқу

  2. Мәтінге ат қою «Бала елесі»

  3. Морфологиялық талдау жасау

Жай септеу мен тәуелдеулі септеудің айырмашылықтарын ажырату
Бала дүбірін бағыттап алып, мұржасы қисайып тұрған жаман үйлен көз алмады.
43-жаттығу Ауызша септеу
46-жаттығу Өзіндік жұмыс

Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау


Ү. Қорытындылау

ҮІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау: 45-жаттығу

Күні: 19.09.10ж

Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есімнің түрленуі жөнінде алған білімдерін тереңдету, зат есімнің жіктелуі, оның өзіндік ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Халықтық мұраларды, ауыз әдебиетін, салт-дәстүрді құрметтеп, бағалай білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: оқушының сөздік қорын молайту, тілін дамыту, сөз бен сөзді дұрыс байланыстыра білуге машықтандыру

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап, ауызша тіл дамыту

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге септік жалғауларын қайталауға және 45-жаттығуды орындап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеріп шығамын.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Зат есім жіктеледі.

Тек адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеледі.


Жекеше Көпше

І. –мын, -мін, (-бын, І. –быз,-біз, -пыз, -піз

-бін, -пын, -пін) -мыз, -міз

ІІ. –сың, -сің ІІ. –сыңдар, -сіңдер

-сыз, -сіз -сыздар, -сіздер

ІІІ. - ІІІ. –


Көркем әдебиетте нәрселер, жан-жануарлар адам қасиеттерін білдіру үшін ауыспалы мағынада қолданылып, жіктеледі.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
1-тарсырма

Зат есімдердің жіктелетін, жіктелмейтінін анықтау

Жіктелетіндерін жіктеп көрсету
47-жаттығу Көшіріп жазып, жіктік жалғауларының астын сызу

Мен – Арғын деген арыспын,

Азуы кере қарыспын.

Сен – бұзау терісі шөнтіксің,

Мен - өгіз терісі талыспын.
48-жаттығу

1. Түсініп оқу

2. Қарамен жазылған сөздерге талдау жасау
Үлгі: Сырмақ – з.е., а.с., текеметтер – з.е., к.ж., сұлтан – з.е., а.с., тайжүзген –з.е.,а.с., саба – з.е.,а.с., піспектің – з.е.,і.с., т.б.
2-тапсырма Ойлан, ізден, тап!

- көптік жалғау жалғанбайтын сөз бола ма?

- Тәуелдік жалғауы қандай сөзден соң түсіп қалып айтылады?

- Септік жалғаулары бір-бірінен қалай ажыратылады?

- Ілік септік жалғауы қай жалғаудағы қай сөз табымен байланысып келетінін байқадыңдар?

3-тапсырма

Төмендегі берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса


Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.


Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.


ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

Жіктік жалғаулы зат есімі бар жұмбақтар тауып жазу



Қазақ тілі 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есімнің түрленуі жайлы алған білімдерін пысықтау, зат есімнің сөйлемдегі қызметі, тұрлаусыз мүшелер жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды өжеттікке, ерлікке, қоршаған ортаны сүюге, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сөйлемдерді талдай білу машықтарын қалыптастыру

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ассоциация

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге жіктік жалғаулы зат есімі бар жұмбақтар тауып жазып кеуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындыау
ІҮ. Жаңа сабақ

Зат есім қай септікте тұрғанына қарай сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады.

Зат есім а.с кім? Не? Бастауыш

Зат есім і.с. кімнің? Ненің? Анықтауыш

Зат есім ж.ж. Баяндауыш

Зат есім б.с

ж.с. Толықтауыш

ш.с.


к.с.

Зат есім б.с

ж.с.

ш.с. Пысықтауыш



к.с.

а.с + шылау


Анықтауыш – зат есім немесе зат есім орнына жүретін сөз табының сынын, сапасын, мөлшерін, меншігін білдіреді.

Толықтауыш - өзі толықтайтын сөзбен б,т, ж,ш,к. септіктерінде байланысады.

Пысықтауыш – Етістіктен болған мүшемен байланысып, мезгілін, мекенін, себебін, амалын, мақсатын, мөлшерін білдіреді.
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту

49-жаттығу

І. 1. Зат есімдерді табу

2. Септік жалғауларын анықтау

3. Сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын анықтау


ІІ. Ауызша тіл дамыту

- Т.Бигелдинов туралы не білесіңдер?

- Ол кім?

- Екі мәрте Кеңес Одағының батыры, ұшқыш


50-жаттығу

1. Өлеңді оқып, көптік жалғауларын анықтау

2. Қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын табу

3. Шығармашылық жұмыс

Өлең құрастыру
51-жаттығу Ауызша

Берілген сөздерді жіктеу


Азамат Инженер Оқушы
52-жаттығу

1. Негізгі, көмекші сөздерді анықтау

2. Негізгі сөздердің қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтау

3. Ассоциация










АУЫЛ










  1. Өзіндік жұмыс

Ауыл тіршіігін кеңейтіп жазу

55-жаттығу

Қосымшалардың жалғану ретіне назар аудару

Өз-іміз-дің, оқушы-лар-ымыз-дан, Алматы-ның, зауыт-тар-ы-нан-быз
Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ: Үйге тапсырма:


  1. Оқу, ереже

  2. 53-жаттығу


Қазақ тілі 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты:

Біліміділік: Зат есімнің грамматикалық мағынасының өзгеруі арқылы сөйлемдегі қызметінің әр түрлі болатыны жайлы алған білімдерін пысықтау

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы кішіпейілділікке, туған жерге, елге құрметпен қарауға, әсемдікке тәрбиелеу

Дамытушылық: оқушының сөздік қорын, ауызша, жазбаша сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін дамыту


Каталог: fr
fr -> 98 Существующие концепции региональной безопасности и стабильности, роль региональных организаций в области регулирования конфликтов
fr -> Влияние тимэктомии на иммунный ответ у мышей линии сва/Са
fr -> Джон и Кайл, оба вооруженные, «расслабляются» под деревьями
fr -> Абак и счеты
fr -> Немецкий историк в письме Порошенко: политика США "яма со змеями"
fr -> Викторина «африка» Из уважения к коренному населению, Ливингстон сохранил все местные названия, наносимые на карту. Сделал лишь одно исключение. Какое? Назвал водопад Виктория в честь королевы Англии. Что в Африке называют «негритянским
fr -> Комнатная коляска для ребенка-инвалида
fr -> Уйгуры введение


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет