Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларға ас қорыту мүшелерінің құрылысы туралы толықтай мағлұмат беріп түсіндіру



жүктеу 27.7 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі27.7 Kb.
түріСабақ
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға ас қорыту мүшелерінің

құрылысы туралы толықтай мағлұмат

беріп түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Әрбір ас қорыту жолдарының ерекшелігі

мен қызметі туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелілік мақсаты: Оқушыларды гигиеналық

тазалықты сақтауға, нормамен

тамақтануға, ұқыптылыққа,

салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі сто,топтық,жеке

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, үлестірмелер, кесте

шығармашылық тапсырма т.б

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақ

ІV. Жаңа сабақты бекіту

V.Үйге тапсырма және бағалау

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын

тексеру. Психологиялық дайындық

Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушылардың назарын сабаққа

аудару, сабақтың мақсат- міндеттерін

түсіндіру.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:



Көмірсулар

Нәруыздар

Майлар












ІІІ.Жаңа сабақ

1. Қызығушылықты ояту

2.Мағынаны тану:



Тақырыпты түсіндіру.

Ас қорыту жүйесі ас қорыту жолы мен ас қорыту бездерінен тұрады. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы 8-10м. Ол ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек және тоқ ішек, болып бөлінеді

Ауыз қуысының құрылысы: алдыңғы жағында ерін мен ұрт, жоғарысында қатты және жұмсақ таңдай, төменгі жағы тіл мен ауыз түбінен, артқы жағы жұтқыншаққа өтеді. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлігі кішкене тіл түрінде болады.

Тіл мына аймақтарға бөлінеді: түбір, дене, ұшы. Түбірі -ащыны, ұшы -тәттіні, бүйір жағы қышқыл және тұзды дәмге сезімтал.



Жұтқыншақ - ұзындығы- 11-13см бұлшық етті мүше; онда ас қорыту және тыныс алу қиылысады. Төменгі жағы тарылып, өңешке өтеді.

Өңеш-ұзындығы, шамамен, 25см бұлшық етті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.

Асқазан- ас қорыту жолының көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы 2-3л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді.

Аш (ащы) ішек- ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. Оның ұзындығы 5-7м және үш бөлікке: ұлтабар, аш ішек және мықын ішекке бөлінеді.



Тоқ ішектің ұзындығы 1.5-2м және ол соқырішек, жиек ішек, тік ішекке бөлінеді. Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі –ұзындығы 8-15см аппендиксі болады. Ол иммундық жүйенің мүшесі болып табылады.

Ұйқыбез. Ұйқыбез асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқаның деңгейінде орналасқан. Ұйқыбез өндіретін сілтілік реакция көрсететін ұйқыбез сөлі ас қорытуда маңызды роль атқарады. Бездің басты шығаратын өзегі ұлтабарға ашылады.



Бауыр- ең ірі без. Массасы, шамамен, 1500г . Ол қызыл қоңыр түсті. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауыр – күрделі түтікшелі без. Оның секреті – өт.
ІV. Жаңа сабақты бекіту


V.Үйге тапсырма және бағалау



Топтардан сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма: тақырыпқа дайындалып, соңындағы сұрақтарға жауап беру, термин сөздерді жазу, сурет салып келу.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет