Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушылардың құрлықтар мен аралдар туралы түсініктерін қалыптастыру



жүктеу 73.67 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі73.67 Kb.
түріСабақ
: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Алғаш рет ежелгі көшпелі халықтардың рухани бітімін әлемдік рухани үрдімен сабақтастыра қараған қазақ ғалымы: а Ш. Уалиханов; б Әл – Фараби; в М.Әуезов.
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейге бодандығы. Әбілқайыр ханның саясаты Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала "Менің атым Қожа"
lessons -> 1. негізгі бөлім автомобильдердің жалпы қҰрылысы
lessons -> Орны: 209-кабинет
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы хим элементтердің биологиялық рөлі№2 2) көрсетілім «Адам организмдегі химиялық элементтердің топографиясы»
lessons -> Сабақтың типі : Білімді және іс-әрекет тәсілдерін бекіту мен өзектендіру. Сабақтың технологиялық картасы
lessons -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
lessons -> М. Ю. Курбанова Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы Ақсукент-2014ж. Жоспар
Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы Новоишим қазақ орта мектебінің география және өзін-өзі тану мұғалімі

Карабаева Карашаш Мурзахметқызы

Мамандығы:Тарих, география пәнінің мұғалімі

Пәні: Жаратылыстану

Сыныбы: 5

Тақырыбы: Материктер мен аралдар
Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушылардың құрлықтар мен аралдар туралы түсініктерін қалыптастыру.

Аралдар мен материктердің ара жігін ажырата білуге,шығу тегіне,табиғат

ерекшеліктеріне қарай топтастыруға үйрету.
дамытушылық: Дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту,оқыту барысында әдіс-

тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін,қызығушылығын

арттыра отырып,еркін сөйлеуге дағдысын қалыптастыру.
тәрбиелік: Отанын сүюге,табиғатты қорғай, аялай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: өзіндік білім алу және жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:баяндау, кестені толтыру,іздену,сұрақ-жауап,сәйкестендіру тесті,

кескін картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:Дүниежүзілік физикалық және жарты шар карталары; кескін карта,слайд.

Күтілетін нәтиже:оқушылардың материктер мен аралдардың ара жігін ажырата алуы,

картадан жер бедерінің нысандарын нақты анықтап, көрсете білуі.


Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

«Жақсы сөз,жарым ырыс »
II.Үй тапсырмасын тексеру.

§15 Жердің ішкі құрылысы.

а)Өз өзіңді тексер! (Берілген сызба бойынша жердің ішкі құрылысын топтап беру.)



1-

2-

3-




ә) «Сұрақ менен,жауап сізден.» Оқушыларға 12 сұрақ.
1.Жер қойнауын зерттеу мақсатындағы бұрғылау неше шақырымға дейін барады?

2.Жердің осіне дейін неше шақырым?

3.Мұхит табанының қалыңдығы қанша шақырымға жетеді?

4.Таулы аудандарда жер қыртысының қалыңдығы қанша?

5.Мантия шамамен неше шақырым тереңдікке барады?

6.Жер қыртысының жоғарғы қабаты қандай жыныстардан тұрады?

7.Ядродағы температура неше градусқа дейін жетеді?

8.Мұхиттар жер шарының қанша пайызын алып жатыр?

9.Қазақстанның қай аймақтарында жер сілкінісі көп болады?

10.Цунами дегеніміз не?

11.Жан- жағынан 4 мұхит қоршап жатқан құрлық.

12.Құрлықтар жер бетінің неше пайызын алып жатыр?



3

3б)

III.Жаңа сабақ.

Ой қозғау әдісі. §16 Материктер мен аралдар

Жаңа сабақ жоспары:

1.Ең ірі рельеф формалары.

2.Шығу тегіне қарай аралдардың орналасуы.

3.Материктердің табиғат ерекшеліктеріне қарай түрлілігі.




Ең ірі рельефтер



Материктік құрлық Мұхиттық ойыстар

жерлер

«Білмегенге арзан, білгенге маржан » (мұғалімнің сөзі)
Жер бедері ойлы-қырлы болып келгендіктен біркелкі емес.Осындай біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығын рельеф дейміз. Ең ірі рельеф формалары- материктік құрлық жерлер мен мұхиттық ойыстар.Олардың жер қыртысы құрылымына қарай әр түрлі болады.

Ғалымдардың ойынша бірінші болып мұхиттық қыртыс пайда болған.Одан кейін ішкі процестердің әрекетінен таулы жерлер, шөгінді және гранитті қабаттардан материктік құрлық пайда болған.Сондықтан да материктік қыртыс, мұхиттық қыртысқа қарағанда қалыңырақ және қабаттары да күрделірек. Мұхит табанының бедері де әр түрлі болып келуінен құрлықтан қалыспайды.Ол жерде де жазықтар,ойыстар және таулы жоталар кездеседі.Жарты шарлар картасына қарасаңдар құрлық солтүстік жарты шарда оңтүстік жарты шарға қарағанда екі есе көп.


Материктер сияқты жан-жағынан мұхит,теңіз суларымен қоршалған бөлікті аралдар дейміз.

2. АРАЛДАР 5 слайд


МАТЕРИКТІК ЖАНАРТАУЛЫҚ МАРЖАНДЫҚ АРХИПЕЛАГ


Материкке жақын, Мұхиттардың қозғал- Тірі ағзалардың Шығу тегі бір-бұғаз арқылы бөлінеді. малы бөліктерінде әсерінен судың текті болып

Олар-жер қыртысында- жанартаудың әсерінен беткі температурасы топтасып жатады

ғы қозғалыстар әсерінен пайда болған. +250С-тан жоғары Әсіресе Тынық

құрлықтың кейіннен аймақтарында болады мұхитындағы

бөлініп қалған бөліктері, саны 7000-нан

көбінесе ауданы ауқымды артық.

келеді


Гренландия, Исландия, Гавай, Үлкен Аустрия Канадының Багам,Канар, Азор Арктикалық архипелагы,

Мадагаскар,Британ маржан теңізінің Багам,Маршалл,

аралдары т.б. аралдары Мальдив.






3.Материктер-табиғат жағдайының алуан түрлілігімен ерекшеленетін табиғи кешен.

Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн км2-ге тең.Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген.

Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км2 немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-келеді.Қазіргі кездегі материктер-табиғат жағдайының алуан түрлілігімен ерекшеленеді.Мысалы: Еуразия-ауданы ең үлкен материк,Африка ең ыстығы,Солтүстік Америка-құрлықтың солтүстікке жақын орналасқан,Оңтүстік Америка-ең ылғалды және жасыл материкң,Аустралия-ауданы жағынан кіші және құрғақ,ал Антрактида-мұз жамылған материк. Материктердің және онда орналасқан елдердің атаулары-тарихи ашылуына,географиялық орнына,халықтардың атымен және сол жерді бірінші болып ашқан адамдардың есіміне байланысты қойылған.

Кестені толтыр.

Құрлықтардың аты

Ерекшелітері

Қандай жарты шарда орналасқан

Қандай мұхит суларымен қоршалған

1.Еуразия

2.Африка


3.Солтүтік Америка

4.Оңтүстік Америка

5.Антарктида

6.Аустралия














IY.Жаңа сабақты бекіту.
а)Кескін картамен жұмыс.Материктерді,олардың атауын,ауданы жағынан үлкен аралдарды,архипелаг аралдарды белгілеу.
ә) «Артық болмас білгенің.» ЕҢ,ЕҢ,ЕҢ ...

Әлемдегі ең ірі ескек аяқты сүтқоректілер-морж.

Әлемдегі ең ірі жыртқыш-ақ аю(Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен аралында)

Жер бетіндегі ең алып құс-африкалық түйе құс.

Ең жүйрік сүтқоректі-геопард.

Жер бетіндегі ең салмағы ауыр құс-казуар.

Әлемдегі ең әсем құс-жұмақ құсы(Жаңа Гвинея мен басқа аралдарды мекендейді.)

Әлемдегі құстардың ішіндегі ең ұсағы-колибр.

Біздің планетамыздағы ең ірі жануар-көк кит.


б) «Сәйкестендіру» тесті.
1. Жер бетіндегі ең үлкен арал Маржан
2. Шығу тегі біртекті топтасқан аралдар Жанартаулық
3. Жанартаудың әсерінен болған аралдар Гренландия
4. Су бетіндегі сақина бітімдес аралдар Архипилаг

Y. Қорытынды.

Рефлексия.

. Мен үшін жаңа ақпарат.

. Мені таң қалдырды.

. Қай материкке саяхат жасағыларың келеді? Себебі?
YI.Үйге тапсырма: §16 Материктер мен аралдар.Кескін картамен жұмысты аяқтау.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау, 45-бет.



YII.Оқушыларды бағалау

Оқулық


1.Б.Әбдіманапов,А.Прищепина,Л.Фокина,А.Әбілғазиев

Ж31 Жаратылыстану;5-сынып.-Алматы:Атамұра,2010



Жаратылыстану пәнінен «Материктер мен аралдар» тақырыбына өткізілген ашық сабақтың өзіндік талдауы.
5 сыныпта ашық сабақ күнтізбелік- тақырыптық жоспарға сай өткізілді. Сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары толық орындалды. Ашық сабақта қосымша материалдар, карта, глобус, интерактивті тақта толығымен қолданылды. Әдістемелік тақырыбым «Өзіндік білім алу арқылы қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу». Осы тақырыпты үй тапсырмасын сұрағанда «Миға шабуыл» әдісімен «Өз өзіңді тексер», «Сұрақ менен,жауап сізден» ойындары арқылы іске асырдым. Өткен тақырыпты қорытындылауда осы әдіспен сөзжұмбақ арқылы оқушлардың білімін жинақтадым.

«Материктер мен аралдар» тақырыбындағы жаңа сабақты түсіндіруде оқушыларға мәлімет бере отырып, өздігінен білім алуға бағыттадым. Сызба, кестені толтыруда да балалар өзіндік білім алуға ұмтылды деп ойлаймын.

Жаңа сабақты қорытындылауда кескін картаны пайдалана отырып, үй тапсырмасына оқушылардың қызығушылығын оята білдім.

Балалардың ойын сергіту мақсатымен «Ең,ең» сұрақ-жауап арқылы табиғатағы ерекше жан-жануарларды атай отырып, оларды қадірлеуге, қорғауға шақыра отырып, сабағымның тәрбиелік мақсатын орындадым.

Сабақты қорытындылауда оқушылар өз білімін өздері тексеру үшін рефлексия-талдау әдісін қолдандым.

Жалпы сабақ барысында менің әдістемелік тақырыбым бірізбен қолданылып отырды.

Сыныпта барлығы 22 оқушы бар, соның 14-15 сабаққа толық қатысып отырды.

Сабақ барысында денсаулық сақтау технологиясы, интерактивті-ақпараттық технологияның элементтері, Ой қозғау әдісі, Миға шабуыл әдісі қолданылды.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет