Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қамырдан жасалған тағамдар түрлерімен, дайындау



жүктеу 34.19 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі34.19 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Қамырдан пісірілген тағам түрлері

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Оқушыларға қамырдан жасалған

тағамдар түрлерімен, дайындау

ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тамақ пісіруге деген

қызығушылығын, құштарлығын

арттыру, қабілеттерін,шеберліктерін,

іскерліктерін дамыту



Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке,

қыптылыққа, кәсібін сүюге, оның

қыр-сырын жетік білуге

тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, шығармашылық

тапсырмалар, ойындар.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызба-кесте.

Пәнаралық байланыс: технология, химия, тауартану, адамзат

өмірімен байланыс.
Сабақ барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

а) Сұрақ –жауап түрінде өткен тақырыптарды еске түсіру.

1.Ұнның қандай сорттары болады?

2. Қандай кондитер бұйымдарын білесіңдер?

3.Кондитер бұйымдарын пісіруде қай сортты ұнды пайдаланамыз?

4.Ұнның дымқылдығын қандай әдіспен анықтайды?

5.Ұнда құрт пайда болмас үшін не істеу қажет?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Наннан тағам аспайды,

Нан бәрін де бастайды

Басса да адам Құранды,

Нанды бірақ баспайды.

Нан қарағым киелі,

Нанды халық сүйеді.

Қастерлеген адамға , шапағаты тиеді.

Нан - жер-ананың адамзатқа беретін баға жетпес азығы. Адамдар нанды барлық уақытта қастерлеп келген. Дастарқандағы нан - ауқаттылықтың, жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылығының белгісі.

Ұлттық салтымызда алдымен шай дастарқанын дайындаған. Шай дастарқанының басты тағамы -бауырсақ. Бауырсақ сөзі қазақ тілінде «бауырмал, жақын» деген мағынаны білдірген. Қазақ бауырсағы әр түрлі пішінде – ши бауырсақ, ашыған бауырсақ, жол бауырсақ, жалпақ бауырсақ деген түрлері бар. Бауырсақты ашыған қамырдан пісіреді.

Ұлттық ұн тағамдарының бірі -шелпек. Шелпекті мұсылманның діни мерекелері- ораза айт, құрбан айтта және жұма күндері жеті күлше таратылады. Шелпек ашымаған қамырдан пісіріледі.



Ашытпалы қамыр.

Ашытпалы қамырды дайындау үшін алдымен ашытқыны дайындайды. Ол үшін 30- 40°С-қа дейін жылытылған сұйыққа жылы суда сұйытылған ашытқыны қосып, үстінен еленген ұн себеді және араластырады.

Ашытқыны күшейту үшін ашытпалы қамырға аздап қант қосуға болады. Одан кейін қамырды илейді. Ашитын қамырдың қоюлығы қаймақтың қоюлығындай болуы керек. Ашытпалы қамырдың бетіне жұқалап ұн сеуіп, таза орамалмен жауып қояды. Сосын ашыту үшін 1-2 сағат жылы жерге қояды. Ашыту аяқталғанда қамырдың көлемі 2-2,5 есе үлкейеді. Бетіне көпіршік іздері байқалады. Яғни, беті жарылады.

Ашытқы қамырдың дайындығын сыртқы түрінен біледі. Ашу біртіндеп баяулайды, бетіндегі көпіршіктер азаяды, ашытпалы қамыр аздап басылады. Дайын ашытпалы қамырға қүрамындағы еріген кант, түзы бар сүйықты қосып араластырады. Одан кейін елеген үн косып, араластырып қамырды илейді. Қамырды ашыту үшін 1,5-2 сағат жылы жерге қояды. Бұл уақыт кезінде 2-3 рет иін қандырып басады.



Ашытпасыз қамыр.

Ашытпасыз қамырды құрамындағы қоспаларды қосып бірбей илейді (пряниктің жасалу жолдарын айтып түсіндіру). Тағамдарды пісіріп болғаннан кейін оның әшекейлеуіне де үлкен мән беру керек.


ІV.Сергіту сәті. «Анаграмма шешу»

Ашытқы қамыр дайындауға арналған азық-түліктер: ШЫҚАТЫ АНТҚ ҮТС НҰ ҰТЗ



V. Бекіту кезеңі

1.Қамырдың қандай түрлері бар?

2.Қазақтың дарқан дастарханының сәнін келтіретін қамырдан жасалған тағамдарды ата?

3.Бауырсақ сөзі қазақ тілінде қандай мағына береді?

4.Бауырсақ,шелпек жасау үшін қандай шикізаттар қажет?

5.Бауырсақ пен шелпек дайындауда бір-бірінен айырмашылығы қандай?



VІ. Сабақты қорытындылау.

Білгенге маржан...”

Ырым тиым сөздерді мағынаны ашу.

Нан- дән басы. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қою керек.

Нанды төңкеріп қоюга болмайды.

Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

Нансыз өмір жоқ. Сондықтан да нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды.

Жол үстінде жатқан нанды алып адам баспайтын жерге қою керек.

Аяқтың астына құранды қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды. (Бұл жерде «құранды басып нанды ал» дегені нан құраннан да қастерлі екенін айтып өткен).

VІІ. Оқушылардың білімін бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

1.Тақырыпты оқып, түсінік айту



2. Үйден ұннан жасалынатын өнімге кесте сызып реферат жазып келу.


Пән оқытушысы: Бекшебаева Айгүл Әуезбекқызы


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет