Сабақтың мақсаты: Білімділік: Шығарманың идеясын, тақырыбын ашқыза отырып, шығарманы құрылысына қарай талдату



жүктеу 54.63 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі54.63 Kb.
түріСабақ
: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы кеңестік еңбекпен түзеу лагерьлері
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Тиімді оқыту уақыт талабы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
sabaktar -> №36 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Шымкент қаласы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абайды білмек парыз ойлы жасқа (10-сынып)
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдерінің ұлттық сипаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың асқар белі абай XX ғасырдың заңҒар биігі мұхтар мұғалімнің кіріспе сөзі




Турсунбаева Гулбану Разаковна,

90 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.



Шымкент қаласы

Сайын Мұратбеков. «Жусан иісі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Шығарманың идеясын , тақырыбын ашқыза отырып,

шығарманы құрылысына қарай талдату



Дамытушылық: Тақырыпты меңгерту арқылы сындарлы ойлауын ,

тіл байлықтарын дамыту, көшбасшылық қабілетін дамыту.



Тәрбиелілік: Адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: Конференциялық сабақ

Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Көрнекілігі: Инетерактивті тақта,суреттер, бейнебаян ,

маркер, стикер, плакат.т.б.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу

- Оқушыларды түгелдеу

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару

–Психологиялық дайындық.

-Балалар бүгін қай күн? (Дүйсенбі)

-Өте жақсы,бүгін аптаның алғашқы күні,бәріміздің көңіл күйіміз керемет пе?

- Иә ,өте жақсы.


Тренинг өткізу «Ыстық үстел»

2.Үй тапсырмасын сұрап тиянақтау.

Бедел Тұрсынбаевтың «Алғашқы көмек» әңгімесі

Балалар өте жақсы дайындықпен келіпсіңдер,жарайсыңдар!

Енді, жаңа сабақты бастамас бұрын жаңа топ құрып алайық,жарайма.

1,2,3,4-деп ретімен санаймыз да,1-лер бірінші топ –деп,осылайша 4топ құрылады.

3.Ой қозғау:

-Қазақ халқының басынан өткен ауыр жағдай жайында не білесіңдер?

-Ұлы Отан соғысы қай жылдарды қамтиды?

-Қазақ даласындағы қасиетті өсімдік жусан жайында не білесіңдер?

(Оқушылардың білетін ақпараттарына қосымша жаңа ақпарттарды қоса отырып білімдерін толықтыру, сындарлы ойлауын дамыту)



4.Жаңа сабақ. Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

(Мұғалімнің түсіндірмесі)

Қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдердің бірі –Ұлы Отан соғысы жылдары. Бұл соғысқа Қазақстаннан бір жарым миллион адам қатысты. Оның 602932 адамы соғыс кезінде қаза тапты.Қаншама бала жетімдіктен, ашаршылықтан зардап шекті. Соның бірі - Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян тағдырымен танысасыңдар.

Әңгімені 4 бөлімге бөлеміз:



-Әр топ өздеріне берілген бөлімді іштей 2минут оқиды,

-Топпен бірігіп тағы 2минутта талқылайды, ат қояды.

-Енді отырған орындарында 1,2,3,4-деп санап, қонақтопқа барып ,мәтінді

ретімен әңгімелейді. 3минут беріледі.

-Қонақ топтан өз тобымызға қайтамыз.

Мұғалім: әр топтан бір-бір оқушының орындығына стикер жапсыру

арқылы топ лидерін анықтайды. Осы оқушылар мәтіннің мазмұнын ашады, түсіндіреді.



Оқушылардың бірлескен еңбегін бағалау, мақтау,мадақтау.

(Әңгімені қандай бөлімдерге бөлуге болады)

1бөлім «Ертең соғыс бітеді»2бөлім «Қаралы қағаз»

3бөлім «Сабырлы Аян»4бөлім «Аянмен қоштасу»

5.Дәптермен жұмыс: Жиырма жетінші қазан

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

1.Қора іші қандай? 2.Аян қандай бала?



6.Сабақты бекіту

Миға шабуыл:

-Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады?

-Қаралы қағаз алған Аян не істеді?

-Балалар үйді-үйіне тараған кезде Аян қайда барды

-Әкесі соғысқа кеткенде Аян кімнің қолында қалды?

-Аянмен қоштасқан кезде достарының көңіл күйі қандай болды?

-Әңгіме неліктен «Жусан иісі»деп аталған?

Тірек сызба арқылы жұмыс жүргізу.



7.Топтық жұмыс: (Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту) 5-6 минут уақыт беріледі.

1топ. Әңгімені әрі қарай аяқтайды «Эссе жазу» әдісі

2топ. Тақырып бойынша « Идеяны бейнелеу».әдісі

3топ. Тақырып бойынша « Постер қорғау.»әдісі

4топ. Аянға хат жазады«Еркін жазу »әдісі

Уақыт аяқталған соң әр топтан екі-үш оқушы жұмыстарын қорғайды. Оқушылардың жұмысы мұқият тексеріліп, бағаланып ,пәнге қызығушылығын артыру мақсатында мадақтау,қолдау көрсету.



8.Сабақты бағалау.Бағалау критерилері:

1-2 бал «3» баға

3-4 бал «4» баға

5-6 бал «5» баға


Аты-жөні

Үй тапсыр-масы

Ой қозғау

ЖЕКЕ,ТОПТА ЖҰМЫС

МИҒА ШАБУЫЛ

Дәптер

мен жұмыс

С/БЕКІТУ

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС

Қортын-

ды

Джанботаев Манас

1




1

1

1

1

5

Жауынгерова Гулсана




1




1

1

1

4

Есмұрат Ж асұлан

1

1




1

1

1

5

Сансызбай Шұғыла

1




1




1

1

4

Абдусаттар Сабырхан




1

1

1

1




4
Кері байланыс «Бес саусақ»



Үйге тапсырма: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

1.Әңгімесін түсініп оқу.

2.Сол заманғы балалар мен қазіргі балалардың жағдайынна сипаттау мәтінін жазып келу.

oval 14



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет