Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 34.27 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі34.27 Kb.
түріСабақ
:
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың І.Жансүгіров туралы түсініктнрін, білімдерін молайту. Көкшетау өлеңінің мазмұнын ашу. Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабилеттерін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Табиғаттың сұлу көріністерін бейнелі сөздер мен теңеулерді қолдана отырып әңгімелеу, білімін дамыту.

Тәрбиелік: Халқымыздың дарынды ақындары І.Жансүгіров пен С.Сейфуллиндей туған жеріміздің сұлу табиғатын сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Үш бәйтерек» бүктемесі. Көкшетаудың табиғат көріністері. Қазақстанның көрнекті жерлерінің сүреттері. Карточкалар.

Әдістері: Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

Типі: Жаңа сабақ

Түрі: Топпен жұмыс.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды жаңа сабаққа бейімдеу. Психологиялық бейімдеу.



ІІ. Қызығушылықты ояту

І. Күз айында туылғандар

1.Қорқыт кім?

2.С.Сейфуллиннің қандай өлеңдерін білесіз?

3. «Еңбек» туралы 5 мақал-мәтел айтыңыз?

ІІ. Қыс айында туылғандар



  1. Ы.Алтынсарин кім?

  2. «Дала», «Наурыз» өлеңдерінің авторы.

  3. А.Құнанбаевтың өмірбаяны туралы айтыңыз.

ІІІ. Көктем айында туылғандар.

  1. «Отан» туралы мақал-мәтел айтыңыз?

  2. А.Құнанбаев қай жерде дүниеге келген?

  3. «Аққу, шортан, һәм шаян» өлеңін кім жазған?

ІV. Жаз айында туылғандар.

  1. Қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтың авторы.

  2. Ы.Алтынсаринның қандай еңбектерін білесіз?

  3. А.Құнанбаевтың қандай шығармаларын білесіз?

ІІІ. Ой шақыру. Әр топтан оқушылар тақтаға шығып орындайды.




Мұғалімнің түсіндірмесі:

Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген - С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин бір жылда өмірге келіп шығармашылықтарын қатар бастап дүниеден жазықсыз жапа шегіп бір мезгілде өтті. Ұлтымыздың үш бәйтерегі қазақ сөз өнерін талант табиғатымен де қалам қуатымен де байытқан даңқты тұлғалар еді.



IV. Мағынаны тану.

Ал енді балалар, І.Жансұгіровтың «Көкшетау» өлеңін ынта қойып тыңдаңдар. «Көкшетау» өлеңі.


КӨКШЕТАУ

("Қүлагер" поэмасынан узінді)

Таудағы тасқындаған ағын судай

Өлеңім басталады таудан ұдай.

Әсемін әңгіменің көп таратқан

Айтылмай қалған екен тау мынадай.
Көк орман, көркем тоғай маужыраған

Сүлудың көзіндей көл жаудыраған.

Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас.

Төгіліп көкжиекке саудыраған...


Бүл тауды іздейміз бе біздер шеттен,

Талайы осы таудың бізге өткен.

Мақтауға, мақтануға түратын жер.

Айтармын Көкшетауды даңқы кеткен.


Оқжетпес оқшырайып, өрлеп кеткен,

Кеудесін керіп көкке сермеп кеткен.

Қия қүз, жақпар сарай, бура тастар,

Тәртіппен көлді айнала сәндеп шөккен...


Көкшетау жер жаннаты жеке біткен,

Бүл сүлу кең далада бойын күткен.

Жомарт тау, дастарқанды, момақан тау,

Шипа тау тазартатын барлық дерттен.


Бүлақтың тәттісі де, тазасы да,

Көлдердің кең мөлдірі тап осында

Айдыны ала шүбар, қүс қиқулар,

Ауыл, мал, масаты көл жағасында.
Мұғалімнің түсіндірмесі:

Өлеңдегі «көк», «көркем» сөздері ор-манның айрықша әсемдігін айқындайтын бейнелі сөздер.

Ақын көлдің сұлулығын сұлу қыздың мөлдіреген көзіне теңейді. Таудың өзін бойын күткен сұлу қызға теңел суретіейді.

6. Кубизм әдісімен сұрақтар қою.

а) Көкшетау өңірінде туылған қандай ақын-жазушыларды білесіңдер?

ә) Бурабай көлі туралы қандай шы-ғармалар оқыдыңдар?

б) «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы аңыздар жөнінде не айтасыңдар?

в) Ақынның осы өлеңді жазуына не себёпші болды?

г) Көкшетауда қандай демалыс орын-дары бар?

д) Көкшетау жері туралы өздерің не білесіңдер?



VI. Ой толғау.

- Балалар бұгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

- Көкшетаудағы «Балдәурен» артегіне барғыларың келе ме?

- Ол үшін не істеуіміз керек? Ғылыми деректермен толықтыру.

Көкше биігі теңіз деңгейінен 887 м. биіктікте орналасқан. Ол Оқжетпес шо-қысынан қашықта емес. Көкшетау атақ-ты Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырайдың туған жері.

Ақын С.Сейфуллин жырлап өткен Көкше жерінде көлдер саны сексеннен 2-3 есе көп. Олардың атаулары да өздеріне сай берілген, Әулиекөл, Айнакөл, Аққуатқан, Ақкөл т.б. қайыңдары да ерек-ше жер астындағы минералдардың әсерінен майысып өседі. Сондықтан да оларды «Биші қайыңдар» деп атайды.



VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет