Сабақтың мақсаты: Білімділік:Қазақстан жеріндегі қалыптасқан климаттың ерекшеліктері мен



жүктеу 42.77 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі42.77 Kb.
түріСабақ
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»
Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі



Тақырыбы: Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері
Пәні: география
Класы: 8
Пән мұғалімі: Жолдасбаев Нұрлыбек Жалайырұлы

Аманкөл, 2014 жыл


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Қазақстан жеріндегі қалыптасқан климаттың ерекшеліктері мен

оның адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсерімен

таныстыру.


Тәрбиелік:Өз елінің табиғаты мен тарихи қыр –сырларын білумен қатар, оны

құрметтеуге,ұлтжандылыққа , отансүйгіштікке, адамгершілікке

тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамыту,білімділік пен білік

дағдыларын қалыптастыру, түрлі танымдық тапсырмалар

арқылы логикалық ойлауына,еркін сөйлеуіне, шығармашылық

жұмыстарын дамытуға мән беру


Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, ВЕНН диаграммасы, INSERT сратегиясы

оқушылардың шығармашылық жұмыстары,топтық жұмыс,

кеспе қағазбен жеке жұмыс.
Көрнекілігі:ҚР-ның физикалық картасы, глобус ауа райы туралы мақал-

мәтелдер,суреттер.



Пәнаралық байланыс:тарих,әдебиет
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

А)сәлемдесу,түгелдеу

Ә)оқу құралдарын тексеру

Б)балалар зейінін шоғырландыру



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырманы оқушылар 2 топқа бөлініп, топтық жұмыс орындайды.Оқушылар өздерінің тобының атауын таныстырады.



І.Климат тобы

Қазақстан аумағында атмосфералық жауын –шашынның таралуы.

1.Қазақстандағы жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері

2.Қазақстанда жыл бойы жауын-шашын қалай таралған?

3.Өздерің тұратын жердегі жауын-шашын мөлшері қандай?

4.Ылғалдану коэффициенті дегенімізне?



ІІ.Атмосфера тобы

1.Қазақстандағы жауын-шашынның ең көп түсетін аумағы .

2.Іле Алатауындағы Мыңжылқыда қар жамылғысының қалыңдығы

3.Солтүстікте қардың қалыңдығы орта есеппен қанша сантиметр?

4.Шығыстағы Жайсан қазаншұңқырында жауын-шашын мөлшері

Үй тапсырмасын қортындылау

2 топқа ортақ сұрақ

1.ВЕНН диаграммасы

Республиканың оңтүстігі мен солтүстік аумақтарының жауын-шашын мөлшерін салыстырыңдар.

2.Ауа райына байланысты мақал-мәтелдер жазып, орындау

3.Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстары.



ІІІ.Жаңа сабақтың тақырыбы,мақсаты, және жоспарымен таныстыру

Жоспары:

1.Климаттың адам баласының шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері

2.Қазақстандағы қауіпті , қолайсыз атмосфералық құбылыстардың

қалыптасуы

А) «Ой шақыру» климатқа анықтама беру

Ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратын белгілі бір типтерін климат деп атаймыз.

Б)Климаттың атмосфералық құбылыстары.

Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де сан түрлі.Бір дақылдарға жылу, екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек.Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға тиімді.Ал оңтүстік аудандары суармалы егін шаруашылығына қолайлы.

Сол себепті климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекеттеріне барлық уақытта қолайлы емес.Қазақстанның климаты құрғақтығымен көзге ерекше түседі.әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық.Құмның беті 60-70 градусқа дейін қызады.Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарына қарай әр түрлі болады.Дала зонасында 5-10 күн, шөлейт зонасында-40 күн, Қызылқұмда 100 күн.Қазақстанда соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4 рет болды.Қуаңшылық пен аңызаққа қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу,жер суару, және т.б арнайы агротехникалық шаралар қолданылады.Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі- шаңды дауыл.Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына байланысты.Шаңды дауыл ауа райының құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алқапта соғатын қатты жел.Қазақстанның дала зонасында жылына 20-38 күн шаңды дауыл болады.Республиканың оңтүстігінде, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55-60 күнге созылады.



Жаңа сабақты бекіту.

Лездеме тест тапсырмаларын орындау:

2 топқа ортақ тест тапсырмаларын орындату

1.Оңтүстікте жаз айларында құмның беті қанша градусқа дейін қызады?

А)40-50С б) 60-70 с) 30-40 д)35-45

2.Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қанша рет қуаңшылық болыд?


а) 6 рет б)8 рет с) 5рет д) 4 рет

3.Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі:

А) шаңды дауыл б) көктайғақ с) үсік д)аңызақ

4.Дала зонасында жылына аңызақ жел қанша күн болады?

А)20-30 күн б)10-15 күн с)5-10 күн д)15-20 күн

5.Шөлейт зонасында аңызақ желдің ұзақтығы қанша күн?

А)30 күн б) 40 күн с)50 күн д) 60 күн

6.Балқаш көлінің оңтүстігінде шаңды дауыл қанша күнге созылады?

А)35-40 күн б)40-45 күн с)20-30 күн д)55-60 күн

7.Республиканың батыс жазықтарында,орталығында және оңтүстік- шығысында көктайғақтың қалыңдығы:

А)30 мм б)20 мм с)15 мм д)22 мм

8.Қаратау жотасы , Қырғыз,Іле Алатауларының жел жақ беткейлерінде көктайғақтың қалыңдығы:

А)22 мм б)15 мм с)20 мм д) 25мм

Жаңа сабақты қорытындылау.

INSERT стратегиясы:

Мен бүгін сабақта білдім

Мен бұрыннан білемін

Білгім келеді










Үйге тапсырма:

Тақырыпты оқып, климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері зор екенін айта отырып, оқушыларға өздерінің тұратын жердегі қауіпті атмосфералық құбылысты дәптерге жазу.



INSERT стратегиясын үйден толықтыру.

Бағалау .



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет