Сабақтың мақсаты: «электролиттер» және «бейэлектролиттер»



жүктеу 1.19 Mb.
бет3/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.19 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
: upload -> iblock
iblock -> Вторая жизнь А320
iblock -> Методическая разработка что нужно знать о насилии над женщиной: мифы и факты с древних времен до наших дней ноябрь 2015 г
iblock -> Прогноз на матч Израиль Уэльс (28 марта 2015 года, 20: 00)
iblock -> Арсенал и Эвертон. Арсенал

III. Алған білімді бекіту. Мұғалімнің қалауымен сабақты қайталау, бекіту сабағы реінде өткізуге болады.

Үйге тапсырма. §7. 1-10-жаттығулар. Жұмыс дәптерінен және есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар.
10-сабақ. Тұздар гидролизі
Сабақтың мақсаты: тұздардың гидролизі туралы түсінік беру. Заттардың суда еруі тек физикалық процесс қана емес, еріген заттың сумен әрекеттесуімен қатар жүретін химиялық процесс екендігі туралы оқушылардың ұғымдарын тереңдету. Тұздар гидролизінің теңдеулерін құру дағдысын қалыптастыру; әртүрлі тұз ерітінділерінің ортасын болжап айта білуге үйрету.

Тірі организмдерге жүретін процестегі гидролиздің рөлін көрсету, қанның құрамында (реакция ортасы) болатын тұздардың биологиялық рөлі туралы ұғымдарын кеңейту.

Әртүрлі тұздардың гидролизін көрнекілік түрінде көрсету.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: дистилденген су, натрий және кальций оксиді, кальций карбиді, оқушылар үстелінде және демонстрациялық үстелде; натрий хлоридінің, мырыш нитратының, натрий корбанатының ерітінділері, лакмус, фенолфталеин, метилоранж, демонстрациялық тәжірибеге қажет стақандар мен цилиндрлер, сынауықтар мен тұрғы және шыны таяқшалар, «Тұздар гидролизі» кестесі.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға даярлау үшін сұрақ-жауап әдісін қолданамыз.

1. Қышқыл ерітінділерінің қасиеттерін не анықтайды?

2. Ерітіндіде сутек катионының бар екені қалай анықталады?

3. Негіздерге анықтама беріңдер. Ерітіндіде гидроксид иондарының бар екенін қалай анықтайды?

4. Неге кейбір қышқылдар мен негідер күшті электролиттерге, ал басқалары әлсіз электролиттерге жатады?

5. Тұздардың 4 типіне мысалдар келтіріп, кестені толтырыңдар.



II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Оқушыларға: «Су неліктен қышқылдар мен негіздер сияқты индикатордың түсін өзгертпейді?» деп сұрақ қоямыз.

Ерітінділердің ортасы қышқылдық және сілтілік қасиеттерді тасымалдаушы бөлшектер концентрациясының ерітіндідегі мөлшерімен сипатталатынын білгенне кейін былай жазып көрсетеміз:







Тұздардың типтері

Мысалдар (формулалар)

1.
2.
3.
4.

Күшті негіздің катионы менкүшті қышқылдың анионынан түзілген тұздар

Күшті негіздің катионы мен әлсіз қышқылдың анионынан түзілген тұздар

Әлсіз негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілген тұздар

Әлсіз негіздің катионы мен әлсіз қышқылдың анионынан түзілген тұздар





H+ = OH- - бейтарап орта;

H+ < OH- - сілтілік орта;

H+ > OH- - қышқылдық орта.

Бұдан соң сабақ мазмұнын ашуға кірісеміз, басында «гидролиз» (грекше-су, lisis- айыру, ыдырату) түсінігінің этимологиясын түсіндіреміз. Гидролиз-заттардың сумен әрекеттесуі. Гидролиз нәтижесі тұздың қандай негізбен қандай қышқылдан түзілгеніне тікелей байланысты екенін ескерген жөн.

Мына берілген мысалдар арқылы тұздар гидролизін талқылаймыз: NaCO3, Zn(NO3)2, HCl, NaCl және Al2S3.

1.Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі Na2CO3.

Бастапқыда оқушыларға тұздың диссициациялануын жазғазған жөн:


Na2CO3↔2Na+ + CO32-
Содан соң гидролиз теңдеуін жазады:
2Na+ +CO32- + HOH↔2Na+ + HCO3- + OH-

Осыған фенолфталеин тамызсақ, натрий кабонаты ерітіндісі алқызыл (малина) түске боялады. Бұдан мынадай қорытынды шығады: күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздарды еріткенде ерітіндіде гидроксид иондары пайда болып, индикатор түсін өзгертеді, яғни реакция ортасы сілтілік болады.

2.Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі, мысалы, AlCl3, Fe(SO4)3, Zn(NO3)2.

Алюминий хлоридінің гидролизін қарастырамыз. Оның ерітіндісінде Al3+ және Cl- иондары бар. Al3+ bоны судың гидроксид ионын өщ\зіг\не қосып алады:

Al3+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+

Al(OH)2+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+

Ерітіндіде Н+ иондары жиналып қалады. Ерітіндіге лакмус тамызса, ерітінді қызарады. Ерітінді ортасы – қышқылдық.

Оқушылар мынадай қорытындыға келеді. Күшті қышқылмен әлсіз негізден түзілген тұздардың гидролизінде катиондар (әлсіз негіздің) су молекуласының гидроксид иондарын қосып алады да, артық сутек иондарының есебінен қышқылдық орта көрсетеді.

3.Үшінші тапсырманы оқушылар өздері шеше алады, яғни күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздарды еріткенде гидролиз жүре ме, мысалы, NaCl, KCl?

Қорытынды.

Күшті негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілетін тұздар гидролизденбейді, ерітінді де

H+ = OH-

иондардың тепе-теңдігі сақталады.

4.Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздың гидролизін Al2S3 мысалында түсіндіреді. Гидролиздің бұл күрделі түрі жоғары мектептің химия курсында кеңірек қаралады. Сондықтан мұғалім бұған тереңірек тоқталмайақ, гидролиздің соңынадейін, яғни қышқыл және негіз түзілгенге дейін жүретінін ескертеді.

Al2S3 + 6H2O = 2Al(OH)3↓ + 3H2S↑

Тәжірибелер нәтижелерін және гидролиздің түрлерін кестеге толтырған жөн:


Тұз формуласы

Лакмус түсі

Орта

Қандай қышқылмен негізден түзілген тұз

Na2CO3
AlCl3

Көк
Қызыл

Сілтілік
Қышқылдық

Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан
Әлсіз негізбен күшті қышқылдан

Содан соң гидролиз нәтижесінде тұз иондары ерітіндіде сумен әрекеттесетіндігіне жаттығулар орындатамыз. Егер тұз катионы гидроксид ионды қосып алса, онда ортақ қышқылдық болады, ал егер тұз анионы сутек ионын байланыстырса, онда ерітінді сілтілік болады.

Бұдан ке»н тірі организмде жүретін көптеген процестерде гидролиздің мәні зор екеніне тоқталамыз. Мысалы, қанның құрамына кіретін бірқатар тұздардың биологиялық маңызы, негізінені, олардың гидролизі есебінен сутек ионының концентрациясын тұрақты ұстап тұрумен анықталады.

Гидролиз, сондай-ақ химиялық және тамақ өнеркәсіптерінде де кең қолданылады.

Бұдан кейін оқушылардың алған білімі тақырып бойынша берілетін бақылау сұрақтары, эксперименттік есептер және мысалдарды талдау арқылы тексеріледі.

Үйге тапсырма. §8. 5-жаттығу. Жұмыс дәптерінен және есептер жинағынан сәйкес тапсырмалар беру.

12-сабақ .1-практикалық жұмыс
«Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбы бойынша эксперименттік есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін практикалық іс-әрекетте пайдалана біоу дағдысын жетілдіру.

1-практикалық сабақты жүргізуге нұсқау.

Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау.

1.Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде өте сақ болу(мұғалім қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеуді естеріне түсіреді).

2.Заттарды нұсқауда көрсетілген мөлшерден артық алмау.

3.Көптеген реактивтерді улы екенін есте ұстау. Сол себепті олардың оқушылардың қолдарына және киімге тиюіне жол бермеу.

4.Реактив тұрған құтылардың қақпағын, тығынын ауыстырып алмау.

Қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысып болған соң, оқушылар дәптерлеріне практикалық сабақтың тақырыбын кейін: «Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстым» деп жазып қояды.

Мұғалімнің мүмкіндігін кеңейту мақсатында, оқулықтағы осы практикалық жұмысқа берілген есептерден өзге, тағы бір нұсқада эксперименттік есептер ұсынылады (орта деңгейлі оқушыларға).



1-тапсырма. Мына ерітінділер арасында жүретін реакцияны жасаңдар: а)мыс (II) хлориді мен калий гидроксиді; ә)натрий карбанаты мен азот қышқылы. Не байқалады? Жүргізілген тәжірибелердің толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

2-тапсырма. Тұз ерітінділерін индикатор көмегімен зерттеңдер. Әлсіз және күшті электролиттерді естеріңе түсіріп, тәжірибе жасаңдар.

Берілген ерітінділерді лакмуспен сынаңдар:

1)натрий хлориді;

2)мыс (II) хлориді,

3)натрий карбонаты.

Не байқалады? Қай тұздың судағы ерітіндісінде лакмус түрін өзгертеді?

Кестедегі сәйкес бағаналарға тұздардың формулаларын жазыңдар. Неге бұл тәжірибеде әртүрлі нәтижелер алынады?


Ерітінділер

Қышқылдық орта

Бейтарап орта

Сілтілік орта

NaCl




+




CuCl2

+







Na2CO3







+

Al(NO3)3

+








3-тапсырма. Тұз қышқылы мен мырыш арасындағы әрекеттесуді жасаңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.

4-тапсырма. Үстелде бар реактивтерді пайдаланып, темір (III)гидроксидін Fe(OH)3 алыңдар. Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін құрыңдар.

МАҢЫЗДЫ БЕЙМЕТАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

ТАБИҒИ ҚОСЫЛЫСТАРЫ (22САҒ)
13-сабақ. Химиялық эелементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орны және құрылысы
Сабақтың мақсаты: химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орны мен қасиеттерін атом құрылысы тұрғысынан қарастыра отырып, оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту. «Аллотропия» ұғымын және оның себептерін түсіндіру.

Реактивтер мен құралдар: графит, күкірт, фосфор, бром, йод, алмаз бен графиттің кристалдық тор модельдері, электртерістік қатары, периодтық кесте.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалім алдымен периодтық жүйеге қысқаша шолу жасай отырып, бейметалдар түзетін заттардың ерекшелігімен танысу үшін оларды период бойынша емес, топшадағы орны бойынша қарастыру тиімді екнін баяндайды. Табиғатта кездесетін бейметалдар саны аз. Периодтық жүйенің жоғары сол жақ бұрышынан бастап диагональ жүргізсек, бордан басталып астатпенаяқталады екен. Көбінесе бейметалл атомдарының (сутек, гелийден басқасы) сыртқы электрондық қабатындағы электрон саны 3-тен артық болады. Неғұрлым периодтық кестедегі элемент фторға (оң жаққа) қарай жақын орналасса, соғұрлым тотықтырғыштық қасиеті артады. Ол бейметалға тән қасиет. Физикалық қасиеттері де ерекше. Кейбір элемент бірнеше жай зат түзе алады. Оның себебі бейметалдарға тән құрылысында: а)кристалды торлары әртүрлі (О2 және О3азон). Нағыз белсенді бейметалдар VII топтың А топшасында орналасқанын 8-сыныпта «Галогендерді» оқығанда танысқансыңдар. Оттек және оның қасиеттерін қайталауға бірнеше тапсырма орындатқан жөн.

Үйге тапсырма: §9. 1-8-жаттығулар. Жұмыс дәптерінен және есептер жинағынан апсырмалар.

14-сабақ. VI А топ элементерінің жалпы сипаттамасы.

Күкірт. Күкіртсутек
Сабақтың мақсаты: күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиясы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүуелеу.

Реактивтер мен құралдар: күкірт, темір ұнтағы, тұрғы, индикаторлар, сынауықтар, құты, зат жағатын қасық, спирт шамы.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақта қарастырылған бейметалдардың периодтық жүйедегі орны, тобы, топшасы мен валенттік электрондары жайлы алған білімді еске түсіріп, күкірт пен оттектің атом құрылысын оқып-үйренуді жалғастырады. Өткен сабақтарда жеке заттарды және оның қосылысын оқып-үйрену үшін VIA,VA, IVA топшадағы элементтерді периодтық жүйеден таба отырып, оқушылар оқулықпен өзіндік жұмыс орындап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын дамытады. §9 мәтінін баяндап, 7-,8-,9-жаттығулар тексеріледі. Немесе мұғалім жеке-жеке тапсырмалар даярлап, I-Iiнұсқаны ұсынады. Соның бір үлгісі төменде берілді.

Реакция теңдеулерін молекулалық, толық және қысқартылған иодық түрде жазыңдар және электрондық баланс тәсілімен теңестіріңдер.



I нұсқа

II нұсқа

1. Br2 + H2

MgCl2 + AgNO3

2.Бейметалдарға тән физикалық қасиеттерін айтып, оттектің аллотропияқұбылысын еске түсіріңдер.


1. NaOH + HCl→

KBr + Cl2

2.Не себепті период саны өскен сайын бейметалл элементтер азаяды. Атом құрылысы тұрғысынан түсіндіріңдер.



II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалім өзі жоспарлап келген сабағын оқушылар біліміне сүйене отырып, түсіндіреді. Тақтада жоспар жазылады:

1)күкірттің периодтық жүйеде орналасуы;

2)табиғатта таралуы;

3)физикалық қасиеттері;

4)химиялық қасиеттері;

5)қолданылуы.

Күкірт атомының валенттік мүмкіндігі, тотығу дәрежесі, кристалдық күкірттің пластикалық күйге айналуы көрсетіліп, аллоторпиялық түр өзгерісі түсіндіріледі. Оқушылардың тірек біліміне сүйене отырып, күкірттің химиялық қасиетін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан жазады. Күкіртсутектің лабороторияда алынуына, сульфид ионының S2- сапалық реакциясына тоқталып, H2S табиғатта таралуы жайлы мағлұмат береді. Күкірт табиғатта бос күйде кездеседі. Оның мол қоры Павлодарда, Жоңғар Алатауында бар. Таза күкірттен Ақтөбенің газ өңдеу зауытында, Ақмола тау- кен комбинатында, Таразда, Өскеменде қосалқы өнім ретінде SO2 газын алып, одан күкірт қышқылын өндіреді. Жергілікті арасан суларын атай келіп, күкіртсутектің емдік қасиеті айтылады. Осы тақырыпқа сәйкес оқушыларға реферат жазу тапсырылады.

III. Алған білімді бекіту. Тақтада: 1)күкірттің химиялық қасиеттерін дәлелдейтін реакция теңдеулерін жазғызу;

2)күкіртсутектің H2S химиялық қасиеттеріне мысалдар келтіріңдер;

3)төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын рекакция теңдеулерін жазыңдар:

H2S→S→SO2→H2SO3


Na2S

4)әңгімелесу арқылы күкірттің табиғатта таралуы мен қолданылуы қорытындыланады.



Үйге тапсырма.§10. 1-8,§11. 1-6 – жаттығулар. Жұмыс дәперінен және есептер жинағынан тапсырмалар.

15-сабақ. Күкірт оксидтері. Күкірт қышқылы
Сабақтың мақсаты: күкірттің оттекті қосылыстарына салыстырмалы сипаттама бере отырып, олардан түзілетін гидроксидтердің (қышқылдарының) атаулары мен қасиеттерін салыстыру. Күкірт қышқылымен жұмыс істеудің сақтық шараларына тәжірибе жасай отырып, көз жеткізу.

Реактивтер мен құралдар: концентрациялы және сұйыылтылған күкірт қышқылы, индикатор, мата, қағаз, ағаш, қант ұнтағы, шыны таяқша, химиялық стақандар, су.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында берілген сұрақтар мен жаттығуларды орындатқан жөн: 1)күкірттің химиялық қасиеттерін жазыңдар;

2)құрамында 12% қоспасы бар 10г темір сульфидін күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде қанша көлем (қ.ж.) күкіртсутек алуға болады?

3)Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

ZnS→H2S→PbS


SO2

Қалған оқушылар күкірсутектің табиғатта таралуы мен қолданылуын еске түсіреді. Мұғалім алдын ала тапсырма беру арқылы адам денсаулығына шипасы мол жер астынан шығып жатқан көмірсутекті, сульфатты бұлақ суларының маңызы және пайдасы жайлы оқушыларға хабарлама жасатады. Оған қажет материалды табу үшін шәкірт ізденеді, шығармашылық қабілеті мен пәнге қызығушылығы артады.



II.Жаңа сабақты оқып-үйрену. Күкірт (VI) және күкірт (VI) оксидтері қышқылдық оксидтер. Оның ішінде SO2 тотықсыздандырғыш қасиет көрсетіп, күкірт (VI) оксиді алынады. Күкірт (VI) оксидін алу теңдеуі:

2SO2 + O2 ↔2SO3 + Q

Тура реакция жүруі үшін қандай жағдай қажет екенін мұғаліммен бірге отырып еске түсіреді. Қышқылдық оксидтердің химиялық қасиетін бұрын алған тірек білімге сүйене отырып жазады. Күкірт (VI) оксидінің химиялық қасиетін, яғни сумен, сілтімен әрекеттесу теңдеулерін жаза отырып түсіндіреді. Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіріп, күкірт қышқылы H2SO4 концентрациялы болған жағдайда суда ерітіп, сұйылту ережесін тәжірибе жасап көрсетеді. Оның күйдіргіштік, су тартқыштық қасиеті айтылады.

III. Алған білімді қорытындылау. Оқулықпен (§12.1-3 жаттығулар) жұмыс істей отырып, оқушылар өз пікірлерін ортаға салады. Күкірт оксидтерінің қолданылуын оқулықтағы суретті пайдалана отырып, әңгімелеп береді.

Үйге тапсырма. §11,12. 1-3-жаттығулар, жұмыс дәптерінен, есептер жинағынан тапсырмалар.

16-сабақ. Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері.

Сульфаттар
Сабақтың мақсаты:күшті электролиттердің бірі-екі-негізді күкірт қышқылының құрамы, құрылысы, байланыс типін еске түсіріп, қасиеттерін жоспарлы түрде жүйеге келтіру. Қышқылдарға тән ортақ қасиеттері мен ерекше қасиетін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан және иондық тұрғыда жаза білуге үйрету.

Реактивтер мен құралдар:концентрациялы және сұйылтылған H2SO4, Na2CO3, лакмус, метилоранж, NaOH ерітінділері,CuO, Fe2O3, Cu(OH)2қант ұнтағы, металл мыс, сынауықтар.

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Қысқа сұрақ-жауап күкірт қышқылының физикалық қасиеттері мен күкірт диоксиді және триоксидіжайлы болады. 10 минуттық тексеру жұмысын өткізуге болады.


I нұсқа

II нұсқа

1.Берілген заттар: Ca(OH)2, H2O, BaO, CО2 және O2 осылардың қайсысымен күкірт (IV)оксиді әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жазып дәлелдеңдер.
2. Күкірт қышқылы және күкіртсутектегі күкірттің массалық үлесін табыңдар.

1. Мына айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

S→FeS→H2S→SO2→SO3→H2SO4 Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.


2. Күкірт (IV) және (VI) оксидтерінің қайсысында күкірттің массалық үлесі көп. Есептеу арқылы анықтаңдар.

Оқушылардың орындаған тексеру жұмысын мұғалім жинап алған соң, сабақ одан әрі жалғасады.



II.Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалім шәкірттердің бұрын алған білімі негізінде екінегізді күкірт қышқылының сатылып диссоциациялануын жаздырады. Натрий, кальций металдарының гидросульфат, сульфат тұздарының формуласын жазғызып, оксидтердің, гидроксидтердің, тұздардың әрекеттесуіне оқушылардың өздеріне мысалдар келтіріп, талдатады.

Күкірт қышқылының ерекше қасиетіне, соның ішінде қантқа әсеріне тоқталады. Содан кейін металдармен концентрациялы және сұйылтылған қышқылдың тотықтырғыштық қасиетінің нәтижесінде сутек ионы Н+ тотықсызданып, газ түріне бөлініп шығатын теңдеуді талдайды. Реакция теңдеуіндегі тотықсыздандырғышты, тотықтырғышты белгілейді:


Fe + H2SO4 = FeSO4 + H2 ↑

Концентрациялы күкірт қышқылы металдардың кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдармен (Cu, Hg, Ag)әрекеттескенде реакция өнімі SO2 түзіледі. Мысалы, берілген концентрациялы күкірт қышқылының күміспен әрекеттесу теңдеуіндегі тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыштымұғалімнің көмегіне сүйене отырып, электрондық баланс түрінде теңестіреді:

0 +6 + +4

Ag + 2H2SO4 = Ag2SO4 + 2H2O + SO2


Концентрациялы күкіртқышқылы күшті тотықтырғыш болғандықтан, металмен қосып қыздырғанда (алтын мен платинадан басқа) олардың белсенділігіне сәйкес әртүрлі өнімдер түзілетініне қысқаша көңіл аударады. Немесе төмендегідей сызбанұсқаны ұсынуға болады:

Zn, Sn, Pb

H2SO4 конц.

Cu, Hg




SO2, S, H2S



SO2

Екінегізді күкірт қышқылының орта тұздарын сульфаттар, ал қышқыл тұздарын гидросульфаттар дейді. Күкірт қышқылындағы және тұздар құрамындағы сульфат ионды SO42- анықтауға арналған сапалық реакцияға тәжірибе жасалады. Тәжірибе: екі сынауық алып, оның біреуіне күкірт қышқылының сұйылтылған ерітіндісін H2SO4 екіншісіне түсті натрий сульфатының ерітіндісін құяды. Екі сынауықтың үстіне 1-2 тамшы барий хлориді BaCl2 ерітіндісінен құяды да, болған өзгерісті оқушылармен бірге талдап реакция теңдеуін толық молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулермен көрсетеді. Осы оқулықтың I тарауындағы иондарды анықтауға арналған кестені оқушылар басшылықы алады.



III. Алған білімді қорытындылау. Оқулықпен жұмыс істей отырып, алған білімді жүйелі түрде қайталапшығады. Білімді жоспарлы түрде қорытындылап бекітудің үлгісін мұғалім ұсынады.

I нұсқа. Сұйылтылған күкір қышқылының негіздік оксидпен, негіздермен, карбонаттармен әрекеттесу теңдеуін жазыңдар.

II нұсқа. Концентрациялы күкірт қышқылының сынаппен Hg әрекеттесу теңдеуін тотығу-тотықсыздану теңдеуі түрінде жазыңдар.

III нұсқа. Концентрациялы күкірт қышқылының мыспен Cu әрекеттесу теңдеуін тотығу-тотықсыздану теңдеуі түрінде жазыңдар. Немесе оқулықтағы §13. 4-,7- жаттығуларды орындауға болады.

Үйге тапсырма. §12. 4-9-жаттығулар, есептер жинағы, жұмыс дәптері.


17-сабақ. Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Сабақтың мақсаты: азот атомның сипаттамасын Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Заттың ристалдық торы мен қасиеттері арасындағы өзара байланыстың себеп-салдарын түсіндіру.


1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет