Сабақтың мақсаты Электронды кестені қолданады. Электронды кестеде функцияда қарапайым есептерді шығара алады



Дата02.11.2019
өлшемі1.01 Mb.
түріСабақ

Оңтүстік Қазақстан Облысы, Кентау қаласы, “Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық гуманитарлық пәндер бағыттағы мектеп-гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Құрышбаева Назгүл Садыққызы.


Сабактың тақырыбы: Қолданбалы есептерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.3- электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану

Сабақтың мақсаты

Электронды кестені қолданады.

Электронды кестеде функцияда қарапайым есептерді шығара алады.

Электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды орындай біледі.

Оқушылардың барлығы:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

8 сынып

Бағалау критерийі

Электронды кестені қолданады, талдайды.

Электронды кестеде функцияда қарапайым есептерді шығарады және кірістірілген функцияларды ажырата алады.

Электронды кестені қолдана отырып, есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолданып, есеп шығарады және алған білімін теория және практика жөнінде іске асырады.

Тілдік

Microsoft Excel

Қолданбалы есептер

Есептерді шешу кезеңдері – Этапы решения задачи –



Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы бойынша құндылықтар

Индустрияландыру мен инновацияларған негізделген экономикалық өсім.

Оқушылардың топтық жұмыста және ортақ шешімге келуі барысында бір-біріне қолдау көрсетуі арқылы құндылықтарды сіңдіру.

Пән аралық байланыс:

Сызу, математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.



Алдыңғы білім:

Қол жетімді ақпараттың негізінде мәліметтерді талдау.

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

«Бұзық телефон» ойыны

(Сергіту сәті)

Дұрыс тындалым, айтылымға бағыттау.



Топтастыру кезеңі:

Оқушыларды екі түсті, яғни, сары және жасыл түсті гүлдердің көмегімен 2 топқа біріктіремін.

І топтың атауы: Функция

ІІ топтың атауы: Бөлшек



Топтың ережесімен таныстырамын

Топ ережесі:
  • Кезекпен сөйлеу, белсенді тыңдау
  • Көмектесу, көмек сұрау
  • Ұсыныстарды, идеаларды, пікірлерді талқылау
  • Өзара сыйластық, бір-біріне құрмет
  • Топтық шешім қабылдау, тоқтамға келу
  • Уақытты тиімді пайдалану, ұтымды жоспарлау
  • Бір-бірін қошеметтеу, мадақтау
  • Сұрақ қою, ұсыныс енгізу

І топ

ІІ топ

Жаттығулар

1 жаттығу

2 жаттығу

3 жаттығу

Тест сұрақтары

1 сұрақ

2 сұрақ

3 сұрақ

4 сұрақ

5 сұрақ

Тапсырмалар

1 тапсырма

2 тапсырма

Жалпы

Бағалау кестесі

Жаңа тақырып

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын тақырыптың атауы мен сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарын атап кетемін.

Қолданбалы есептер – күнделікті тұрмысқа қажет жағдайлармен ұштастырылған есептер.

Есептерді шешу кезеңдері:

1.Есептің қойылымы: шарттарды анықтау, шығару парағында «Берілгені» және «Табу» бөлімдерін рәсімдеу, кестені бастапқы деректермен толтыру.

2. Шешімді формализациялау: есептің математикалық моделін құру.

3. Шешімді табу алгоритмін құру.

4. «Шешуі» парағының «Математикалық модель» бөлімінде қолданылатын формуласын мәтін түрінде рәсімдеу.

5. «Шешеуі» бөлімінде есептеу торын құру.

“Шешуі” парағын рәсімдеу


«Дауыстап ойлау» әдісі Оқи отырып ой түю, ой бөлісу. Жаңа тақырып бойынша оқушыларға bilimland.kz сайтынан бейнеролик көрсетемін. Бейнероликте берілген жаттығулармен тест тапсырмаларын «Дауыстап ойлау» әдісі арқылы талқылап, орындатамын.


Bilimland.kz сайтының жаттығулары мен тест сұрақтары:

2.Төмендегі функциялардың қайсысы дұрыс жазылмаған?

А) СУММ(А2:А4)

Б) –СУММ (А2:А4)

В) /СУММ(А2:А4)

С) +СУММ(А2:А4)

1. Әр функцияда функцияның дұрыс жұмыс істеуін қадағалайтын __________ деп аталатын арнайы реттілік болуы қажет.

А) Аргумент

Б) Функция

В) Бөлшек

Д) Синтаксис

3. Кез келген функцияның алдына қандай таңба қойылады?

А) *

Б) ?


В) )

Д) Ешқайсысы

4. Аргумент ____арасында, функция атауынан кейін орналасуы тиіс.

А) Бағандар

Б) Қатарлар

В) Үтірлер

Д) Пәрмен

5. Функциядағы ұяшықтар ауқымын қандай символ айқындайды?

А) :

Б) –


В) ~

Д) ˆ


Тәжірибелік жұмыс.

«Буклет»


Ақпаратты жинақтау

Тапсырма 1.

Кітапханада әрбір беті орта есеппен 2000 белгіден тұратын 120 беттік 200 журнал және әр беті 3000 белгіден тұратын 300 беттік 500 кітап бар.

Сұрақ: кітаптапханада қанша ақпарат бар? Егер ақпарат көлемі 3 млрд-тан астам болса, интернет кітапханасын ашу, кері жағдайда ашпау.

Тапсырма 2.

Кестені қарастырып толтырыңыз және дәптерге орындап келіңіз!



Дескриптор

Білім алушы

Сабақты «Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі арқылы сабақты бекітемін.

Оқушының ойлау қабілетін дамыту

Оқушының өзіне тест құрастыру арқылы уақытты тиімді пайдаланады.

Сабақтың соңында оқушылар кері байланыс жүргізіледі:



«Бас бармақ» әдісі арқылы
  • Барлығын түсіндім
  • Енді түсініп келемін
  • Түсінбедім





Ұяшықтарға кестедегі мәліметтерді қолданып, орта бойлы, ең ұзын және ең қысқа бойлы оқушыны анықтаудың дұрыс формуласын жазыңыз.

 

Күнделікті өзін-өзі бағамдау нысан парақшаларын оқушыларға таратып шығамын. Оқушы беліген сұрақтарға өз бетінше өзіне жеке рефлексия жазып береді.







Үйге тапсырма



Күнделікті өзін-өзі бағамдау нысан парақшаларын оқушыларға таратып шығамын. Оқушы беліген сұрақтарға өз бетінше өзіне жеке рефлексия жазып береді:

Күнделікті өзін-өзі бағамдау нысаны:

1. Бүгінгі сабақта үйренгендеріңіздің ішінен өзіңіздің тәжірибеңізге нені пайдаланамын деп ойлайсыз?

2. Бүгінгі сабақта сізге бәрінен де не ұнады?

3. Бүгінгі сабақта Сіз түсінбеген мәселелер болды ма? Оны қалай пысықтағыңыз келеді?

4. Бүгін үйренгендердің ішінен Сіз үшін не айтарлықтай құнды (білім немесе дағдылар)?

5. Өзіңіздің қосатын ой-пікіріңіз бар ма?





Сабақтың соңы



Саралау

Бағалау

Қауіпсіздік ережесі
  • Оқушылардың компьютер алдында қауіпсіздік ережесі бойынша дұрыс отыруын қадағалаймын.
  • Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету ережесіне тоқталып кетемін.

Назар қойып тыңдағандарығызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет