Сабақтың мақсаты: молекулярлық теория негізінде оқушыларға газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысым туралы түсінік беру



жүктеу 51.09 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі51.09 Kb.
түріСабақ
: images -> files -> gilimi-adistemelik
gilimi-adistemelik -> Тақырыбы: «Қыс» өлеңі. Абай Құнанбаев Мақсаттары: Абайдың "Қыс" өлеңімен таныстыра отырып, сол кездегі
gilimi-adistemelik -> Сабақтың тақрыбы: Сандықтың бетін әр түрлі ою-өрнекпен әшекейлеу
files -> Урок по Новой истории в 8 классе по теме: США в XIX веке: модернизация, отмена рабства и сохранение республики
files -> Коммуникатив компетенция (аралашу осталыгы) формалаштыру. Компетенция
files -> Элективный курс «Абсолютная величина (модуль)»
files -> Техническое задание на выполнение мероприятия
files -> Программа реализуется в рамках образовательной программы мбоу дод «цвр «Тулпар», спортивно-технической направленности
gilimi-adistemelik -> Сабақ Сынып: 5а,5ә Сабақтың тақырыбы: Пионербол жарысы
Сабақтың тақырыбы: Газдың қысымы.

Сабақтың мақсаты: молекулярлық теория негізінде оқушыларға газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысым туралы түсінік беру;

газдың қысымы температура мен көлемге тәуелді екенін көрсету;

алған білімдерін практика жүзінде қолдану.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық, жеке.

Сабақтың әдіс-тәсілі: проблемалық, ізденіс.

Құралдар: компьютер, динамометр, ағаш білеуіш, сызғыш, Паскаль шары, пакет.
Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі -1 мин.

  2. Өткенді қайталау – 10 мин.

  3. Мотивация – 3 мин.

  4. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 20 мин.

  5. Бекіту -8 мин.

  6. Үй жұмысын беру – 2 мин.

  7. Бағалау – 1 мин.


Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, балалар. Отырыңдар. Кім жоқ бүгінгі сабақта?



Өткенді қайталау.
Сұрақтар қою.

  1. Қысым деп нені айтады?

  2. Қысымды қалай анықтайды? (тақтаға формуланы жазу)

  3. Осы формуладан әрекет ететін күш пен ауданды қалай анықтауға болады?

  4. Қысымның өлшем бірлігі не?

  5. 1Па қысым неге тең?

  6. Қысымды арттыруға немесе кемітуге бола ма? Ол үшін не істеу қажет? (мысал келтіру)

  7. Тақтадағы сурет не туралы? Қатты денелер түсірілген қысымды қалай жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады?

  8. Паскаль заңы қалай оқылады?


Эксперименталдық есеп шығару.

Үстел үстінде динамомерт, ағаш білеуіш, сызғыш жатыр. Осы құралдарды пайдалана отырып білеуіш үстелге қандай қысым түсіреді екенін анықтау керек. Әрбір қатарға әртүрлі жағдайлар.

Есепке қатысты 1 см-0,01 м, S=a*b, F=m*g, g=10 Н/кг

Есепті жұппен шығару, жалпы тексеру. Қорытынды шығару.



Мотивация. Пакет ішіне ауа толтырып жабылады. Пакетті айналдыра отырып, ішіндегі қысымды арттырып, пакет жарылады..

Сұрақ: Пакет ішінде не болды? (ауа)

Сұрақ: Қалай ойласыңдар пакет неліктен жарылды?

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сонымен, ауа бұл газ, ал бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы «Газдың қысымы». Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазайық.



Сабақ мақсаттарын айту: Газдың қысымы неден пайда болады және неге тәуелді болады екенін анықтайық.

Ол үшін біз келесі тапсырманы орындайық. Тақтада үш күйдегі молекулалардың орналасуы туралы суреттер көрсетіліп тұр. Олар қай күйге

Үш күйдегі заттардың қасиеттері мен молекулалардың қозғалысы туралы ақпаратты анықтайық.


Қатты

Сұйық

Газ

Нақты көлемі бар

Нақты пішіні бар

Молекулалар белгілі ретпен орналасқан

Молекулалар тербеле қозғалады









Осы кестеден газ күйіндегі молекулалардың қозғалысына назар аударайық. Молекулалар қалай қозғалады? Яғни, газда қысым неден пайда болады?
Электрондық оқулық бойынша тәжірибені көрсету.
Дәптерге анықтама жазу.

Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ молекулаларының соқтығысуынан пайда болады.


Енді газ қысымы неге тәуелді болады екенін қарастырайық.


Сұрақ: масса мен температура тұрақты болғанда көлем өзгерсе қысым қалай өзгереді?

Қорытынды: газдың массасы мен температурасы тұрақты болғанда көлемі кішірейсе, оның қысымы артады, ал көлемін ұлғайтса, көлемі кемиді.
Ал енді, температура дегеніміз не есімізге түсірейік?
Температура – дененің жылулық күйін сипаттайтын шама.

Сонда егер біз газдың көлемін өзгерпей қыздырсақ, онда оның қысымы қалай өзгереді? Не себептен?



Қорытынды: газдың көлемі өзгермесе, ал температура негұрлым жоғары болса, соғұрлым қысымы да үлкен болады.
Тәжірибені көрсету.
Үйге тапсырма: п.46.
Тақтадағы тест сұрақтарына жауап беру. Уақыт 5 минут.

Бекітуге арналған тест сұрақтары:



  1. Газдың қысымы неден пайда болады?

А) молекулалардың бір-бірінен алшақтау орналасуынан

Ә) молекулалардың өлшемдері кіші болғандықтан

Б) молекулалардың ыдыс қабырғасына соқтығысуынан

2. Температура тұрақты болғанда газдың көлемін ұлғайтса, онда қысымы қалай өзгереді?

А) артады Ә) кемиді Б) өзгермейді

3. Егер газдың температурасы төмен болса, онда оның қысымы қандай болады

А) үлкен Ә) кіші Б) бірқалыпты

4. Бөлмедегі қысым неге әсер етеді?

А) тек қана қабырғаға Ә) тек қана еденге

Б) тек қана төбеге Б) барлығына

5. Газ молекулалары қалай қозғалады

А) секірмелі Ә) тербеле Б) еркін, шапшаң


Дәптерлерді ауыстырып бір-бірлерінің жұмыстарын тексеріп баға қою.

Жауаптар: 1-Б 2-Ә 3-А 4-Б 5-Б

«5» -0 қате «4» - 1 қате «3»- 2 қате «2»- 2-ден көп қате болса.
Осымен сабақ аяқталды. Сұрақтар бар ма? Сау болыңыз.


Тест сұрақтары


  1. Газдың қысымы неден пайда болады?

А) молекулалардың бір-бірінен алшақтау орналасуынан

Ә) молекулалардың өлшемдері кіші болғандықтан

Б) молекулалардың ыдыс қабырғасына соқтығысуынан

2. Температура тұрақты болғанда газдың көлемін ұлғайтса, онда қысымы қалай өзгереді?

А) артады Ә) кемиді Б) өзгермейді



3. Егер газдың температурасы жоғары болса, онда оның қысымы қандай болады

А) үлкен Ә) кіші Б) бірқалыпты



4. Бөлмедегі қысым неге әсер етеді?

А) тек қана қабырғаға Ә) тек қана еденге

Б) тек қана төбеге Б) барлығына

5. Газ молекулалары қалай қозғалады

А) секірмелі Ә) тербеле Б) еркін, шапшаң



Тест сұрақтары


  1. Газдың қысымы неден пайда болады?

А) молекулалардың бір-бірінен алшақтау орналасуынан

Ә) молекулалардың өлшемдері кіші болғандықтан

Б) молекулалардың ыдыс қабырғасына соқтығысуынан

2. Температура тұрақты болғанда газдың көлемін ұлғайтса, онда қысымы қалай өзгереді?

А) артады Ә) кемиді Б) өзгермейді



3. Егер газдың температурасы жоғары болса, онда оның қысымы қандай болады

А) үлкен Ә) кіші Б) бірқалыпты



4. Бөлмедегі қысым неге әсер етеді?

А) тек қана қабырғаға Ә) тек қана еденге



Б) тек қана төбеге Б) барлығына

5. Газ молекулалары қалай қозғалады

А) секірмелі Ә) тербеле Б) еркін, шапшаң



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет