Сабақтың мақсаты: құрғақ сүт өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау



Дата13.10.2019
өлшемі13.93 Kb.
түріСабақ
Тәжірибелік сабақ тақырыбы: Құрғақ сүттің сапалық көрсеткіштерін анықтау

Сабақтың мақсаты: құрғақ сүт өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау

Құрал-жабдықтар: колба, құрғақ сүт консервілері, май өлшегіш, күкірт қышқылы(тығыздығы 1,81-1,82), 0,1 н натрий сілтісі, изоамил спирті, фенолфталеин, су моншасы және т.б.
Құрғақ cүт. Үлгіні қантты қоюлатылған сүттегідей үлгі бойынша алады. Үлгіні 50-60 г қуыс бұрғымен алып, берік кептелген тығыны бар банкіге орналастырады.
1-тапсырма. Сүттегі май мөлшерін майөлшегіште анықтау техникасы.
1. Май өлшегішке 10 мл қышқылды (тығыздығы 1,81-1,82) өлшейді.
2. Үлкен емес стақанға 1,5 г құрғақ сүтті өлшеп, үстіне 4 мл ыстық су (70-75⁰С) құйып, мұқият шыны таяқшамен араластырады.
3. Стақандағы массаны майөлшегішке қышқылмен шығынсыз аударып, стақанды бірнеше рет 3 мл-лік порциямен шайып, суды майөлшегішке құяды. Майөлшегіштегі сұйықтық деңгейі мойнынан 4-6 мм төмен қыздырылған су моншасында әр центрафугалаудың алдында 65±2⁰С температурада екі сатылы центрифугалау қолданылады.
4. Майөлшегіштегі көрсеткішті 7,333-ке көбейтеді, өйткені құрғақ сүттегі май мөлшерін %-ға есептеу үшін. Параллельді анықтау кезінде айырмашылығы 0,05% аспауы керек.
2-тапсырма. Қышқылдығын анықтау

Қышқылды анықтау техникасы.

1. Фарфорлы ыдысқа 1,25 г құрғақ сүтті технохимиялық таразыға өлшейді.


2. Үлкен емес порцияда түйіршік мұқият ұнтақталуы тиіс, үстіне 10 мл су (температурасы 60-65С) құяды. Ерітіндіні салқындатып, үстіне тағы 20 мл су (температурасы 20⁰С) құяды және 3 тамшы фенолфталлеин тамызады.
3. Ерітінді 0,1 н натрий сілтісімен әлсіз қызғылт түске дейін титрлейді.
4. Титрлеуге кеткен сілті мөлшерін 10-ға көбейтеді (мл), шыққан сан Тернер градусындағы сүт қышқылының саны болып табылады.
3-тапсырма. Сүттің ерігіштігін анықтау техникасы.

1. Градуирленген центрифугалы пробиркаға технохимиялық таразыда 10 мл 1,25 г құрғақ


сүт өлшеніп алынады, үстіне 5 мл дистилденген су (температурасы 65- 70⁰С) пипеткамен тамызып, біртекті масса пайда болғанға дейін шыны таяқшамен араластырады.
2 .Таяқшаны суырып алып, сумен шайып, сұйықтықтың көлемін 10-ға бөлгенге дейін жеткізу керек.
3. Резиналы тығынмен пробирканы жауып, ерітіндіні араластырып, 5 минутқа су моншасына (65-70⁰С) қояды.
4. Су моншасынан шыққан пробирканы 1 мин шайқап, кейін бірбіріне қарама-қарсы қаратып, центрифугаға орналастырады. 1000 айн/мин жылдамдықпен 5 мин центрифугалайды.
5. Қалдық көлемін есептейді.

Бақылау сұрақтары
1 Құрғақ сүттің құрамы мен құрылымы қандай?
2 Құрғақ сүт консервісінің технологиялық тізбегін айтыңыз
және салыстырмалы баға беріңіз.
3 Стандартқа сай құрамды өнім алу үшін,сүтті өңдеуге қалай дайындайды?



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет