Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту



жүктеу 1.69 Mb.
бет10/11
Дата02.04.2016
өлшемі1.69 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"

Кітаппен жұмыс: романдағы кейіпкерлерге мінездеме береді

Хронологиялық таблицамен жұмыс: таблицадағы елеулі жылдарды белгілейді

Білімді бекіту: «Абай жолының» бірінші баспасы қай жылы жарық көрді?

2.Романдағы Қамқа мен Қодардың іс-әрекеті тарихи шындық па?



Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Абай жолын» оқып келуге беремін

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың драматургиясы

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін артыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабатылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге М.Әуезовтың «Абай жолы» романы берілген.Романның мазмұнын сұраймын..

1.Эпопеяның алғашқы нұсқасы қай жылы жарық көрді?

2.Роман-эпопея дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

М.Әуезов – қазақ әдебиетіндегі алғашқы драмалық шығарманың авторы.Драматург ретінде М.Әуезов пьесалары басқа да көркем туындылары сияқты шұрайлы шешен тілімен,бай мазмұнымен,кейіпкерлердің алуан тағдырлы,қым-қиғашты тірлік сезімдерімен ерекшеленеді.

«Еңлік-Кебек» - 1917 жылы мамыр айында,жайлауда Абайдың жары Әйгерім үйінде алғаш қойылған,қазақ елі тарихындағы бірінші пьеса.Пьеса Шыңғыстау жерінде болған оқиғаға негізделіп құрылған.Бұл жөнінде ақын, Абайдың немере інісі,Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек»(«Жолсыз жаза,яғни кез болған іс») деген поэмасы да бар.Еңлік пен Кебек жөніндегі аңыз Шыңғыстау, Семей,Тарбағатай өңірлеріне кең тараған.Халық жыр қылып айтып,махаббат дастаны етіп сақтаған қадірлі аңыздың куәсі Еңлік-Кебек моласы қазірге дейін сақталған (Абай ауданында)

Жер дауы,жесір дауы – қазақты ежелден бір-біріне жау,дұшпан еткен бітіспес күрестері.Еңлік пен Кебек те – жауласқан екі ру – Матай мен Тобықты елінің жалған намыстарының құрбандары.

М.Әуезовтың шоқтығы биік,қымбат шығармаларының қатарында – «Қарагөз» пьесасы бар.Алғаш рет 1926 жылы Семейде басылған.Кейінен 1960 жылы Алматыда «Қараш-Қараш» деп аталатын жинаққа кіргізілген.Пьесаның тақырыбы – махаббат,сүйіспеншілік.Көркем бейнелердің шебер жасалғандығымен,лирикалық тебіренісінің күштілігімен де пьеса нағыз суреткер қолтаңбасын танытады.

М.Әуезовтың «Бәйбіше-тоқал» пьесасы 1918 жылы жазылып,1923 жылы басылған.

Пьесаның оқиғасы Есендік байдың бәйбішесінің балалары мен тоқалы Қайшаның жауласуы,мал үшін,байлық үшін таласуын баяндайды.Күндестің баласы деп бәйбішеден туған Дәмешті сүймеген басы таз,теңі де емес Аманбай деген бауырына алдап,арбап,қорқытып қосқысы келген тоқалдың ойы жүзеге аспай қалады.

Драматургия саласындағы «Октябрь үшін» деп аталатын шығармасы Жетісудағы социалистік революцияның тарихынан хабар береді.1933 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген,пьеса еш жерде қойылмаған.Саясат ықпалымен жазылған.

1916 жылдың оқиғасын суреттейтін қаламгер туындыларының бірі – «Түнгі сарын» пьесасы.

«Айман-Шолпан»(1934 жылы және1956 жылы өзгеріп қайта басылған) – осы аттас лиро-эпостық жырдың оқиғасын сақтап жазылған.М.Әуезовтың «Тас-түлек», «Шекарада». «Алма бағында» деп аталатын пьесалары – жаңа социалистік қоғамның қажетін өтеу мақсатында,заман ағымымен жарық көрген шығармалар.Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, «Сын сағатта», «Намыс гвардиясы»(Ә.Әбішевпен бірге жазылған), «Қынаптан қылыш»(Ғ.Мүсіреповпен бірге) пьесалары елді қорғау,Отанды,жерді сүю идеяларын көтеріп,халықтың рухын көтерді



Пьесалары: «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Тас түлек», «Шекарада», «Алма бағында» т.б.

Кітаппен жұмыс: М.Әуезовтың пьесаларын рөлге бөліп оқиды Білімді бекіту: 1.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәселені көтерді? 2.М.Әуезовтың 20-жылдарда жазылған әңгімелер топтамасы қандай идеяны,тақырыпты қозғайды? Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:М.Әуезовтың драматургиясын оқып келуге беремін
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабатылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәселені көтерді? 2.М.Әуезовтың 20-жылдарда жазылған әңгімелер топтамасы қандай идеяны,тақырыпты қозғайды



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы,қазіргі Солтүстік қазақстан облысы,Жамбыл ауданында туған.Ауыл молдасынан хат танып,1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысында 2 класты орыс мектебіне түседі,белгілі ақын,талай жақсы жайсаңдарды оқытқан Бекет Өтетілеуовтен оқиды. Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищені бітіріп,жеті жылдық білім алады.

1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін бітірген соң,бір жыл Омбы қаласындағы ауыл шаруашылық академиясында оқыған.1928-1938 жылдары түрлі жауапты орындарда,баспасөзде қызмет атқарады.1938-1955 жылдарда таза әдеби жұмыспен айналысады.1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы,Қазақстан жазушылар одағының бірінші хатшысы болған.
Хронологиялық таблицамен жұмыс: таблицадағы елеулі жылдарды белгілейді
Әңгімелері: «Қос шалқар»1928, «талпақ танау»(1933), «Шұғыла» (1933), т.б.
Повестері: «Тулаған толқында», «Көк үйдегі көршілер», «Өмір ертегісі», «Алғашқы адымдар»,

«Тұтқын қыз», «Жайлау жолында», «Туннель»


Романдары: «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Жат қолында», «Ұлпан»
Пьесалары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты», «Қыз жібек», «Амангелді».
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтың өмірбаянын оқып келуге беремін

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің әңгімелері

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, топтастыру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ғабит Мүсіреповтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Ғабит Мүсіреповтың қазақ әдебиетінде сіңірген еңбегі туралы айт.

2.Ғабит Мүсірепов әдебиеттегі сөз құдіретін түсінген қазақ сөзін қадірлеп өткен қаламгер екені белгілі,бұған өзің қандай мысал келтіресің?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ғ.Мүсіреповтің алғашқы әңгімесі – 1928 жылы жазылған «Қос Шалқар».туған өлкесіне ержеткенде оралған кейіпкердің өткенді бүгінгімен салыстыра еске алғаны айтылады.Бүгінгі қос Шалқар кешегі сәби көңілін құлазытқан жер емес екенін түсінгені айтылған.Жазушы әңгіме кейіпкерінің екі Қос Шалқардағы екі түрлі өмірді көргенін,екеуі екі түрлі сезім екенін суреттеген.

Жазушының «Талпақ танау» (1933) әңгімесі қазақ аулына шошқаның алғаш келуін суреттейді.Шошқаны «малдан гөрі итке ұқсайды», «бауыры толған қаз-қатар емшек» деген ауыл адамдарының сөзін келтіруден-ақ қазаққа жат малдың қадірлі санайтын қоймен(«қойға теңемеші кәпірді») қатар бағуды күштеп кіргізіп отырған саясатты астарлы жеткізеді.

Халыққа теңдік,жақсылық береміз деген социализм сұмдығы, «Шұғыла»(1933) әңгімесінде де ашылады. «Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын» деген үкімет саясаты қазақтың күнкөрісі малынан тігерге тұяқ қалдырмай түгел алып қояды.Халық аштыққа,жаппай қырылуға ұшырайды.Осы жайды жазушы ашық жазбағанымен,аштықтың себебін,кінәлі басшылықты астармен бейнелейді.Елді тентіретіп,алдының аштықтан өлуіне себепкер болғандардың бірі – Дәулетбек піркәншік пен оның әйелінің топастығын,сұрқиялылығын суреттейді.Алғашқы жоғарыда аталған шығармаларында 20-30 жылдардағы халық өмірінің шынайы шындығын берген түбегейлі тартысты ойнақы әзілмен,жарасымды қалжыңмен,ұлттық нақышпен дәл суреттеуін шеберлік үлгісі деуге болады.

Жазушының аналар бейнесін ашқан әңгімелерінің өзі бір роман жүгін көтереді. «Ер ана», «Ақлима», «Ананың арашасы», «Ашынған ана» әңгімелерінде әйел-ананың өр,ер,тәкаппар,еңбекқор,рухы күшті бейнелері жасалды.Ана деген сөзбен адамгершілік асыл қасиеті ашады.Нағима,Наталья,Ақлима,Қанапия аналардың ерлігін жаза отырып,халық ерлігінің төркініне бойлатады.

Жазушы «Этнографиялық әңгімесінде» қазақ қоғамындағы өз ортасы қажетсіз дәтүрді ұстанған ауыл тағдырын жазады.Жаңаны қабылдағысы келмеген,ата салтты ұстанамыз деген төре ауылының аянышты тағдыры,болашағы күліп отырып жылатады.

Қазақтың белгілі жазушысы,әңгіме шебері Б.Майлин өмірінен жазылған «Біздің Биаға» туындысының да берері көп,тағлымы мол,көркем. Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтың әңгімелерін оқып келуге беремін
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің романдары

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу,

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзімен қарап,жлдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ғабит Мүсіреповтың әңгімелерін сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Ғабит Мүсіреповтың қандай шығармаларын білесіңдер?

2.Ғабит Мүсірепов «ана» тақырыбына байланысты қандай шығармалар жазды?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жазушының «Қазақ солдаты» романы(1950) Кеңестер Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың өмірінен алынғанБас кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің балалық шағынан,ауылдан қалаға қашып келген оқиғадан басталып,азамат болып қалыптасуына дейінгі аралықты қамтиды.

«Оянған өлке» 1953 жылы жазылған.қазақ даласындағы капиталистік қатынастардың кіріге бастауы,өнеркәсіп,өндіріс орындарының бой көтеруі,жұмысшы табының қалыптасуы т.б. тарихи,саяси-әлеуметтік оқиғлар кеңінен суреттелген. «Жат қолында»(1984) романын «Оянған өлкенің» жалғасы деуге де болады.Жазушы ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Орталық Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік өмірді жазады.Романның бас кейіпкері – күрескер Кенжеғара Берікқарин. «Оянған өлкедегі» Игілік байдың ұлы,бірақ сол кезеңге лайықтала сомдалған жаңа бейне.

Ғ.Мүсіреповтың әйел-ана бейнесін жасаған бірнеше әңгімелері бар екенін жоғарыда айтып өттік Сол топты толтыратын туындысы - «Ұлпан» романы.Ұлпан – рухы күшті,мінезі кесек,жарқын тұлға.қазақ әйелінің асыл қасиеттерімен бірге ерге лайық мінезді бойына тұтқан Ұлпан ел-жұртының қамқоры,тағдыры қатпар-қатпарлы,мыңғырған мал,самсаған байлық иесі болғанымен ел ішінің қатал заңдары Ұлпанға қиындығы мен қасіретін де аз тартқызбайды.Соны жеңе білген,рухын түсірмеген,парасат,тазалығымен өмір кешкен Ұлпан өмірін үлгі етеді.
Романдары: «Оянған өлке», «Жат қолында», «Ұлпан»

Топпен жұмыс: романдағы басты кейіпкерлерге мінездеме беру

Семантикалық картамен жұмыс:

1902 жылы дүниеге келді

1917 жылы оқуға түседі

1923 жылы Омбы қаласында оқиды

1928-1938 жылдары жауапты орындарда қызмет атқарады.

1938-1955 жылдары әдеби жұмыспен айналысады.

1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин

(1894-1938)

Сабақтың мақсаты:

а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу ;

б) Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бейімбет (Бимағамбет) Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы,Таран ауданындағы Майлин кеңшарында туған.Бала кезінде әкесінен айырылған Бейімбет әжесінің қолында өседі.Әжесі ақынжанды,ескі жыр,дастан,өлеңдерді көп білетін,көкірегі ояу жан екен.Байдың қозысын бағып,жоқшылық дәмін ерте тартқан Бейімбет жасынан өнерге бейім болып өседі.Ауыл молдасынан сауат ашып,хат таныған Бейімбет ауылдағы Әбдірахман Сатыбалдин деген татар молдасынан оқиды.Көрші ауылға барып,медреседен білім алады.

1913-1914 жылдары Троицкіде «Уазифа» мектебінде,Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды.Медреседе әдебиетке бейім жастардың «Садақ» журналы шығып тұрады.Б.Майлин осы журналдың редакторы әрі тұрақты қаламгері болады.Алғашқы «Шұғаның белгісі» повесі 1914 жылы осында жарияланады.

1915 жылы Троицкіге,дәрігерге қаралу үшін оқуын аяқтай алмай,қайта келеді.Осында «Айқап» журналында Сұлтанмахмұт Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен танысады. «Айқап» беттерінде бірнеше өлеңдері жарыққа шығады.1916-1919 жылдары мұғалім болады.1919-1921 жылдары кеңес жұмысына орналасады.1922 жылы С.Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп,баспасөз қызметіне араласады.1923 жылы Қостанай қаласында «Ауыл» газетін шығаруға қатысады.1925 жылдан 1934 жылға дейін республикалық баспасөздерде,баспа орындарында түрлі қызметтер атқарады.

Ақын,жазушы,драматург Б.Майлин де 1938 жылы жазалау құрбанына айналады.

өлеңдері: «Кедейге», «Байлыққа», «Ұлы күні», «Жазғы қалып», «Мал», «Ауылда» «Мырқымбай», «Қуаныш», «Кедейдің кейістігі», «Көш», «Бүгін», «Қора сор», «Бөліс», «Қанжар», т.б.

поэмалары: «Кемпірдің ертегісі» (1927), «Қанай» (1926), «Бөліс», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі», «Байдың қызында» (1917), «Қашқан келіншек» (1921), «Рәзия қыз» (1919), «Маржан» (1923), «Досалыдан бір дастан» (1931).

әңгімелері: «Сексен сом», «Айранбай», «Шапайдың хаты», «Күлтай болыс», «Ақталған еңбек»

повестері: «Шұғаның белгісі» (1915), «Раушан коммунист» (1927), «Әміржанның әңгімесі» (1932), «Берен» (1935), «Он бес үй» (1930), «Қырманда» (1933)

романы:аяқталмаған «Азамат Азаматыч»

драматургиясы: «Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей», «Қос қақпан», «Амангелді», «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», «Көзілдірік», «Біздің жігіттер», «Неке қияр».

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге Б.Майлиннің өмірбаянын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Қазіргі Әдебиет

Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерін өмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Әдебиетті кезеңге бөлуде қазіргі әдебиетке 1960-1980 жылдарда жазылған көркем шығармалар кіреді.

Бұл кезеңнің ерекшелігі «түрі ұлттық,мазмұны социалистік» реализм әдісінің шеңберінен шықпай,қатал сынақ пен тексеруден өтуінде.Кеңестік жүйе әдебиет шығармаға көп шектеу қойғаны да мәлім.Десек те,тамыры тереңге тартқан,арнасы кең,мәуелі қазақ әдебиеті үшін де 60-80 жылдар сәтті кезең болды.

Қазақ әдебиетіндегі көне түркі дәуірінен басталып,ауыз әдебиеті мұрасымен толығып,жыраулар өлеңдерімен жарақтанған,көркемдіктің небір үлгісін мөлдірете төккен ХІІІ-ХІХ ғасырлар ақындары мен Абайдың өлмес мәңгілік жырларына сусындаған, «елім», «ұлтым», «халқым» деп жыр жазып қана қоймай,өмірін арнаған Ахмет,Жүсіпбек,Міржақып,Мағжан,Сәкен,Бейімбет,Ілияс, туындыларын,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ғ.Мүсірепов сынды классиктер шығармаларымен ерте танысқан ұрпақ әдебиетке жаңа ізденістер,тың жаңалықтар әкелді.

Әдебиетті насихаттайтын,сиясы кеппеген шығарманы оқырманға жеткізген «Жұлдыз», «Жалын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеті көркемдік әлемнің жаршысы болды.Әдебиетте тақырып көлемі кеңейіп,шеберлік талай талантты танытты.

Әдебиеттегі сын,теория,тарихы жағынан зерттеудің жан-жақтылығы,тереңдігі,жаңашылдығы да көркем әлемнің қуаты мен әсем суретіне әсер етті.

Қоғамдағы,табиғаттағы,ғылымдағы жаңа ашулар мен жаңалықтар әдебиетте өз ізін қалдырды.Тарихқа қайта көз салып,көркем әлеммен сабақтасты.Ел,ұлт,халық тағдыры талқыға түскен шақта ту ұстаған ерлер бейнесі сомдалды

Қазіргі кезеңдегі қоғамдық өзгеріс,қазақ салт-дәстүріне ықпал ететін түрлі әлеуметтік жағдайларға көркемдік тұрғыда баға берілді.Осы тұрғыда қазақ әдебиетінде қазіргі адам,қазіргі қоғам көрінісіне баға берген шығармалар да көп жазылды.

Туған жер, өскен ел,Отан,атамекен,атажұртқа деген ұлттық көзқарас,таным мен қоғам өзгерісі,қақпақылына түскен адам көңіліне,жанына үңілген көркем шығармалар туды.



Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қазіргі қазақ әдебиеті тақырыбын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ прозасы

Тарихи тақырып

Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерін өмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:




Шығарма аты

Авторы

Шығарма арқауы

1

Көшпенділер

Ілияс Есенберлин

Қазақ елінің тарихы,тайпалар,мемлекеттер арасындағы соғыс,қазақ мемлекетінің негізі,құрылуы,орнығуы,қазақтың өзін-өзі елге танытуы сияқты тарихи оқиғалар Тәуке,Әбілқайыр,Бұрындық,Абылай хандар билігімен сабақтаса суреттеледі.

2

Ақ Жайық

Хамза Есенжанов

1918-1919 жылдары Оралдағы төңкеріс,елді бақытқа жеткізер заман туды деген күрескерлер сенімі,өмірі туралы жазылған.

3.

Аласапыран

Мұхтар Мағауин

ХVI-ХVII ғасырлардағы қазақ елі,орыс-қазақ қатынастары,Ораз Мұхамедтің орыс еліндегі ел іргесін бекітудегі еңбегі жайында

4

Қан мен тер

Әбдіжамал Нұрпейісов

ХХ ғасыр басындағы қазақ елі,соғыс,төңкеріс,әлеуметтік тартыс,тап арасындағы қайшылық бейнеленген

5

Соңғы көш

Қабдеш Жұмаділов

Аласапыран заманда елден адасып алыста,Қытай елінде қалған қазақтың атамекенге оралуы суреттеледі

6


Үркер

Әбіш Кекілбаев

Қазақ елінің Ресей патшалығына бодан болуы,екі арадағы саяси қатынастар көркем баяндалады

7

Елім-ай

Софы Сматаев

«Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» жылдарындағы ел басындағы қайғы-қасірет, ауыртпашылық,күрес бейнеленеді.

Қазақ әдебиетінде тарихи тұлғалар бейнесі поэзия,проза,драма жанрында 60-90 жылдарға дейін жасалды.Кейінгі Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуында» әл-Фараби,Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңызында» Бауыржан Момышұлы, Ш.Мұртазаевтің «Қызыл жебесінде» Тұрар Рысқұлов,С.Жүнісовтың «Ақан серісінде» Ақан Қорамсаұлы сияқты ел есіндегі жандардың бейнелері сомдалды.Бір-біріне тілі,мазмұны,көркемдік әдісі жағынан түрлі сипатымен ерекше бұл шығармалардағы ортақтық көркем бейнемен тарихи шындық сабақтастығы, жеке тұлғаның ғана емес,ел шежіресінің де суреттеуін беруінде.

Қазақ әдебиетінде осы кезеңдегі жазылған шығармалардың бір тобы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған.Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», «Бір түннің оқиғасы»,Қасым Қайсеновтың «Партизан соқпақтары», Әди Шәріповтың «Қапастағы жұлдыздар»,Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» т.б. шығармаларында соғыс қасіреті,ұрыстағы жауынгерлер жан дүниесі,өлім мен өмір арпалысы,Отан үшін от кешкен ерлер ісі суреттеледі.

60-90 жылдары қазақ әдебиетінде замандас бейнесін суреттеп,бүгінгі күн тақырыбына арналған шығармаларда О.Бөкеев,Д.Исабеков,З.Шашкин, М.Мағауин,С.Мұратбеков,Т.Әбдіков,Қ.Жұмаділов,Д.Досжанов,Қ.Найманбаев, Т.Нұрмағанбетов өз стильдерімен,өз кейіпкерлерімен ерекшеленді.

Ауыл тақырыбы,қоғамдық өзгерістер тұсындағы жылдар,ғасырлар қалыптастырған салт-дәстүр,таным іргесінің сөгілуі,алдыңғы толқын мен кейінді кеңес тәрбиесімен көз ашып,молынан сусындаған ұрпақ арасындағы көзқарас түрлілігі О.Бөкеев,Қ.Жұмаділов,Т.Әбдіков,О.Сәрсенбаев,Д.Исабеков т.б. туындыларында көркем бейнеленді.

Шаруашылық,өндіріс тақырыбына З.Шашкиннің «Теміртауы»,Т.Ахтановтың «Бораны»,З.Қабдоловтың «Жалыны» т.б. жазылды.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет