Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту



жүктеу 1.69 Mb.
бет9/11
Дата02.04.2016
өлшемі1.69 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
І.Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында(қазіргі Алматы облысы,Ақсу ауданы)туған.Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз-ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсірді. Біраз уақыт Қарағаш деп аталатын жерде Мамановтардың ашқан жаңа үлгідегі мектепте оқиды.1920 жылы Алматыдағы үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.Ташкенттегі Қазақ ағарту институтына түсіп,денсаулығының нашарлауына байланысты аяқтай алмайды,алғашқы өлеңдері «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады.

1928 жылы «Сағанақ» деген атпен тұңғыш кітабы шығады.1927-1937 жылдары жазылған поэзия,проза,драматургия,сын,аударма салаларында мол әдеби мұралар – қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары.І.Жансүгіров Москвадағы Коммунистік журналистика институтында оқиды. «Еңбекші қазақ» газетінде,1934-1935 жылдары Қазақстан көркем әдебиет баспасында қызмет етеді.І.Жансүгіров 1938 жылы репрессия құрбаны болды.


Өлеңдері: «Көңілдің жүгірісі», «Өзіме», «Сәлемдеме», «Замандасқа», «Талғамалар», «Жаңылғаным» т.б.

Поэмалары: «Күй»(1929), «Дала»(1930), «Күйші»(1934), «Құлагер»(1936).
Драматургиясы: «Кек», «Түркісіб»
Кітаппен жұмыс. Ілиястың өлеңдерін мәнерлеп оқиды және құрылысына қарай талдайды.
Білімді бекіту: І.Жансүгіровтың алғашқы өлеңдері қандай тақырыптарды көтерді? т.б.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «І.Жансүгіровтың поэмалары» деген тақырыпта реферат жазып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев

(1846-1945)

Сабақтың мақсаты: а) ақын туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген І.Жансүгіровтің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.І.Жансүгіровтің алғашқы өлеңдері қандай тақырыптарды көтерді?

2.І.Жансүгіровтің туып-өскен ортасы,қанат қаққан жері жайлы айтыңдар.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жамбыл Жабаев Шу өзенінің бойында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында сауат ашқан Жамбыл,молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді.Жастайынан ән мен өлеңге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан өлең шығарды.М.Әуезов «Жетісу ақындарының алтын қазығы» деп бағалаған Сүйінбай Аронұлы Жамбылдың өлеңдерін,ұнатып,батасын береді.

Жамбыл Сарбас,Досмағамбет,Құлмамбет сияқты өз өңіріне танымал ақындармен айтысады. Ақынның 1916 жылғы маусым жарлығынан кейінгі халық көтерілісін суреттейтін «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» сияқты өлеңдері бар.Кеңес дәуірінде Жамбыл жаңа тұрмысты жырлап,халыққа бақытты,шаттықты тұрмыс келді деп жазады.

1936 жылы Қазақстанның Москвада өткен әдебиет пен өнерінің онкүндігіне қатысады.1937 жылы грузин ақыны Шота Руставелидің 750 жылдық тойына қатысады.Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған.

«Ленин» және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталады.Бұның бәрі ақынға жаңа шабыт,тың күш қосады

Жамбыл Жабаев 1945 жылы 100-ге қараған шағында қайтыс болды.

Жамбыл Жабаев – халық поэзиясының ірі өкілі,жазба әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған, көпшіліктің мұрат мүддесін,арманын шырқаған ақын.


Кітаппен жұмыс: кітаптан Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Шығармашылық жұмыс: Жамбылдың қандай қыз ақындармен айтысқанын жазады.

(Айкүміспен,Бөлектің қызымен)


Білімді бекіту: 1. Ж.Жабаев пен Жетісу ақындары туралы не айтасыңдар?

2.Бүгінгі күн көзқарасымен қарағандағы Жамбылға берілетін баға қандай?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың өмірбаянын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың айтыстары

(1846-1945)

Сабақтың мақсаты: а) ақын туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Ж.Жабаевтің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. .

1. Ж.Жабаев пен Жетісу ақындары туралы не айтасыңдар?

2.Бүгінгі күн көзқарасымен қарағандағы Жамбылға берілетін баға қандай?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақын атағын шығарған,елге танытқан – айтыстары.Жамбыл айтыстарының ерекшелігі қашанда бір бағытты ұстап,сол жолда бар өнерін жарқырата көрсететіндігі.Айтыстағы Жамбыл тақырыбы - әлеуметтік теңсіздік,ел ішіндегі қиянат.Халық басындағы мұң-мұқтажды,арман-тілекті айтып,қашанда ел атынан жырлаған ақын жеңіске жетіп отырған.

Жамбыл айтыстарының ішіндегі ең көрнектісі,ең кең жайылғаны – 1881 жылы Құлмамбетпен айтысы.Құлмамбет Албан,Дулаттың бай,билерін мақтап,өз руын көтеріп,барын әспеттейді. Жамбылдың жеңісі – адамдық байлық мал,дәулет емес,батырлық,татулық, ынтымақ, әділдік сияқты қасиеттер екнін жеткізе айтқанында.Жамбл рулық мақсат,мүддеден халық,жалпы адамшылық тілекті жоғары қояды.

Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт.

Досмағамбетпен айтысы 1902 жылы өткен.Бұнда Жамбыл:

Екі жүзді болмасаң,

Байды неге мақтайсың?

Қайыры көпке тимеген,

Әкімдікпен билеген,

Жарлыжалшы сүймеген

Ханды неге мақтайсың?

Халыққа тиген пайдаң жоқ,

Қайтіп тұзыңды ақтайсың? – дейді ,ел тілегі,ой,арманымен қабысыпортақ арна табады.

Жамбылдың Айкүміспен,Жамбылдың Бөлектің қызымен (1880жылы) айтыстарында жастық,мөлдір сезім,сыйластық,жарасым бар.

Жамбыл Жабаев – халық поэзиясының ірі өкілі,жазба әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған,көпшіліктің мұрат мүддесін,арманын шырқаған ақын.


Кітаппен жұмыс: кітаптан Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың айтыстарын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов

(1900-1973)

Сабақтың мақсаты: а) жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып,оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,бүктемелер

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Ж.Жабаевтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Жыр алыбы Жамбыл туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

2.Жамбыл кімдермен айтысқан?

3.Қандай патриоттық өлеңдерін білесіңдер?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақын,жазушы,драматург қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Сәбит Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысында 1900 жылы туған.Ауыл молдасынан ескіше оқыған.Бала кезінен қисса-дастан,жыр,аңыздарды жатқа айтып өскен.С.Мұқанов қазақ әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысады.Кейінен Омбыдағы мұғалімдік оқуға түседі.1922 жылы Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды.Ленинград университетінде,қызыл профессура институнда білім алады. «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінде қызмет етеді.жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарады.

С.Мұқанов - әдебиеттің түрлі жанрларында асыл мұралар қалдырған қаламгер.Оның әңгімелері, романдары,өлеңдері мен поэмалары,драмалық шығармаларымен бірге очерктері,ғылыми еңбектері,әдебиеттегі тұлғалар,әдебиет жанрлары жайындағы еңбектері де қазақ елі үшін құнды дүниелер.

Поэзиясы: «Бостандық», «Кедей баласы», «Батырақ», «Октябрь өткелдері» «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Жолы жоқтар біздің жолға қосылған», «Егістік», «Балқаш», «Конвейер», «Майға сәлем», «Пионер», «Жетім қыз үйінде», «Сұлушаш».

Прозасы: «Теміртас», «Есіл», «Өмір мектебі», «Менің мектептерім», «Адасқандар» («Мөлдір махаббат») «Сырдария», «Ботагөз»

Пьесасы: «Аққан жұлдыз» («Шоқан Уалиханов»)пьесасы.

Дәптермен жұмыс: С.Мұқановтың поэзиясын,прозасын,драматургиясын жазады.

Кітаппен жұмыс: кітаптан С.Мұқановтың шығармаларын оқиды
Білімді бекіту: 1. С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы несімен ерекшеленеді?

3.С.Мұқановтың сүбелі шығармасы «Адасқандардың» дүниеге келуіне не себеп болды?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: С.Мұқановтың өмірбаянын және шығармаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың поэзиясы

(1900-1973)
Сабақтың мақсаты: а) жазушының поэзиясынан мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып,оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген С.Мұқановтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасы несімен ерекшеленеді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Кеңес өкіметі орнаған шақтағы ақын поэзиясында («Бостандық», «Кедей баласы», «Батырақ», «Октябрь өткелдері» т.б.) жаңа тұрмыс,бақытқа жеткізетін қоғам орнады деген шаттық пен сенім болды. «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Жолы жоқтар біздің жолға қосылған», «Егістік», «Балқаш», «Конвейер» шығармаларында төңкерістен кейінгі қазақ ауылы,қазақ шаруасының күйі,тұрмысы,өзгерісі жырланды.Шоқпыттай жиынтық кейіпкері арқылы қазақ шаруасының ұжымдастыру кезіндегі бейнесін жасады.

С.Мұқанов – поэзиясы қазақ әдебиетіне жаңа түр,сонымен бірге жаңа мазмұн әкелген ақын. «Майға сәлем!» өлеңінде ақын 1 мамырды табиғат жаңаруы деп қана емес,бүкіл еңбекші халықты бостандыққа, теңдікке шақыратын,шығаратын күн ретінде алады.Майды «Жолдас майым!» деуінен майды жұмыскер,жаңа заман бейнесінде алғанын көреміз.Өлеңінің құрылысы екпінмен айтуды,салтанатты түрде оқуды негізге алғандай. .



Кітаппен жұмыс: кітаптан С.Мұқановтың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Шығармашылық жұмыс: «Сұлушаш» поэмасындағы басты кейіпкерлерге мінездеме береді
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауабына,сабаққа қатысып отырғандығ бағаланады.
Үйге тапсырма: С.Мұқановтың поэзиясын оқып келеді..
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау
Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиетін қалыптастыру ;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген С.Мұқановтың шығармаларын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасы несімен ерекшеленеді?

3.С.Мұқановтың сүбелі шығармасы «Адасқандардың» дүниеге келуіне не себеп болды?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

ХХ басы көптеген қайшылықтарға толы екені белгілі.Бұл кезең ұлт құндылығы қайта сараланып,басқа жоқ,соны тарапқа түскен кез.Егер бұған дейін Абай дәуірі Ахмет,Міржақып,Мағжандарға ұласса,кеңес дәуірінде аталған жандар байшыл,ұлтшыл деген айдармен тарих қоқсығына лақтырып тасталынды.Кеңес үкіметіне,қаналушы тапқа деген сенімі мол Сәкен,Сәбит бастаған топ жеңіске жетті де,ел ғұмыры мүлде басқа арнамен аға бастады.


Семантикалық картамен жұмыс: оқушыларға семантикалық картаны үлестіріп беремін.Ондағы елеулі жылдарды белгілеп береді.
Білімді бекіту: 1. «Кеңестік әдебиет» атты түсінікке не айта аласыңдар?

2.Қазақ даласында өткен «төңкеріске» өз көзқарастарыңды білдіріңдер?


Білімді бағалау: оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: қайталау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов

(1897-1961)

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу ;

б) Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келуге берілген.Сол тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. «Кеңестік әдебиет» атты түсінікке не айта аласыңдар?

2.Қазақ даласында өткен төңкеріске өз көзқарастарыңды білдіріңдер?

3.Қазіргі қазақ әдебиетіне өткен ғасырдағыдай қауіп бар ма?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұхтар Әуезов Семейдің Абайында,қазіргі шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Абай ауданының Қасқабұлақ-Бөрілі аулында 1897 жылы туған.Атасы Әуез,әкесі Омархан елге қадірлі,сауатты,әдебиет пен өнерге құмар жандар болған.Абай аулымен сыйлас,аралас-құралас,туыс болған жандар.Атасы Әуез кішкене кезінен немересіне Абай өлеңдерін жаттатып отырған.Немере ағасы Қасымбекпен бірге Семейдегі,орыс гимназиясында,оны бітірген соң осындағы мұғалімдер семинариясында төрт жыл оқиды.1922 жылы Ташкент Мемлекеттік университетіне түсіп,1923 жылы Петербург университетіне ауысып,1928 жылы бітіреді.

Орта Азия мемлекеттік университеті Шығыс факультетінің аспирантурасынан білім алады.Тұңғыш жарық көрген еңбегі (1917) «Адамдық негізі - әйел» деп аталады.Көсемсөзде әйелдің тең құқығы,бостандығына назар салып,қызмет бір ғана әйел үшін емес,қоғам үшін екенін айтады.Қазіргі нақыл сөзге айналған: «Ал,қазақ,мешел болып қалам демесең,тағылымыңды,бесігіңді түзе! Оны түзейін десең,әйелдің халін түзе!», - деген ойды айтқанда М.Әуезов не бары 20 жаста ғана болатын.Жиырмасыншы жылдары «Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы», «Оқыған азамат», «Үйлену», «Қаралы сұлу», «Қыр әңгімелері», «Жуандық» т.б. шығармаларын жазды.30-40 жылдары «Іздер», «Білекке білек», «Қасеннің құбылыстары», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер», «Шатқалаң» т.б. сияқты бірнеше әңгімелер дүниеге келді.М.Әуезовтың,қазақ әдебиетінің,ұлы шығармасы «Абай жолы» алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші,1947 жылы екінші кітабы жарық көрді.

Хронологиялық таблицамен жұмыс:

1897 жылы дүниеге келген

1922 жылы Ташкенттегі университетке түседі

1923 жылы Петербургке ауысады

1928 жылы бітіреді

1942 жылы «Абай жолы» жарыққа шығады.



Білімді бекіту: 1. М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы қандай мәселені көтерді?

2.М.Әуезовтің 20-жылдарда жазылған әңгімелер топтамасы қандай идеяны,тақырыпты қозғайды?



Білімді бағалау: оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: М.Әуезовтың өмірін және шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы:Мұхтар Әуезовтің әңгімелері,повестері

(1897-1961)

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) адам баласында кездесетін жаман мінез-құлықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету ;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1.М.Әуезов қай оқу орнында оқыған?

2.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәелені көтерген?

3.Қандай шығармаларын білесіңдер?

4. «Көксерек» повесін жазуға не себеп болды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жазушының алғашқы прозалық шығармасы – 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» әңгімесі.Асыраушысы,сақтаушысы,қорғаншысынан айырылған жас Ғазиза,оның кәрі әжесі мен соқыр шешесінің тағдырлары.Әңгіме Ақан болыстың жас бала Ғазизаға жасаған зорлығы,қиянат атулының шегі жоқ дегенге сендіреді,жан түршіктіреді.Жазушы табиғат суретін,Күшікбай жайындағы әңгімені тарата отырып,психологизм,символдық бейнені шебер жымдастырады. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі жан дүниесімен үйлесімділік табады.

Жазушының алғашқы шығармаларының бірі «Оқыған азамат», «Кінәмшіл бойжеткен» т.б. әңгімелері әлеуметтік теңсіздік,қоамдық әділетсіздік қана емес,адамдардың қым-қиғаш,қиын өмірі бір-біріне өздері жасайтын озбырлық пен қиянаттан дегенді айтады.

М.Әуезов әңгімелері терең психологизмнің,нәзік лиризмнің,сондай-ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.

Жазушының «Шатқалаңда», «Бүркітші» т.б. әңгімелері – саясат ықпалымен колхоз құрылысын,социалистік қоғамды көрсетуге арналған шығармалар.

«Кім кінәлі?», «Сөну-жану», «Қыр суреттері», «Жетім» әлеуметтік тақырыптарды қозғайды.Жазушының «Қыр суреттері», «Барымта» шығармалары құлашты суреткерлігін,баяндау тәсілінің кеңдігін,кейіпкер сомдау шеберлігін көрсетті.

Жазушының табиғат,табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір үшін күресі,айқасы «Көксерек» повесіндегі қасқыр бейнесімен берілген.Адам мен жыртқыш аң арасындағы айқас,суретіне басқа көзбен баға беруге мәжбүр етеді.Құрмаштың бөлтірік кезінде қолға түскен асыранды Көксерегінің әрекеттері айтылады.Қанша қолдан тамақ беріп,түнде қойнына алып жатқанымен де,тағының бәрібір жыртқыштығын қоймайтыны,оның әр қимылынан,әр айла,әрекетімен көрінетіні көркем жазылған.

әңгімелері: «Көксерек», «Оқыған азамат», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу»,. «Ескілік көлеңкесінде», «Шатқалаңда», «Бүркітші», «Білекке-білек», «Іздер», «Жетім», «Барымта»т.б.

повестері: «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман».

Шығармашылық тапсырма: М.Әуезовтың шығармаларындағы кейіпкерлерге мінездеме береді. «Қилы заман» повесін шығарманың құрылысына қарай талдайды

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: М.Әуезовтың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы

Сабақтың мақсаты: а) Абай жолы эпопеясы туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабатылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1.М.Әуезов қай оқу орнында оқыған?

2.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәелені көтерген?

3.Қандай шығармаларын білесіңдер?

4. «Көксерек» повесін жазуға не себеп болды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

М.Әуезов шығармашылығының үлкен арнасы – ұлы Абай жайындағы еңбектері.

Бала кезінен данышпан ақынның өлеңдерін жаттап,ұлылығын құлағына сіңіріп өскен М.Әуезов бұл тақырыпқа әңгіме де(«Татьянаның қырдағы әні»), «Абай(Ибарагим)Құнанбайұлы» атты зерттеу,либретто,пьеса,сценарий, «Абай» романын жазды.Жазушының 30-40 жылдары ұлы ақынның туған еліне,Семей,Абай ауданына қайтадан арнайы барып,Абай өмір сүрген дәуір мен өмір туралы замандастары мен көз көргендерінен естіген,ойда жүрген деректерді қағазға түсірген ерліктері де бар.Бұл тұрғыда жазушының өзі шығармаға материал жинау мен қордаланған деректерді қорыту,көркем әлемге енгізу туралы былай дейді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп,сөнуге айналған ошақ орнынан қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып,жалынды алауға айналдырмақ болған кешеуіл жолаушының әрекетімен салыстырар едім

Көне көз қариялардың күңгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас дәуіріне жетелеп,жол көрсетіп отырды,алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын заманындағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым. (М.Әуезов. «Абай Құнанбаев»).

Жазушы Абай заманын бейнелеуде нақты тарихи деректерді ала отырып,соның негізінде ақынның өз өмірінің басты мәліметтерін қажетке жаратып,кейіпкер мен орта қатынасын неғұрлым шынайы көрестуді мақсат тұтты.Ұлы ақын өмірі мен эпопеядағы кейіпкерден аса сом тұлғалы көркем бейне жасалған.

«Абай жолында» Абайдың бүкіл өмір жолы,саналы шығармашылық,жеке бас тіршілігі молынан қамтылған.Абайдың балалық шағынан алынған эпизодтар жазушы қиялы болғанымен де,бұл болашақ азамат,ақын,ел ағасы,ұлт қадірі Абайдың мінезін ашып,қалыптасу кезеңдерін суретеу үшін алынған.

Алғашқы роман «Абай» деген атпен 1943 жылы жарықа шыққанда Ғ.Мүсірепов: «Абайдай» шығарма бұл күнге дейінгі бүгінгі қазақ әдебиетінде болған емес.»Абай» пьесасы жазушы М:Әуезовтың «Абай жолы» романына барар жолдардың бірі десе де болады.

Шешен тілді,көркем суретті,оқшау оқиғаны шебер қиыстыратын классик жазушы М.Әуезов әлем әдебиетіне қосылар ірі тұлға екенін оның туындылары дәлелдейді.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет