Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет8/11
Дата18.04.2016
өлшемі2.43 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

тауға шыққанда


  • барометрлік қысым жоғарылағанда

  • барометрлік қысым төмендегенде

  • атмосфералық қысым қалыпты болғанда атмосфералық ауада рО2 азайғанда

        1. жабық, ауасы тазартылмайтын кеңістікте болғанда

    2. Экзогендік гипобариялық гипоксияға тән қан өзгерістері (3)
    1. гиперкапния


    2. гипокапния

    3. гипоксемия

    4. газдық алкалоз

    5. газдық ацидоз

    3. Тыныстық гипоксия пайда болады (1)

    1. дем алатын ауада рО2 төмендегенде

    2. өкпе гиповентиляциясы кезінде

    3. тыныстық ферменттердің белсенділігі төмендегенде

    4. қанда гемоглобин азайғанда

    5. айналымдағы қан көлемі азайғанда

    1. Тыныстық гипоксия кезіндегі қан құрамының өзгерістері (3)

    1. гипоксемия

    2. гипокапния
    3. гиперкапния


    4. алкалоз

    5. ацидоз

    5. Тыныстық гипоксия кезіндегі оттегілік тепе-теңдік көрсеткіштерінің өзгерістері

    1. Артериялық қандағы оттегінің үлестік қысымы

    2. Қанның оттегілік сыйымдылығы

    3. Артериялық қандағы гемоглобиннің оттегімен қанығуы

    1. төмендеген

    2. жоғарылаған

    3. қалыпты

    6. Сәйкестікті табыңыз:

    1. Оксигемоглобин ажырауы сызығының солға жылжуы

    2. Оксигемоглобин ажырауы сызығының оңға жылжуы

    1. метаболизмдік ацидоз

    2. метаболизмдік алкалоз

    3. гипокапния

    4. дене қызымының төмендеуі

    5. дене қызымының жоғарылауы

    7. Сәйкестікті табыңыз:

    1. Иіс газымен (СО) улану 2. Нитриттермен улану
    1. карбоксигемоглобиннің түзілуі


    2. метгемоглобиннің түзілуі

    3. қанның таңқурай (малина) түсті болуы

    4. қанның қоңыр түсті болуы

    5. тері мен шырышты қабықтардың ашық-қызғылт түсті болуы

    6. тері мен шырышты қабықтардың сұр топырақ түсті болуы

    8. Метгемоглобин түзушілерге жатады (4)
    1. нитроқосындылар (нитриттер, нитраттар)


    2. аминоқосындылар (анилиндік бояғыштар)

    3. тотықтырғыштар (метилен көгі, калий перманганаты)

    4. дәрілік заттар (новокаин, аспирин, сульфаниламидтер)

    5. көміртегі тотығы

    9. Қандық гипоксия кезінде

    1.Артериялық қандағы оттегінің үлестік қысымы



    2.Қанның оттегілік сыйымдылығы

    3.Артериялық қандағы гемоглобиннің оттегімен қанығуы

    1. төмендеген

    2. жоғарылаған

    3. қалыпты

    10. Қандық гипоксия дамуының басты тетігі (1)

    1. оттегі мөлшерінің артериялық – веналық айырмашылығының азаюы

    2. артериялық қанның оттегімен қанығуының артуы

    3. қанның оттегілік сыйымдылығының азаюы

    4. қанда рСО2 артуы

    5. қанағымы жылдамдығының баяулауы

    11. Қанайналымдық гипоксия дамиды (4)

    1. жүрек жеткіліксіздігінде

    2. қантамырлары жеткіліксіздігінде

    3. гиповолемияда

    4. шеткері қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарында

    5. анемияда

    12. Қанайналымдық гипоксияға тән (3)
    1. қанағымы жылдамдығының баяулауы


    2. оттегі мөлшерінің артериялық –веналық айырмашылығының азаюы

    3. артериялық қанда оттегі мөлшерінің азаюы

    4. оттегі мөлшерінің артериялық –веналық айырмашылығының артуы

    5. ацидоз

    13. Тіндік гипоксияны туындататындар (7)

    1. цианидтермен улану

    2. барбитураттармен улану

    3. алкогөлмен уыттану

    4. В1, В2, РР, В3 (пантотен қышқылы) гиповитаминоздары

    5. тиреоидты гормондар мөлшерінің артуы

    6. тиреоидты гормондар мөлшерінің азаюы

    7. тіндерде темірдің жеткіліксіздігі

    8. биіктік ауруы

    14. Тіндік гипоксия кезінде

    1.Артериялық қандағы оттегінің үлестік қысымы

    2.Қанның оттегілік сыйымдылығы

    3.Артериялық қандағы гемоглобиннің оттегімен қанығуы

    4. Оттегі мөлшерінің артериялық –веналық айырмашылығы

    1. төмендеген

    2. жоғарылаған

    3. қалыпты

    15. Темір тапшылықты анемия кезінде болады (2)

    1. тыныстық гипоксия

    2. қанайналымдық гипоксия

    3. қандық гипоксия

    4. тіндік гипоксия

    16. Жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік кезінде болады (2)

    А) тыныстық гипоксия

    В) қанайналымдық гипоксия

    С) қандық гипоксия

    D) тіндік гипоксия

    17. Гипоксия кезіндегі зат алмасудың бұзылыстары (4)


    1. АҮФ түзілуінің азаюы

    2. бауырда гликоген мөлшерінің азаюы

    3. липолиздің күшеюі

    4. тотығу үрдістерінің күшеюі

    5. гликолиздің күшеюі

    18. Гипоксия кезіндегі дереу теңгерулік әсерленістер (7)

    1. өкпе гипервентиляциясы

    2. тахикардия

    3. ҚМК, ҚСК жоғарылауы

    4. қанайналымының орталықтануы

    5. қанағымы жылдамдығының артуы

    6. тіндерде миоглобин мөлшерінің жоғарылауы

    7. митохондрий санының көбеюі

    8. қанның қордан щығуы

    9. гликолиздің белсенділенуі

    19. Гипоксия кезінде қанның оттегілік сыйымдылығының жоғарылауына әкеледі (3)

    1. жүрек шығарымының артуы

    2. эритропоэтин түзілуінің жоғарылауы

    3. сүйек кемігінен эритроциттердің қанға шығуының жылдамдауы

    4. қанда эритроциттер санының ұлғаюы

    5. тахикардия

    20. Биік таудағы жағдайларға бейімделу көріністеріне жатады (4)

    1. тыныс бұлшықеттерінің гипертрофиясы

    2. жүрек гипертрофиясы

    3. қанның оттегілік сыйымдылығының жоғарылауы

    4. дене тұрқының қысқа болуы

    5. тыныстық ферменттер белсенділігінің төмендеуі



    12 тақырып. № 2 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

    Тақырыптар: «Су-электролит алмасуы бұзылыстары», «Көмірсу алмасуы бұзылыстары», «Нәруыз, май алмасуы бұзылыстары, ашығу», «Гипоксия».
    Мақсаты:

    Дәрісханалық және дәрісханадан тыс тыс өткен тақырыптар бойынша студенттің білімін бағалау


    Бақылау міндеттері:

    • өткен тақырыптар бойынша білімді бекіту

    • патофизиологиялық экспериментті жоспарлау және орындау дағдыларын бекіту

    • «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 442 Бұйрығының негізгі қағидаларын және Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары туралы білімдерін бекіту.

    • ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізу мүмкіншілігін дамыту


    Білімді бақылау сұрақтары:

    1. Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен уыттану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Сулану туралы түсінік.

    2. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің нейроэндокриндік және гемодинамикалық патогенездік факторларының сипаттамасы.

    3. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің онкотикалық, тамырлық, тіндік патогенездік факторларының сипаттамасы.

    4. Организмнің судың басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

    5. Организмнің электролиттердің басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

    6. Гипер- және гипокалиемия, себептері, салдарлары.

    7. Гипер- және гипонатриемия, себептері, салдарлары.

    8. Гипер- және гипокальциемия, себептері, салдарлары.

    9. Газдық ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

    10. Газдық емес ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

    11. Газдық алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

    12. Газдық емес алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

    13. Гликоген түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі. Гликогеноздар туралы түсінік.

    14. Сүт және пирожүзім қышқылдарының қанда көбеюі, патогенезі, салдарлары.

    15. Гипогликемия, себептері. Гипогликсмиялық команың патогенезі.

    16. Гипергликемия, түрлері, даму жолдары. Глюкозурия, түрлері, патогенезі

    17. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму жолдары.

    18. Қант диабетінің I және II түрлерінің этиологиясы мен патогенезі.

    19. Диабеттік синдромның патогензі.Диабеттік команың патогензі.

    20. Қаннты диабеттің асқынулары. Макро және микроангиопатиялардың патогенезі.

    21. Нәруыздардың түзілу және ыдырау үрдістерінің бұзылыстары. Организмнің азоттық тепе-теңдігі туралы түсінік, түрлері, патогенезі. Гиперазотемиялар, түрлері, патогенезі.

    22. Амин қышқылдары алмасуы бұзылыстары. Подагра, этиологиясы, патогенезі.

    23. Гипопротеинемия, анықтамасы, себептері. Организмдегі салдарлары. Гиперпротеинемия, түрлері, себептері. Дис- және парапротеинемия туралы түсінік.

    24. Организмге майдың артық және жеткіліксіз түсуі. Майдың сіңірілуімен тасымалдануының бұзылыстары.

    25. Семіру, түрлері, даму жолдары.

    26. Фосфолипидтер, холестерин алмасу бұзылыстары. Гипер- және дислдипопротеидемиялар туралы түсінік, патогенезі.

    27. Ашығу түрлері,себептері. Сумен толық ашығудың сатылары. Ашығу кезіндегі зат алмасу (көмірсу, нәруыз, май, витамин алмасуы) бұзылуының патогенезі. Кахексия, этиологиясы, патогенезі.

    28. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Субстратты және зорығулық гипоксия туралы түсінік, патогенезі.

    29. Экзогенді гипоксия, түрлері, патогенезі. Тыныстық және қанайналымдық гипоксия, себептері, патогенезі.

    30. Гемдік және тіндік гипоксия, себептері, патогенезі.

    31. Гипоксия кезінде организм ағзалары мен жүйелерінде және зат алмасуындағы өзгерістер, жедел және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер.

    32. Ұрық пен жаңа туылғандардың гипоксиясы. Туылар алды, туылу кезіндегі және туылғаннан кейінгі гипоксияның себептері. Ұрық пен жаңа туылғандардың қауырт және созылмалы гипоксиясы.

    13 тақырып. ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



    Сабақтың мақсаты:

    • Шеткері қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын меңгеру

    • Теориялық білімді есептерді шығарғанда қолдану

    • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

    • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс істеу дағдасын жетілдіру

    • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану


    Оқыту міндеттері:

    • Микроциркуляция бұзылыстары: артериялық, веналық гиперемияның, ишемияның, ишемиядан кейінгі репефузияның, тромбоз, эмболияның, стаздың туындау себептері, даму тетіктері, ерекшеліктері, сыртқы көріністері, организм үшін маңызын зерттеу

    • Теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

    • Алған теориялық білімді ситуациялық есептерді шығарғанда қолдануды үйрену

    • артериялық, веналық гиперемияны, ишемияны, эмболияның тәжірибеде үлгісін алуды үйрену

    • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану


    Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.

    2. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары.Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.

    3. Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.

    4. Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.

    5. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Қан қатпары пайда болуының паттогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары Теңгерілулік үрдістер: шунтталу, жанама қанайналымы. Алдын алу мен емдеу жолдары.

    6. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Эмболдардың шығу тегі бойынша түрлері, сипаттамасы. Қанайналымының үлкен және кіші шеңберінің, қақпа көктамырының эмболиялары.Негізгі жүйелер мен ағзалардың қызметтері бұзылыстарының патогенезі. Эмболияның салдарлары.

    7. Микроциркуляцияның біртектес бұзылыстары (тамырішілік, тамырлық, тамырдан тыс). Қылтамырлық-нәрленістік жеткіліксіздік туралы түсінік.


    Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

    Пікірталас, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау, ситуациялық есептер шығару.


    Бақылау тәсілдері:

    Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындының дұрыстығын тексеру, тесттілеу.



    ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС







    1 тапсырма. Қоянның қүлағында артериялық гиперемияның сыртқы

    көріністерінің үлгісін алып зерттеу.

    Әдісі. Қоянның қүлағын эфир немесе ксилолмен суланған мақтамен ақырындап ысқылайды. Қоянның екі қүлағын жарық өткізу арқылы салыстырады. Артериялық гиперемияның көрістеріне назар аударып, хаттама дәптеріне суретін салады.

    2 тапсырма.




    Өз еркімен шыққан студенттің қолында веналық гиперемия туындатып, оның сыртқы көріністерін зерттеу

    Әдісі. Зерттелінетін студенттің бұраумен қол қарының көктамырларын қысады. Білек жәнен қол үшында пайда болған веналық гиперемияның сыртқы көріністерін байқайды. Терінің түсіне, саусақтардың үштарындағы температура өзгерістеріне назар аударады

    3 тапсырма.




    Өз еркімен келіскен студенттің қолында компрессиялық ишемияның көріністерін зерттеу.

    Әдісі. Зерттелуші қолын жоғары көтеріп, бір минөт бойы қозғалтпай көтеріп тұрады. Қолдың қарына манометр манжеткасын орап, 200 мм сынап бағасына дейін, артериялық тамыр соғуы жоғалғанша, қысымды көтереміз. Зерттелуші ишемиясының сыртқы көріністеріне және оның сезіміне назар аударады. Манжетка алынғаннан кейін ишемиядан соңғы артериялық гиперемияны бақылайды. Алынған деректерді түжырымдайды.

    4 тапсырма.




    Бақаның тілінде артериялық гиперемияны зерттеу.

    Әдісі. Бақаны қимылсыздандырып, астыңғы жағының жиегін тактайша тесігінің шетіне орналыстырады.Бақаның ауыз қуысын пинцетпен ашқаннан кейін, төменгі жағының бурыштарын, тақтайшаға қисайта кіргізілген екі инемен белітеді, үшінші иненің басымен бақаның жоғарғы жағын тіреп қояды.Көз пинцетімен тілдің бір бүртігін, одан кейін екіншісін ұстап алып, бақаның тілін ақырындап созып, тақтайдағы тесіктің үстіне керіп бекітеді. Осылайша істелген тілді микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда қарайды. Ұсақ қан тамырларда қан ағымының бастапқы жағдайын зерттейді.Осыдан кейін бақаның қалпын өзгертпей, микроскоптың объективін көтеріп, тілін, натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен суланған мақтамен сүртеді.

    Микроскоптың тубусын бұрынғы орнына түсіріп, бақа тілінің қан тамырларында қан ағымының өзгерістерін зерттейді. Артериялық гиперемияның микроскоптық көріністерін байқайды.



    5 тапсырма.




    Бақаның тілінде веналық гиперемияны зерттеу.

    Әдісі. Осы тәжірибеде де №4 тапсырмадағы бақаның тілін қолдануға болады. Веналық гиперемияны тілдің түбіріндегі көктамырларды байлау арқылы алады. Венаны артериядан және жүйкеден ақырындап ажыратып алады да көктамырдың астынан жіп өткізеді. Осынддай қимыл - әрекеттерді бақаның тілінің түбірінің екінші жағынан жасайды. Микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда шеткері қанайналымның жағдайын бір көктамырды, сонан соң екінші көктамырды байлағаннан соң зерттейді. Қорытынды жасайды.


    Задание № 6.


    Майлық эмболияны алу және бақаның шажырқай немесе тілінің қан тамырының эмболиясы кезіндегі канайналымын зерттеу.

    Әдісі: Қимылсыздандырылған бақаның кеуде қуысын ашып, жүрегін перикардтан босатады. 0,2 – 0,3 мл жылытылған вазелин майын жіңішке инемен журектің қарыншасына жібереміз. Микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда бақа шажырқайының қан тамырларын, олардың ішіндегі эмболдардың қозғалуын және эмболия туындатқан қан ағымының бұзылыстарын зерттейді. Эмболияны суретке салады және қысқаша сипаттап жазады.


    7 тапсырма.

    Ситуациялық есептерді шығару.

    1. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.

    Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

    Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
    2. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.

    Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

    Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
    3. Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жасты Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады.

    Сұрақтар:


    1. Дәрігердің қателігін табыныз?

    2. Іш шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған талу тетіктері қандай? –

    3. Осындай жағдайларда мыйдағы қанайналым бұзылыстарының икемделістік тетіктері болуы мүмкін?

    4. Неліктен осы науқаста қанайналым жүйесінің икемделіс тетіктері әсерсіз болды?

    4. 56 жастағы ер кісі емханадағы қабылдауда тез уақытта шаршау және жүргенде балтыр бұлшықеті ауыруына, тоқтағанннан кейін – «ауық-ауық ақсау» симптомына, аяқтарының мұздайтындығына, ұйып қалуына, «жыбырлайтындығына» және тыныштықта шаншуына (парестезиялар) шағымданды. Жас кезінен және көп мөлшерде шылым шегеді, мамандығы ұзақ мұздау кезеңдерімен байланысты (күз-қыс мерзімдерінде даладағы жұмыс). Қарау барысында: табаны боз, терісі құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш; екі аяқтың табанының сыртқы және балтырының артқы артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Алдын ала диагнозы: «Бітелістік эндоартериит».

    Сұрақтар:


    1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

    2. Осы науқастағы дерттің даму тетіктері?

    3. Науқастағы қанайналымының жағымсыз салдарларын анықтаңыз?

    4. Белгілердің дамуының қандай ең мүмкіндік тетіктері келтірілген?

    ӘДЕБИЕТТЕР



    Негізгі

    1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 247 - 265.

    2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. С. 87-92, 195-197

    3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-194.

    4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 147- 152.

    5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 161-181.

      1. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар /Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен – Алматы.: «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 96 -110

    Қосымша

      1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 182-200.

      2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 195-214.

    ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ


    1. Артериялық гиперемия патогенезінің негізгі тізбегі (1)

    А) ағза немесе тінде тотығу-тотықсыздану үрдістері қарқындылығының жоғарылауы

    В) артериолалардың кеңеюі

    С) ағза немесе тін қызметінің жоғарылауы

    D) қан ағымының сызықтық жылдамдығының жоғарылауы

    Е) қызмет атқаратын қылтамырлар санының көбеюі



    2. Сәйкестікті тап:

    1. Нейротониялық артериялық гиперемия (1)

    2. Нейросалданулық артериялық гиперемия (1)

    3. Миогендік артериялық гиперемия (1)

    А) вазоконстрикторлар межеқуатының жоғарылауы

    В) вазодилятаторлар межеқуатының жоғарылауы

    С) вазоконстрикторлар межеқуатының төмендеуі

    D) вазодилятаторлар межеқуатының төмендеуі

    Е) қан тамырлары қабырғаларының тегісеттік бөлшектеріне гистаминнің әсері



    3. Артериялық гиперемия кезінде микроциркуляция өзгерістеріне тән (4)

    А) қан тамырларының көлденең қимасы ауданының азаюы

    В) қан ағымының көлемдік жылдамдығының жоғарылауы

    С) веналық қанның артериализациялануы

    D) қылтамырішілік қысымның жоғарылауы

    Е) қызмет атқаратын қылтамырлар санының көбеюі



    4. Артериялық гиперемия кезінде байқалады (3)

    А) көгеру

    В) тіндер тығыздығының жоғарылауы

    С) ісіну


    D) қызару

    Е) тін немесе ағза температурасының жоғарылауы



    5. Артериялық гиперемияның салдарлары (5)

    А) зат алмасудың белсенділенуі

    В) ағза қызметінің жоғарылауы

    С) қан тамырлары жыртылуынан қан құйылуы

    D) дәнекер тіннің өсіп-өнуі

    Е) зат алмасуы өнімдерінің қарқынды шығарылуы

    F) тіндер дистрофиясы

    G) жұқпалар таралуы



    6. Веналық гиперемияның себептері (5)

    А) вена қақпақшаларының жеткіліксіздігі

    С) артериосклероз

    D) веналар тромбозы

    F) қысымның артериялық-веналық айырмашылығының азаюы

    H) шеткері жүйкелердің кесілуі

    I) үлкен көктамырларда қысымның жоғарылауы

    J) жүктілік кезінде көктамырлардың ұлғайған жатырмен қысылуы



    7. Веналық гиперемия кезінде микроциркуляция сипатталады (5)

    А) қылтамырларда қан қысымының жоғарылауымен

    В) қан ағымының сызықтық жылдамдығының азаюымен

    С) қан ағымының көлемдік жылдамдығының азаюымен

    D) қан ағымының көлемдік жылдамдығының жоғарылауымен

    E) тіндік сұйықтың түзілуі жоғарылауымен

    F) қан тамырлық арнаның көлденең қимасы ауданының жоғарылауымен

    G) қан тамырлық арнаның көлденең қимасы ауданының төмендеуімен



    8. Веналық гиперемия сыртқы белгілері (3)

    А) тін немесе ағза температурасының төмендеуі

    В) көгеру

    С) ағза көлемінің жоғарылауы

    D) бозару

    Е) ауыру


    9. Қанның веналық ұзақ іркілуінің салдары (2)

    1. тін қоректенуінің жақсаруы

    2. ұлпалық жасушалардың семуі және дәнекер тіннің өсіп-өнуі

    3. ағза қызметінің күшеюі

    4. жұқпаның таралуы

    5. бауыр беріштенуінің дамуы

    10. Ишемия дамуына әкеледі (4)

    1. көктамырдың өспемен қысылуы

    2. артерияның жиырылуы

    3. гистаминнің қан тамырлары қабырғасына әсері

    4. артериоланың қан қатпарымен бітелуі

    5. артериялардың атеросклероздық өзгерістері

    6. артерияның өспемен қысылуы

    11. Ишемияның сыртқы белгілері (4)

    А) тін бөлігінің бозаруы

    В) көгеру

    С) ауыру немесе сезімнің бұрмалануы

    D) жергілікті температураның төмендеуі

    Е) ағза көлемінің кішіреюі



    12. Ишемия аймағында пайда болады (4)

    А) өліеттену

    В) ацидоз

    С) қызметтің әлсіреуі

    D) қызметтің күшеюі

    Е) жасушалар цитоплазмасында Са++ иондарының жиналуы



    13. Қысқамерзімді ишемиядан соң миокард тіні реперфузиясының ерте салдарлары (3)

    А) гликолиздің күшеюі

    В) ошақты өліеттену

    С) гипоксияны жою

    D) реперфузия аймағында артериялық гиперемияның дамуы

    Е) майлардың бос радикалды және асқын тотығуының белсенділенуі



    14. Нағыз қылтамырлық стаз кезінде эритроциттердің агрегациясына септеседі (4)

    А) қанда ірі шашыранды нәруыздар мөлшерінің жоғарылауы

    В) плазмада ұсақ шашыранды нәруыздар мөлшерінің жоғарылауы

    С) эритроциттердің беткейлік зарядының төмендеуі

    D) глобулиндер мөлшерінің ұлғаюы

    Е) қан қоюлануы



    15. Қан қатпары түзілуінің патогенездік жайттары (3)

    А) қан тамырлары қабырғасының эндотелийінің зақымдануы

    В) қанның ұйыу жүйесінің ұйыуға қарсы жүйесінен басым болуы

    С) қан ағымы жылдамдығының баяулауы

    D) қан ағымының жылдамдауы

    Е) қанның фибринолиздік жүйесінің белсенділенуі



    16. Қан тамырлары қабырғасының қан қатпарлық төзімділігі қамтамасыз етіледі (6)

    1. простациклин сөлденуімен

    2. азот тотығының сөлденуімен

    3. тромбоксана А2 сөлденуімен

    4. Хагеман жайтының белсенділенуімен

    5. эндотелиндер сөлденуімен

    6. гепарин тәрізді протеогликандар сөлденуімен

    7. плазминоген белсендіргіштерінің сөлденуімен

    8. эндотелийде тромбомодулин молекулаларының өршуі

    9. прокоагулянттардың әсерсізденуі

    17. Сәйкестікті тап:

    1. Тромбоциттердің адгезиясы және агрегациясына септесетін жайттар (5)

    2. Тромбоциттердің адгезиясы және агрегациясына кедергі келтіретін жайттар (3)

    А) тромбоксан А2

    В) Виллебранд жайты

    С) кальций иондары

    D) АДФ

    Е) катехоламиндер



    F) простациклин

    H) азот тотығы

    I) ацетилсалицил қышқылы

    18. Артерияларда қан қатпары түзілуінің бірізділігі:


    1. жергілікті ангиоспазм

    2. қан тамырлары эндотелийінің зақымдануы

    3. тромбоциттерден ББЗ босау әсерленісі

    4. ашылған субэндотелийдің бөлігіне тромбоциттердің адгезиясы

    5. қан ұйыуы

    6. тромбоциттердің агрегациясы

    19. Сәйкестікті тап:

    1. Артериядағы қан қатпары дамуына әкеледі (2)

    2. Көктамырдағы қан қатпары, дамуына әкеледі (2)

    1. артериялық гиперемия

    2. ишемия

    3. ишемиялық стаз

    4. веналық гиперемия

    5. артериялық гиперемия

    6. ишемиялық стаз

    7. іркілулік стаз

    8. қанның ағып келуінің баяулауы

    20. Аяқтың терең көктамырлары тромбозының салдарлары (1)

    А) мый артерияларының эмболиясы

    В) өкпе артерияларының тромбоэмболиясы

    С) қақпа көктамырлық гипертензия

    D) бүйрек қан тамырларының эмболиясы

    Е) ішек қан тамырларының эмболиясы



    21. Ауалық эмболия жарақатында дамуы мүмкін (2)

    А) сан көктамырының

    В) тақым көктамырының

    С) бұғана асты көктамырының

    D) қақпа көктамырының

    Е) күре тамырдың



    22. Газдық эмболияның себебі (1)

    А) ірі артериялардың зақымдануы

    В) ірі көктамырлардың зақымдануы

    С) ұсақ артериялардың зақымдануы

    D) тез төмендеуі

    Е) барометрлік қысымның жоғарылауы



    23. Майлық эмболияның себептері (3)

    А) жілік және жамбас сүйектерінің сынуы

    В) омыртқа және қабырғалардың сынуы

    С) майлық ертінділерді көктамыр ішіне егу

    D) майлық ертінділерді бұлшықет ішіне егу

    Е) тері асты шелмайдың жаншылуы



    24. Қанайналымының, үлкен шеңбері артерияларында түзілген эмболдардың

    қанмен айналып жүруі әкеледі (3)

    А) мый қан тамырларының эмболиясына

    В) өкпе артерияларының эмболиясына

    С) қақпалық гипертензияға

    D) бүйрек қан тамырларының эмболиясына

    Е) ішек қан тамырларының эмболиясына



    25. Қанайналымының кіші шеңбері эмболиясының негізгі көріністері (3)

    А) қанайналымының үлкен шеңберінде АҚ тез төмендеуі

    В) жүрек қызметінің әлсіреуі

    С) қанайналымының кіші шеңберінде қысымның жоғарылауы

    D) қақпалық гипертензия

    Е) қанайналымының үлкен шеңберінде АҚ жоғарылауы


    14 тақырып: ҚАБЫНУ



    Сабақтың мақсаты:

    • Жіті және сүлде қабынудың этиологиясы мен патогенезін меңгеру

    • Теориялық білімді есептер шығарғанда қолдану

    • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс дағдыларын қалыптастыру

    • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс істеу дағдасын жетілдіру

    • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану


    Оқыту міндеттері:

    • Жіті және сүлде қабынудың этиологиясы мен патогенезі зерттеу, жіті қабынудың организм үшің маңызы

    • Теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу

    • Алған теориялық білімін ситуациялық есептерді шешкенде қолдана білу

    • Ерте жастағы балаларда қабынудың ерекшеліктерін меңгеру

    • Қабыну кезінде бақаның тілінде әлтерация мен қан тамырларының өзгерістерін зерттеу

    • Бақа шажырқайында жіті қабынудың үлгісін алу (Конгейм тәжірибесі) және қан айналымның өзгерістері мен лейкоциттердің эмиграциясын зерттеу

    • Дайын жағындыдан фагацитоз сатыларын және ірінді жалқықты анықтаулы үйрену

    • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану


    Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация.

    2. Қабыну ошағында зат алмасудың өзгерістері. Олардың патогенезінде жасушалар мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүлінуің маңызы. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер, олардың патогенезі, салдарлары.

    3. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабынуды шақыратың және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік

    4. Қабыну ошағында қанағымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.

    5. Экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері. Ірінді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

    6. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың жолдары.

    7. Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздің жеткіліксіздігі және оның қабынудағы маңызы.

    8. Пролиферация, оның тетіктері. Пролиферацияның түрткілері мен тежегіштері.

    9. Қауырт қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олрдың патогенезі.

    10. Созылмалы қабыну, этиологиясы, патогенезі, қауырт қабынкдан айырмашылықтары.

    11. Онтогенез кезіндегі қабынудың патогенез.

    12. Қабынудың организм үшін маңызы.

    13. Қабыну үрдісін алдын алу және емдеудің жалпы ұстанымдары.


    Оқыту әдістері: пікірталас, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау, сөзжұмбақ шешу.

    Бақылау тәсілдері:

    Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің қорытындысын тексеру


    Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
    2012 -> Приложение к части а1
    2012 -> Рабочий проект
    2012 -> Абиотрофические
    2012 -> М. Ж. СҮлейменова күЛӘш байсейітова – танымал опера әншісі, драма актрисасы
    2012 -> Сборник 4 Караганда 2014 (574) ббк 26. 89 (5 Каз) к 70 Под редакцией академика нан рк а. М. Газалиева
    2012 -> БАҒдарламасы кіру тегін 10 қазан 18. 30
    2012 -> С. Д. Шаймұханова сұлтанмахмұт торайғыров
    2012 -> Е. Г. Огольцова қҰрманғазы сағырбайұлы – халық музыканты, сазгер, домбырашы
    2012 -> ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    ©netref.ru 2019
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет