Сабақтың мақсаттары : Білімділік



жүктеу 82.8 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі82.8 Kb.
түріСабақ
: method
method -> 1.Әбішев К. А. Философия А., 2006ж. Бөрібаев Т.Қ. Ұлт менталиенті. А.,2002ж
method -> Рабочая учебная программа Мамандық: 5В070500 Математикалық және компьютерліқ улгілеу Оқу түрі: күндізгі Өскемен Усть-Каменогорск 2013
method -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
method -> Жылу техникасы
method -> Д. Серікбаев атындағы ШҚмту «Көлік және логистика» кафедрасы
method -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
method -> «Жалпы инженерлік пәндер» кафедрасы, машинажасау және көлік факультеті
method -> Ф1 и вкгту 701. 01-01-1-2011
method -> Ғылым философиясы және тарихы
method -> Пояснительная записка Составители: Крупко А. И., учитель русского языка и литературы мбоу гимназия №6, методист гимц ро по русскому языку
Сабақтың тақырыбы: Сарыарқа
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қазақтың ұсақ шоқысының географиялық орнын, анықтай алуға, картадан көрсетіп сипаттай білуге, геологиялық құрылысын, ондағы пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын, климатының ерекшеліктерін, ішкі суын, жер бедері, климаты, ішкі суы арасындағы себеп-салдарлы байланысты аша білуге дағдыландыру; зоналық табиғат кешеніне табиғат қорғау ісіне назарларын аудару; табиғаттың құрамдас бөліктері арасындағы байланысты логикалық бейнелеуге үйлестіру.
Дамытушылық: а) Тауларды салыстыра отырып балалардың өзіндік тұжырымын жасай білуін қалыптастыру.

б) Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу.


Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын көруге, бағалай білуге, сұлулық сезімге баулу. Табиғатқа, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ /саяхат, ізденіс/.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, саз, тарих.
Оқыту құралдары: Қазақстанның саяси- әлеуметтік, физикалық карталар, Сарыарқаның табиғат көріністерін бейнелейтін суреттер, пайдалы қазбалар үлгісі, С. Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы, кестелер, оқулықтағы тақырыптық карталар.
Номенклатура: Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі, Қызыларай, Саяқ, Қоңырат, Жезқазған, Қарсақбай, Атасу, Ертіс-Қарағанды каналы, Бурабай, Шортанды, Қорғалжын, Ұлытау, Сарысу, Теңіз, т.б.
Кәделік принциптері: Пайдалы қазбаларының тұрмыста пайдаланылуы.
Сабақтың мазмұны мен барысы: Баяндау, сұрақ-жауап, компьютер, интерактивті тақтаны

пайдалану сызба, кесте, карталармен жұмыс, тапсырмалар орындау.




  1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына керек бетшелерді

тарату.

  1. Үй тапсырмасын тексеру: Солтүстік Қазақ жазығы «Географиялық терезені» таңдау

арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді. «Географиялық терезе »сыртында бейнеленген табиғат обьектілеріне сипаттама
Берілгеннен кейін ашылады.

1-терезе. Суреттеңіз

2-терезе. Анықтаңыз

3-терезе. Зерттеңіз

4-терезе. Салыстырыңыз

Жаңа сабақ:

Қазақстанның физико-географиялық аймақтары картасын пайдаланып Қазақстан аумағындағы аймақты көрсету, еске түсіру.

1-2 кестемен жұмыс

Сабақ кесте бойынша түсіндіріледі


Географиялық орны

Жер бедері мен геологиялық құрылысы

Пайдалы қазбалары

Климаты

Ішкі сулары

Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі




















1. Географиялық орны:

Сарыарқа республикамыздың орталық және шығыс бөлігін алып жатыр. Солтүстігінде солтүстік қазақ жазығының оңтүстігінен Балқаш көліне дейінгі, Торғай үстіртінен Алтай тауына дейінгі кең жерде көсіліп жатқан, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай батыс бөлігінде 900 км-ге, шығысында 400 км-ге созылып жатыр.

Бұл жерді қазақ халқы ежелгі заманнан Сарыарқа деп атаған. «Арқа» деген сөзді қазақ халқының еңкейген кәрісі мен еңбектеген баласы біледі. Кейде олар Сарыарқа деп те атайды. Сарыны қосу себебі- Арқаның құлпырған бетегелі белі мен ақ селеулі даласын, түлкінің жонындай Арқаның түсін айтқан..
2. Геологиялық құрылысы мен жер бедері.

Сарыарқаның батыс және солтүстік-батыс бөлігі Каледон, шығыс бөлігі Герцин тау түзілу кезеңінде қалыптасқан. Сарыарқа негізінен Палеозой эрасында метаморфоздалған тақта тас, кварцит, құмтас, әктастардан түзілген.

Сарыарқаның жер бедері шоқыаралық ойпаңдармен, өзен аңғарларымен, құрғақ өзен арналарымен, жыра-сайларды қуалап жер бетіне шығып жатқан ыза суларымен көл қазаншұңқырларымен алма-кезек ауысып отырады.

Бұл бөліктегі ең биік тауы – Қызыларай. Оның биік нүктесі- Ақсораң (1565м). Одан солтүстікке қарай Қарқаралы (1403м), Кент (1460м) таулары, одан әрірек Баянауыл (950м) шығысында Шыңғыстау (1300м) таулары жатыр. Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады.

Сарыарқаның батыс бөлігінде тегіс және ойыс жерлер көп те, қалдық таулар мен шоқылар аз кездеседі. Бұл жақтың жер бедерінің қалыптасуына ұзаққа созылған үгілумен бірге бор және неоген дәуірлерінің шөгінділері әсер еткен. Мұндағы ірі ойыс-Теңіз-Қорғалжын қазаншұңқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатады. Оның солтүстік -батысында Көкшетау, оңтүстік-батысында Ұлытау тау жүйелері орналасқан.

Таудың Ұлытау аталуына мынадай оқиға себеп болған екен.

Тәуке хан 1389 жылы «Жеті жарғы» заңын бекіту үшін атақты биді шақыртады. Төле би бас би болады. Әйтеке би, т.б билер келеді. Әр жүздің міндет құқықтарын, байлықты бөлу мәселесін қарастырады. Онда үш жүзді жауластырмай, басқа шапқыншылардан қазақ халқын қорғау мәселесі шешіледі. Міне осы Ұлытау деген

шың маңайында қазақ халқы үшін ұлы мәселелер шешілген деседі.

Сарыарқаның мыңдаған жылдар бойы жел, су әсерінен үгілген, мүжілген аласа таулары мен олардың баурайындағы көлдерде неше түрлі пішіндегі тас мүсіндер: Көкшетаудағы шөккен бура, Жеке батыр бейнелері, Жұмбақ тас, Оқжетпес, Қарқаралыдағы тас құрбақа, Баян тауындағы мыстан кемпір және т.б ұшырайды.

«Оқжетпес» шыңы туралы аңыз.

Халық арасында «Оқжетпес» туралы өте ертеде қазақтар далада көшіп-қонып жүргенде осы тауда бір таубүркіт өмір сүреді. Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қырғи көзбен қарап отырады екен. Сұлтандар осы бүркітті атайын десе оқтары құс ұясына жетпейді екен. Кейбіреулері ұясына шығып өлтірейін десе, шыға алмапты. Содан «Оқжетпес» аталыпты.

Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл Қазақстанның ең көрікті жерлері, демалыс орындары, туристер көп келетін аудандар.

Сарыарқа өңірінің әсем табиғатын қазақтың талай ақын жазушылары әңгімелеріне арқау еткен. Сарыарқа ежелден даңқы шыққан өлке. Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов Көкше маңында дүниеге келген. Қ. Сатпаев Баянауыл маңында дүниеге келген. С. Сейфуллин Көкшетауға арнап «Көкшетау» поэмасын жазған. Біржан, Ақан, Балуан Шолақ жырлаған. Ыбырайдың «Гәкку», Ақан Серінің «Қыз Жібек», «Құлагер» опералары сұлу Көкшеге арналған. Құрманғазы Сарыарқаға арнап «Сарыарқа» атты күй шығарған.

Сарыарқаның тарихы бай, өзіне тән шежірелі жолы бар, рухани-мәдени ескерткіштері ұшан-теңіз өңір. Осындай асыл қазына мұраларының басталуынан нәр алған қазақ халқының әні мен күйі, өнері мен әдебиеті ту тіккен Сарыарқаның ғасырдан ғасырға жалғасқан өнегелі өмірлері мен өнері бүгінгі ұрпақтар үшін ұмытылмас тарих. Сарыарқа тарландар жері, суырап салма ақын-әншілер – Ғафиз Файзоллаұлы, Құлтума Самұратұлы, Шоқандай, Біржандай, Ақандай, Балуан Шолақтай, Сәкен Сейфуллиндей, қазақтың алғашқы ақын қыздарының бірі – Шолпан Иманбаева сынды, батыр – Бөгенбай сынды алыптарымыздың дүниеге келген елі.

Сол Сарыарқа өңірінің бір түлегі – Мағжан Жұмабаев.

Сарыарқаның төсінде Толағай деген тау бар, сол жайлы аңызды айтып берейін Бұрынғы өткен заманда апайтөс Арқаның бел ортасында бір қауымдық жұрт өмір сүріпті. Шұрайлы қонысы бар өлке тұрғындарында: «Бізде барлығы да бар, бірақ сол мал-жанды қорғайтын батырымыз болса екен» - деген бір ғана арман бар. Күндердің күнінде бір отбасында алтын айдарлы алып бала дүниеге келіп, ел-жұрты үлкен той жасайды. Сол нәресте күн санап ер жете бастайды. Баланы көз тимесін деп өз атымен атамай Толағай деп атап кетіпті. Бір жылдары жаңбыр жаумай, ел күйзеліске ұшырайды. Бұл ауыртпалық Толағайды қатты мазалапты. Толағай Дана деген қарт ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен: «Қарағым, Толағай, біздің жеріміз жазық, бұлт үйіріліп тоқтайтын тау жоқ. Жаңбырдың болмауы сол себептен», - дейді. Толағай: «Ата, сіз рұқсат етсеңіз, мен барып бір жерден тауды арқалап келсем болмай ма?» - дейді. Сонда қарт: «Шырағым, еліңді ойлап егіліп тұрсың-ау! Тау арқалап әкелу оңай болмас, дегенмен ондай талабың болса, оңтүстік өлкеде Алатау деп аталатын алып таулардың ақсақалы бар, рұқсатты содан сұрарсың» - деп, батасын береді.

Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күндері ақ басты Алатауға жетіп «Ассалаумағалейкум!» - деп сәлем беріп, өзінің талап-тілегін айтыпты. Маңғаз Алатау талапты ерге зор қошемет көрсетіп, етегінде орналасқан бала тауды Толағайға арқалатып қоя береді. Арада көп уақыттар өтеді. Арқасында тау, әлсіреген, қансыраған Толағай елінің шетіне іліге бере тізесі бүгіліп, құлап түседі де, ұйқыға кетеді. Сол Толағай күні бүгінге дейін тау астында ұйықтап жатыр дейді. Ал, жаңағы бала тауды ел Толағай деп атап кетіпті.

С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасынан үзінді

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.


Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында,

Ауасы-дертке дауа, жұпар иісті,

Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?




Пайдалы қазбалары.

Сарыарқа – пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі орталықтары болып табылады. Жезқазған, Қарсақбай, Атасу, Саяқ, Қоңырат кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жәйремде сирек металл өндіріледі. Осыларды қорытып, байыту мақсатында Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді.



Климаты.

Мұхиттан алыс жатқандықтан Сарыарқаның климаты құрғақ, континентті болып келеді. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы -14 -18с. Суық күндері -40 –қа дейін төмендейді. Жазы құрғақ, ыстық, шілденің орташа температурасы +20+24с, кейде +35с-қа дейін көтеріледі. Жылдық ылғал мөлшері 200-300мм.



Өзендері мен көлдері.

Басты өзендері-Есіл,Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын, т.б. Олардың көбі көктемгі қар суымен қоректенеді, көктемде тасиды.

Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы салыңға. Сарыарқада көл көп. Қорғалжында қорық бар.

Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлары.

Сарыарқа жері дала, шөлейт және шөл зоналарына кіреді.

Көкшетау, Атбасар өңірінде, Есіл өзенінің бойында қара топыраққа тән өсімдік жамылғылары қалыптасқан. Ол жерлерде егіндік өсіріледі. Даланың аласа таулары мен ұсақ шоқыларында шоқ-шоқ қарағай мен қайың ормандары өседі.

Дала зонасының оңтүстігін ала Теңіз бен Сарысу жазықтары, Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыстау бойлары шөлейт зонаға кіреді. Бұл зонаның климаты қуаң, қрошқыл қара қоңыр топырақ жамылғысында жусанды, бетегелі, көделі, бөз өсімдіктер жамылғысы таралған.

Шөлейт зона мал жайылымына қолайлы. Шөл зонасы Ұлытаудың оңтүстігі мен Жезқазған маңын, солтүстік Балқаш жағалауын қамтиды. Мұндағы шөлдің қоңыр топырақ жамылғысында шөл өсімдіктері- тобылғы, қараған, бөз, бетеге, ақселеу, бұйырғын, қара жусан өседі.

Жануарлар дүниесі де дала, шөлейт, шөл зоналарының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Қарағайлы ормандарда бұғы, елік кездессе, дала мен шөлейт жерлерді ақбөкен, қасқыр, түлкі мекендейді.


Сарыарқада еліміздің ақ ордасы орналасқан.

  1. Елорда-Астана.

а) географиялық орны:

- Астана қаласы кең байтақ Отанымыздың жүрегінде, халқымыздың қасиет тұтып, қастерлеген әйгілі Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан;

- Астана қаласының дүние жүзі жарты шарлар картасындағыт координата - 72° ш.б. 53° с.е.

- Астана 5- сағаттық белдеуде орналасқан.

ә) Астана қаласының елтаңбасы: дөңгелек көк түсті щитте бейнеленген қорғанның бейнесі – елдің бірлігі мен ынтымағы; қанатты жолбарыс – сақ дәуірінен белгілі төзімділік пен кемеңгерліктің белгісі; алтын тәжі – Астананың бас қала ретіндегі статусы; шаңырақ – ұлттық салт-дәстүрдің жалғасы; айналасындағы масақтар – астықты өңір екендігін білдіреді.

б) Қаланың қалыптасу кезеңдері:

- қаланың негізі 1832 жылы қаланған;

- 1961 жылға дейін Ақмола қаласы;

- 1961-1992 жылға дейін Целиноград қаласы;

- 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.

Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, 1997 жылы 10- желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз қазақ мемлекетінің астанасына айналды. Ал Елбасының 1998 жылы 6-мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді.
4. Жаңа сабақты бекіту

а) Оқушыларға өздік жұмыс тапсырмалары таратылады



б) «Сарыарқаға саяхат» интеллектуалдық ойын ( компьютермен)
5. Бағалау
Сабақ «Сарыарқа » әнімен аяқталады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет