СабақТЫҢ ОҚУ-Әдістемелік жоспары учебно-методический план занятий №



Дата23.04.2020
өлшемі63.57 Kb.
түріСабақ
САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ПЛАН ЗАНЯТИЙ №

Пәні/Дисциплина: Қоғамтану және өзін – өзі тану оқыту әдістемесімен

ТОП

ГРУППА




























КҮНІ

ДАТА





























Сабақтың тақырыбы / Тема урока: Өз отанының патриоты

Сабақтың мақсаттары / Цели урока:

Оқытушылық /Обучающая: Оқушылардың таным белсенділіктерін, зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту.

Дамытушылық / Развивающая: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелей отырып, ақпараттық ресурстардан жаңа білім алуына жағдай жасау, зияткерлік қажеттіліктерінің меңгерілуін қамтамасыз ету.

Тәрбиелік / Воспитательная: Оқушылардың бойында патриоттық сана қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.

Пән аралық байланыс / Межпредметные связи: жаңа педагогикалық технология

Көрнекі құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар/Наглядные пособия,оборудования, раздаточный материал: қосымша әдебиеттер, кодекстер:
САБАҚ БАРЫСЫ / ХОД УРОКА
І. Ұйымдастыру кезеңі / Организационная часть: Амандасу. Шаттық шеңбері.

Үй жұмысын тексеру/ Проверка домашнего задания: Қазақстан - біздің ортақ мекеніміз.

ІІ. Жаңа тақырыпты зерделеу / Изучение нового материала

Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз – Қазақстанның патриотымыз! Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама берейік

– «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар? Ол қандай қасиеттерге ие болады?

Бейнефильм көрсетіледі  

       Патриотизм – [грек, patris – отан, атамекен] – өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. “Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді”-  Н. Г. Чернышевский.

       Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Патриот – туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқының мол рухани құндылықтарын бағалай білетін тұлға.

     Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат.

     Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам.

«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату»



       Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу.

       Патриотизм өз Отанына деген махаббат, адалдық.

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің елдің болашағы – сендерге артып отырған бұл сенімді ақтамауға құқымыз жоқ. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты патриот дейміз.



Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – біздің туған еліміз, туған жеріміз, достарымыз, туған-туысқандарымыз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан біздерді анамыздай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, өз еліміздің патриотымыз!

Патриот – ол өз елінің мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігін дәлелдеуде қолда барын, өмірін аямайтын адам. Ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот Бауыржан Момышұлы атамыз: «Барлық халық пен ұлт ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген болатын. Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен елімді сүйемін, туған халқымның тарихын оқып үйренемін, ана тілін құрметтеймін, салт-дәстүрін сақтаймын, Ата Заңын құрмет тұтатын, халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосатын боламын.

«Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым-Халқым менің!



Соған берем ойымның алтын кенін. 

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, 

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. 

Ал екінші бақытым – Тілім менің, 

Тас жүректі тіліммен тілімдедім. 

Кей-кейде дүниеден түңілсем де, 

Қасиетті тілімнен түңілмедім. 

Бақытым бар үшінші – Отан деген, 

Құдай деген кім десе, Отан дер ем! 

… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? 

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 

Ел болдық ерік алдық астаналы 

Енді кімнен қазағым жасқанады? 

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, 

Нұрсұлтанның атымен басталады. 

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.

Астана – Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

Біз – қазақ еліміз бастан не көрмеген.

Намысын ешкімге қолынан бермеген. 

Тұс-тұстан анталап, көз сүзген жаулардан 

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған. 

Төрінде жерімнің байрағым желбіреп

Тұп-тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтың тілері ата жол салтымен 

Достасу, туысу әр елдің халқымен. 

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,  

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз. 

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын, 

Қазақтың елі мен даңқты даласын. 

Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында болуы керек:

* Отанға деген сүйіспеншілік;

* Отанға деген адал сезім;

* Отанын қорғауға дайын болу.

ІІІ.Нығайту/ Закрепление: Топтарға тапсырма. Әзірленуге 7 минут.

І топқа: Көрініс даярлау.

ІІ топқа: «Мен де өз елімнің патриоты боламын». Эссе жазу.

ІІІ топқа: «Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» мақалына қысқаша түсініктеме

беру.

Қорытынды: Сендер бүгінгі жастар – ертеңгі еліміздің болашағысыңдар. «Сен де бір

кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан…» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат



болуға сендер міндеттісіңдер. Келешекте еліміздің нағыз “ПАТРИОТТАРЫ” боларсыңдар деп үміттенемін, мектеп басшысы ретінде сенім білдіремін.

ІV. Өздік жұмыс / Самостоятельная работа: Өзіңді не себептен патриотпын деп есептейсің?

VІ. Үй тапсырмасы / Домашнее задание. Лекция мазмұны
Оқытушы / Преподаватель: _____________ Амиртай Сунхар

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет