Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ



жүктеу 0.59 Mb.
бет3/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.59 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4
: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"

Сабақтың тақырыбы : Сөйлеудегі сөз бен мағына бірлігі

Сабақтың мақсаты : а) сөз бен мағына бірлігі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық, жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : слайдтар, тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлеу ішкі мағына, мазмұнға бай болғанда көркем де әсерлі болады. Ойлап сөйлеп, әр сөзді екшеп таңдап, орнымен қолданудың әңгімелесуде, сөйлеуде мәні зор.

Қазақ тілінің мол қазынасын меңгерген, тілді терең білетін сөйлеуші, жазушы сөзі көркем де мағыналы болады. Сөйлеудегі ойдың кең көлемде берілуі, мазмұнының анық, әсерлі жетуі - білімділік пен мол ақылдың да көрсеткіші.

Ұлттық тілдің сыр-сипатын жақсы білетін, әдеби тіл мен ауызекі тіл ара жігін бөлшектей алатын, тілдегі түрлі (фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) жарыспалы сөздердің қажеттісін екшей алатын, тілдік норма ерекшеліктерін айқындайтын адам сөйлеуде сөз бен ой бірлігінің қатынасына зер сала, ұқыптылықпен қарауы керек. Айтар сөздің мазмұнды жетуі біздің мәдениетімізді де анықтарын естен шығармағанымыз жөн.

Сөйлеудің мазмұнға бай болуы, көркем шығуы үшін төмендегілерді есте ұстаған дұрыс:

- қандай жағдайға қатысты;

- мәселенің шешілуіне қандай жаңа, тың пікір әсер етуі мүмкін;

- оны қандай сөздермен берсе, неғұрлым әсерлі болады;

- айтылған пікірлердің нақты дерекке қатыстылығы қандай;

- дау туғызар, келесіге, талдауға, ой елегінен өткізуге болатын қандай ыңғайы, қажеті бар;

- айтушы, сөйлеуші ұстанымы не, оның тыңдаушы ұстанымымен сабақтастығы қандай.
Жаттығумен жұмыс: 46-жаттығу
Шығармашылық жұмыс: «Қазақ тілі-өркениет пен ғылым тілі» деген тақырыпта пікір өткізеді..
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 47-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Сөйлеудегі қосымша құралдар

Сабақтың мақсаты : а) сөйлеудегі қосымша құралдар туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б)оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Біз сөйлесу кезінде әңгімелесушіміздің қимыл-қозғалысына еріксіз назар аударуымызға тура келеді.

Беті бал-бұл жайнап, көздерін кеңірек ашып қараса, көбіне қызығушылық, немесе айтылғандардың көңілінен шыққанын білдірсе, қулана көзін жылмитса - күдік пен сенбестіктің белгісі екенін байқаймыз. Ал егер тыңдаушы жанарын басқа жаққа бұрып әкетсе, немқұрайлылық пен құлықсыздық екені белгілі.

Әрине, адамның әңгімеге көзқарасын тек көз ғана білдіріп қоймайды. Қол сілтесе, «Бәрібір, ештеңе өнбейді», «Жағдай өзгермейді» деген сөйлемдер орнына жүреді.

Ым-ишара, қол, бет, көздің түрлі қозғалыстары мен өзгеруі, дене қимылдары қарым-қатынастың қосымша құралдары. Оны үйрететін, оқытатын саланы кинесика деп атайды (грек тілінде kinesis - қозғалыс). Кинесикада бет-жүз қимылымен эмоцияны білдіруге (мимика), қол қозғалыстарымен ойды анықтауға, көрсетуге (жестикуляция) ерекше назар аударылады.

Қабағы түйіліп, бет-жүзі сұрлана түскен қалыптан ашуды байқасаң, бақырайған көз, ашылған ауыз таңданысты білдіретінін барлығымыз да жақсы білеміз.

Сөйлесу кезінде бет-жүз, қол қимылдарын көп пайдаланатынымызды өзіміз де байқай бермейміз. Ешкім бізге олардың нені анықтап, нендей қызмет атқаратынын түсіндірмесе де, күнделікті тұрмыста, қоғамдық ортада кеңінен қолданылады. Бұның түсінікті бола түсуіне сөйлемдегі сөз ырғағы, екпін, интонацияның да рөлі бар.

Сөйлесу кезінде мұрынын шұқып немесе түймесін ұстап, галстугін жөндеп, я болмаса тырнағын тазалап т.б. өрескел қимылдар жасаса, бұл әдепсіздік болады. Бұндайды механикалық ым-ишара дейді. Механикалық ым тыңдаушының назарын аударып, ойын бөліп, әңгімелесуге кедергі келтіреді. Оның ырғақты, эмоциялы, сілтеме, суреттеме және символдық түрлері бар.

1) Ырғақты: логикалық екпін: сөйлеудің жылдам немесе баяу айтылуына қарай қол қозғалысымен анықталады.

2) Эмоциялы: қозғалыс: көбіне тұрақты сөз тіркестері мен тілді көркемдеуші құралдары арқылы: мысалы: жүрегі ұшып кету - дыбысы шықпай қолымен жүрегін


басып отыра кету.

3) Сілтеме: мысалы: «Мына терезені ашыңызшы», дегенді терезені нұсқап, қос қолын кеуде тұсынан екі жаққа қарай жайса ұғамыз.

4) Суреттеме: затты суреттеуде сөз таба алмаған жағдайда немесе неғұрлым күшті әсер бергіміз келгенде, қол қозғалысымен суретін көрсетеміз.

5) Символдық: мысалы, қолымызды жүрек тұсына қойсақ, ыстық ықыласымызды білдіре аламыз.



Жаттығумен жұмыс: 49-жаттығу Кесте бойынша 2-3-тен мысал жазыңдар

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 50-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Сөздің түсініктілігі

Сабақтың мақсаты : а) білімін жинақтау,құзыретті тұлға қалыптастыру;

ә) оқушының өзіндік іс әрекетін дамыту;

б) сөйлеу мәдениетіне,шешендікке баулу,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі: семинар

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,пікір айту,жаттығулар әдісі,практикалық талдау.

Көрнекілігі: компьютер,үлестірмелі қағаздар т.б.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздің түсінікті жетуі таңдап алған сөзімізге қатысты екені белгілі. Тілде сөз өте көп, біз соның барлығын да қолдана бермейміз. Олардың ішінде жиі пайдаланатын сөздермен бірге сирек ауызға алынатындары да бар.

Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі қолданылатын сөздер (актив лексика), сирек қолданылатын сөздер (пассив лексика) деп бөледі. Алғашқы топқа жалпыхалықтық лексикадағы, барлығымызға түсінікті сөздер кірсе (мектеп, қала, көше, кітап, қол, бір, сөз, оқу, айту т.б.), сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсіби сөздер мен терминдер кіреді.

Сирек қолданылатын сөздерде халық тұрмысын, шаруашылық, кәсібін анықтайтын сөздер көп кездеседі. Оларды этнографизмдер дейді.


Жаттығумен жұмыс: 51-жаттығу Сөздердің қай ғылым термині екенін анықтаңдар


экономика

әдебиет

тіл

география

Басқа ғылымдар


















Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сөйлеудегі қосымша құралдар дегеніміз не?

  2. Олардың қандай түрлері бар?

  3. Жұрт алдында сөйлеу әдебі дегенді қалай түсінесің?


Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 52-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Сөз әсерлілігі

Сабақтың мақсаты : а) білімін жинақтау,құзыретті тұлға қалыптастыру;

ә) оқушының өзіндік іс әрекетін дамыту;

б) сөйлеу мәдениетіне,шешендікке баулу,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар, деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлеу мен жазудағы басты назарда ұстар қағидалардың бірі - сөздің әсерлі жетуі. Сөздің әсерлілігі сөйлеушінің дауысына, сөйлеу мәнеріне, сөздерді дұрыс таңдап ала білуіне байланысты.

Дауыстың түрлі болуына қарай біз көңіл-күй жағдайын, сөйлеушінің ойға, іске қатынасын анықтай аламыз. Көптеген мамандық иелері үшін дауыс үлкен рөль атқарады. Сөздің дәл, орнымен қолданылуымен қоса, көркем де әдемі сөздерді таңдап алғанымен, орынсыз дыбысты, сөзді көтеру, созу немесе ақырын айту сөздің, ойдың әсерін төмендетіп қана қоймай, тыңдаушыны жалықтырып та жібереді. Екпіні, кідірісі дұрыс қойылған, жағдайға лайық сөздер дұрыс таңдап алынған әңгіме, сұхбат, кез келген жазбаша үлгідегі мәтін тыңдаушы үшін де, оқушы үшін де әсерлі болатыны сөзсіз.

Сөздің әсерлілігінің екінші жағы - сөздің тура мағынасында қолданумен бірге оны суреттеп, бейнелеп, ауыстырып айту.

Мысалы: қуанды дегеннен де «көзі жайнап, жүзі бал-бұл жанды» деген әсерлі болары сөзсіз.

Сөз мағынасының басқа мағынаға ауысуы

Метафора тәсілі ~ сөз мағынасын салыстыру, жақындату негізінде астарлы тың мағына жасау. Мысалы: «Өзім -Күнмін, өзім - от» (Мағжан). Осындағы «Күнмін», «от» метафора тәсілі арқылы ауыспалы мағынаға ие болған.

Метонимия - зат, құбылыс атауларының екінші бір зат құбылысқа шектестігі, ұласпалылығы негізінде жұмсалуы. Мысалы: Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер, Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар (Мақал). Ақпа құлақ «ұғымсыз» мағынасын, құйма құлақ «ұғымтал», «зерек» мағынасын ауыстырып тұр.

Синекдоха - жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын мағына. Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады. Мақалда көп «халық», «ел» мағынасын береді.

Ауыспалы мағына метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеу т.б. бейнелеу тәсілдері арқылы беріледі. Ойды неғұрлым кең берем деп тыңдаушы, оқушыға тегеурінді әсер беретін ауыспалы мағынадағы сөздерді тым қоюлатып, сурет-сөзге әсіре еліктеп кетуге де болмайды.

Қорыта келсек, сөздің әсерлі жетуі сөзді мәнерлеп айтуға қажет: екпін, дауыс кідірісі, дауыс күші, дыбыстың айтылу ерекшелігіне, тілде бейнелеу құралдарын: метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеуді орнымен қолдану, жағдайға қарай сөздерді дәл тауып, қолдануға байланысты.



Жаттығумен жұмыс: 56-жаттығу Әр сөйлемді бірнеше түрде жазыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 55-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Сөз байлығы

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілінің сөз байлығы туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту,

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, семантикалық карта

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөз байлығы әр адамның лексикасындағы сөздердің мөлшерімен, көлемімен байланысты дегенмізбен де, ең негізгісі - ой байлығы. Сондай-ақ, тілдегі бар сөздерді бір-бірімен жалғастырып, қиюластырып, әсем де әсерлі жеткізу айтушы мен сөйлеушінің ой көкжиегінен де елес береді. Бір сөзге бірнеше мағына сыйғызып, әр сөзді мән-мазмұн, стиль бояуымен жеткізу ойлау қабілетімен, шығармашылық сипатпен ұштасады. Сөз байлығын терең білудің ендігі бір жолы - халық тілінің дәстүрі мен әдеп ерекшеліктерін меңгеру. Қазақ тілі көркем әрі әсем тіл дейміз. Осындай әсемдік пен көркемдік тілді бүгінгі дейінгі жеткізушілердің ой қабілетінің тереңдігі мен қиялының шексіздігін дәлелдесе керек.

Тілдегі лексикалық қабаттың үнемі дамып, толығып, өсіп, өзгеріп отыратындығын білеміз. Бұл бірнеше тәсілдермен жүзеге асады.

- Сөз тудырушы қосымшалар арқылы;

- сөз мағынасының ауысуы арқылы;

- жаңа сөздер кіру арқылы;

- басқа тілден сөздер ену арқылы.

Аталған тәсілдер тілді байытатын ең негізгі әрі бастылары болып саналады. Бұдан басқа тілде сөздің өзгеруі, жаңа мағынаға ие болуы, тұрақты сөз тіркестерімен, сондай-ақ бір сөздің қоғамдық өзгерістерге қарай жаңаруы тәсілдерін атауға болады.



Топпен жұмыс: 1-топ: Өз жолдастарыңның портретін жазыңдар

2-топ: Бүгінгі қыстың ызғарлы күнін суреттеп жазыңдар.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Портрет дегеніміз не?

  2. Пейзаж дегеніміз не?


Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 58-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Сөз әдебі

Сабақтың мақсаты : а) Сөз әдебі туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сұхбаттасуда немесе әңгімелесу кезінде де біздің мәдениетіміз бен тәрбиеміз де байқалады. Әңгімелесушілердің ізетпен, бір-біріне құрметпен, көңілге келер сөздерді ауызға алмай, тәрбие шеңберінен шықпай сөйлесуі әдептіліктің белгісі болса, тыңдаушының сөзді бөлмей, ынта қойып, аяғына дейін тыңдай білуі де - мәдениеттілік.

Адамдар бір-бірімен араласатын күнделікті тұрмыста түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірі үлкен қуанышпен ішкі сезімін жасыра алмай бал-бұл жанса, бірінің көңілі түсіп, жан-дүниесі алай-дүлей күй кешсе, барлығына қатысты сөз әдебін білдіретін сөздер бар. Мысалы: «құтты болсын», «ұзағынан сүйіндірсін», «жолы болсын», «ештеңе етпес», «бір реніштің бір қуанышы бар», «ұзағынан жазсын» т.б. тіркестер түрлі жағдайларға байланысты айтылады. Осындай сөздер бір-бірімізді дұрыс түсінісуімізге, сыйласуымызға ықпал етеді.

Сөз әдебі, адамдық мәдениетті сақтау дегеніміз орнымен сөйлеп, орнықты жауап беру. Сөйлеуде, жазуда жаргон, дисфемизм, былапыт сөздерді есту кімге болсын жеңіл тимесі анық. Ендеше қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жөн. Сөйлеу мен жазуда ойды жеткізуге сыпайы сөздерді таңдап алып, жұмсақ сөйлеген адам жеңетіні белгілі. Келісімге келуге тырысу, егер әңгімелесуші тарапынан ондай ниет байқалмаса, әңгіме тақырыбын өзгерту- тәрбие мен әдеп белгісі. Әңгіме, сұхбат ауаны, тақырыбы өзгермеген жағдайда да, өз пікірінде, әңгілесушімен достық қатынаста қалған дұрыс.



Жаттығумен жұмыс: 60-жаттығу Кестедегі жағдайға мысал келтіріңдер


үйде


.
сабақта



Демалыс орнында

Қайда?







Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Қуанышты күнге тілек жазып келу

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Тіл тазалығы

Сабақтың мақсаты : а) Сөз әдебі туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөз мәдениеті, жазу, сөйлеу әдебі, ерекшеліктері дегенде назарға алынатын тұс - тілдің тазалығы. Жазу мен сөйлеуде әдеби тіл нормасына жатпайтын, тіл көркемдігін бұзатын артық-ауыс сөздерді қолданбау қажеттігін барлығымыз білеміз.

Әдеби тіл - өңделген, сұрыпталған, сол тілде сөйлеушілердің барлығына түсінікті тіл. Ендеше белгілі бір тілде таза жазу, сөйлеу дегенде, ойға қажетті сөзді таңдауда оның қолданыс сипатына, сөйлеуші халық тіліне алыс-жақындығына қарай аламыз. Тілдің қызметі халықтың қоғамдық-өндіріс, қоғамдық-саяси, сондай-ақ рухани байлығын көрсете, аша алуында.

Тіл тазалығы айтар сөзге, ашар ойымызға пайдасы шамалы, қажеті мәнсіз, орны белгісіз сөздермен әуестенбеуді талап етеді. Басқа тілден енген сөздерді мүлде сөздік қордан да шығарып тастай алмаймыз. Десек те, оны қолданудың орнын, ретін тапқан жөн. Әрине, көркем әдебиетте белгілі бір ортаның ерекшелігін ашу үшін қаламгер басқа тілден енген сөздерді, диалектілер мен варваризмдерді пайдаланады. Бірақ, бұның өзі - шығарма шырайын ашса ғана мақсаттың өтелгені.

Сөйлеу мен жазуда тілдік норманы сақтау қажет.

Лексикалық норма: сөздің тура және ауыспалы мағына жасау мүмкіншілігін;

- морфологиялық норма: сөзге қосымша жалғау ретін, сөзден жаңа сөз жасау ерекшелігін;

- синтаксистік норма: сөз тіркесу, сөйлем мүшелері орнын, инверсиялық өзгешелікті назарда ұстау десек, осы нормаларды білу, ұстаным ету сауатты да білімді, мәдениетті адамның ісі.



Жаттығумен жұмыс: 65-жаттығу Сөз тіркесі мен сөйлемдерден тіл тазалығына нұқсан келтірер сөздерді табыңдар.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 67-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру т.б

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар,таблицалар. т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаттығумен жұмыс: 68-жаттығу Кестені толтырыңдар.


Тым сыпайы түрі

Бейтарап сыпайы түрі

Ауызекі сөйлеу тілінде

Кешіріңіз аялдамаға қалай баруды айтпас па екенсіз?

Аялдамаға қалай баруды айтыңызшы?

Аялдама қайда?

Мазалағаныма кешірім өтінемін,кітапхананың қай жерде екенін көрсетпейсіз бе?







Мархабат етіңіз, оған тұмауға қарсы дәрі керек






69-жаттығу. Бала, көз, шаш, сөз, су сөздері қатысатын тұрақты тіркестерін жазыңдар.



Мысалы: су—мойнына су кету, су жүрек
70-жаттығу. Көрсетілген тұрақты тіркестердің синонимдерін тұрақты тіркестермен беріңдер.


1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет