Сабақтың тақырыбы : З. Шүкіров. Ақша қар



Дата03.05.2016
өлшемі51.97 Kb.
түріСабақ
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «С.Сейфуллин атындағы гимназия»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Абишева Акшолпан Темирхановна


Сынып: 2

Пәні: әдебиеттік оқу


Сабақтың тақырыбы: З.Шүкіров. Ақша қар.

Сабақтың мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, өлеңнің негізгі идеясын ашуға көмек беру.

Міндеттері:

  1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіру

  2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру

  3. Табиғатты қорғауға, қамқорлық көрсетуге тәрбиелу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, жеке, жұптық, топтық жұмыс, ой қозғау, СТО, түртіп алу стратегиясы, тест

Көрнекілігі: оқулық, жұмбақ, сызба, қар қиыршықтары, шырша, шырша ойыншықтары, аққала, БББ кестесі

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты.

-Балалар, біз қай тарауды бастап, оқып жүрміз?

- Қыста талай қызық бар.

-Қыс қандай мезгіл? (балалар салған суреттерді қарастыру)

-Мына суреттерде құстар көрінбейді ғой. Олар қайда кеткен?

-Жылы жақтарға.

-Ал қыстап қалатын қандай құстар?

- Қарға, сауысқан, көгершін, торғай .

-Балалар, сондай ақ қыста тіпті балапан да қыстап қалады екен. Ол туралы кімнің әңгімесінен оқып білдік?

-Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты.

«Балапан қанат қақты» әңгімесін тыңдау. (1 оқушы)

-Балапан неге жылы жаққа кете алмаған? (жауаптар тыңдалады)

- Бұл әңгіме аяқталмай қалған. Сендер өз беттеріңше аяқтап көрдіңдер ме? (2-3 оқушының жауабын тыңдау)

- Балалар, әңгіме қайғылы аяқталуы мүмкін бе еді? Солай аяқталғанын қалар ма едіңдер?

- Олай болса, қыстап қалған құстарға қамқор болыңдар. Әйтпесе, олар да балапанның күйін кешуі мүмкін.

Үй тапсырмасын бекіту. «Аққала жасайық!» (сұраққа жауап берген оқушы аққаланы құрастыруға атсалысады)


Өткен сабақ бойынша білімдерін тиянақтау мақсатында тест сұрақтарына жауап алу.
Тест
1. Жылдың қай мезгіліне байланысты шығармалармен танысып жатырмыз?
а) қыс
2. Қыс айларын ата?
а) желтоқсан, қаңтар, ақпан
3. Қазір қай ай?
а) желтоқсан
4. М.Жұмабаев кім?

а) жазушы, ақын, педагог

5.Әңгімеде жылдың қай мезгілі бейнеленген?

а) қыс мезгілі

6. Мағжан Жұмабаевтың қандай шығармасымен таныстық?
а) Балапан қанат қақты
7. Балапан жылы жаққа неге келе алмады?
ә) қанаты қатып жеткен жоқ еді.
8. Балапанның халі сендерде қандай көңіл күй туғызды?
ә) аяушылық

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ

Қанттай ақ,

Мамықтай ұлпа,

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (қар)

Жаңа сабаққа кіріспе

-Ал, балалар, қардың қандай түрлері болатынын білгілерің келе ме?

Ендеше оқулығымыздағы жаңылтпашты оқиық.

Жаңылтпаш

1) Бұл қар -


Сұр қар.
Сұр қар -
Кір қар.
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
2) Қырбық қар құрғақ па,
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қарда құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.

- Балалар, жаңылтпаштардан қардың қандай түрлері бар екенін білдік?


- Балалар, осы екі жаңылтпашқа ортақ белгі не?
- Қар.
- Дұрыс, қардың қандай түрі болатынын білдіңдер ме? Олай болса, қазір әр қатардың оқушылары жұптасып жұмыс жасайды. Мына кестені кім тез, әрі дұрыс толтырады екен? Көп нүктенің орнына қардың түрлерін ғана жазу керек.



(Сұр)
(Кір) қар


(Қырбық)
(Құрғақ)

- Балалар, тағы қандай қар болатынын білесіңдер ме?



  • Қар алуан түрлі болады. Қар түрліше жауады. Шалқайып аспанға қарасаң, үзіліп мақта ұлпалары түсіп жатқандай болады. Олар- жапалақ қар. Бұл әуеден түсіп келе жатып, бір-біріне жабысатын қар ұшқындары.

  • Сондай-ақ, бұлардан да қаттылау қар бар,ол қиыршық қар. Маңдайыңа тисе тызылдатып, ауыртады.

  • Ал, жерге қырбақтап жаңа ғана түскен таза қарды көбік қар немесе ақша қар, ел арасында қансонар дейді. Қансонарда аңшылар аңға шығады, ит жүгіртіп, құс салады.

ІІІ Жаңа сабақ.

-Тағы қандай қар болатынын білгілерің келе ме? Онда белгілі ақын З. Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңімен танысамыз.

Мақсатымыз: Автормен таныса отырып, өлең мазмұнын ұғынып, шығармашылық тапсырмаларды орындаймыз.
- Өлеңді оқымас бұрын, оның авторымен танысып алайық.

Зейнолла Анафияұлы Шүкіров (оқушыдан қосымша мәлімет)

1927 жылы 16 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. Бастауыш білім алған соң қатты ауырады. Айлар, тіпті жылдар бойы төсектен тұрмай өз өмірін ауруханада өткізуге мәжбүр болады. Бірақ ауруға мойынсынбайды. Өмір жолы(1927–1979)


«Менің достарым», «Теңіз әндері» (1960), «Арал дәптері» (1962), «Жүрекке әмір жүрмейді» (1963), «Алау» (1966) өлеңдер жинағын жазып, басып шығарған.
Зейнолла ақын өлеңдермен қатар әңгімелер де жазған екен. Ол әңгімелерінің арасында балаларға арналғандары да кездеседі.

Мәтінмен жұмыс

1. Өлеңді оқушылардың іштей оқуы. Таныс емес сөздерді түртіп алу. Түсінік беру.


Ақша қар

Айналамда ұшып жүр


Ақ мамық қар себелеп.
Қалт - құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек.

Үстіме жалп - жалп жауады


Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы
Ақ жібектің түріндей.
Ақ желегін жамылды,

Сарғылт тау-тас, сай-сала.

Ақ қардан көрпе жамылды,

Ауыл үсті айқара.





  1. Оқушылардың топтасып оқуы (1 топ)

  2. Оқушылардың жеке-жеке оқуы (тізбектеп оқу)

• Сұрақтарға жауап беру.
- Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен тауып көрейік.


Тақтамен жұмыс.

Топтастыру. «Қар қиыршықтары»
Ақ мамық, ақ қанатты көбелек, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектей, ақ желек, ақ көрпе. (қар қиыршықтарына жазылады)
Дәптермен жұмыс

Күннің жадын жазу

-Осы теңеу сөздерді дәптерімізге жазып алайық.

Ақ мамық, ақ қанатты көбелек, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектей, ақ желек, ақ көрпе.



Сергіту сәті

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан

Ой қозғау.

Топтық жұмыс

1 топ. Сурет бойынша әңгіме құрау. (ауызша)

2 топ. «Қыс»  тақырыбына шығарма жазу.

3 топ. Ұйқас өлең құрау.

Аппақ ------ қар жауар,
----------------------- қуанар.
Аққала соғып, жарысып
--------- --------- балалар.

Орындалған жұмыс түрлері тыңдалады.



  • Балалар, бүгінгі сабағымыз жылдың қай мезгіліне арналған?

  • Қыс

  • Ал сендер қысқы табиғат құбылыстарын білесіңдер ме? (дүниетану)

  • Қар жауу, боран, аяз, қырау

  • Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?

  • Шана, шаңғы, коньки, хоккей, аққала соғу

  • Қысқы адам еңбектерін ше?

  • Қар күреу, ауылшаруашылық техникаларын жөндеу

  • Ал қыс мезгілінде атап өтілетін қандай мерекелерді білесіңдер? (күнтізбемен жұмыс, 1,16,17, 31 желтоқсан күндері)

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні.

16-желтоқсан ҚР тәуелсіздік алған күні. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?

(оқушылар жауабы)

17-желтоқсан Демократиялық жаңару күні

31-желтоқсан Жаңа жыл. (қызыл түсті қарындашпен бояу)
Сабақты бекіту

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Қар ақ болады

Қыста жауады



Қардың түрлері

Күнтізбе


Қансонар

Демократиялық жаңару




Өз ойларын шырша ойыншықтарына жазып, шыршаға ілу



Қорытындылау

  1. Ақын жырлаған қыс бейнесін өз өлкеміздегі қыспен салыстыра отырып, қыстың сипатын ашатын 3 дәлел айтамыз

Бағалау.

Үйге тапсырма. Ақша қар өлеңін жаттау.
Каталог: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет