Сабақтың тақырыбы: §30,31. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы Сабақтың мақсаты



Дата01.05.2016
өлшемі69.62 Kb.
түріСабақ
Мадалиев Ш,

«№22 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика пән мұғалімі

ОҚО, Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: §30,31. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: тәжірибеде денелер әсерлескенде жылдамдықтары қалай өзгеретінін.Масса ұғымына түсінік беріп, бірліктері жайлы білім-білік дағдысын қалыптастыру

Дамытушылық мақсаты: жаңа тақырып бойынша алған білімін өздігінен кез- келген жағдайда пайдалана білуге үйрету. Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету. Оқушыларды еңбектене, іздене білуге баулу.


Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері:сұрақ-жауап, жұппен, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері: Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта арқылы слайдтар, таразы, тәжірибе жасайтын құралдар.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй жұмысын қайталау

III. Теориялық блок- жаңа тақырып

IV. Практикалық блок-

V. Білімді бекіту

VI. Қорытындылау. Рефлексия

VII. Үйге тапсырма

VIII.Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын қайталау

Ситуациялық ойын: Оқушылар – автобус жолаушылары. Ситуацияны бейнелеп көрсетейік:


  1. автобус тез өз орнынан қозғалды;
    2. автобус бірқалыпты және тұзусызықты қозғалып келеді;
    3. алдында кездескен бөгетте автобус тез тежегішін басты;
    4. үлкен жылдамдықпен келе жатып оңға бұрылды, солға бұрылды;
    5. бірқалыпты және тұзусызықты қозғалып келеді;
    6. тез тежегішті басып тоқтады.

Ситуацияларды физика тілінде түсіндіріңдер.

Жұппен жұмыс:

Сұрақ оқушыларға нұсқа бойынша қойылады.Бір-біріне жауап береді, жауаптарын сынып алдында талқылайды.Сынып толықтырып, қатесін түзейді:

I нұсқа:


а) Неге киімді шұғыл сіліккенде одан жаңбыр тамшылары ұшып түседі?.
б) 1 тапсырма. Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамаман 15 км жүгіретіні анықталды.

Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жолдың ұзындығы ма ?


II нұсқа:
а) Аты сүрінсе, шауып келе жатқан салт аттыда қандай жағдай болады?
б) 2 тапсырма. Жүргізуші автомобиль есептеуіші- нің көрсеткіші 500 км-ге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма ?

Физика және қоршаған орта

Есеп: А-деңгей Туған елдің тірі байлығы. Жылдамдық. Жылдамдық бірлігі.

Егер қасқырдың жылдамдығы 12,5 м/с болса, ал ақ бөкеннің жылдамдығы

60 км/сағ болса, қасқыр ақ бөкенді қуып жете ме?

Б-деңгей


Жаяу туристік жорықпен біздің еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне дейін, дағдылы

қадаммен υ=3,5 км/сағ, күніне t=8 сағтта, қанша жол (s) жүреді


Мәңгілік жиханкездер
Ақ бөкен ерте заманғы жануарлар. Мүйізі мен терісі өте бағалы.

Олар өте жүйрік спринтер, жылдамдығы сағатына 75-80 шақырымды алады. Тұяқтарының қарға түсіретін қысымы 500 г/см². Қазақстан мен Монголия

егістіктерінде кездеседі.
Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігене дейін ұзындығы 2000 км, ал батысынан шығысына дейін 3000 км шамасында. Сонда турист күнде 28 км жүріп отырып, солтүстігінен оңтүстігене дейін 70 күнде, батысынан шығысына дейін 107 күнде жаяу жүріп өтеді.


III. Теориялық блок- жаңа тақырып


Сендер білесіңдер, денеге басқа дене (көк шар) әсер етсе (қызыл шар) онда дененің жылдамдығы өзгереді. Бірінші дене екінші денеге әсер етті.

Анықтама: денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу деп аталады. !!! Әсерлесіу кезінде екі дене де жылдамдығын өзгертеді.

Мысалы: Зеңбіректен оқ атылғанда екеуінің де жылдамдығы өзгереді. Оқ алдыға, зеңбірек артқа қозғалады.

Тәжірибені жалғастыралық. 18, a-суретте арба бейнеленген, оған серпімді пластина бекітілген. Пластина иілген және жіппен байланған. Арба үстелге қатысты тыныштықта тұр. Егер пластина түзелсе, онда арба қозғала бастай ма? Бұл сұраққа жауап алу үшін жіпті кеселік. Пластина бірден түзеледі, бірақ арба алғашқы орнында қалады (18, б-сурет).

Енді бірінші арбамен қатар екінші арбаны қоялық (19, a-сурет). Жіпті жағып үзгеннен кейін екі арба да қоғалысқа келеді де қарама-қарсы жаққа кетеді. Олардың екеуінің де жүрген жолдары әр түрлі болады екен(19, б-сурет). Бұл пластинаның түзелу процесінде арбалар әр түрлі жылдамдық алғанын білдіреді. Мысалы, сол жақтағы арбаның жылдамдығы осы уақытта 0-ден 40 см/сек-қа, ал оң жақтағы арбаның жылдамдығы 0-ден 20 см/сек-қа дейін өседі. Бұл сандар сол жақтағы арбаның жылдамдығы оң жақтағы арбаның жылдамдығына қарағанда екі есе шапшаңырақ өзгергені туралы айтады. Арбалардың жылдамдықтарының өзгеруіне олардың бір-біріне әрекеттері себеп болды. Денелердің бір біріне әрекетін олардың өзара әрекеті деп атайды. ӨӨзара әрекеттің нәтижесінде денелердің жылдамдықтары өзгереді, алайда әр түрлі денелерде олар түрліше өзгереді. Өара әрекет кезінде өз жылдамдығын баяу өзгертетін дене жайында ол тым инертті және үлкен массасы бар деп айтады. Ал сол кезде өз жылдамдығын тез өзгертетін дене жайында оның инерттілігі аз және массасы кіші деп айтады.

Масса дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама болып саналады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса, ол солғұрлым инертті болады.

Масса ұғымы келешекте физиканы оқып үйренген сайын ашылады. Әзірше әрбір дене – адам, үстел, Жер, су тамшысы – массаға ие екендігін еске сақтау керек.

Денелердің массасын бір-бірімен әрекеттесу кезінде олардың жылдамдықтарының өзгеруі бойынша салыстыруға болады.

Егерде екі дене бір-бірімен әрекеттесу кезінде өздерінің жылдамдықтарын бірдей өзгертетін болса, онда олардың массасы тең. Егерде олардың жылдамдықтары әр түрлі өзгеретін болса, онда олардың массасы әр түрлі.

Жоғарыда қарастырылған тәжірибеде (19-суретті қара) сол жақтағы арбаның жылдамдығы оң жақтағы арбаның жылдамдығынан 2 есе көп өзгерді. Осыдан сол жақтағы арбаның массасы оң жақтағы арбаның массасынан есе кіші екендігі шығалы.

СИ жүйесінде масса бірлігіне килограмм (1 кг) қабылданған. Килограмның Халықаралық үлгісі (эталоны немесе прототипі) Францияда Севр қаласында сақтаулы тұр. Ол платина-иридий қорытпасынан дайындалған, диаметрі мен биіктігі 39 мм-ге жуық (20-сурет) цилиндр формалы. Басқа елдер үшін осы эталоннан көшірмесі дайындалған. Ресейде, мысалы, килограмның № 12 прототипі тұр, АҚШ-та — № 20.

Практикада сондай-ақ массаның басқа бірліктері — тонна, грамм, миллиграмм және т.б. пайдаланылады.

1 т = 1000 кг, 1 г = 0,001 кг, 1 мг = 0,000001 кг.

Массаны анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың бірі туралы, жылдамдықтардың өзгеруін салыстыруға негізделген, жоғарыда айтылды. Массаны өлшеудің екінші тәсілі — таразыға тарту. Бұл белгілі тәсілдердің ішіндегі ең ертедегісі. Таразының кескіндерін тіпті жасы төрт мыңнан асып кеткен египед пирамидаларынан да табуға болады. Айтпақшы, таразымен өлшеу дұрыс және таразымен ұқыпты жұмыс істеуге әрқашанда үлкен мән берілген. Мысалы, XII ғасырдағы ежелгі орыс грамоталарының бірінде өлшемдер мен таразыларды дұрыс пайдаланбағаны үшін “өлімге етене дарға асылсын, ал мүліктері үшке бөлінсін: бір бөлігі София шіркеуіне, бір бөлігі Иванов шіркеуіне және бір бөлігі жүздік пен Новгородқа” деген қатал нұсқау берілген.

Таразылардың қазіргі заманғы құрылымы өте әр түрлі. 21-суретте массасы 10 мг-нан 200 г-ға дейінгі заттарды өлшеуге мүмкіндік беретін оқу таразысы бейнеленген. Басқа шектердегі массаларды анықтау үшін басқа таразылар пайдаланылады. Мысалы, вагондар мен автомашиналарды 200 т-ға дейінгі жүкке есептелінген транспорттық таразыларда, ал массасы 1 мг-дай және одан да аз аналитикалық таразыларда өлшейді.

Таразымен өлшеуге болмайтын денелердің массасын (мысалы, Жердің, Күннің, сондай-ақ заттың ұсақ бөлшектерінің — атомдар мен молекулалардың массасын) басқа тәсілдермен — жылдамдықтарды, сондай-ақ массасымен бірге физиканың әр түрлі заңдарына кіретін басқа да физикалық шамаларды өлшеу жолымен анықтайды.


  1. Итальяның атақты ғалымы Галилео Галилей.

  2. Кітаптағы суретке қарап түсіндіру.

  1. Практикалық блок- тәжірибе:

а) Өзара әрекеттесу кезіндегі машиналар


Себебі неде? Ешбір жағынан ерекшеленбейді, олардың массалары, жылдамдықтары бірдей.

Егер машиналардың біреуіне жүк тиесек жылдамдығы өзгере ме?

б) өзара әрекеттесу кезінде сол жақтағы машинаға жүк саламыз.

Бұл қозғалыстың себеі неде?



Қорытынды: Екі дененің массаларының қатынасы өзара әрекеттесу кезінде алатын жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал болады.



Анықтама: Масса-денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама.

Таразы түрлері:


V. Білімді бекіту

Оқулықтағы суреттердің көмегімен оқушылардың ойын анықтау.

№1.90-91 бет. 59, 60, 61, 62, 63-суреттер 92 бет. 64-сурет

№2. 11 жат. №1 №4

№3. Бір оқушы шығып алақанына мына затты салып, оның массасын бағаласын. Сонан соң оны таразыға тартып өлшеп, қаншаға қателескенін тексерсін.
VI. Қорытындылау. Рефлексия


  1. Қандай көңіл- күймен сабақты аяқтаймыз?

  2. Сабақ ұнады ма?

  3. Қандай қиындықтар болды, неліктен деп ойлайсындар?

VII. Үйге тапсырма

§30,31 10жат. №2; 11 жат №2

VIII.Бағалау




Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы кеңестік еңбекпен түзеу лагерьлері
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Тиімді оқыту уақыт талабы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
sabaktar -> №36 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Шымкент қаласы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абайды білмек парыз ойлы жасқа (10-сынып)
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдерінің ұлттық сипаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың асқар белі абай XX ғасырдың заңҒар биігі мұхтар мұғалімнің кіріспе сөзі


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет