Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөзінен. Сабақтың мақсаты



жүктеу 41.21 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі41.21 Kb.
түріСабақ
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы

«№104.Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тақырыбы: Абайдың қара сөзінен.

Дайындаған: Мырзақұлова Жанна Тоғысбайқызы

Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі.

Стажы: 24 жыл

Білімі: жоғары

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөзінен.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазақтың топ ою-өрнектерінің тарихи сыры мен оны дамытушы шеберлердің маңызын аша түсу;

Тәрбиелік: балаларды еңбексүйгіштікке , әсемдікке талпындырып, қазақтың мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу;

Дамытушылық:оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу;

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар,түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, Абай кітап көрмесі, тірек сызба,суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгелдеп отырғызу.

Ұранмен таныстыру

Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ.



  1. Өтілген материал бойынша жұмыс.

Бөлімді қайталау

Тест (10 минут)



  1. Жаңа сабақ

-Балалар , бүгін біз сендермен , «Әдептілік, ар-ұят, адамдықтың белгісі» деген тарауды бастаймыз.

-Әдептілік, ар-ұят дегенді қалай түсінесіңдер?

-Әдепті бала қандай болуы керек?

( Оқушылардың жауабы)



-Ендеше, әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені. Бұл жолы біз бұл тарауда адамдық, инабаттылық, ізеттілік, жайында әңгімелейтін боламыз.

-Балалар, Абай кім?

-Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

1-оқушы. А. Құнанбаев ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы өшпес ерекше тұлға. Абайдың сөздері қыр-сыры мол дүние.

Абай 1845 жылы туылып, 1904 жылы ұлу жылында 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс тауында дүниеден қайтқан. Шын аты-Ибраһим болса да, Зеренің еркелетіп қойған «Абай» деген есімімен аталып кеткен.

2

Абай


ақын

Кемеңгер дана

сазгер

Аудармашы

болыс
-оқушы. Оның қазақтың ән сазын байытқан «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы»т.б тамаша әндері бар. Абай өзі ән салып, домбыра шерткен. Балалары Ақылбай, Әбіш, әйелі Әйгерм әндерін тыңдаушылары ғана емес, орындаушы, таратушылары болған.

3-оқушы. Бүгінгі күні Абайдың атымен көшелер, аудандар, мектептер, мұражайлар , кітап,журналдар аталады. Абай атаға арналып көптеген ескерткіштер қойылған.

4-оқушы. Абай Лермонтовтан «Күнді уақыт игеріп» , «Менің сырым жігіттер, емес оңай», «Ал сенейін, сенейін» , Крыловтан « Шегіртке мен Құмырсқа» мысалдарын аударған.
Поэзия минуты. 1. Абайдың өлеңдері.

2. Абайдың (шығармалары) аудармалары.

3. Абайдың әндерін айту.



  • Өте жақсы. Ендеше, бүгін біз , Абайдың шығармаларының бірі-қара сөздерімен танысамыз. 1890-1898 жылдар арасында жазылған шығармалар. Жалпы саны-45. Абай өзінің өлең сөздерінің көбі заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Осы жайлы ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бір талайын жаңа сөзбен таратады. Сонда кейбір қара сөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылатын ойлар қарапайым , оңай, жеңіл ұғымдармен қайтадан айтылады.


Оқулықпен жұмыс.

Абайдың қара сөзінен үзіндіні оқушыларға баяндау

Оқушыларға оқыту

Сұрақ-жауап арқылы талдау.

-Абайдың аталған қара сөзі осы бөлімде біреуінде қандай негіз бар?

-Еріншектік, надандық дегенді сен қалай түсінесің?

-Қандай жат қылықтар туралы айтылып тұр? Бұлар жақсы қасиеттер ма?
Шығармашылық жұмыс. « Сұрақ-жауап ойыны»

Шарты: Оқушыларға мақал негізінен құралған сұрақтар ұсынылады.

Ал оқушы сұраққа тиісті мақалмен жауап беру керек.



  1. Егін екпейтін кім? –Еріншек егін екпейді.

  2. Адамдықтың белгісі не? –Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені.

  3. Надандықтың белгісі не? –Білімнің жоқтығы.

  4. Екі істейтін кім?

  • Еріншек екі істер.

  1. Жұмыс кімнің жауы?

  • Жалқаудың

  1. Жігіт жаманы қандай?

-Еріншек.

7. Түске дейін ұйықтайтын кім?

-Еріншек.

8. Ер атандыратын не?

-Еңбек.
4. Бекіту:


Жағымды қасиеттер

Жағымсыз қасиеттер.







5.Қорытынды.



6. Үйге тапсырма: Әр оқушы екі қара сөзден оқу.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет