Сабақтың тақырыбы: "Алтын адам" туралы аңыз Мақсаты



Дата25.04.2016
өлшемі42.09 Kb.
түріСабақ
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Кеңқияқ орта мектебінің

Бастауыш класс мұғалімі

Тулешова Гүлжан Шапековна

Сабақтың тақырыбы: “Алтын адам” туралы аңыз

Мақсаты:



  1. Мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, сөйлем құрастыруға үйрету.

  2. Мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, мәтін бойынша тіл дамыту жұмысын жүргізу.

  3. Қазақстанның мәдениетін білуге тәрбиелеу, Отанды, туған жерді сүюге баулу, ата-бабамызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас, дамытпалы сабақ.

Әдісі: түсіндіру, іздену , сұрақ-жауап, тест.

Көрнекілігі: суреттер,сөзжұмбақ.

Барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.

П.д. Сабағымызды бастаймыз,

Жалқаулықты тастаймыз.

Асыл сөзді жаттаймыз,

Есімізде сақтаймыз.


2. Сөзжұмбақ шешу.


1

А

16

л

25

т

37

ы

18

н

1

а

7

д

1

а

17

м

Алфавиттегі әріптер бойынша «көршісін тап» ойыны бойынша сөзжұмбақтың шешуін табамыз.

1.Әліпбидегі 1-ші әріп.

2. Қ әрпінің көршісі, әліпбидегі 16-шы әріп.


II. Жаңа сабақ: «Алтын адам» туралы аңыз.

Жаңа тараумен таныстыру.

Автор Қаржаубай Омарұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

Қызылорда облысы , Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келген. Ақын Қазақстан журналистер одағының лауреаты атағын алған. Қ.Омарұлы өмірінің соңына дейін «Асыл сөз» газетінің бас редакторы болып қызмет істеген . «Қоңыраулы бесік», «Әке» , «Бала балапандар» атты повстері бар.


Ә). Мәтінді әңгімелеу.

«Алтын адам» туралы көрсету , табылған бұйымдар туралы айту.

.Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.[2] Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.[3] Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар– ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.[4] Көне дәуірдегі материалдық мәдениетөнермифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.

III.Оқулықпен жұмыс:

1.Сөздік жұмысы.

Қол бастау, көсем болу- әскери қолбасшы болу

Зер-әшекей

Мәртебелім-құрметтім

Төрт құбыла-дүниенің төрт жағы

2. Оқу түрлері: А) Тізбектеп оқу.

Алтын адам осы киімдерді кие алды ма? (хрестоматия оқу).

Ә). Тауып оқу.

Алтын адамның айтқан қай сөзі орындалды, шындыққа айналды? Тауып оқың.


Тапсырмалар:

Дәптермен жұмыс.

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.


  1. Алтыннан жасалған , қару-жарағы,сақинасы.

  2. Таңғалдырып келеді, өз ғажайыптарымен , бүкіл әлемді, археологиялық ескерткіштер.

  3. Тапқан, «Алтын адам» ескерткішін, Кемел Ақышев.

3.Топтастыр: «Сиқырлы сөздер сөйлейді»

IV.Бекіту.

Тест.


1.Алтын адам қашан табылды?

А) 1969ж Ә) 1970ж Б) 1971ж

2.Алтын адамды кім тапқан?

А) З.Самашев. Ә) К.Ақышев Б) Ш.Уәлиханов

3.Алтын адам туралы аңыздың авторы кім?

А) Б.Серікбаев Ә) Қаржаубай Омарұлы.

4.Алтын адам қайда табылған?

А) Шымкенттен. Ә) Атырау. Б) Есік қорғаны

5.Мәтіндегі «Алтын адам» кім?

Ол неліктен Алтын адам деп аталған.

А) Батырлығымен. Ә) зергердің досы болғадықтан.
V.Бағалау.

«5» - 5 ұпай. «4» - 4 ұпай.»3» - 3ұпай.


VI.Қорытынды. Ән «Алтын адам»

Рефлексия.


VII.Үйге тапсырма:

Мәтінді әңгімелеу. Жаңа сөздерді жаттау.Шығармашылық тапсырма: «Алтын адам» шығарма жазу.
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет