Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 1.72 Mb.
бет4/12
Дата25.04.2016
өлшемі1.72 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
: ulgi
ulgi -> Талапкер: Мендешова Салтанат Бекетқызы

Білімділік: Оқушылардың тұрақты тіркестердің түрлері туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Тұрақты тіркестер туралы түсінік.

2.112 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс:

Ішінде мына сөздер бар тұрақты тіркестерді жаз.

Көз, қол, жер, ит, ауыз, тістеді, шаш.



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру


V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тұрақ сөз тіркестерін олардың түрлерін жете түсіну үшін, ең алдымен сөздердің тұрақты тіркесі мен еркін тіркесі арасындағы айырмашылықты, тұрақты тіркеске тән ерекшелікті біліп алу керек.



      1. Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орны, еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнына қарағанда, тұрақты, бекем болады. Еркін тіркестерде сөздерыңғайына қарай әр түрлі сөздермен тіркесе береді. Еркін тіркестің құрамындағы бір сөздің орнына сәйкес келетін басқа бір сөзді қолданып айтуға болады.

      2. Тұрақты сөз тіркестерінен туатын бір бүтін мағына оны құрастырушы сыңарлардың мағынасынан басым болады. Жалпы тұрақты сөз тіркестерінің бәріне бір ортақ, тән белгілерінің бірі сол – олардың құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа ұғымды емес, барлығы тұтасып келіп белгілі бір ұғымды білдіреді.

      3. Тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші тілге аударылуға икемсіз келеді. Әсіресе, оларды тікелей сөзбе – сөз аударуға болмайды.

Тұрақты сөз тіркестері екі салаға бөлінеді.

        1. Идиомалық тіркес дегеніміз – бөліп жаруға келмейтін және оның біртұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер. Мысалы: жер – жебіріне жету( ұрсу, сөгу)

        2. Фразалық тіркес дегеніміз – құрамындағы сөздердің біреуі немесе бірнешеуі өзінің лексикалық мағынасын сақтап қалатын сөз тіркестері.



VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сұрақ жауап:



  1. Тұрақты сөз тіркесі деген не?

  2. Еркін сөз тіркесі деген не?

  3. Идиомалық тіркес деген не?

  4. Фразалық тіркес деген не?


2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
№1

      1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.

Бет моншағы ..., қой ұстінде бозторғай ..., қара жер ... ... , ақ ... ..., жазған құлда ... ...

№2

1.Тұрақты тіркестердің антонимдерін тап.



Аты шықты, бақ қонды, бетінен оты шықты, еңбегі жанды, аузыңа май, араны ашылды, қырғи қабақ, мойыны босады.

№3

1.Төмендегі тұрақты сөз тіркестеріне синонимдер жаз.



Аза бойы қаза болды, алғаны ас болмады, түн ұйқысын төрт бөлді, төрт түлігі сай.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

  • Оқулықпен жұмыс.

113 –жаттығуды ауызша орындау.

  • Өлең жолдарын жаттап алыңдар.

  • Өлең жолдарынан тұрақты тіркестерді табыңдар.


114 - жаттығуды тақтада орындау

  • Мәтінен тұрақты тіркестерді табыңдар.

  • Қарамен жазылған сөздерді тұрақты тіркеспен ауыстырыңдар.


115 –жаттығуды жазбаша орындау

  • Мәтінен тұрақты тіркестерді бір бөлек, жай сөз тіркестерін бір бөлек ажыратып жазыңдар.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

1. 116,118 -жаттығу.

2. Тұрақты тіркестердің ерекшеліктері туралы түсінік.

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: ІІ

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға мақал – мәтелдер туралы лингвистикалық білім беру.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, қосымша материалдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тұрақты тіркестер сияқты мақал – мәтелдер де әбден қалыптасқан сөздердің тобы. Мақал – мәтелдің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады.. ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді.

Мақал - мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты бір сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: кең болсаң, кем болмайсың. Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де бірінші бөлімінде себеп немесе шарт, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.

Мәтелдерде ой пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы:біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.мақалдың мәтелден айырмашылығы – мағынасы ашық болмайды, ишарамен, тұспалмен айтылады, сөйлем аяқталмай, толымсыз болып қалады.

V. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей


    1. Төмендегі мақал – мәтелдердің жалғасын жаз.

А) ит тойған жеріне,

Ә) Ана сүтін ақтамаған,...

Б) Ит үреді,...

ІІ деңгей



    1. Төмендегі мәтелдердің синонимдерін жаз.

А) Ұлық болсаң, кішік бол.

Ә) Кісі еліне сұлтан болғанша, өз еліңе ұлтан бол.

Б) Бұралқы ит үргенімен жағар.

В) Соқыр атқа қотыр ат құмар.

ІІІ деңгей

1.Төмендегі сөздер бар мақал – мәтел тауып жаз

Жақсымен, асың, жылы, қорқытады, көл, бөрік, екі, дос.
VІІ.Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс

124 жаттығу. Тақтамен жұмыс.



1.Мақал – мәтелдерді аяқтаңдар.
125 – жаттығу. Жазбаша орындау.

1.мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жазыңдар.
126 – жаттығу. Ауызша орындау.

1.Мәтіннен мақал тәріздес қанатты сөздерді табыңдар.
VІІІ .Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру:

    1. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.

    2. 127, 128 – жаттығулар.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі.

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім: .

Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдің ұқсастығы мен ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың мақал – мәтелдің ұқсастығы мен ерекшелігі туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:



  1. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.

  2. 127, 128 – жаттығулар.



ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

1.Мақал – мәтел сияқты болып кеткен Абайдың қанатты сөздерін жаз.

2. Мәтелдердің тұрақты тіркестерге қандай ұқсастығы бар?

3. бір -біріне антоним болатын мақал – мәтел жаз.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мынада:

1.Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды.

Мысалы: Қорқақты көп қусаң, батыр болады деген мақалда ой толық аяқталып,себебі мен салдары қатар берілген. Ал Дария жанынан құдық қазба дегенде салдары ғана айтылған, себебі айтылмаған.



2.Мақал көбінесе құрмалас сөйлем сөйлем күйінде келеді. Ал мәтел жай сөйлем күйінде келеді. Кейде баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлем күйінде келеді.Мысалы: Қар жауды деп қуанба, аяғы бар деген - мақал. Сыныққа сылтау; Баланы бастан, әйелді жастан дегендер – мәтелдер.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Өздік жұмыс

Отан, достық, ерлік туралы мақал – мәтелдер жаз және мағыналарын түсіндір.



2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
І деңгей

1.Мақалды бір бөлек, мәтелді бір бөлек теріп жаз.

А) Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Ә) Суық ширатады, жылы жылытады.

Б) Бәле қуған бәлеге жолығады,

Жала қуған жалаға жолығады.

ІІ деңгей

1.Мақал – мәтелдің жалғасын тап.

А) Ананың көңілі балада,

..........................................

Ә) Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді,

........................................

.............................................

ІІІ деңгей

Мақал – мәтелдерді қатыстыра отырып, «Ас атасы-нан» деген тақырыпта ойтолғау жазу.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:


  • Оқулықпен жұмыс.

129 –жаттығуды жазбаша орындау.

  • Мақал – мәтелдер негізінде ребус құрау.

130 - жаттығуды тақтада орындау

  • Ең қысқа мәтелдерді тауып жазыңдар


131 –жаттығуды ауызша орындау

  • Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіру.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

1. 132 -жаттығу.

2. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы:

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: ІІ

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: « Сөз және мағына» атты тарауды қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сөз және мағына туралы алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

  1. Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. 132 -жаттығу.

2. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

1.Мақал – мәтелдердің тұрақты тіркестерден айырмашылығы неде?

2. Бір біріне антоним болатын мақал – мәтелдер жаз.

3. Кері тәрбие беретін мақал – мәтелдер бар ма? Бар болса жаз және ол туралы өз пікіріңді айт.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.


    1. Оқулықпен жұмыс

133- жаттығу

Мәтіннен мақалдарды тауып, ауызша әңгімелеңдер.

134 -жаттығу

Суреттер топтамасындағы 23 – суретке қарап, мақал – мәтелдерді қатыстыра отырып, мәтін құрау.
2.Үлестірме қағаздармен жұмыс

3.Өздік жұмыс

Жұмбақтың шешуін тап,,шешуінің атына байланысты бір – біріне антоним, синоним, омоним болатын мақал – мәтелдер жаз.

Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты

Кешке үш аяқты.

VІІІ . Сабақты қорыту:


    1. Бағалау

    2. Үй тапсырмасын беру.




      1. Мақал – мәтелдер туралы түсінік

      2. 13.5-жаттығу


Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: ІІ

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша жұмыс

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту және тексеру

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын дамыту

Сабақтың типі: бақылау жұмысы

Сабақтың түрі: сынақ хат

Сабақтың әдіс -тәсілі: жазба жұмысы, грамматикалық талдау.

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Сынақ хат мәтінімен таныстыру

Қараша күз белгісі

Қараша күз келді. Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр. Айдын беті қиқулаған құс. Көпті көрген сары тіс аңшы айдындағы құстар тобына аңыра қарап, дүниенің басқа бір қызығын тамашалап кетіп еді. Өзі құс, ату саятына көп шықпаса да, қаз үйрекке қаршыға, ителгі салғанды, бөдене мен шүрегейге қырғи мен күкентай салғанды талай-талай тамашалаған. Ол ғана емес, құстар дүниесі, олардың өмірі, әсіресе, ұзақ-ұзақ сапарлары, жолдары Қамбарбек жанының құпиялы ғашығы, ынтазары еді. Міне, бүгін де күн шықпай, шығыстан сәуле көтерілген сайын құстардан тыныштық кете бастады. Олар тағы да ұзақ сапарға тартпақ. Ең алдымен көл бетіндегі аққулар тобы, сапарға шыққан ұшақтардың моторын қыздырғаны сияқты, қанаттарымен көл толқындарын сабалап, бірін-бірі қуып, қанат-топшысын қыздыра бастады. Аққулардың ұшуға әзірлігін сезгендей, қаздар мен үйректер де қиқу сап, ұрандасып, өз тобын жинап жатты. Әсіресе, күздің ең суығын ала келетін қараша қаздар да сапарға әзірленіп, қым-қиғаш қиқу мен қаңқылға басты.



(С.Бақбергенов, 142 сөз)
ІІІ. Талдау жұмысы.

І нұсқа

1. Фонетикалық талдау

ұ – дауысты, жуан, еріндік, қысаң

з – дауыссыз, ұяң

а – дауысты, жуан, езулік, ашық

қ – дауыссыз, қатаң.

ұ –ашық буын, зақ-бітеу буын.
ІІ нұсқа

1. Фонетикалық талдау

с - дауыссыз, қатаң

о – дауысты, жуан, ашық, еріндік

ғ – дауыссыз, ұяң

ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік

п – дауыссыз қатаң.

5 дыбыс, 5әріп 2 буын


ІV. Лексикалық талдау

ай, бет,қара,ату,қаз сөздерінің омоним, синоним, антонимдерін табу.
Сабақтың аяқталуы:

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: ІІ

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Сөздік қор туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға сөздік қор туралы түсінік туралы лингвистикалық білім беру, қаратпа сөздердің тыныс белгілерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту

  2. Тәрбиелік: оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, салыстыру, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тіліміздегі сөздердің көбі – қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздері. Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де, жалпы халыққа бірдей болады. Мысалы: Туыстықты білдіретін атаулар: ата, ана,нағашы, жиен, аға, жеңге, бөле, құда, т.б.

Мал атаулары: жылқы, түйе, сиыр, қой, құлын, лақ, т.б.

Табиғат құбылыстарының атаулары: күн, ай, жел, бұлт тау, тас,т.б

Аң –құс атаулары: бүркіт, қаршыға, торғай, түлкі, қасқыр, аю, қоян, т.б.

Заттардың түр –түсін, сапасын білдіретін атаулар: ақ, қызыл, ауыр, жеңіл, ащы, тұщы, жылы, суық, т.б.

Қимыл-қозғалысқа, әрекетке қатысты сөздер: кел, бар, кет, сөйле, күл, тарт, ал, ал, айт, т.б

Анатомиялық атаулар: бас, қол, аяқ, көз, тамақ, мұрын, бел, т.б.

Такмаққа қатысты атаулар: ет ,сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, т.б.

Тұрмыс қажетіне қатысты атаулар: қазан, ожау, қасық, жастық, киіз, т.б.

Сан атаулары:бір, үш, жеті, тоғыз, елу, т.б.

Есімдіктер: мен, біз, сен, ол, кім? не? т.б.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І топ


  • Төмендегі мәтінде сөздік қор көп пе, сөздік құрам көп пе?

Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық арасына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын қызын көріп сезінгендей боламын.

ІІ топ


  • Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі сөздік қорды теріп жаз.

VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс

1. Лингвистикалық анықтамалардың мәнін ашу.

136 – жаттығу

  • Мәтіннен сөздік қорға енетіндей сөздерді теріп жазу.

137- жаттығу

  • Мәтіндегі тірек сөздерді сөздік қорға жатқызуға бола ма?


VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру:

1. Сөздік қор туралы түсінік.

2. 138 - жаттығу
Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сөздік қор туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет