Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы «Отыз бірінші қара сөзі»



Дата01.05.2016
өлшемі32.69 Kb.
түріСабақ
Құдретова Бақнұр,

«Үлгілі» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ОҚО, Мақтарал ауданы

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы «Отыз бірінші қара сөзі»

Сабақтың мақсаты: А.Құнанбайұлының өмір жолы, білім жолы туралы деректермен танысу. Төл шығармалары мен аудармаларының ерекшеліктерін анықтау.

Сілтеме: Электрондық оқулық, әдебиеттік оқу оқулығы, әдебиеттік оқу пәнінің әдістемесі, С.Мирсейітова оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері.

Оқу нәтижесі: Абайдың қайталанбас ұлы тұлға екеніне көз жеткізеді. Орыс әдебиеті, шығыс және батыс әдебиеті өкілдерінен үлгі алғанын білдіреді.

Қолданылатын материалдар: АКТ. Постер, маркерлер, стикерлер, филипчарт, смайликтер, Абайдың суреті, шежіресі өлеңдер жинағы, аудармалары.

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: Топпен жұмыс, жеке жұмыс. Блум таксономиясы, өзара бағалау.

Оқушылар шаттық шеңбер жасап, бір-біріне жылы сөздер айтып, сыныптағы атмосфераны өзгертіп алады. Әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушыларды топқа бөледі.



  1. «Ақылдылар» тобы

  2. «Білімділер» тобы

  3. «Дарындылар» тобы

Үй тапсырмасын оқушылардан «Шырмауық» әдісі немесе «Өрмекші» торы әдіс-тәсілімен сұрау.

(Оқушылар шаттық шеңбер құрып, бір-біріне сұрақтар қояды)

А.Құнанбайұлы кім?

Ақын қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

Құнанбайдың неше ұлы болған?

Әжесі кім деп атап кеткен?

Абайды әкесі неше жасында қай жерге оқуға түсірді?

А.Құнанбайұлы алғаш өлеңдерін кімнің атынан жариялады?

Өз атынан жариялаған алғаш өлеңі?

Абайдың анасының аты кім?

Абай ертегі, жырларды кімнен меңгерді?

Абайдың ең жақын досы кім?

Ақын неге алғашында өлеңдерін өз атынан емес замандасы Көкбайдың атынан жариялады?

«Жазғытұры өлеңі несімен ерекшеленеді?

Абай қай жерде қайтыс болды?

Абайдың жеті атасын ата?

А.Құанбайұлының қанша қара сөзі бар? Т.б.

Психологиялық дайындық: АКТ

Сергіту сәті: «Қара жорға биі»

Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады.


Жаңа сабақ: А.Құнанбайұлы «Отыз бірінші қара сөз»

( Оқушыларға жеке-жек парақшалар тарқатылады)

Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

1.Білу


Әр топ өз постерін қорғауға дайындалады. Әр топтан бір оқушы тақырыптарын қорғап, бар білімдерін ортаға салады. Өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.

2.Түсіну


Әр топ Абайдың «отыз бірінші қара сөзін» өз бетінше оқып, мағынасын ашады, оқушылар сұраққа толық жауап береді. Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады.

3.Қолдану

Әр топқа Абайдың бір өлеңін мәнерлеп оқуға ұсыну.

Оқушылар өлеңнің шумақтарын кезекпен жалғастырады.

4.Талдау.

«Үшеуі үйде, біреуі қонақта» әдіс-тәсілімен түсіндіреді. (Топпен, жұппен жұмыс жүргізіледі)

Өз сұрақтары бойынша ойларын дәлелдейді.

5.Жинақтау

Т кестесі тиімді. Оқушылар кезекпен Абайдың қара сөздерін айтып шықты. Интерактивті тақтадағы семантикалық картаны толтырады және өз ойларын дәлелдеп шығады.

6.Бағалау

а) «Менің бірінші қара сөзім» Оқушылар өз бетінше шағын эссе жазады. (Үстел үстіне балауыз шам жағылады)

б) «Менің айтқым келеді». (Оқушы ойын жазады) (Ата-ана туралы, имандылық жайлы, достық туралы, ұрлық туралы, ұстаз жайлы) Әр тақырыпқа мақал – мәтелдер айтылады.

7.Үй тапсырмасы

Абайдың өмір жолы, шығармашылық жолы туралы ізденіп, оқып келу. Абайға арнау, өлең жазу. (Оқушылар күнделіктеріне жазады)

Рефлексия: Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Смайликпен көрсет (өте қызық, түсінбедім, ұнамады)

Оқушылардың іс-әрекеттерін бағалау парағына жазылған критерийлер бойынша бағалау.

Оқушы үні. «Ақылдылар» тобы, «білімділер тобы, «Дарындылар» тобының оқушыларын бағалауы.




Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы кеңестік еңбекпен түзеу лагерьлері
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Тиімді оқыту уақыт талабы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
sabaktar -> №36 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Шымкент қаласы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абайды білмек парыз ойлы жасқа (10-сынып)
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдерінің ұлттық сипаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың асқар белі абай XX ғасырдың заңҒар биігі мұхтар мұғалімнің кіріспе сөзі


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет