Сабақтың тақырыбы: Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырларымен қозғалуы



жүктеу 48.72 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі48.72 Kb.
түріСабақ
: uploaded files
uploaded files -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
uploaded files -> Сабақ №55 Сыныбы 11 «А» Күні 23. 01. 15ж Сабақтың тақырыбы «Жарық кванттары» тарауы бойынша есептер шығару
uploaded files -> 0000Бекітемін: Пән мұғалімі: Уақыты: Сынып 6
uploaded files -> Перечень объектов недвижимости, принадлежащих на праве собственности
uploaded files -> История Вторжения кочевых племен Дашт-и Кипчака в Среднюю Азию (XVI в.)
uploaded files -> Исаевна внутриличностная конфликтность школьников и ее коррекция в педагогическом процессе. 19. 00. 07 педагогическая психология
uploaded files -> Медико-психологическая реабилитация инвалидов по зрению 19. 00. 10 коррекционная психология 19. 00. 04 медицинская психология
uploaded files -> Таджикско армянские литературные связи в новое время 10. 01. 03 Литература народов стран зарубежья
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты
Мұнайлы ауданы


Ашық сабақ
Панорамалық сабақ

Тақырыбы:Қанның артериялық қысымы


8-сынып

№11 мектеп мұғалімі:Шахарова Фатимa

2014 жыл


Сабақтың тақырыбы: Қанның артериялық қысымы. Қанның тамырларымен қозғалуы.
Сабақтың мақсаты: Қанның тамырлар бойымен қозғалуы қалай жүзеге асырылатынын түсіндіру. Қан қысымы, тамырдың соғуы ұғымдарын тұжырымдау.
Білімділік: «Қан қысымы», «тамыр соғуы» анатомиялық физиологиялық түсініктер қалыптастыру.
Дамытушылық: Тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Жүйке жүйесінің ширақтылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды өзін-өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу. Өздігінше ойлауға баулу.
Құрал жабдықтар: «Қан айналым» Қан айналым шеңберлері. Кестелер, оқулықтағы суреттер, тонометр, секундомер.
Сабақтың типі: аралас сипаттама.
Әдістемелік шешім: дәріс-сұхбат, сұрақ –жауап

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, тексеру
Үй тапсырасын тексеру.


Венн диaграммасы





ББҮ стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім











Жаңа сабақ

Қарыншалардың жиырылуы кезінде қан жоғары қысымға байланысты қолқа мен өкпе артерияларына түседі.

Бұл жерде ең жоғары қысым ең жоғары шегіне 150мм сын. бағытына жетеді. Қанның артериямен қозғалу барысында қысым 120 мм сын. бағытына дейін төмендейді, ал капилярда 22мм.сын.бағ.көрсетеді. Ең төменгі қысым венада, ол 5 мм сын.бағ.тең келеді.



Артериялық қысым – бұл жүректің жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсетін қысымы. Қан қысымы жүрек циклінің әртүрлі кезеңдерінде өзгереді. Ең жоғарға (максималды) қысым қарыншалар жиырылған кезде, ал төмен (минималды) қысым жүрек жалпы босаңсығанда болады. Олардың арасындағы айырмашылық тамыр соғуының (пульстік) қысымы деп аталады.

Адамның артериялық қысымын тонометр арқылы өлшейді.

Дені сау адамның қан қысымы 120/80 мм сын.бағ. тең келеді. Қан қысымының 150 мм сын. бағ. артуы гипертония деп аталады.

Иық артериясында қысымның 70-80 мм сын. бағ. дейін төмендеуі гипотония деп аталады.
Тамырдың соғуы – жүрек жиырылған сайын пайда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі. Тамырдың соғуы бойынша жүректің 1 минуттағы жиырылу санын анықтауға болады.

Тамырдың соғу жиілігі ересек адамда тыныштық кезінде минутына 60-70 соққыны құрайды.

Қанның түрлі тамырлармен қозғалу жылдамдығы әртүрлі. Қан едәуір жоғары жылдамдықпен, шамамен, 5м/с қолқада ағады. Артерияларда 025 м/с, ал капиллярларда 0,5мм/с-ты құрайды.

Қан ағатын ең тар бөлік - қолқа, ал ең кеңі – капиллярлардыңжиынтық арнасы. Капиллярлардың жиынтық арнасы қолқа арнсынан 800-900 есе асып кетеді.

Организмнің қалыпты күйінде барлық қан айналымға түспейді, белгілі бір бөлігі қан қорында болады. Қанды қорға жинақтайтын мүшелерге көкбауыр, бауыр, тері астындағы май клетчаткасы жатады. Қансыраған кезде қан бұл мүшелерден жалпы қан ағысына түседі де, қан қысымын сақтауға мүмкіндік береді.


Бекіту сұрақтары.

  1. Артериялық қысым қай кезде ең жоғары болады?

А. Жүрекше жиырылғанда;

Ә. Қарынша жиырылғанда;

Б. Қарынша босаңсығанда;

В. Жалпы босаңсығанда;

2. Қан қысымы қайсысында жоғары?

А. Артерияда;

Ә. Венада;

Б. Капиллярда;

В. Артериолада;


3. Қан ағысының жылдамдығы қайсысында жоғары?

А. Өкпе артериясында;

Ә. Қолқада ;

Б. Капиллярда;

В. Венада;

4. Тамырдың соғуы дегеніміз не?

А. Жүрекшелердің ырғақты жиырылуы;

Ә. Артерия қабырғасының ырғақты тербелісі ;

Б. Қанның венамен қозғалуы;

В. Артериялық қысым;

5. Капиллиярдағы қан қозғалысының жылдамдығын көрсетіңдер?

А. 0,5м/с;

Ә. 0,25м/с ;

Б. 0,50 м/с;

В. 0,5 мм/с ;

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: мөлшерлі жүктемеге дейінгі және одан кейінгі тамырдың соғуын есептеу



Мақсаты:

  1. Тамырдың соғуын есептеуге үйреу

  2. Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүрек жиырылуының жиілігін анықтауды үйрену. Оның әртүрлі жағдайдағы жұмысының ерекшеліктері туралы қорытынды жасау.

керекті құрал-жабдықтар: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер.

Есеп беру тапсырмасы

  1. Дәптерлеріңе тамырдың соғуы, тамыр соғу жиілігі туралы жазыңдар.

  2. Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар.

1 минуттағы тамыр соғысының саны

Тыныштық күйде

Қозғалыссыз

10 рет отырып, тұрғаннан кейін

Отырғанда

Тұрғанда
















©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет