Сабақтың тақырыбы: Арендер. Бензол құрылысы,гомологтары, атаулары,бензолдың алынуы, физикалық қасиеттері



Дата01.05.2016
өлшемі76.25 Kb.
түріСабақ
Ережепова Турганкул Алухановна
Ақтөбе қаласы,

19 орта мектебінің



химия және биология пәндерінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Арендер. Бензол құрылысы,гомологтары, атаулары,бензолдың алынуы, физикалық қасиеттері

Сабақтың мақсаты: Ароматты көмірсутектер туралы жалпы түсінік беру.

Міндеттері.

Білімділік: Ароматты көмірсутектердің ерекшеліктері туралы түсінік

Дамытушылық: Ацетиленді көмірсутектер мен ароматты көмірсутектердің

құрылысындағы айырмашылықтары туралы оқушыларға бірізді, жан- жақты білім бере отырып, оқушылырдың ойлау қабілеттерін , ұшқырлығын дамыту.



Тәрбиелік: Оқушыларды байқампаздыққа, шапшандыққа, дәлдікке, теориялық білімді практикамен ұштастыра білуге үйрету.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Әдісітері: сөздік (түсіндіру, әңгімелесу) практика эвристикалық, салыстыру, сыни тұррғыдан ойлау технологиясының элементтері, көрнекілік.

Сабақта қолданылатын құрал -жабдықтар: Интерактивті тақта, таблицалар, суреттер, сызба нұсқалар.

Сабақтың пән аралық байланысы: математика, медицина , экология, биология,

Сабақтың құрылымы:

1.Ұйымдастыру 2 мин

2.Үй тапсырмасын сұрау 15 мин

3.Жаңа сабақты түсіндіру. 15 мин

4. Бекіту. 8 мин

5. Үйге тапсырма 2 мин

6. Қорытынды 3 мин


  1. Оқушылардың сабаққа қатысымын және сабаққа дайындығын қадағалау

Оқушыларды топтарға (1,2,3) бөлу

  1. Үйге берілген тапсырма бойынша үй тапсырмасын сұрау

  2. Ой қозғау


А) Есептер шығаруы.
1 есеп. Молекуласында сутектің сегіз атомы болатын алкиннің химиялық формуласын және салыстырмалы молекулалық массасы тап.
2 есеп. Оқулық 115 бет № 5 есепті шығару
3 есеп Оқулық 115 бет № 8 есепті шығару
Б) Миға шабуыл
Құрылысы химиялық формуласы номенклатурасы физикалық қасиеттері



Ацетиленді көмірсутек

Химиялық қасиетері алынуы қолданылуы маңызы




autoshape 6

Кautoshape 6autoshape 6autoshape 6autoshape 6autoshape 6autoshape 6autoshape 6ӨМІРСУТЕКТЕР

Жаңа сабақты түсіндіру

1. Молекуллалық құрамында бензол сақинасы бар жалпы формуласы

CnH2n-6 болатын ароматты көмірсутектер (бензол).

Неміс ғалымы А.Кекуле 1865 жылы ұсынды. Бензол молекуласындағы барлық көміртек атомдарының арасындағы байланыстары бірдей емес, себебі үш қос байланыс,алты дара байланыс бар . Қос байланыстарынынң ұзындығы 0,134 нм дара байланыстар ұзындығы 0,154 нм. Бензол малекуласының пішіні жазық . Сондықтан барлық көміртек атомдар арасындағы ара қашықтық 140 нм.

Гибридтелуі SP2 , арасындағы бұрышы 120 о С.

Гомологтық қатары :

Атауы :

Изомерлері:

Физикалық қасиеттері:

Бекіту:

123 беттегі № 8 есеп


1 есеп Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстар ішінен бензол гомологының формуласын тап . а) C4 H8 б) C7H12 в) C6H12 г) C9H12
2 есеп. Қосылыстың атауы мен формуласы арасындағы сәйкестікті тап.

А) толуол С6H5- C2H5

В) этил бензол C6H5-CH=CH2

Г) диметил бензол C6H4- (CH3)2

С) стирол C6H5 -CH3
3 есеп 4-42 есеп 133 бет есептер жинағы

С2Н4, С2Н6, С6Н6, С3Н6, С6Н5 - СН3, С3Н8, С4Н6, С4Н10 берілген көмірсутектердің қай гомологтық қатарларға жататынын анықтап, бөліп жазыңдар

4 есеп 4-47 есеп 133 бет есептер жинағы

Метан ацителен бензол бром бензол алуға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар



СН4 С2Н2 С6Н6 С6Н5Br
СпН2п-6
С6Н6 –бензол

С7Н8- толуол

С8Н10-этил бензол

С9Н12 пропил бензол

С9Н12 изопропил бензол

С6Н5СН=СН2 винил бензол







бензол

Кекуле формуласы






бензол




Қорытынды:Үй тапсырмасы бойынша сұралынған оқушылар және жаңа тақырып барысында сабаққа белсене араласқан оқушылар топтарымен жауаптары тексеріліп, топ басшылары өз жұмыстарын берілген тапсырма бойынша қорғайды. Оқушылар бағаланып, хабарланып айтылады.
Үйге тапсырма Бензол құрылысы, гомологтары, атаулары,бензолдың алынуы, физикалық химиялық қасиеттері. 131 беттегі №9 және №15 есептерді шығару.

Бензол

Бензол – химиялық формуласы C6H6. Түссіз сұйықтық, тәттілеу иісі бар. Бөлме температурасында бензол тез буланады: ауамен араласып қопарылғыш қауіпті затқа айналады. Буының массасы ауа массасынан 2,7 есе көп (жерге жақын орналасып, үлкен концентрацияда жиналуға ықтималдылығы жоғары). жанғанда басқа көмірсутектер сияқты, бензол көп күйе бөледі. Бензолдың тұрмыста қолдану аясы кең. Бұл химиялық өндіріс өнімінің ең кең тараған өнімдерінің бірі. Бензол негізінде аромат көмірсутектер алады, олардан кейін синтетикалық талшықтар, пластмассалар, каучуктер және резиналар, сол сияқты медициналық препараттар, қопарылғыш заттар, таскөмір бояуларын, жасанды тері, бояулар алады. Бензолды зауыттарда таскөмір смолаларын айдау үшін және коксобензольды зауыттарда қолданады. Бензолдың ароматты қасиетті әр түрлі парфюмерия және анилин өндірісінде қолдануға мүмкіндік береді. Тіптен кәдімгі парафин свечаларының да құрамында бензол бар. Кейде суда ерімейтін заттарды еріту керек болғанда көмекке бензол келеді. Ол йодпен, алкалоидтармен (өсімдік тұқымы құрамының бөлігі), фосформен, майлармен (сүйектің, еттің қалдығының, балық, жаңғақ құрамында), смола, каучук және синтетикалық резина (клей алу өдірісінде), клей т.б. жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сусорғыш маталар, сол сияқты клеёнкалар және линолеум бензол бар ерітіндімен сіңіріледі. Химиялық тазарту кезінде киімнен күрделі дақтарды кетіру үшін де бензол ерітіндісі қолданылады. Сол сияқты автотранспорт жанғыш отындары өндірісінде де (октан санын арттыру үшін) бензол пайдаланылады. Сонымен, адамзат бензолға бензин, жарық беретін шамдар, су газы, спирт, автогендік балқытуға арналған заттары үшін алғыс айтса болатын сияқты. Автомобилдер – атмосфераға бензол қалдықтарын тастайтын негізгі заттар. Дегенмен, бензолға алғыс айтуға асығудың қажеті жоқ сияқты. Өйткені бұл заттың практикалық пайдасынан басқа адам организмі үшін үлкен, улы болғандықтан зияны да бар екенін білгеніміз жөн. Халықаралық рак ауруын зерттейтін агенттілік оның канцерогендік заттардың қатарына кіретінін арнайы айтты. Ал 1971 жылы Женевада тіпті «Бензол туралы конвенция» да қабылданды: сол уақыттан бастап әлем экологтары мен дәрігерлері адамдарды осы аса қауіпті улы канцерогенді қолдану мен өндіруді азайтуды талап етті. Бірақ бұл ескертулерге қарамастан өндірістік елдерде, соның ішінде Ресейде де бензолды өндіру көлемі жылдан жылға артуда. Бензол адам организміне улы бу түрінде тыныс алу органдары арқылы енеді, бірақ оның қауіптілігі сондай тіпті ашық жаралар, немесе тері арқылы да еніп кетуі мүмкін. Сондықтан бензол өндіретін өндірістерде жұмыс жасайтын адамдар үнемі улы бумен дем ала отырып, өз өмірлерін қатерге тігеді. Үнемі организмге аз мөлшерде бензол түссе, адамдар лейкемия (қан рагі) немесе анемия (қанда гемоглобиннің жетіспеушілігі), үнемі бас айналу, әлсіздік, ұйқының бұзылуы болуы мүмкін. Сол сияқты бензолмен үнемі уланса, бүйрекке, бауыр, сүйек, қан, нерв жүйелеріне зақым келеді.


5 минут ішінде "Бензол" мәтінін оқып, "Инсерт" әдісімен белгілеңіздер.
Топтарға бөлініп, мынадай жұмыс жасаймыз:

№1 топ бензолға ассоциация жасайды.

№2 топ бензолдың пайдасы мен зиянына Венн диаграммасын салады

№3 топ бензолдың қолдану аясын суреттейді

№4 топ бензолдың зияндылығын дәлелдейді

№5 топ бензолдың зияндылығын азайту үшін ұсыныс айтады.



Профилактика. Бензолды улылығы аз көмірсутектермен алмастыру, құралдарды герметизациялау, жұмыс орнын оптимальды желдендіру. Бензолмен жұмысқа аяғы ауыр әйелдерді, емізулі баласы бар әйелдерді, 18- ге дейінгі балаларды жібермеу. Жұмысшыларды периодты түрде үнемі медициналық тексерістен өткізіп тұру, міндетті түрде алты ай сайын қанын тексеру. Жұмысшылар,а противогаз кейіп жұмыс жасау.


Бензол атты мәтінмен жұмыс

(түртіп алу стратегиясы)


v

+

-

?













Ескерту:V білемін, + мен үшін жаңалық, - келіспеймін, ? сұрағым бар

Осы кесте толтырылып, қорытындыланады.
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет