Сабақтың тақырыбы: Ас адамның арқауы



жүктеу 32.21 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі32.21 Kb.
: EB0419249EE41AD0
EB0419249EE41AD0 -> I сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау. II сабақтың мақсаты
EB0419249EE41AD0 -> Рахмет киелі, әліппе !
EB0419249EE41AD0 -> Мектебіміздің 5-9 сыныптарында «Сұлулық және денсаулық» тақырыбы бойынша өткізілген іс-шаралар
EB0419249EE41AD0 -> Сабақ Тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Интернат наны» Пән:Әдебиеттік оқу Сынып: 3 Өткізген: Рахметова Д. И. 2014 2015 оқу жылы
EB0419249EE41AD0 -> Құрметті ата – аналар !
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. А сәлемдесу. Ә «Менің балам қане» ойыны
Сабақтың тақырыбы: Ас адамның арқауы

Мақсаты:

1. Асты қадірлеп оны қастерлеуге үйренеді

2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсінеді

3. Салт- дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін бұзбауға әдеттенеді

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ас түрлеріинтерактивті тақта

І. Қызығушылықты ояту. Топқа бөлу. Орындық артында жапсырылған суреттер арқылы топқа бөлінеді

Ас дастарханға қалай келеді?

1 топ ұннан жасалған тағамдар жайлы айтады

2 топ көкөністерден жасалған тағамдар жайлы айтады

Оқушылардың пікірін тыңдау

ІІ. Мағынаны тану

Ақыл – кеңестер.

Интерактивті тақтадан слайд көрсету арқылы

І бөлім «Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»

1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

3.Ас үстінен аттама

Астан үлкен емессің

4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.

5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды

6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды

7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.

8.Ертеңгі асты тастама

Кешкі асқа қарама.

Балаға ми жеуге болмайды.

Ми жемейді жас бала,

Миды ұсын басқаға,

Былжыр болып өсеміз,

Ынжық болу масқара.

9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.

10.Дастарханнан аттауға болмайды.

11.Өле жегенше,

Ағайынмен бөле же.

12.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.

ІІ. «Дастархан басындағы дәстүрлер»

  1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен.

  2. Әр топтан екі оқушы шығып дастарханға бата береді. Барлық оқушылар малдас құрып отырады

«Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі- киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астық киесі ұрады дейді.

.Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады.

Балаларға – тортымыз,

Барлық жұртқа құртымыз

Балмен піскен қауыршақ

Балдай тәтті бауырсақ.

Қауын –қарбыз, көкөніс

Қанша жидек, көп жеміс.

Қане, тойда тойыңдар.

Кәдеден соң ойын бар .

Нан туралы тақпақтар

1. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірдің ана сүті арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

4. Нандай жоқ қой асыл дәм

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарқаннан нан кетсе

Береке кетер асыңнан

Ей, балалар, балалар

Болмаңдар сірә нанға зар

Өмірдің алтын арқауы

Бар қасиет нанда бар.

Жұмбақтар сайысы

5.Алға жайып тұз дәмін

Келтіреді үй сәнін

Ол халқымның ақ жаны

Жақсы дәстүр маржаны

Кең пейілде арайлы

Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)

Беттескен қос табақ

Ортасында бас табақ

Көзбен шоққа ораса,

Дәм піседі тамаша. Бұл не? (тары)

Мақал-мәтелдер:

1. Қырман басы – береке

Көп жүрген жер – мереке.

2.Егін ексең – тыңға.

Шықтым дей бер шыңға.

Қоныс көркі – там.

Дастархан көркі – нан.

Нан – тамақтың атасы.

Ынтымақ – көптің батасы.

Тістем наның қадірін

Тарыққанда білерсің.

«Ас ішу тәртібі»

1. Тарта жесең, тай қалар,

Қоя жесең, қой қалар,

Қоймай жесең не қалар.

Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.

3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.

4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.

5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,

6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт тағы басқалар жатады.

Ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастыру

Ой қорыту:

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» , – демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің – ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет