Сабақтың тақырыбы: Ата- ана махаббаты Мақсаты



жүктеу 118.53 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі118.53 Kb.
түріСабақ
: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"
Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданы,

Жаныс би ауылының Темірастау

орта мектебінің өзін –өзі тану

пәнінің мұғалімі

Сырабаева Сәбира Байғалиқызы Сабақтың тақырыбы: Ата- ана махаббаты

Мақсаты: Ата – анамен баланың арасындағы қарым – қатынастың ерекшеліктерін психологиялық тренинг жаттығулар арқылы көрсету.

Көрнекіліктері : Мақал-мәтел жазылған плакаттар, интерактивті тақта, күннің бейнесі,плакаттар,түрлі –түсті бояулар,кеспе қағаздар.

Тренинг бағдарламасы:


  1. Есімдер аллитерациясы

  2. Баяндама. ‘’ Ата – ана махаббаты’’.

3.‘Біз біргеміз!’ жаттығулары.

4.Ойлану -жаттығуы. ‘’Күн нұры’’.

5.Жағдаяттық тапсырма.

6.Шығармашылық тапсырма.

7.Ой толғаныс.

8.Ойын - жаттығуы.

9.Қорытындылау.

Тренинг барысы:

1.Ата - аналарды тіркеу.

Бағдарламамен танысу.

2.Есімдер аллитерициясы.

Мақсаты: Ата – ананы бір – бірімен таныстыру.

Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиеттерін айту керек.

Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары қол соғып , қошеметтеп қояды.



  • Сіздің есіміңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

3.Баяндама.Ата -ана махаббаты.

Бала отбасында әкеден – ақыл, анадан - мейір алады. Әке - тірек, ана-жүрек, бала -тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана,бала,отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.

Ұлы Абай : “ Балаға мінез үш адамнан жұғады , біріншіден – ата –анасынан , екіншіден – ұстазынан ,үшіншіден – құрбы - құрдастарынан” дегендей , ең алдымен ата- анаға ұқсас мінез пайда болатынын ,отбасындағы тәрбиенің жоғары болуы керектігін көрегендікпен айтқан. Отбасы – балаға өмір мақсаты мен құндылықтары туралы мағлұмат беретін және мінез – құлық мәдениетін қалыптастыратын алғашқы ұжым. Адамдар арасындағы қарым- қатынаста адамгершілік ,әдеп –инабат үрдестері-нің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекеленген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата- анасын жүрек қалауымен , саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне,инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып,олардың өздеріне деген қарым –қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты. Адам өмірдің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата- анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауда. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігі,әдептілігінің ған емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Бала –ата- ананың жалғасы.’Баламның табанына кірген щөңге менің мандайыма кірсін’деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, ’Өзімді алып ,баламды аман қалдыр!’ деп құдайға жалбарынған. Бала тәрбиесі - қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жас ұрпақтың қабілетін қалыптастырып , зейін – зеректі жетілдіруде ата- аналардың да орны ерекше. Сондықтанда мектеп өміріндегі ата- аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру,бала тәрбиесіне белсене араластыру,соның нәтижесінде ата- ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылған тренингтің маңызы зор.

4.’’Біз біргеміз!’’ жаттығулары.



Мақсаты: Отбасындағы қарым- қатынасты нығайту, өзара түсінушілікте, ата –аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

Талдау: 1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

2 . Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезінідіңіз?

Үшеуміздің суретіміз!’’ Суретті бір –бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы сол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баалсы сол суретті аяқтау керек.

Талдау: 1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықтыма?

2 . Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болдыма?

3 . Бір – біріңізді қалай түсіндіңіздер?

4 . Өзіңіз суретке қанағаттанасызба? Жоқ болса , неге?

Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.

5. Ойлану – жаттығуы. “ Күн нұры ”. Тақтада берілген күннің бейнесіне отбасына қандай қасиеттер керек екенін жазып күннің шуақтарына ілуі керек.

6. Жағдаяттық тапсырма. Интерактивті тақтада берілген тапсырмаларды ата- аналары орындайды.

7. Шығармашылық тапсырма.Отбасына , ұлдарға , қыздарға арнап мақал – мәтелдер айтып , мағынасын түсіндіріп беру.

8. Ой толғаныс.

Ата – аналар топқа бөлініп отырады. Әр топқа тақырыптар беріледі. Берілген тақырыптар бойынша ата – аналар өз ойларын жазады.



  1. топ “ Бала тәрбиесіндегі әке ықпалы”.

  2. топ. “ Бала жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек”.

  3. топ. “ Отбасы – тәрбие бастауы”.

9 . Ойын – жаттығуы:Өрмекшінің торы.

Құрметті ата- аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата – ана мен балалар арсындағы қарым – қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.“ Отбасы ” атауының мәніне тереңірек үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін “ Өрмекшінің торы ” жаттығуын бір – бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.



Қортындылау: Қадірлі ата- ана ,” Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түу тәрбие бер”деп халқымыз айтқындай , бала сенімді, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейік.

Балалық шақ – адамзаттық көктемі,

Түгелімен кқгереді еккені.

Күте білсең, береріңді хисап жоқ,

Күте алмасаң ,еңбек зая кеткені.

Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданы,

Жаныс би ауылының Темірастау

орта мектебінің өзін –өзі тану

мектебінің мұғалімі



Сырабаева Сәбира Байғалиқызы Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте».

Мақсаты:оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру , өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге , ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу .

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар , слайд ,камъпютер, музыкалық аспаптар.

Кештің барысы:

1-жүргізуші:Ана тілі – бұл атаңның, анаңның, туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке – шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын халықтан,мектептен,кітаптан , газет – журналдан үйреніп ,ана тілін тереңірек біле береміз.Олай болса қымбатты ұстаздар,оқушылар

Тілден асқан асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан теңіз жоқ,- дегендей, бүгінгі тіл мерекесені орай ұйымдастырылып отырған әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші. Ең бірінші бақытым – халқым менің.

Саған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса ,мен бармын ,қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

1-жүргізуші: Ал екінші бақытым – тілім менің

Тас жүректітіліммен тілімдедім,

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім,- дей отырып кезекті әдеби – монтажға берейік.

( қазақ,орыс,ағылшын тілдеріне өлең оқу.)

2 – жүргізуші:Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай да ,бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ал, қазір “ Мақал – сөздің маржаны” дегендей, полиглот ойынын ойнайық. Бұл ойында берілген мақалдың түсіп қалған сөздерін тауып оның үш тілде баламасын айтады.

Полиглот

  1. Өнер алды .... тіл.

  2. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің ..... тәтті.

  3. Тіл тас жарады, тас жармаса ..... жарады.

  4. Қыз өссе елдің көркі,

...... өссе жердің көркі.

5.Батаменен ер көгерер

........ жер көгерер.

6 . ...... көрген оқ жонар,

........ көрген тон пішер.

7. ........ бардың жағасы бар,

......... бардың тынысы бар.

8. Көп сөз - ....... ,

Аз сөз - ...... .

9. Жақсы шәкірт ...... мұраты.

10. ...... аласынан сөз аласы жаман.

1 – жүргізуші. Қазіргі ақпарат заманында дүние жүзі халықтарының қатынас тілі болып отырған ағылшын тілін Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай заман талабына сәйкес бірнеше тілді менгергеннің артығы жоқ.

Қадыр Мырза Әли ағамыз айтқандай:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! – дей келе ,келесі ән – шашуды қабыл алыңыздар.

Ән: «Сушы қыз» орындайтындар :Жангелді Айгерім,Әбжан Ақмарал.

2жүргізуші: Ал енді ана тілімізге байланысты мынау сыр сандықтың ішінде бірнеше викториналық сұрақтар бар екен. Сол сұрақтарға жауап беріп көрейікші.

Сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? ( қазақ)

  2. Қазақ тілі қашан мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды?

  3. ҚР. Тіл туралы заңы қашан қабылданды? (22.09.1989)

  4. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім?(А.Байтұрсынов)

  5. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін не істеу керек деп ойлайсың?

  6. ҚР – ның тәуелсіздік алған жылы ?( 1991)

  7. Ана тілі үщін , елі үшін құрбан болған азаматтарды атаңдар?

(А.Байтұрсынов, Ш.Құдйбердіұлы, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М.Дулатов т.б.)

8. ҚР тұңғыш конституциясы қашан қабылданды?(1993)

9. Үш бәйтерек

10. Бес арыс.

1 – жүргізуші. Тілді қорлау салтымызға жатпайды,

Тіл білмеген еш мархабат таппайды.

Өз тіліңнің тазалығын сақтасаң,

Ерсі көріп ешкім кінә тақпайды.

2 – жүргізуші. Басқа тілді игере алсаң құба – құп

Кесе түсіп аузыңнан қақпайды.

Тіл өнері достасудың құралы,

Адамгершілік арымызды сақтайды, - дей келе кезекті көрініске береміз.

Аққулар ұйықтағанда”.



1 – жүргізуші: Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген қоңыр үнім.- дей келе ортаға 3 оқушы шақырамыз. Олар оқу, білім, тіл ,өнер туралы мақал – мәтел жарыстырады.

Көп мақал айтқан оқушы марапатталады.

2 – жүргізуші: Мың бұрала билеген

Аруды кім сүймеген

Аққудайын қалықтан

Өзбек биін билеген.

Би. Өзбек биі.1 – жүргізуші:Кешіміздің соңғы сайысы “ Жалғасын тап ” деп аталады . Мұнда қазақ және орыс тілдерінде берілген мақал – мәтел ,нақыл сөздердің жалғасын табу керек.

  1. Тіл адам ойының ....

  2. Аңдамай сөйлеген...

  3. Ойнап сөйлесең де....

  4. Тисе терекке, тимесе...

  5. Айтылған сөз .... тең.

  6. Бал тамған тілден ..... тамар.

  7. Көп сөз - ...

  8. Жасыңда қылжаң болсан, өскенде ... боласың.

  9. Таза сөйлеу – биік... .

  10. Тіліңмен жүгірме, .... жүгір.

  11. Көп жасаған білмейді,

Көп .... біледі.

12.Лучше поздно чем ....

13. Один в поле ...

14. Мир освещятся солнцем, а человек .... ,

15. Хлеб питает тело, а книга .... .

2-жүргізуші: Ән салса, айтса таң қаларсың,

Ән сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың.

Осындай ән туғызған қазағымды,

Қалайша тар пейіл деп айта аларсың ,- деп кезекті әсем әнге береміз.

Ән. «Анашым».Орындайтын:Мұқит Мерей.

1 – жүргізуші : Сезімнің тілмен төгіп кестелерін

Ғасырдан ғасырларға

Көшті өнерім!

Ұлтыміың ана тілі ғой

Ар таңбасы,

Тіл өшпесе,

Менің де өшпегенім!

2 – жүргізуші:Тіл құдіреті ауыз толтырарлықтай өте күшті. Тіл киелі , қасиетті дейміз .Сондықтан ана тілімізді қадірлеп сүюміз керек. Кешімізді Б. Момышұлының “ Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды , тарихымызды ұмыту’’ -деген сөздерімен аяқтағымыз келіп отыр.Келгендеріңізге көп –көп рахмет, сау болыңыздар.

Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданы,

Жаныс би ауылының Темірастау

орта мектебінің өзін –өзі тану

мектебінің мұғалімі

Сырабаева Сәбира Байғалиқызы Тақырыбы: ” Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ”



Сабақтың мақсаты:Оқушыларға тіл байлығы әр бір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: сынып бөлмесін гүлмен, шармен безендіру, ойынның шарты жазылған плакат,нақыл сөздер,мақал –мәтелдер, жұмбақтар.

Сабақтың барысы:Құрметті ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» атты ойнымызға қош келдіңіздер!Көңілді жарысқа сынып оқушылары қатысады.

“ Cөздің көркі мақал” деген аталы сөз бар.Мақалдың көмегі мен айтатын ойыңды ұнамды да ұтымды,тартымды жеткізуге болады.Мақалды көп біліп, көп қолданатың адамдардың білімі де,ақылы да арта түседі. Мақал –мәтелдер,жұмбақтар- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Бұрынғы ата бабаларымыз өмірдегі өз бақылауларын қортындылап,тұжырым жасап,ұйқасты сөздермен өнеге,үлгі боларлық мақалдар,жұмбақтарды артына мұра етіп қалдырып отырған.

Мақал –мәтелдерді сүйіп оқып,көңілдеріңе тоқып жүрсендер,сендердің де тілдерің байып,сөйлеген сөздерін сұлу,әсерлі шығады.Өздеріңе ұнаған,жандарыңа жақын мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды күнделіктеріңе жазып жүрсендер кейін пайдасы көп тиеді. Сонымен ортаға көңілді жарысқалы отырған оқушыларды шақырамыз. Қошеметпен қол соғып қарсы алайық!Бүгінгі біздің ойынымыздың шартын таныстырып өтейін.

1.Бәйге

2.Көкпар

3.Дода

4.Көрермендер көрімдігі

5.Ойлан тап

6.Жеті жұмбақ

7.Тапқырлық

8.Көрермендер көрімдігі

Таныстыру:Алғашқы айналым.Мақалшылар өздерін әділқазылар алқасына таныстырады.

Бәйге:“ Кім көп біледі?” әрбір ойыншы өздері қалаған,жақсы білетін мақалдарын,бір-бірін қайталамай білгенше айту .Әр бір мақалға 1 ұпайдан беріледі.Бүгінгі мақал-мәтелдерімізді Отан ,туған жер, еңбек ,достық, ынтымақ, бірлік татулық жайында айтамыз.

Көкпар:Ал енді ойынымыздың келесі шартын түсіндіре кетейін.Мен қазір мақалдың бірінші жолын оқимын сіздер жалғасын табыңыздар.Әр бір дұрыс жауапқа 10

ұпайдан беріледі .

1.Тапсаң сөздін жүйесін......

Отқа өзін күйесің.

2.Бейнет түбі .....-зейнет

3. Еңбек етпесен елге өкпелеме....

Егін екпесен жерге өкпелеме.

4.Еріншек егіншіден ........

Елгезек масақшы озыпты.

5.Ырыс алды -.......ынтымақ

6.Татулық-....... табылмас бақыт.

7.Байлық байлық емес,.....бірлік байлық.

8.Қатты жерде ққ тұрар,.......

Ынсапты елде бақ тұрар.

9.Кісі кейімі кіршең,... ...

Кісі аты тершең .

10. Ерлік бірлікте емес, ... жүректе.

1-жүргізуші:Ұпайы аз оқушыны қошеметпен қол соғып, шығарып салайық.

Дода.Бұл ойында қарсыластар бір-біріне мақал айтып жарысады.Мысалы:бірінші оқушымыз кез-келген бір мақалды айтады ,сол мақалға қарсылас ойыншы айтылған мақалдын ішіндегі бір сөзін алып , сол туралы мақал айтады.Сөйтіп оқушылар алма – кезек мақал айтып жарысады.20 ұпайдан беріледі.Осы ойында ұпайы көп оқушы мақал жеңімпазы болады.

Көрермендер көрімдігі.Көрермендер оқушыларға аталмыш сөзі бар мақалды айту, айтылған сөзге мақал айту.



2-жүргізуші: міне ойынымыздың бірінші бөлімі де аяқталды. Ал енді екінші бөлімін басталық, ортаға қошеметпен жұмбақшыларымызды шақырамыз.

Таныстыру:

Жұмбақшылар өздерін әділ қазылар алқасына жеке-жеке таныстырады.



Ойлан тап.

Мен қазір бірнеше жұмбақ жасырамын жұмбақшылар шешеді.1 ұпайдан беріледі.

1.Шықса да құламайды,

Құласа да жыламай ды (Мақта)

2.Ағаш бас бір ұя,

Бір ұяның ішінде көп ұя.(Оймақ)

3.Белі қайқы , жүзі тайқы. (Қылыш )

4.Ұзыннан ұзақ,көкке тұзақ. (Түтін)

5.Бір мақұлық бар , тілі жоқ

Сөйлегенде үні жоқ.(хат)

6.Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат ,

Байлауынан бір босамақ қызыл кілт. (Тіл)

7.Көк көйлекті жеңеше.(Аспан)

8.Аяғы жер тіреп тұр, таяғы көк тіреп тұр. (Киіз үй)



Жеті жұмбақ.Тақта да ілулі тұрған жеті жұмбақтың ішінен қалаған бір саныңызды таңдап аласыз.Артындағы суретке жұмбақ шығарасыз.10 ұпайдан беріледі.

1-жүргізуші:ұпайы аз жұмбақшыны қошеметпен қол соғып,шығарып салайық.



Тапқырлық.Жұмбақшылар бір-біріне жұмбақ айтады. 20 ұпайдан беріледі.

2-жүргізуші:осы ойында ұпайы көп оқушы жұмбақшылар жеңімпазы болады.

Көрермендер көрімдігі:Отырған көрермен оқушыларға жұмбақ жасырады.

Қортынды.

Мақал-мәтел ата бабамыздан қалған өшпес мұра,тәрбиелік мәні зор,рухани байлық , мақал – мәтелдер-парасатты тәрбиеші, әділ сыншы адал ақылшы.Сондықтан мақал –мәтелді айтып үйреніңіздер.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет