Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердің балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншікті балқу жылуы



Дата25.10.2019
өлшемі67.99 Kb.
түріСабақ

Сабақ жоспары

Мектеп: 85 жом

Күні: .10.19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Утемисова А.Н

Сынып: 8 А, Ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Қатты денелердің балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншікті балқу жылуы.

Сабақ негізделген оқу мақсаты

8.3.2.10-Балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Балқу және қатаю кезіндегі жұтылатын не бөлінетін жылу мөлшерін есептейді.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Температураның өзгеруінен заттың күйінің өзгеруін сипаттайды

Кейбір оқушылар істей алады:

  • Қыздыру үдерісі кезінде бөлшектердің күйлерінің өзгеретіндігін дәлелдейді

Бағалау критерийлері

  1. МКТ негізінде денелердің қатты күйден сұйыққа және кері айналуын сипаттайды.

  2. Жылу мөлшерін есептейді.

  3. Балқу және кристалдану процесінде температураның уақытқа тәуелділігін түсіндіреді.

Пәнаралық байланыс

Математика (график, есептеу), Жаратылыстану (Заттардың қасиеті, Қатты, сұйық, газ тәрізді заттардың құрылымы)

Құндылықтармен байланыс

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру. Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлауға, ғылыми-зерттеу дағдыларын, проблемаларды шешу қабілетін дамыту

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Қыздыру,балқу, қатаю графигін талдайды. Молекула кинетикалық теориясы тұрғысынан эксперименттің нәтижесін тұжырымдайды



Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):

Қатаю, кристалдану, балқу



Алдыңғы білім

Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Судың қайнау температурасы

Химиялық және физикалық құбылыстар



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басы 5мин

10 мин



І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу. Қатты, сұйық, газ, плазма күйлеріне қатысты термин сөздермен 4 топқа топтастыру. Solid Liquid Gas Plasma


Видеоролик көрсету.

Оқушыларға сабақ мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады. Бұрынғы игерілген білімдері мен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында «Балқу және кристалдану кезіндегі физикалық өзгерістер» видеоролик көрсетіледі.

1.Видеороликтен не түсіндіңіз? 2. Балқу/Қатаю үдерісіне қандай анықтама берер едіңіз? 3.Температура заттың агрегаттық күйіне әсер ете ме
Дискриптор:

Балқу құбылысын түсіндіре алады


ІІ. Өткен сабаққа шолу. Пазл әдісі бойынша 4 топқа 4 түрлі тапсырма беріледі.

Сәйкестендіру кестесі


1

Меншікті балқу жылуының белгіленуі, өлшем бірлігі

А

с, 1Дж/кг* 0С

2

Балқу температурасындағы массасы 1 кг кристалл затты балқытуға қажет жылу мөлшері

Б

λ =Q/m

3

Меншікті жылу сыйымдылықтың белгіленуі, өлшем бірлігі

В

106 Дж

4

Меншікті балқу жылуының формуласы

Г

Меншікті балқу жылуы

5

Массасы m кристалл денені балқытуға қажет жылу мөлшері

Д

λ, 1Дж/кг

6

1 МДж

Е

Q =λ *m


Жауабы: 1 Д 2 Г 3 А 4 Б 5 Е 6 В
Дискриптор:

Сұрақтарға дұрыс жауап береді


Қысқаша тест
1. Су ішінде мұз кесегі жүзіп жүр. Екі заттың да температуралары 0ºС. Осы кезде не байқалады?

а) мұздың еруі;

б) судың қатаюы;

в) бір мезгілде судың аздап қатаюы мен мұздың еруі;

г) ешқандай агрегаттық өзгеріс болмайды;

д) нақты жауап беру мүмкін емес.


2. Әр түрлі болат бұйымдарды балқытылған болатты қатаю кезінде арнайы қалыптарға құю арқылы алады. Дұрыс ұйғарымды таңдаңыз:

а) қатаю кезінде болаттың ішкі энергиясы артады;

б) қатаю кезінде болаттың температурасы төмендейді;

в) қатаю кезінде молекулалар кристалдық тор құрап, реттеліп орналасады;

г) молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады;

д) ішкі құрылымында ешбір өзгеріс болмайды.


3. Мұз 00С температурада ериді. Бұл кезде энергия

а) Жұтылады

б) Бөлінеді

в) Жұтылмайды да, бөлінбейді де

г) Әуелі жұталады, содан кейін бөлінеді.

д) Әуелі бөлінеді, содан кейін жұтылады.


4. 1 кг балқу температурасындағы кристалл затты балқытуға қажет жылу мөлшерін анықтайтын физикалық шама

а) Меншікті булану жылуы

б) Меншікті жану жылуы

в) Жану жылуы

г) Меншікті балқу жылуы

д) Меншікті жылу сыйымдылығы.


5. Заттың балқыған кездегі тұрақты температурасы ..... деп аталады

а) бастапқы температура

б) соңғы температура

в) балқу температурасы

г) абсолют нөл

д) температура өзгерісі


6. Сұйық күйден қатты күйге өту процесі ...... деп аталады

а) балқу


б) қатаю немесе кристалдану

в) қайнау

г) булану

д) конденсация


Жауабы: 1 г 2 в 3 а 4 г 5 в 6 б
Дискриптор:

Сұрақтарға дұрыс жауап береді


Графикпен жұмыс . Мұздың суға айналу графигінен А, В, С бөліктерінің қандай күйге

сәйкес келетінін, сол бөліктегі жылу мөлшерінің өрнегін тап



Жауабы: А-В : қатты Q =с *m (t2-t1) В-С: балқу Q =λ *m С-Д: сұйық Q =с *m (t2-t1)


Дискриптор:

Графикті талдай алады


Терминмен жұмыс

қазақша

орысша

ағылшынша

1 балқу

1 кристаллизация

1 temperature

2 температура

2 теплота

2 melting

3 кристалдану

3 плавление

3 specific heat of fusion

4 меншікті балқу жылуы

4 энергия

4 cristallization

5 жылу

5 температура

5 energy

6 энергия

6 удельная теплота плавления

6 heat



Жауабы: 1-3-2 2-5-1 3-1-4 4-6-3 5-2-6 6-4-5
Дискриптор:

Термин сөздерді біледі



Оқулық

Интерактив тақта

Кеспе қағаздар











Ортасы

26 мин


Оңайдан күрделіге. Кейбір оқушылар үшін сараланған тапсырма (деңгейлік есептер шығару)

А деңгей

Балқу температурасында алынған 500г темірді сұйық күйге айналдыру үшін қажетті энергияны анықтаңдар. Темірдің меншікті балқу жылуы 270*103 Дж/кг
В деңгей

Температурасы 1850С массасы 10 кг мысты балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? t0=10850С, 2105Дж/кг, см380 Дж/кг0С.


С деңгей

5 л суды 200С-тан 80С-қа дейін суыту үшін, суға 00С-тағы мұз кесектері салынды. Бұған қанша мұз қажет? с4200 Дж/кг0С, =3,4105 Дж/кг.


А деңгей

Балқу температурасындағы массасы қанша қалайыны балқыту үшін 24кДж жылу мөлшері қажет ? қалайының меншікті балқу жылуы 0,6105Дж/кг.
В деңгей

Массасы 10г, температурасы 270С қорғасынды толығымен балқыту үшін қанша энергия қажет болады. Қорғасынның балқу температурасы 3270С, меншікті жылу сыйымдылығы 140 Дж/кг* 0С , меншікті жану жылуы 25*103 Дж/кг


С деңгей

2 т тас көмір жағып, ПӘК-і 50 пеште балқу температурасында алынған қанша болатты балқытуға болады? 82 кДж/кг, q=29106 Дж/кг.




Бағалау критерийі

Дескриптор

Балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолданады

  1. Есептің берілген шартын жазады.

  2. Формуласын қорытып шығарады.

  3. Математикалық есептеу жүргізеді

Эксперименттік зерттеу

1. мұздың суға батпайтынын түсіндір Ж: мұздың тығыздығы судың тығызыдығынан аз

2. мұз салынған судың температурасы өзгермейтінін түсіндір. Ж: мұз еруі үшін керекті жылу мөлшерін судан алады

3. мұзды сырттан ішке алып кіргенде неге бірден еріп кетпейтінін түсіндір. Ж: алдымен мұз 00С градусқа дейін температурасы жоғарылайды. 00С-қа жеткенде еріп бастайды.

4. мұзды мұзға үйкеген кезде неліктен еритінін түсіндір. Жұмыс арқылы ішкі энергия артады, яғни мұздың температурасы артып, ери бастайды.
Дискриптор

Тәжірибені түсіндіре алады

Бекіту сұрақтары:

1.Суық күндерде жылу батареялары істен шыққанда, ондағы суды ағызып тастайды. Оны қандай мақсатпен жасайды?

Жылу жүйесінде ақау болғанда тұтас жылу жүйесі істен шықпау үшін, жылу жүйесіндегі суды ағызып тастау керек. Олай болмаған күнде жылу жүйесіндегі су тоңып мұзға айналған кезде көлемінің ұлғаюының есебінен батареялар мен оларды жалғастырушы құбырлар жарылып тұтастай істен шығып қалу қаупі төнеді.
2. Неліктен суық аймақтарда сыртқы ауаның температурасын өлшеу үшін сынап емес спирт термометрін қолданады?

Спирт өте төмен температурада қатады. Сондықтан да атмосфералық жағдайдағы төменгі температура спиртке әсер етеді. Сынап төменгі температурада өзінің қасиетін өзгертеді


3. Егер бір кесек вольфрамды балқып жатқан темірдің ішіне тастап жіберсе, қатты күйде қатты күйде сақтала ма?

Вольфрам кесегі балқымай қатты күйде сақталады. Себебі: вольфрамның балқу температурасы 3500 0С -тан жоғары. Темірдің балқу температурасы 1550 0С –қа тең.

4. 0С температураны ұстап тұратын тоңазытқыштардың біріне су, екішісіне сүт

құйылған бөтелкелерді орналастырды. Осы бөтелкелердегі заттардың қайсысы

бұрын қатады? Неліктен?

Сүт құйылған бөтелке бұрын қатады. Себебі: Сүттің меншікті жылу сыйымдылығы 3,94∙10 3 Дж/кг∙0С; Судың жылу сыйымдылығы 4,2∙10 3 Дж/кг∙0С. Сондықтан да суға қарағанда сүт бұрын қатады.



Үлестірме материалдары

Соңы 5 мин

Рефлексия Екі жұлдыз, бір тілек

Сабақта қызықты болған екі жағдай ... Сабаққа 1 ұсыныс...



Үйге тапсырма Қатты денелердің балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншікті балқу жылуы. 2.1 жаттығу 6



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

  1. Балқу/кристадану үдерісін түсіну үшін қосымша көмек жұптық және топтық жұмыс арқылы жоспарланды.

  2. Барлық оқушыларға есеп шығару ұсынылса, ал аса қабілетті оқушыларға қыздыру үдерісі кезінде бөлшектердің күйлерінің өзгеруін дәлелдеу тапсырмасы ұсынылады.

Өзін-өзі бағалау, жұптардың өзара бағалауы (стикер), кері байланыс қалыптастастырушы бағалау тапсырмасы, дескрипторлар арқылы бағалау жүргізіледі.

Қыздырғыш құралдармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау, Bilimland.kz

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?






Жалпы бағалау Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет