Сабақтың тақырыбы: ауыз қуысында астың Қорытылуы



жүктеу 64.83 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі64.83 Kb.
түріСабақ
: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Ибраева Раушан Самигуловна математика және физика мұғалімі Көкшетау қаласы №8 орта мектебі туындыны қолдану арқылы өрнектерді түрлендіру
Razrabotkaurokov -> «Көкшетау қаласы, есту және тіл кемістігі бар балаларға арналған №4 арнайы түзету мектеп-интернаты» кмм «Менің қалам-Көкшетау»
Razrabotkaurokov -> Смагулова Гульмира Каировна бастауыш сынып мұғалімі Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Донской орта мектебі
Razrabotkaurokov -> Баймуратова Назым Зейнелгабиденовна Шортанды ауданы «Бозайғыр орта мектебінің» мм биология пәні мұғалімі Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы : «Біріккен сөздер»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «Аласа таулар»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «Табиғаттағы су айналымы»
Razrabotkaurokov -> Жахина Гульжан Елубаевна Красный яр №13 «Амина» бала бақшасының тәрбиешісі Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» Білім беру саласы
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулалары»
Колбай Зоя

Шортанды ауданы Бектау орта мектебінің

химия және биология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: АУЫЗ ҚУЫСЫНДА АСТЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ.
Сабақтың мақсаты: Ауыз қуысында астың қорытылу процесі, осы физиологиялық процестегі ферменттердің ролі, тістің құрылысы мен тіл бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері, ауыз қуысын күту ережелерін

түсіндіру.



Сабақтың тәрбиелілігі: Санитарлық-гигиеналық тәрбие беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, сұхбат, танымдық зерттеу, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық суретті кестелері, активстудио флипчарттары, тірек-сызбалар, крахмалданған дәке, иод ерітіндісі.
Сабақтың барысы:

1. Сыныпты ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Сұрақ - жауап тәсілін қолдану.

1. Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден құрылған?

2. Ас қорытуға қандай бездер қатысады?

3. Қоректік заттар деген не? Атап өтіңдер.

4. Адам ағзасына тәулікте қанша су қажет?

5. Адам организмінде өзгеріссіз сіңірілетін зат?

6. Нәруыздың тәуліктік мөлшері қандай?

7. Көмірсулардың тәуліктік мөлшері қандай?

8. Жұтқыншақ ұзындығы қандай?

9. Асқазан сыйымдылығы қандай?

10. Ащы ішек ұзындығы қандай?

Ә) Тест шешу.

1. қоректік заттар құрамында қандай органикалықзаттар бар:

А) нәруыздар, көмірсулар б) майлар, витаминдер в) су, минералды тұздар

2. Адам денесінде судың мөлшері:

а\20-25% ә\40-45% б\60-65%

3.Адам организмінде өзгеріссіз сіңірілетін заттар:

а\нәруыздар, көмірсулар ә\су б\минералды тұздар

4. Нәруыздың тәуліктік мөлшері:

а\80-90 гр. ә\100 гр. б\400-500 гр.

5.Адамның ас қорыту жолдарының ұзындығы:

а\3-5 м. ә\8-10 м. б\15-18 м.

6.Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан:

а\жұмсақ таңдайда ә\ұрттың сілемейлі қабығында б\тілде

7\Ас қорыту және тыныс алу жолдары қай жерде қиылысады:

а\ауыз қуысында ә\ жұтқыншақта б\ өңеште

8\Ас қорыту жолдарында асқазаннан кейін не орналасады:

а\аш ішек ә\тоқ ішек б\ұлтабар

9.Тоқішектің бөлімдерін атаңдар:

а\ас ішек,жиек ішек,тік ішек ә\соқыр ішек,тік ішек,ұлтабар б\соқыр ішек

10.Ас ішек бөлімдерін атаңдар:

а\ұлтабар,аш ішек,мықын ішек ә\соқыр ішек, жиек ішек,тік ішек

б\ұлтабар, тік ішек



Б) Берілген суреттегі ас қорыту мүшелерін атап жазыңдар.


Жаңа сабақ : «Астың ауыз қуысында қорытылуы».
Ауыз қуысында тіс, тіл, 3 жұп сілекей бездері бар. Тіс тамақты ұсақтайды, тіл дәмі, сапасын сезеді, айырады, сілекей тамақты шылайды.

  1. Тістің құрылысы... А) пішіні мен қызметіне қарай: күрек тіс, ит тіс. Кіші және үлкен азу тіс деп бөлінеді.

Ә) Тістің жалпы саны -32,жоғағы жақта – 16,төменгі жақта – 16,күрек тіс-8,ит тіс-4, кіші азу тіс-8,үлкен азу тіс-12.

Б) Тіс қаптамасы, мойыны,түбірі.

В) Эмаль, дентин, тістің ішкі қуысы-пульпа, қан тамыры.

Г) Сүт тістер-6 айдан бастап, тұрақты тістер-6-7 жастан бастап, ақыл тістер-20 жастан.



2.Тіл -дәм сезу мүшесі: Электрондық оқулық , 8-сынып, Модельдер – тілдің құрылысы.

Тілдің ұшы –тәттіні, арты-ащыны,бүйір жағындағы рецепторлар-қышқыл мен тұздыны айырады.



3.Үш жұп сілекей бездері: шықшыт, тіл асты, жақ асты бездері. Бездерден таза сілекейді орыс ғалымы И.П.Павлов бөліп алды. Ол үшін итке фистула(жыланкөз) қою әдісі арқылы операция жасап бөлінген сілекейді пробиркаға жинап алды.Осылай сілекей құрамы анықталды.
Перде арқылы (квадратный прожектор)
Сілекей құрамында:
Зертханалық жұмыс № 11

Тақырыбы: Cілекей ферменттерінің крахмалға әсерін зерттеу.

Мақсаты: Сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар: крахмалданған құрғақ дәке, йодтың әлсіз ерітіндісі бар Петри тостағаншасы,басына мақта оралған сіріңке.

Жұмыстың барысы:

Жалпы қорытынды:



Оқушы ізденісі:

1.Тіс аурулары:

А) Кариес – микроорганизмдердің әсерінен дентиннің бұзылуы.

Ә) Пульпит – микробтардың енуінен тіс ортасының қабынуы.

Б) Периодонтит – тіс түбірінің зақымданып қабынуы.

В) Парадонт – тіс айналасындағы ұлпалардың қабынуы.


  • 2. Сау тіс дәрігерінің кеңестері, барлығы 10 кеңес.

  • Жаңа термин сөздер:

  • 1. Эмаль –тіс сыртындағы өте тығыз қабат.

  • 2. Дентин – тістің тығыз заты.

  • 3. Пульпа – тістің борпылдақ ұлпаға толы қуысы.

  • 4. Фистула – жыланкөз

  • 5. Муцин – сілекей құрамындағы нәруыз,сілекейді шылайды.


  • Не байқадың?

    Қорытынды


    1.Крахмалданған дәкеге белгі салу үшін сіріңкенің ұшына мақта орап, сілекеймен шылаймыз да дәке ортасына белгі саламыз.


    Ауыз қуысына үш жұп сілекей безі бар. Олар шықшыт, жақасты, тіл асты бездері. Сілекей бездері сыртқы секреция бездеріне жатады, себебі олардың өзегі болады, өзек арқылы сілекей ауыз қуысына бөлінеді. Сілекей құрамында 90-92 су, сілекейді жабысқақ ететін муцин мен бактерияларды жоятын лизоцим нәруыздары мен амилаза және мальтаза ферменттері болады.


    1. Дәкені бүктеп алақанымызда 2-3 минут ұстап тұрамыз.

    Себебі белгілі бір температурада ферменттердің белсенділігі артады.

    Алақанның жылуы реакцияның жүруін жылдамдатады.




    1. Алақанда ұстаған дәкені йод ерітіндісіне саламыз,сол кезде дәке көгереді,ал белгі боялмай қалады.




    Себебі сілекей құрамындағы амилаза ферменті күрделі көмірсу крахмалды ыдыратып жібереді.


    6. Лизоцим – нәруыз,бактерияларды жояды.

  • 7. Амилаза – фермент,крахмалды ыдыратады.

  • 8. Мальтаза – фермент,дисахаридтерді ыдыратады.

  • 9. Кариес, пульпит, периодонтит, парадонт – тіс аурулары.



6. Семантикалық карта арқылы сабақты қорыту

Тіс-

тер


Бір

Түб.


Екі

түб.


Үш

Түб.


Тілдің

қызметі



Тәтті

Ащы

Тұзды

Қыш-қыл

Сілекей

құрамы


Нәр-

уыз


Фер-

мент


Күрек

+







Ұшы

+










Муцин

+




Кіші

азу





+




Түбі




+







Амилаза



+

Ит тіс

+






















Лизоцим

+




Үлкен

азу(ж)








+

Алд.

2 жаны








+



Мальтаза




+

Кіші азу(т)




+




Арт.

2 жаны










+











7. Білімді бағалау

8. Үйге тапсырма.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет