Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Ауыт Мұқибек



жүктеу 65.43 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі65.43 Kb.
түріСабақ
: 887344EE9999D2F9
887344EE9999D2F9 -> Педагогтың шығармашылық Өсу картасы аты-жөні : Ахыт Еркегүл, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
887344EE9999D2F9 -> Жүргізуші: Уа, халайық, жараңдар, Айналаға қараңдар
887344EE9999D2F9 -> Астрахан №1 орта мектебінде алкоголді ішімдіктерден бас тарту декадасына байланысты жүргізілген жұмыстар туралы
887344EE9999D2F9 -> Ата-ананың балаға берген тәрбиесінің ерекшелігі
887344EE9999D2F9 -> Орта мерзімді сабақ жоспары
Ақмола облысы

Астрахан ауданы БІЛІМ БӨЛІМІ

«Астрахан № 1 орта мектебі» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






Өткізген: Отениязова Аксана Алдабаевна

2014 оқу жылы.


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Ауыт Мұқибек.

.

Автор: Ауыт Мұқибек Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Амандасу» тренингі

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Ауыт Мұқибек.

Білімділік мақсаты: оқушының бұрынғы алған білімін тереңдетуіне, бір-бірінің жауабын толықтыру арқылы ізденімпаздықпен жұмыс жасауына жағдай жасау. Өлеңнің идеясын өз білімдері арқылы түсінуге бағыт беру.

Дамытушылық мақсаты: баланың сөйлеу мәдениетін, ойын дамыта отырып, дәлелді сөйлеуге үйрету. Бейнелі сөздерге көңілдерін аудара отырып, дұрыс қолдануға бейімдеу. Өлеңді талдау, түсіну арқылы өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру

Тәрбиелік мақсаты: бірлесе жұмыс істеу арқылы өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге, басқаларды тыңдауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер (интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар), автордың фотосы, кестелер, гүл, күн, жүрек, қол бейнелері.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: «Араласып кеткен сандар», «Кір жаятын жіп», «Ойлан – жұптас – бөліс», «Биопоэма» , семантикалық карта, Венн диаграммасы, бес жолды өлең құрастыру,

Сабақты ң барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындықты тренингтен бастау. «Амандасу» ойыны.

Мақсаты: Сәлемдесу – адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Инабаттылыққа, мәдениеттілікке баулу. (Алақан бейнесі – қолымызды қысу, Жүрек болса – құшақтасу. Күн – қолымызды көтере бұлғау. Гүл – басты изеу)

2. «Сиқырлы қорап» ішінен түрлі түсті қағаздан жасалған фигуралар алу арқылы 4 топқа бөліну.

3. Топтың ережесімен таныстыру.

- Топ жұмысын талдауға жауапты адамдарды ауыстырып отыру. - Өз уақытында бастау. – Бір – бірін тыңдап, сыйлау. – Ұзақ уақыт сөйлемеу. – Көңілді отыру



1. Қызығушылықты ояту. «Араласып кеткен сандар» әдісі.

(Сандарды өсу ретімен дұрыс орналастырсақ , бүгінгі тақырыбымыздың аты шығады. Сандарға сипаттама беру.)



Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

7

16

29

65

77

97

120

242

580

Сандарды өсу ретімен орналастырғанда қандай сөз шықты? Қазақстан.



  • Балалар, Қазақстан деген не?

- Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?

Кестені толтыр

Сенің Отаның

Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстан елінің президенті

Қазақстан елінің рәміздері

Қазақстан-ның бас қаласы

Қазақстанда-ғы ұлттар қалай өмір сүреді?

Қазақстанның болашақта қан-дай ел болға-нын қалайсың?





















Біздің Отанымыз, Отан – анамыз. Қазақстан Республикасы. Біздің бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өмір сүрді. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Біз осында туып өстік, ана тілімізде сөйлейміз. Мұндағының бәрі бізге етене жақын. Қазақстан – біздің Отан анамыз, бізді нанымен суымен асырайды.

- Отан деген – ата - әжең, әке – шешең, аға - әпкең, жеңге – жездең, бауырың, қарындасың. Отан біздің ортақ үйіміз. Біздің Отанымыз кең байтақ, алтыны мен кені мол, дамыған ел. Біз өз еліміздің бір кірпішіміз. Біз елімізді сүйеміз, мақтан етеміз. Қайда барсаң да әрқашан өз отаныңды аңсап, сағынып тұрасың. Әр адамға туған жер әрқашан да ыстық болады. «Туған жердің күні де, түні де ыстық» - деп бекер айтпаса керек.
- Отанды біз атамекен деп аялап айтамыз, өйткені оны мекен еткен бабамыз бен атамыз. Отанды жас, кәріміз де туған жер деп сүйеміз. Өйткені онда бәріміз де туып, өмір сүреміз. Отанды әркім анасындай қастерлейді бағалайды өйткені, Отан баласындай бізді өсіріп аялайды.
Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа елдер, мемлекеттер көп. Бірақ ана әр адамда біреу – ақ. Ендеше Отан – ана да ол үшін біреу ғана.
Топтың жұмысын бағалау: «Басбармақ» Басбармақ жоғары қарай – мен түсіндім. Көлденең – түсінгендеймін. Төмен – түсінбедім.
2. Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс.

Тақырыппен, таныстырып, өлең авторы туралы түсінік беру.

- Өлеңді іштей оқу.


  • Өлеңді салтанатты ырғақпен оқыту. ( жұппен, топпен талдау)


Ауыт Мұқибек

Ауыт МҰҚИБЕК, ақын.

Шығыс Түркістанда 1969 жылы туылған .

«Жас жүрек жайып саусағын», «Қалқатайға қарай-қарай талды көз» атты жыр жинақтарының авторы.Республикалық "Балдырған" балалар журналында қызмет атқарып келеді.



Кретерийлер құру.

  • Ұйымдастырылуы.

  • Өлеңнің мағынасын ашу.

  • Сұраққа дұрыс жауап беру.


Топтық жұмыс. «Кір жаятын жіп» әдісі арқы лы талдау.

1 – топ: Рәміздер елтаңба мен тудың ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау мақсатында Венн диаграммасы толтырылады.


Рәміз




2 – топ: Мына сөздерді пайдаланып мерекелік құттықтау жаз: мереке, тәуелсіздік, бақыт, тыныштық.

3 – топ: «Қазақстан» сөзінен сөз құрау.

4 – топ: Тәуелсіздік деген не? топтастыру
Топтың жұмысын бағалау. «Бағдаршам» Оқушылардың қолдарына қызыл, жасыл, сары түсті карточкалар беріледі. Жасыл – толық түсіндім. Қызыл – түсінбедім. Сары – сұрақтарым бар.
Сергіту сәті: «Қызыл өрікке» билету.
Ойтолғау. «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

І – топ. «Менің Қазақстаным» тақырыбына эссе жазады.

ІІ – топ. Отан, туған жер туралы мақал – мәтел айтқызу.

ІІІ – топ. «Қазақстан» жайлы бес жолды өлең құрастырады.

IV - топ: Қазақстан туралы бір шумақ өлеңді жатқа жазу.

Топтың жұмысын бағалау. Әр топқа стикерлер қою арқылы.
«Биопоэма» әдісін пайдалану арқылы жұптық сұхбат ұйымдастыру. Жұмыстарын топта оқу.

Жұптық сұхбат

  • Біз өтіп жатқан тараудың аты --------------------------------------

  • Сипаттайтын 2 – 3 сөз -----------------------------------------------

- Мектепте біз қай тілде сөйлейміз? -------------------------------

- Өз туған жері туралы пікір -----------------------------------------



Жұптың жұмысын бағалау. «Бағдаршам» Оқушылардың қолдарына қызыл, жасыл, сары түсті карточкалар беріледі. Жасыл – өте жақсы. Қызыл – жақсы. Сары – қанағатты.
Бағалау. Әр оқушы өзін - өзі бағалау.

Б а ғ а л а у п а р а ғ ы



Оқушы-

ның

аты – жөні

Тапсырмалар

Қорытын-ды баға

Арала-сып кеткен сандар


Кес-тені тол-тыр


Мәтін

мен

жұ-мыс

Автор-

мен танысу

Кір жая-тын жіп


Топ-

тық жұ-

мыс

Жұп

тық сұх-

бат


«5» - 6-7

«4» - 4-5

«3» - 2-3






























Үйге тапсырма: «Егер де мен президент болсам .... » тақырыбына эссе жазу.

- Өздеріңе ұнаған шумағын жаттау.


Рефлексия.

- Сабақтан алған әсерлерің қандай?

- Сабақ несімен ұнады?
Кері байланыс: «Жақсы тілек» Отанға, Туған жерге, достарымызға, бігінгі сабақтан алған әсерлерін жазу. Алмалар таратып беру, «Даналық» ағашына жабыстырып кетеді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет