Сабақтың тақырыбы: «Бақытты отбасы» Мақсаты



Дата23.04.2020
өлшемі55.17 Kb.
түріСабақ
Құмжарған орта мектебі

Тақырыбы: «Бақытты отбасы»



Сыныптан тыс жұмыс

5 - сынып

 

Сынып жетекшісі: А.А.Бисеналина



                                                                 

                                                                 

 

2015-2016 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: «Бақытты отбасы»

Мақсаты:

-Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қатысуына, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

-Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

-. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

  Көрнекілігі: қанатты сөздер «Бала тәрбиесі — бесіктен» ,

«Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар, слайдтарды қолдану.

  Ұйымдастыру кезеңі:

 Мұғалім сөзі: “ Бақытты отбасы”.


  1. «Артық болмас таныстық».

  2. “ Теңеу ” тренингі.

  3. Жағдаяттық тапсырмалар

  4. «Мені түсін» ойыны

  5. «Қызықты сұрақтар»

  6. «Шебер қолдар» сайысы

  7. «Бақытты отбасы» коллаж

     Мұғалім сөзі:

Құрметті ата-аналар, оқушылар! Бүгін біз «Бақытты отбасы» тақырыбындағы сабағымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Адамның адамшылығы-ақыл, білім, жақсы ата-анадан, жақсы ұстаз, жақсы құрбыдан болады. Абай

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам дейді. Біреуі – білсем, не көрсе соған талпынып,“ол не?”, “бұл немене?”, “неге олай?” – деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық бөрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. Жетінші сөз.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата – ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата – анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі – өнеге жиынтығының жемісі. Ендеше, бүгінгі сабағымызды бастайық.

Ата-ана, бақытымсың,барымсың

Тірегімсің,сүйенішім,бағымсың

Жалғасындай ата-ананың балалар

Жақсы атымен бар әлемге танылсын!-дей келе бірінші бөлімімізді бастаймыз.

І бөлім. «Артық болмас таныстық».


  • Ата-аналар өз балаларын тереңірек таныстару.

  • Ата-аналар өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді) қорғайды, яғни балаларының атын қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп айтып шығады.

ІІ бөлім . «Теңеу» тренингі

  1. Ата - анаңды неге теңейсің?

  2. Ата – анаңның өзіңе ұнайтын ерекше қасиеттерін ата.

ІІІ бөлім. «Жағдаяттық тапсырмалар»

1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын дарындылық қабілет болар. Көптеген биограф- зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді.

2. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа қыздармен үнемі ұрысады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің балаға ұрысады» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін тереңнен іздеңіз. Басқаларды ренжіткен бала өзі де ренжіген бала. Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды талдап, себебін тереңнен табуға болатын шығар.

3. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?



Балаға «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың, сен жөндей алмайсың» деген сияқты теріс баға беруге (қалай қарайсыз?) дұрыс емес. Осындай жағдайда баланың сол іс-әрекет түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне деген сенімділігін жоғалтады, өзіне-өзі көңілі толмау сияқты кешенді сенімсіздік қалыптасуы мүмкін.

4. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?



Балаңыздың мұндай жөнсіздіктеріне жол бермеңіз. Әйтпесе, одан кейін де өрши түседі.

5. Балаңыз күнде 1 – сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?



Қаталадау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз орнын табады.
ІҮ бөлім. «Мені түсін» ойыны

  1. Маған ілгегімді тігіп беріңізші

  2. Менің көйлегім үтіктелмеген, соны үтіктеп беріңізші

  3. Менің аяқ киімім жыртылып қалды,енді не істеймін?

  4. Бүгін маған апай ұрысты

  5. Мен би байқауынан І орын алдым

Ү бөлім. «Қызықты сұрақтар»

1. Балаңыздың туылған күні қашан?

2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ-киім киеді?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Қай спорт түрімен шұғылданады?

9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

10. Балаңызға неше рет ренжідіңіз?

Ата-аналарға арналған жыр жолдарын топ ер балалары айтады.
(Азамат, Даниял, Дастан, Дияс)
ҮІ бөлім. «Шебер қолдар» сайысы

Ата-аналар өз қыздарына арнап қолөнер бұйымдарын жасайды,ал қыздар аналарына арнап қағаздан гүл жасап береді.



ҮІI бөлім. «Бақытты отбасы» коллаж

Нұсқау:  суреттермен плакатқа өз көзқарастарың бойынша «бақытты отбасын» бейнелеу қажет.

«Қазақ биі»

Қорытындылау:

Әке-асқар тау,

Ана-ағып жатқан бұлақ,

Бала –жағасындағы құрақ.



Қадірлі ата-ана, отбасында берілген тәрбие жерге қаратпасын десеңіз балаға кішкентайынан түзу тәрбие беріңіз, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен отбасы өзара тығыз байланыста болса, балаға бірдей талап қойылса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Фио: Сабитова Лилия Фэргатовна
doc -> Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
doc -> Знаменитые трезвые люди планеты
doc -> Апарат верховної ради україни інформаційне управління відділ інформаційно-бібліотечного забезпечення
doc -> Технические характеристики горелок газовых серии гкс
doc -> Региональная энергетическая комиссия свердловской области
doc -> М. Ушачи Белоусов Степан Гаврилович
doc -> Городской поселок россоны захоронение в мемориальном сквере
doc -> Райффайзен Банк Аваль модернизировал контактный центр


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет