Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару



жүктеу 37.19 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі37.19 Kb.
түріСабақ
: files -> sites -> 1383501714865338 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1392365796276233
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
book-catalog -> Молдабаева Гулайда Бекболқызы Тақырыбы: «Достық дегеніміз не?» Мақсаты
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Малдың пайдасы Сабақтың мақсаты: а оқушыларға өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру
book-catalog -> Сабақ тақырыбы: Қорықтар 9 сынып қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Зейнелова Қ. Т. Астана, 2012
book-catalog -> Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы
book-catalog -> 63 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзахметова Жанна Даулетовна
book-catalog -> Сабақ 10 «Ә» сынып «Жарасымды қарым-қатынас»
1392365796276233 -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
book-catalog -> Пән: Физикалық география Сыныбы: 6 Күні: 12. 2015 Тақырыбы
Математика пән мұғалімі Аширова К.А

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығартып. Теңдеуді теңбе - тең түрлендіріп, ықшамдай білуге үйрету
Білімділігі: Оқушыларды есепті шапшаң шығаруға баулу. Тақырып бойынша алған білімдерін бір жүйеге келтіру, математика тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға, білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге үйрету.
Әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар
Сабақтың құрылымы: Сабақ төрт деңгейлік бөлімнен тұрады
1. Оқушылық деңгей (Сұрақтар «Қыз қуу»)
2. Алгоритмдік деңгей (Есептер «Теңге ілу»)
3. Эвристикалық деңгей (Ойын Көкпар. Қол күрес.)
4. Шығармашылық деңгей ( Бәйге)
5. Сергіту сәті 6.Қорытынды, сабақты бекіту
7. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Негізгі бөлім

Сабақтың түрін таңдау үшін сөзжұмбақ шешіп «Қайталау» сөзін шығару.








1.Қ



















2.

А
















3.

Й
















4.Т










5.

А










6.







Л










7.




А







8.







У



Сұрақтар:

  1. Бас бармақ пен ортаңғы саусақ арасындағы өлшем. (қарыс)

  2. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сан. (натурал)

  3. Қазіргі кезде жаңа сипат алып, теледидардан көріп жүрген ауыз әдебиетінің түрі. (айтыс)

  4. Оқушылардың білімін тексеру түрі. (тест)

  5. Ешкі төлі. (лақ)

  6. Бір жағы шектелген түзудің бөлігі. (сәуле)

  7. Ең сүйікті жан. (ана) 8. Арифметикалық амал. (қосу) Сонымен бүгінгі сабағымыздың түрі бекіту, қайталау сабағы.

І саты «Міндетті оқушылық» саты (Ауызша сұрақтар) «Қыз қуу»

1.Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп айтамыз?


2. Қандай теңдеулер міндес теңдеулер деп аталады?
3.Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
4.Егер а=0, бір айнымалыс бар теңдеудің түбірі қалай болады?
ІІ саты «Алгоритмдік саты» «Теңге ілу»
«А» -тобы 1. 3,4x – 4 = 4,8 – x

«В» -тобы 8у – 3(2у -3)=7у -2(5у =8)

«С» -тобы 123456789 =100 сандарының ортасына арифметикалық таңба қойып, жұз санын шығарыңдар (123-45 -67+89=100)

ІІІ саты Көкпар. Бұл сайыста әр топ сөзжұмбақ шешеді.



IV. Қол күрес.

V. Бәйге Топ басшыларына теңдеуді шешуге есептер беріледі







VI. Сергіту сәті

  1. Бір –бірімен жарысқан
    Төрт аю, бір арыстан
    Екі қой мен бір түлкі
    Бәрі нешеу кім біледі (8)
    2. Тоғызтораудағы кездесу. Талас өзенінің төменгі бойындағы көк майсалы жерге түс - түстан тоғыз жол келіп түйіседі. Сондықтан тоғыз жолдың торабы «Тоғызторау» деп аталады. Әйтеуіру бір жылдары сондағы құдық басына тоғыз аңшы келіпі бір - бірімен түгел қол берісіп амандасып шығады. «Бәріміз қанша рет қол алыстық?» - дейді сондағы жолаушылардың бірі. (36)

VIІ. Сабақты бекіту
Ойнайық та, ойлайық Қандай сұрақ болса да Болса да шешпей оны қоймайық деп: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді қалай шешеміз ?

VIІ. Сабақ соңында оқушылардың білімі бағаланып, үйге тапсырма берілді

Үйге: №841, №853 есептерді шығару



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет