Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?!»



жүктеу 80.52 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі80.52 Kb.
түріСабақ
: uploaded files
uploaded files -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
uploaded files -> Сабақ №55 Сыныбы 11 «А» Күні 23. 01. 15ж Сабақтың тақырыбы «Жарық кванттары» тарауы бойынша есептер шығару
uploaded files -> 0000Бекітемін: Пән мұғалімі: Уақыты: Сынып 6
uploaded files -> Перечень объектов недвижимости, принадлежащих на праве собственности
uploaded files -> История Вторжения кочевых племен Дашт-и Кипчака в Среднюю Азию (XVI в.)
uploaded files -> Исаевна внутриличностная конфликтность школьников и ее коррекция в педагогическом процессе. 19. 00. 07 педагогическая психология
uploaded files -> Медико-психологическая реабилитация инвалидов по зрению 19. 00. 10 коррекционная психология 19. 00. 04 медицинская психология
uploaded files -> Таджикско армянские литературные связи в новое время 10. 01. 03 Литература народов стран зарубежья
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты
5 орта мектеп


Дулат Бабатайұлы

«Аягөз, қайда барасың?!» өлеңі

7 В-класс
Өткізген: Піралина Гүлжанат Жәрдембергенқызы.

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі


Шалқар қаласы

2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңі

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: Дулат Бабатайұлы өмір сүрген кезеңнің тарихи шындығы және оның ақын өлеңдерінде көрініс табуы туралы білім дағдыларын қалыптастыру, «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ұғындыру, таным көкжиектерін кеңейту;

  • Тәрбиелік: ақын өлеңін оқыта отырып, бабалар сақтап келген ұлтарақтай жерді қорғауға, аманатына қиянат жасамауға, көздің қарашығындай сақтауға, бардың қадірін, туған жер тағдырын халық тағдыры деп білуге тәрбиелеу;

  • Дамытушылық: теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңіне сатылай кешенді және тілдік табиғатына көркемдік талдау жасау, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру;

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, шығармашылық жұмыс, СТО стратегиялары, тренинг;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, бейне материалдар, постер, стикер, смайликтер;

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет теориясы

Пайдаланылған әдебиет:

Р.Құтқожина «Әдебиет оқыту әдістемесі». Алматы: Атамұра, 2012 ж. Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару;

  • Жаңа сабақтың мақсатын таныстыру; жүргізілетін жұмыс үлгілеріне шолу жасау және жұмыс дәптерін үлестіру, бағалау жолын түсіндіру;

  • Дәптерге күннің жады мен тақырыпты жаздыру;

ІІ. Қызығушылықты ояту сатысы

«Сен білесің бе?»

  • «Аягөз кімнің жері еді?» (Аягөз тарихын таныстыру)

  • Дулат Батайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бейне мәлімет;

ІІІ. Мағынаны тану сатысы

  • Біз білуге тиісті шындық:

  1. Дулат өмір сүрген дәуір патшалық Ресейдің Қазақ даласын отарлау кезеңімен тұспа-тұс келді.

  2. Патшалық Ресей отарлау саясатын жүзеге асыру үшін өзіне тиімді жаңа әкімшілік жүйені енгізді. Жергілікті халықты (қазақтарды) сулы, нулы, жерлерден ығыстырып, қуаң, малға жайсыз жерлерге шеттете бастады. Қазақ даласының ең шұрайлы жерлеріне өз бекіністерін салды.

  3. Дулат Қазақ даласының отар өлкеге біртіндеп айналу процесін көз алдынан өткізді. Қазақтың өз алдына тәуелсіз елдігінің ақырғы белгісі – хандық биліктің жойылғанын көрді, қазақтың өз ішінен аға сұлтан, старшын, би-болыстары секілді билеушілері пайда болды. Қарапайым халық екі жақты қанауға түсті. Осылардың куәсі болды.

  • Топтастыру стратегиясы.




  • Дулат өлеңдерінің идеясы.

Д.Бабатайұлы өлеңдерінің идеясы

Өлеңдері


Қазақ жерінің отарлануы


«Тегімді менің сұрасаң»;

«О, Сарыарқа, Сарыарқа»;

«Асқар таудың сәні жоқ»;

«Сүлейменге»;

«Бараққа»;

«Кеңесбайға»



Ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуі

“Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”;

Мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеу, кішіпейілдікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздау;


«Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Қара қарға жем тілеп»





  • Кітаппен жұмыс. Мәтінмен танысу.

  1. «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңін мәнерлеп оқу (мұғалім);

  2. Сұрақ-жауап: (мәтіннен тауып оқу)

  • Аягөз бұрын қандай еді?

  • Аягөз жері қалай өзгерді, оған не себеп болды?

  • Қарапайым халық тағы кімдерден зәбір көрді?

  • Қазақ қоғамында қандай өзгерістер болды?

  • Ақын ойын қалай қорытындылайды?

  • «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңіне шығармашылық талдау жасау.

  1. Сатылай кешенді талдау

«Аягөз, қайда барасың?!»

  • Жанры: __________________________________________________

  • Тақырыбы: ___________________________________________________________

  • Идеясы:______________________________________________________________________________________________________________

  • Шығармадағы тарихи кезең: ______________________________________________________________________________________________________________________

  • Мәтінде кездесетін ел билеушілер: ______________________________________________________________________________________________________________________

  1. Топтық жұмыс. (Топ шығармашылықпен жұмыс жасап жатқанда интерактивті тақтадан Д.Бабатайұлының өлеңі оқылған бейне таспа көрсетіледі.)

І топ. Поэтикалық талдау. Фигура түрлерін (аллитерация, ассонанс) табу;

Мәтіннен үзінді

Фигура түрі

Неге байланысты?

Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын…







Тарбағатай тауынан, 
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп…







Ақтың төмен жосылып,
Ағының тасты ағызып,
Арнаң қалды осылып..







Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?!







Қара ісіңе дем беріп,

Қарайтты әдейі ағыңды...









Қарасаңшы бір мезгіл

Қолдарыңа айна алып...










ІІ топ. Поэтикалық талдау. Тіл көркемдігі мен троп түрлерін (теңеу, эпитет, метафораны) табу;

Мәтіннен үзінді

Көркем сөз

Көркемдік құрал

Жағаңдағы сұлу тал,
Саясының шөбі бал,
Ерекше семіз ішкен мал…







Сумаң қағып сүйріктей,

Шалқып шапқан жүйріктей









Қырың – малдың кіндігі

Ойың – өнім егіс қой...









Сауыр жерден айырылып,

Қазақ елі жұқарды...









Қу заманға сұм басшы

Сорымызға тап болды...









Қара ісіңе дем беріп,

Қарайтты әдейі ағыңды.

Ұзын өріс қысқарып,

Кең қонысың тарылды.

К









ІІІ топ. Өлең құрылысын талдау.

Тауды екіге жарасың,


Тастың қашап арасын.

Кесіп өтіп кезеңді

Аягөз, қайда барасың?!

Бұл шумақ: __________________________________________________________________________________________________________________________

Жерге қарай мал бітіп,


Малға қарай құт болмақ.
Қонысынан мал тайса,
Құты кетіп, жұт болмақ.

Бұл шумақ: __________________________________________________________________________________________________________________________
ІҮ. Ой толғаныс сатысы. (Топ шығармашылықпен жұмыс жасап жатқанда интерактивті тақтадан Д.Бабатайұлының өлеңі оқылған бейне таспа көрсетіледі.)

Өлең мазмұнының желісі бойынша «Жер тағдыры – ел тағдыры» деген тақырыпта шағын ой толғау.



Ү. Білімді бекіту. Тест.

Мақал-мәтелдер

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат.



ормансыз бұлбұл.


Елінен айырылған өлгенше жылайды.

өз түбіңе жеткенің


«Отаныңа опасыздық еткенің - … »













«Отансыз адам – …»













«Ұлтарақтай болса да,

Ата қонысы жер қымбат...»













«Ерінен айырылған көмгенше жылайды,..»













ҮІ. Қорытынды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорыту: «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлтттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»



ҮІІ. Үйге тапсырма:

  • Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқу.

  • “Аягөз, қайда барасың?” өлеңінен үзінді жаттау;

  • Д.Бабатайұлының «Ата қоныс Арқадан» толғауын оқып, «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңімен салыстырып, венн диаграммасын сызу;

ҮІІІ. Бағалау. Критериалды бағалау.

Оқушының

аты-жөні:

Танымдық мағлұматты игеру


«Аягөз, қайда барасың?!» өлеңінің мән-мазмұнын ашар сұрақтарға жауап іздеу;

Өлеңге сатылай кешенді және шығарма-шылық талдау жасау;

«Жер тағдыры – ел тағдыры» деген тақырыпта шағын шығарма жазу;

Тест


Жалпы балл






















  • «ТОПТАҒЫ АХУАЛ»:

  • Сабақтың басындағы Cіздің сезімдеріңіз бен эмоцияңызды сипаттайтын 3 сын есім;

  • Сабақтың соңындағы Cіздің сезімдеріңіз бен эмоцияңызды сипаттайтын 3 сын есім.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет