Сабақтың тақырыбы: Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер. Жоспары: Фитоценоз. Биоценоз Биогеоценоз



жүктеу 277.59 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі277.59 Kb.
түріСабақ
: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Пәнінен Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақтар 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат СӨЖ 45 сағат
Bio -> I.«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша
Bio -> Оқу-әдістемелік кешен
Bio -> Лекциялар конспектісі Құрастырған б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков Жетісай-2006ж. Кіріспе Курстың мақсаты
Bio -> «Жаратылыстану» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> «Тұрмыстық химия» пәні бойынша
Bio -> «Химия-биология» факультеті «Биология» кафедрасы. Оқу әдістемелік кешен
Bio -> “Химия және Биология” факультеті
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Сырдария” университеті


Химия және биология” факультеті
Биология” кафедрасы

ГЕОБОТАНИКА ПӘНІНЕН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ.


Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2 семестр 3,4

Кредит саны :3

Топ: Био-18 тп
Құрастырған: б.ғ.к. доцент : С. Е. Келдібеков.


Жетісай –2009ж




Практикалық сабақ № 1.


Сабақтың тақырыбы:

Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер.



Жоспары:

1.Фитоценоз.

2.Биоценоз

3.Биогеоценоз

4.Экосистема
Сабақтың мақсаты: Биогеоценологиялық ландшафтық және экологиялық бағыттар жайында мәліметтер беру.

Сабақтың мазмұны.

Б. А. Быков (1978) фитоценозға мынадай анықтама берді. Фитоценоз –бұл өздері жасаған ортаның жағдайында тұрақты өзін - өзі жөнге салатын организмдердің бірлесіп өмір сүру формасы. “Қысқаша организмдердің тұрақты бірлесіп өмір сүру формасы”.

Б.М. Миркиннің (1986) түсінігі бойынша фитоценоз – ортаның жағдайына қатынасы ұқсастығына байланысты автотрофты өсімдіктердің популяциясының жиынтығы.

Фитоценоз немесе өсімдіктер қауымы деген біркелкі учаскедегі белгілі – бір флоралық құрамы бар ортамен және өзара белгілі қарым – қатынасы бар өсімдіктер тобы.

Фитоценоз ашық биологиялық жүйе, ол өзінен жоғары реттегі жүйелерге оның бір тармағы есебінде қатыса алады. Фитоценоз зооценоз және микробиоценозбен бірге биоценоз құрады.

2. Биоценоз – (грек – био - өмір, койнос - жалпы) деген тіршілік жағдайлары азды - көпті біркелкі болып келетін учаскеде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер микроорганизмдер бірлестігі “Биоценоз” термині 1877 жылы Кильск университетінің профессоры К.Мебиустың жұмысында бірінші рет қолданылды (Федоров, Остроумова, 1984).

Биоценоз абиотикалық немесе сыртқы ортадағы бейорганикалық компоненттермен (жер бедері, температура, ылғалдық, топырақ) бірге биогеоценоз құрады.

Бейорганикалық немесе өлі компоненттерді – экотоп деп атайды.

Биогеоценоз – (грек био - өмір, гео –жер, ценоз – жалпы) деген зат алмасуы және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен өлі компоненттерді біріктіретін күрделі табиғи жүйе. Биогеоценоз туралы түсінікті ғылымға енгізген В.Н.Сукачев (1940). Биогеоценоз экотоптан және биоценоздан тұрады. Экотоп климатопқа (аэротоп) және эдафотопқа (жердің қабығы жағдай) бөлінеді. Биогеоценоздың шекарасы фитоценоздың шекарасымен анықталады. Биоценозда организмдердің арасындағы әрекеттестік өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің деңгейінде емес, особь немесе түрлер популяциясы деңгейінде болады. Биоценоздар қоректену тәсіліне қарай автотрофты және гетеротрофты топтардан тұрады. Соңғы жылдары (Тахтаджян 1973) организмдерді төрт (прокариоттар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар). Whittaker 1969 беске (прокариоттар, протисталар,

саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар) дүниеге – патшалыққа бөледі. Осы уақытқа дейін бұл мәселе жөнінде биологтар арасында бірлік жзоқ. Сондықтан биоценоздар компоненті болған организмдерді функциональды ерекшеліктеріне байланысты екі негізгі группаға (автотрофты, гетеротрофты) бөлген дұрыс болса керек.

Экосистема – (грек – Оікоs –үй, орын, система – жүйе). Тірі организмдердің бірлестігінен және олардың тіршілік ортасынан тұратын функциональдық жүйе. Бір фитоценоз ішінде экосистемамен биогеоценоз бір – біріне дәл келеді. Фитоценоздың шекарасынан жоғары не төмен болса онда биогеоценоз және экосистема бір – біріне дәл келмейді. Практика жүзінде экосистема термині масштабы жағынан өте кішкентай мысалы, аквариум, немесе космос кораблі және өте үлкен (мыс каспий теңізі) объектілерге қатысты қолданыла береді. Экосистема терминінің авторы ағылшын экологы А. Генсли (1935).

Барлық экосистемаларды үш топқа бөлуге болады :



  1. Бөлектенген жүйелер қоршаған ортамен энергияда, материяда алмаспайды (жасанды экспериментальдық экосистемалар).

  2. Жабық жүйелер, қоршаған ортамен тек энергия айырбастайды (мыс космос караблі, станциялары).

  3. Ашық экосистемалар – қоршаған ортамен энергия және зат айырбастайды. Ашық экосистемалар классификациясы толығымен бітпеген. Б.А.Быковтың (1988) пікірі бойынша ашық экосистемалардың ең басты элементі биотаның автотрофтық бөлігі болып табылады. Соның үішін экосистемалар классификациясы - өсімдіктер классификациясы негізге алып жасау керек.


Практикалық сабақ № 2.

Сабақтың тақырыбы:

Фитоценоздардың қалыптасуы және оның компоненттерінің қарым- қатынасы.


Жопары:


1.Фитоценоздардың өзіне тән ерекшеліктері

2.Диффузия қауымына сипаттама.


Сабақтың мақсаты: Фитоценоздардың ерекшеліктері, топтала тебілденген қауым және диффузия қауымына сипаттама.

Сабақтың мазмұны: Фитоценоздардың қалыптасуы туралы ұғымды филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан қарауға болады. Егерде қазіргі кездегі бар, нақтылы фитоценоздардың жаңа субстраттарда пайда болып қалыптасу процесін қарастыратын болсақ онда, ол онтогенетикалық тұрғыдан қарау болып табылады.Субстраттар алғашқы немесе бірінші және екінші болып бөлінеді. Біріншіге бұрын ешуақытта өсімдіктер болмаған , ал екіншіге өсімдіктері ортаның күшті әсерінен жойылып кеткен субстраттар жатады. Екінші субстраттардакейде жойылған фитоценоздың вегетативтік мүшелерінің қалдықтары және тұқымдары сақталуы мүмкін, ал бірінші де - өсімдіктердің бастамасы тек айналадағы фитоценоздардан келіп түседі.

Топтала теңбілденген қауым. Субстраттағы өсімдіктер особьтарының санының көбеюі бірте-бірте олардың жақындасуына, тамырларының немесе бұтақтарының және жапырақтарының тығыз тұтасып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Диффузиялы қауым. Диффузиялы қауымның алғашқылардан айырмашылығы ол популяциялардың азды- көпті біркелкі таралуы.

Фитоценоздың және биотоптың қалыптасуы кезінде биотоптық немесе фитоценотикалық іріктеу басталады.Клементс фитоценоздардың қалыптасуында мынадай фазаларды ажыратты:

1.Өсімдіктер бастамаларының бос субстратқа миграциясы

2.Эцезис


3. Агрегация

4. Инвазия

5.Стабилизация.

Бұл процестердің барлығыда ортаның өсімдікке және өсімдіктердің ортаға әсер етуі мен, ал агрегация және инвазия фазаларында өсімдіктердің бір-біріне әсер етуімен қатар жүріп отырады.



Бақылау сұрақтары


1.Субстраттар нешеге бөлінеді?

2.Топтала теңбілденген қауым ?

3.Диффузиялы қауым?

4.Диффузиялы қауым нешеге бөлінеді?



Практикалық сабақ № 3.


Сабақтың тақырыбы:

Фитоценоздардың құрамы.



Жоспары:

1.Фитоценоздың флоралық құрамы және оны зерттеу әдістері

2.Флоралық байлығы

3.Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы


Сабақтың мақсаты: Флоралық құрам байлығы және толықтығы жайында мәліметтер беру.

Сабақтың мазмұны: Фитоценоздардың құрамы оның мынадай элементтері және белгілері сипаттайды:

Флоралық құрамы

Экомиоморфтық құрамы

Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы

Фитоценозды құрайтын ценопопуляцияларының қасиеттері

Белгілі бір районның өсімдіктерін зерттегенде оның флорасы мен жалпы танысып қана қоймай, әрбір фитоценоздың және әрбір ассоцацияның флоралық құрамына баса көңіл аудару керек.



Ассоцация дегеніміз белгілі орында табиғи пайда болған, белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі құрам.

Фитоценоздардың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз.

Флоралық байлығы дегеніміз белгілі бір фитоценоздың немесе ассоцияның құрамында өсіп жетілген түрлердің сандық көрсеткіші.Қауымның флоралық байлығы көптеген факторларға байланысты. Қауымның немесе ассоцияцияның флоралық байлығын табу ауданда ассоцияцияны анықтау ауданымен шатастырмау керек.

Қауымның флоралық толықтығын анықтағанда түрлерді санау оның барлық ауданында немесе оның бір бөлігінде жүргізіледі, бірақ ол ауданның мөлшері флоралық байлықты табу ауданынан кем болмауыц керек. Қауымның флоралық толықтығын шабындықтарда, далада 1,4 немесе өте сирек 100 шаршы метрде анықтайды.
Тест сұрақтары:

1.Фитоценоздың флоралық құрамы

  1. Өсімдіктер биотоптарының жиынтығы

  2. Өсімдіктер экотоптары жиынтығы

  3. Өсімдіктер фитоценоздары жиынтығы

  4. Жалпы биоценоздар жиынтығы

  5. Өсімдіктер түрлерінің жиынтығы

2.Фитоценоздың флоралық байлығы

  1. Фитоценоз құрамындағы түрдің салмағы

  2. Фитоценоз құрамындағы түрдің салмағы

  3. Фитоценоз құрамындағы түрдің құрамы

  4. Фитоценоз құрамындағы түрдің мөлшері

  5. Фитоценоз құрамындағы түрдің сандық көрсеткіші

3.фитоценоздардың экобиоморфтың құрамы

  1. Су ортасымен байланысты, тіршілік формасы

  2. Ауа ортасымен байланысты тіршілік формасы

  3. Топырақ ортасымен байлынысты тіршілік формасы

  4. Өсімдіктер қауымдастықтарымен байланысты тіршілік формасы

  5. Сыртқы ортаның жағдайымен байланысты тіршілік формасы


Практикалық сабақ № 4.

Сабақтың такқырыбы:

Фитоценоздардың структурасы.



Жоспары:

1.Фитоценоздар структурасы түсінігі

2.Фитоценоздың морфологиялық структурасы

3. Фитоценоздың ярустылығы.


Сабақтың мақсаты: Фитоценоздардың морфологиялық структурасы, фитоценоздардың ярустылығына сипаттама.

Сабақтың мазмұны: Структура әрбір өсімдік қауымының маңызды белгілерінің немесе қасиеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан оны зерттеу геоьотаниканың басты масатының бірі. В.В.Мазинг (1965,1969,1973ж) осы структура ұғымын түсіндіруде үш негізгі бағыт бар екендігін анықтап берді.

Структура құрамының синонимі ретінде .Бұл құрамның кең мағынадағы сипаттамасы болып табылыды.

Структура құрылымының синонимі ретінде. Фитоценозда экологиялық және кеңістік жағдайларына қарай бір-бірінен ажыратылатын бөлшекткрдің бар екеніне байланысты геоботаниктер структураны осылай түсінуді қолдайды.

Структура байланыстар жиынтығы ретінде. Қарым-қатынастарының жинтығынбиоценозда экологиялық және кеңістіктік жағдайларына қарай бір-бірінен ажыратылатын бөлшектердің бар екеніне байланысты геоботаниктер структураны осылай түсінуді қолдайды .

Сонымен структура латын сөзінен structura- құрылысы, орналасуы әртүрлі авторлар әрқалай түсінік беретін ұғым. Фитоценоздардың структурасы өте көп мәселелерді қамтиды, оның мөлшері туралы әр түрлі көзқарастар бар.

Фитоценоздардың морфологиялық структурасы. Фитоценоз өзара қарым-қатынастарымен және территориясының бірлігімен байланысқан популяциялар үйлесімі ретінде вертикальді және горизонтальдық бөлшектенуімен сипатталады.

Фитоценоздардың ярустылығы. Ярустылық- фитоценоздардың әртүрлі дәрежеде қабысқан ассимиляцияға, заттар және энергия жинақтауға әр қалай қатысатын қабаттарға, ярустарға, қалқаларға, биогоризонттарға, яғни структуралық немесе функциональдық бөлімдерге бөлшектенуі.
Практикалық сабақ № 5.

Сабақтың тақырыбы:

Фитоценоздардың горизонттарының құрылысы.(Теңбілділігі немесе мозаикалылығы)



Жоспары:

1.Фитоценоздардың теңбілділігі.

2.Фитоценоздың геометриялық структурасы.
Сабақтың мақсаты: Фитоценоздардың геометриялық структурасы,фитоценоздардың хронологиялық структурасы фитоценоздардың тәуліктік өзгергіштігі, фитоценоздардың маусымдық өзгерістері жайында студенттерге мәлімет беру.

Сабақтың мазмұны: Фитоценоздардың көлденең жазықтықта біркелкі болуы өте сирек кездеседі. Соған байланысты фитоценоздардың құрылысында әртүрлі бөліктер ажыратылады. Работнов 1972ж теңбілділіктің жеті түрін ажыратуды ұсынды:

1.Эдафотопикалық

2.Эпизодтық

3.Ценобиотикалық


4.Клоналдық

5.Зоогендік


6.Антропогендік


7.Экзогендік

Теңбілділік-оның түрлері және айқындылық дәрежесі- фитоценоздардың өте маңызды белгісі болып табылады. Фитоценоздың геометриялық структурасы.Фитоценоздардың өнімділігінің үлгісін жасау үшін олардың геометриялық структурасының сандық бейнесін білу қажет.



Фитоценноздардың геометриялық структурасы дегеніміз- фитоценоздағы өсімдіктер жапырақтарының тіршілік ету орнына ббейімделуіне байланысты кеңістікте орналасуы. Фитоценоздардың хронологиялық структурасы – оның дамуындағы өзгеріс белгілерінен тұрады. Оған фитоценоздардағы тәуліктік маусымдық өзгерістер және әртүрлі жылдардағы өзгерістер жатады.Фитоценоздардың тәліктік өзгергіштігі өсімдіктің вегетациясы кезінде байқалады. Егерде өсімдіктің өскен ортасында ауаның температурасы, ылғалдылығы, желдің күші және бағыты, және жарықтың мөлшері тәулік ішінде өзгеріп тұратын болса фитоценоздың өзгергіштігі айқынырақ байқалады.Фитоценоздардың маусымдық өзгергіштігі- оны құратын өсімдік түрлерінің жыл ішіндегі метерологиялық жағдайдың құбылмалылығына бейімделуінің нәтижесі.Бұл жағдайда бейімделу дегеніміз метерологиялық жағдайдың ритиміне үйлесімді өсімдіктер түрлерінің айқын жыл сайынғы тіршілікті ритимінің жасалуы. Фитоценоздың маусымдық өзгерістеріне тән белгі оның әр жылы оқтын-оқтын қайталанып отыруы. Маусымдық өзгерістердің ең көзге түсетіні фитоценоздардың сырт көрінісі.Фитоценоздардың маусымдық күйінің алмасып отыруының практикада, әсіресе шабындықтармен жайлымдықтарды дұрыс пайдалануға және машруттық зерттеу жұмыстарын жүргізуде үлкен маңызы бар.


Практикалық сабақ № 6


Сабақтың тақырыбы:Фитоценоздардың эколого-биологиялық структурасы

Жоспары:

1.Фитоценоздардың эколого – биологиялық структурасы түсінігі

2.Тамыр жүйесі структурасы

3.Фитоценоздардағы өсімдіктердің эколого- биологиялық ерекшеліктері.


Сабақтың мақсаты: Фитоценоздардың эколого-биологиялық ерекшеліктері, тамыр жүйелері жайында, сонымен қатар фитоценоздардың функционалдық структурасының элементтері, ценоячейка, синузия жайында қажетті мәлімет беру.

Сабақтың мазмұны: Фитоценоздың эколого-биологиялық структурасы дегеніміз- ондағы өсімдіктер түрлерінің жеке сапалық белгілерімен ерекшеленетін биоморфаларының және экоморфаларының сандық құрамы. Маңызды белгілері мыналар: негізгі биоморфа, тамыр жүйесінің және жер үстіндегі өркендерінің структуралық типтері, өркендердің даму циклдарі және өсіп ұлғаю әдістері,қыстап шығу әдістері, жеміс салу тарау түрлері, әртүрлі факторларға қатысты экологтялық типтер.

Фитоценоздардағы өсімдіктердің эколого- биологиялық ерекшеліктерін көп жақты талдап жалпы қортынды жасау осы ауданның зонаның табиғат жағдайын, оларды меңгеру механизмін, бейімделу ерекшеліктерін және олардың арқасында осы жер жағдайын игеріп биосферада органикалық заттар жинап, оның қорын арттыруда мүмкіншілігін білуге өте қажет болып табылады.Тамыр жүйесінің өсу қарқындығы және топыраққа ену тереңдігі әртүрлі, жер бетіндегі мүшелерінің структурасы бірдей емес және даму ритмикасы әртүрлі өсімдіктерді таңдап алу арқылы, экологиялық факторларды жан-жақты толық пайдалана отырып өнімдікті барынша арттыруға болады.Тамыр жүйелерін зерттеу жұмыстарының нәтижесін топырақтың эрозиясымен күресу үшін жыралардың,таулардың беткейлерін шалғындандыру ісінде өсімдіктерді дұрыс іріктеп алу үшін пайдалануға болады.Фитоценоздың компоненттерінің қарым-қатынасына негізделген организациялықформаларының структурасын оның функционалдық структурасы деп атайды.фитоценоздың функционалдық структурасының элементтеріне ценоячейка, синузия, консорция жатады.

Ценоячейка туралы ұғымды фитоценоздың функционалдық структурасының қарапайым өлшемі ретінде В.С.Ипатов енгізді. Ценоячейка дегеніміз- орта арқылы бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасайтын өсімдіктер тобы.

Синузия (гректің Synusia- бірге мекендеу, қауым) терминін геоботаникада бірінші рет өзінің лекциясында Швейцария геоботанигі Рюбель(1912) пайдаланды, бірақ ол термин тек Гамстың синузия туралы жұмысы жариаланғаннан кейін ғана геоботаникаға еніп кеңінен пайдалана бастады. Гамс синузияны үш қатарға бөлді:

1-ші қатардағы синузия- дербес бір өсімдіктер қауымы ішінде өмір сүретін особьтардың жиынтығы.

2-ші қатардағы синузия-дербес өмір сүретін бір тіршілік формасына жататын бір өсімдіктер қауымы ішіндегі әртүрлі түрлердің особьтарының жиынтығы.

3-ші қатардағы синузия-дербес өмір сүретін әртүрлі тіршілік формаларына жататын түрлер особьтарының жиынтығы.




Практикалық сабақ № 7.


Сабақтың тақырыбы:

Фитоценоздардың конституциялық структурасы



Жоспары:

1.Экологиялық топтар

2.Фитоценотикалық топтар
Сабақтың мақсаты:Экологиялық топтар, фитоценотикалық топтар географиялық, флорогенетикалық және ценотикалық топтар географиялық, флорогенетикалық және ценотикалық топтарға шолу.

Сабақтың мазмұны:Фитоценоздардың конституциялық структурасы бірнеше топтарға бөлінеді:

Экологиялық топтар –тіршілік ету ортасының негізгі факторларының комплексіне қатысты экологиялық қасиеттері бірдей фитоценоз түрлерін біріктіреді. Бұл топқа экологиялық бір факторға қатысты бөлінетін өсімдік қауымының түрлерінің бірлестіктерін жатқызуға болады.

Фитоценотикалық топтар – бұл топтарға фитоценотикалық біркелкі өсімдіктер қауымының құрылысында, тіршілігінде және динамикасында бірдей роль атқаратын өсімдіктердің бір ярусқа жататын түрлері.

Географиялық, флорогенетикалық және ценотикалық топтар өсімдіктер қауымындағы таралуы және экологиясы ұқсас түрлі тіршілік формаларына және әртүрлі ярустарға жата алатын аралық шығу тегі бірдей түрлердің бірлестігі.

Өсімдіктер қауымының структурасы, оның ұзақ уақыт қалыптасу процесі кезінде құрылған. Өсімдіктер қауымының структурасын зерттеу, ол қауымның құрамына кіретін өсімдік түрлерінің санды қатынасын, олардың қауымды құрудағы маңызын, олардың биологиясын және экологиясын, терең білуге негізделген болуы керек.Өсімдіктер қауымдарының структурасы олардың ең негізгі басты белгілерінің бірі болып табылады.Сондықтан ол өсімдіктердің табиғи классификациясын жасауға негіз болады.Қауымның структурасын зерттеу нәтижесінде оның ішіндегі фитоценотикалық процестердің бағытын, ерекшеліктерін және қауымның динамикасын анықтап,қауымның өткен уақыттағы және келешектегі өзгешеліктері туралы болжам жасауға болады. Сонымен қатар қауымның структурасын зерттеу, қауымның фитомассасын және оның кеңістіктегі таратылуын дәл анықтауға мүмкіншілік береді.Сонымен, өсімдіктер қауымдарының структурасы фитоценологияның бірқатар теориялық проблемаларын шешудің кілті болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

Экологиялық топтарға нелер жатады?

Фитоценотикалық топтарға нелер жатады?

Өсімдіктер қауымы структурасына сипаттама?



Практикалық сабақ № 8.


Сабақтың тақырыбы: Фитоценеоздардың экологиясы.

Жоспары:

1.Экологиялық факторлардың топталуы

2.Ценопопуляция

3.Тікелей әсер ететін факторлар


Саб ақтың мақсаты:Фитоценоздардың тіршілік орны,экологиялық факторлардың таралуы.

Сабақтың мазмұны: Әрбір фитоценоздардың орналасқан территориясын оның тіршілік орны немесе биотоп деп атайды. Тіршілік орнын “тұрған орны” деген түсініктен ажырата білу керек. Биотоп немесе тіршілік орны,күрделі экологиялық факторлар комплексі.

Экологиялық факторлардың топталуы. Барлық экологиялық факторларды әсер етуі әдісіне байланысты организмге тікелей әсер ететіндер және жанама әсер ететіндерге бөлуге болады. Бірақ бір фактордың өзі бір жағдайда организмге тікелей әсер етіп, ал екінші бір жағдайда жанама әсер етуі мүмкін.

Тікелей әсер ететін факторларды,эколо-физиологиялық немесе негізгі факторлар деп те атайды. Негізгі,басты экологиялық факторлар бір-бірімен тығыз байланысты.Әрбір экологиялық фактор немесе факторлар комплексі өсімдік онтогенезінің әр фазасында әр қалай әсер етеді. Әрбір экологиялық фактор белгілі сандық көрсеткіштерімен сипатталады-қарқындылығымен және әсердің мөлшері мен .Сонымен экологиялық фактордың әсері оның “дозасына ” тәуелді. Факторлардың әсері ең алдымен оның амплитудасымен, теңселу шегімен сипатталады.

Ценопопуляция. Ортаның белгілі бір нақтылы жағдайда өмір сүруге қабілеттілігі бар биотиптер топтарын популяция деп атайды.

Практикалық сабақ № 9.


Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктер қауымдарының таралуындағы басты факторлар.



Жоспары:

1.Фитоценоздардың өнімділігі


2.Лимиттеуші факторлардың ролі
Сабақтың мақсаты:Фитоценоздардың өнімділігіне структурасына,басты факторларға сипаттама.

Сабақтың мазмұны:Фитоценоздардың өнімділігіне және структурасына басқаларға қарағанда басым әсер ететін болғандықтан орта жағдайлары өсімдік қауымдарының таралуына басты факторлар қатарынан саналады.Фитоценоздар үшін максимум дәрежесіне не минимум дәрежесінде тұрған факторлар басты факторлар болады. Ол фактор бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Басты факторлар лимиттеуші факторлар деп те атайды. Лимиттеуші факторлардың ролі аутоэкологияда пайдаланылатын Ю.Либих және В.Шелфору заңдарында көрсетілген. Бұл заңдар бойынша кейбір өсімдік түрлерінің болмауы немесе олардың өркендемеуі кез-келген бір фактордың жетіспеуіне немесе шектен тыс артық болуына байланысты болуы мүмкін.Басты факторлардың сипаты,табиғи зоналарға байланысты өзгеріп отырады. Тундра жағдайында басты факторлар жылылық. Тайгада ол рөлді топырақтың байлығы атқарады. Фитоценоздар үшін максимум дәрежесінде не минимум дәржеде тұрған факторлар басты факторлар болады. Ол бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Басты факторларды лимиттеуші / бір нәрсенің шекті нормалы / өлшемі факторлар деп те атайды. Лимиттеуші факторлардың рөлі аутэкологияда пайдаланатын

Ю. Любих (1855), В.Шелферу (1915) заңдарында көрсетілген. Бұл заңдар бойынша кейбір өсімдіктер түрлерінің болмауы немесе олардың өркендемеуі кез – келген бір фактордың жетіспеуіне немесе шектен тыс артық болуына байланысты болуы мүмкін. Басты факторлар табиғи және антропогенді болып бөлінуі мүмкін. Басты факторлардың сипаты табиғи зоналарға байланысты өзгеріп отырады. Тундра жағдайында басты фактор жылылық Тайгада ол топырақ байлығы.

1). Гемикриптофиттер (Н)

2). Геофиттер (Q) –жер астында, тамыр сабақтар, баданалары т.б.

3). Гелофиттер – батпақты жердегілер, өркендері су үстінде жаңару бүршіктері су астында

4). Терофиттер – Тһ – біржылдықтар – қолайсыз кезеңді тұқым күйінде басынан өткізеді



Практикалық сабақ № 10.


Сабақтың тақырыбы:Тіршілік формалары өсімдіктердің экологиялық факторлар жиынтығы.

Жоспары:

1.Экологиялық факторлардың әсері

2.Экологиялық факторлардың бөлінуі
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің тіршілік формалары туралы жалпы сипаттама. Экологиялық факторлардың түрлері.

Сабақтың мазмұны: Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде өсімдіктің көрінісі, кейпі, оның тіршілік формасы қалыптасады.

“Тіршілік формасы” деген терминді бірінші рет Варминг (1884ж) ұсынды. Ол өмір бойы сыртқы ортамен үндестікте болатын индивидтің вегетативтік денесінің формасын тіршілік формасы деп атады. Сол уақыттан бері бұл терминнің көптеген анықтамасы және тіршілік формаларының әртүрлі жүйелері ұсынылды.

Экологиялық факторларды абиотикалық және биотикалық антропогендік факторларға бөлінеді : негізгі, басты экологиялық факторлар бір – бірімен тығыз байланысты. Әдетте олардың біреуінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне әкеледі.

Белгілі фактордың екі мөлшері (максимум, минимум) биологиялық процестің осы факторға қатысты толеранттылығының (tolerant – шыдамдылық) шекарасы болып табылады. Түрлер стенобионттар және эврибионттарға бөлінеді.

Стенобионттар (stenos – тар, bios - өмір) ортаның салыстырмалы тұрақты жағдайында өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімделу.

Эврибионттар (eurus – кең және bіоs - өмір) әртүрлі жағдайда өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімдеушілікке ие организмдер. Эвритермді түр – температураға қатысты болып, кең амплитудалы жағдайда өмір сүре алады. Стенотермді – температураның өзгермейтін қысыққа жағдайында өмір сүре алады.



Практикалық сабақ № 11.

Сабақтың тақырыбы: Фитоценоздардың экологиясының әсері.

Жоспары:

1.Экологиялық факторларды әсер етуі әдісіне байланысты бөлінуі

2.Ординация.

3.Индикация.


Сабақтың мазмұны: Барлық экологиялық факторларды әсер етуі әдісіне байланысты а) организмге тікелей әсер ететіндер (жарық, жылу, ауа, су минерал қоректену режимдері) б) жанама (басқа факторларға әсер ететіндер) (жоғарғы аталған режимдерге әсер етіп олар арқылы өсімдіктерге әсер ететін) факторларға бөлуге болады. Тікелей әсер ететін факторларды эколого- физиологиялық немесе негізгі факторлар деп атайды. Бұл факторлардың бірін екіншісімен алмастырып болмайды.

Ортаның басты факторлары әрекеттестікте болады. Әрекеттестіктің үш варианты болады.



  1. Басты факторлардың өзара байланыстылығы (корреляция)

  2. Түрдің фитоценотикалық оптимумдарының әртүрлі факторлар арқылы әрекеттестігі

  3. Бір фактордың орнын екінші фактордың жарым – жартылай басуы.

Өсімдіктер қауымымен ортаның арасындағы байланысты

зерттеу жұмыстарын үш топқа біріктіруге болады – ординация, кординация, индикация.

Ординация (лат. ordination – тәртіппен) орналасқан өсімдіктердің өзгеруі сипатын көрсететін кейбір өсу бойында түрлерді немесе қауымдарды ретке келтіру процедурасы.

Индикация (лат – indicatio – көрсету) –ортаның жағдайын өсімдіктер арқылы анықтау. Әртүрлі эдафикалық факторлар/ылғалдану, жерасты суларының деңгейлері сортаңдану, атмосфера жағдайлары – зерттеу объектері есептелінеді. Объектеріне байланысты гидроиндикация (су), педоиндикация (топырақ) атмоиндикация т.б. бағыттары бар. Орта жағдайының индикаторы еебінде фитоценоздардың флоралық құрамы пайдаланады. Орта жағдайымен тығыз байланысты және жағдайын айырып тану үшін пайдаланатын өсімдіктер қауымы – кейбір түрлер индикатор деп аталады, ал процессті индикация деп атайды. Индикациялық байланыстың географиялық тұрақтылық дәрежесіне байланысты индикаторлар панареальді (белгілі – бір организмнің таралған аймағы). Панеаральді индикаторларға рһragmites australis жатады. Оның тамыр жүйесінің дамығандығы ылғалдығының жоғары екендігі панареальды индикаторы болып табылады. Панареальды индикаторлар көп емес, олар тікелей индикаторларға жатады. Аймақтық индикаторлар жиірек кездеседі. Ботаникалық көрсеткіштер арқылы анықталатын индикатор әртүрлі ол белгілі – бір табиғи объектілердің әртүрлі типтері (топырақ, тау жыныстарының жер астындағы сулардың немесе объектілердің әртүрлі қасиеттері механикалық құрамы, сортаңдану т.б.) байланысты. Индикаторлар рөлінде өзгермес түрлер немесе ценоздар емес, өзара байланысқан өсімдіктер қауымдары жүйелері, олардың эколого – генетикалық қатары болады.




Практикалық сабақ № 12.

Сабақтың тақырыбы: Тіршілік формалары - өсімдіктердің экологиялық факторлар жиынтығына бейімделуінің тарихи бейнеесі.

Жоспары:

1.Экологиялық факторлардың әсері

2.Фактордың мөлшері
Сабақтың мақсаты: Экологиялық факторлардың әсері

Фактордың мөлшері



Сабақтың мазмұны:

Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде өсімдіктің айқын сырт көрінісі, кейпі, оның тіршілік формасы қалыптасады. “Тіршілік формасы” деген термин бірінші рет Варминг (1884) ұсынды. Ол өмір бойы сыртқы ортамен үндестікте болатын индивидтік денесінің формасын тіршілік формасы деп атады. Тіршілік формаларының классификациясының ішінде дұрыс қабылданып, көп тарағаны Рауникер классификациясы. Ол тіршілік форманың негізіне жылдың қолайсыз уақыттарына өсімдіктердің шыдап ерекшеліктерінің ішінен бір белгісі ретінде тоқтаған (жаңару) бүршіктердің немесе су бетінде қатысты орналасуына байланысты тіршілік формаларын 5 топқа бөледі :

1). Финерофиттер – Р – бүршіктері топырақ бетінен 30см және одан жоғары ауада орналасқан.

2). Хамефиттер (сһ) – қолайсыз кезеңде бүршіктері топырақ бетіне жақын

(20-30см) орналасқан.

Мысалы су жеткіліксіз болса, оны қор заттың мөлшерін көбейтумен орнын толтыруға болмайды. Жылылық жеткіліксіз болса, басқа факторлармен толтыруға болмайды.

Экологиялық факторларды абиотикалық және биотикалық антропогендік факторларға бөлінеді : негізгі, басты экологиялық факторлар бір – бірімен тығыз байланысты. Әдетте олардың біреуінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне әкеледі.

Белгілі фактордың екі мөлшері (максимум, минимум) биологиялық процестің осы факторға қатысты толеранттылығының (tolerant – шыдамдылық) шекарасы болып табылады. Түрлер стенобионттар және эврибионттарға бөлінеді.

Стенобионттар (stenos – тар, bios - өмір) ортаның салыстырмалы тұрақты жағдайында өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімделу.

Эврибионттар (eurus – кең және bіоs - өмір) әртүрлі жағдайда өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімдеушілікке ие организмдер. Эвритермді түр – температураға қатысты болып, кең амплитудалы жағдайда өмір сүре алады. Стенотермді – температураның өзгермейтін қысыққа жағдайында өмір сүре алады.

Биотоп – төменгі тіршілік, бөлшек, белгілі – бір түрдің барлық генетикалық туыс особьтарының жиынтығы. Түр көптеген биотоптардан тұрады, биотипте бір – бірінен анық ажыратылады (жапырақ ерекшелігімен, жемістер түсімен, гүл шоғыры құрылысынан).

Экотип –(оікоs – үй typos - тип). Экотиптер өсімдіктердің мекен - жайының экологиялық факторларының комплексті әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Экологиялық факторлардың ішіндегі негізгісі : климаттың эдафикалық биотикалық факторлар. Соған байланысты экотиптерді климаттық, эдафикалық және ценотикалық топтарға бөледі. Өсімдіктері ұқсас тіршілік орындары жанама әсер ететін факторлардың әртүрлілігіне қарамастан биологиялық бірдей (тең бағалы) немесе ұқсас орындар деп аталады.



Практикалық сабақ № 13

Сабақтың тақырыбы: Фитоценоздардың динамикасы

Жоспары:

1.Күрделі алмасулардың компоненттері

2.Күрделі алмасулардың алғашқы этаптары
Сабақтың мазмұны: Өсімдіктердің қауымы өте динамикалық құбылыс. Фитоценоздар структурасының кері дамымайтын, қайталамайтын ішкі және сыртқы себептерге байланысты өзгеруін фитоценоздардың динамикасы деп аталады. Көптеген алмасулар фитоценоздар динамикасына себепкер болады. Қарапайым алмасуларды топтастырғанда (сукцессия) бір фитоценоздың орнын екінші фитоценоз басып алмастыруы, фитоценоздар эволюциясы және каталиклизмдер (астан –нестен өзгеріс) олардың бірі бөлімдері. Күрделі алмасулардың компоненттері болып фитоценоздар эволюциясы, сингенез (гр. Syn – бірге qenesis – шығу) және галогенез 4гр. holos – түгел, qenesis – шығу – табиғи және антропогендік факторларға байланысты түгел ландшафтық даму процессінің салдарынан болатын антропогендік сукцессия) жатады.

Күрделі алмасулардың алғашқы этаптарында аллогендік (сыртқы себептер), ал соңғы этаптарында автогендік (ішкі себептер) өзгерістердің маңызы зор. Күрделі алмасуда барлық қарапайым алмасулардың ішінен үлкен роль атқаратындары эндоэкзогенез, гологенез, шамалы роль атқаратындары – сингенез және эволюция.

Қарапайым алмасулардың топталуы.

Ғалымдар Б.М.Миркин.,Г.С.Розенберг (1978), Сукачев 1954, Ярошенко 1961 жұмыстары негізінде өсімдіктер жабынындағы қарапайым алмасулардың топтасуын (классификациясын) берді. Алмасуларды топтастырғанда оның ең ірі бөлігі ретінде алмасу класы қабылданған.

Бірінші класс – фитоценоздардың эволюциясы – бұған кіретін өзгерістердің нәтижесінде табиғатта бұрын болған фитоценоздар типі қалыптасады.

Екінші класс – сукцессия -өзгерістер ақырындап жүреді соның нәтижесінде өсімдіктер жабынының басқа учаскелерінде кездесетін фитоценоздар пайда болады.

Үшінші класс – катаклизмдер (астан – кестен өзгеріс) – бұлардың табиғаты басқа өсімдіктерге кенеттен кейбір факторлардың әсер етуі нәтижесінде болады. Соның салдарынан бұрын тіршілік етіп жатқан фиоценоз жарым – жартылай немесе түгелдей жоғалады.
Практикалық сабақ № 14.

Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктердің даму кезеңдері.

Сабақтың мақсаты:Өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері мен тіршілік күйлеріне сипаттама.

Сабақтың мазмұны: .

Дербес организмдердің жасын дәл анықтауға болмайтын жағдайларда, популяция әртүрлі жастың топтарға кіретін дербес организмдердің ара қатынасымен сипатталады. Мұндай жағдайда популяцияның жастық құрамы емес жастық спектрі есептелінеді. Тұқымымен көбейетін көп жылдық өсімдіктерді жастық топтарға бөлудің негізіне олардың тіршілік циклдарын төрт кезеңге бөлу жатады (Работков).

Ол кезеңдер :


  1. Жасырын (Латент) – бірінші тыныштық кезең

  2. Виргильный (қыздың кезең) – тұқым көбеюіне дейін организмнің генеративтік жолмен

  3. Генеративтік кезең

  4. Сенильді (кәрілік) кезең

Т. А. Работковтың (1978) пікірінше жастық топтарға жоғарыда көрсетілгендей бөлуді вегетативтік жолмен көбейетіндерге және папоротниктерге де қолдануға болады.
Бақылау сұрақтары:

1.Работков тіршілік циклдерін неше кезеңге бөлді?

2.Кәрілік кезең қалай аталады?

3. Латент қандай кезең?




Практикалық сабақ № 15.


Сабақтың тақырыбы: Фитоценоздың морфологиялық структурасы.
Жоспары:

1.Фитоценоздардың ярустылығы,

2. Фитоценоз қабаттары

3.Өсімдіктердің жер асты ярустылығы


Сабақтың мақсаты: Фитоценоздардың қабаттары мен ярустылығының айырмашылықтары.

Сабақтың мазмұны: Фитоценоз өзара қарым-қатынсатарымен және территориясының бірлігімен байланысқан популяциялар үйлесімі. ретінде вертикальдың және горизонтальдық бөлшектенуімен, сипатталады. Фитоценоздың вертикальдық структурасының элементі болып ярустылығы, ал горизонтальдық структурасының элементі - мозайкалылығы болып. табылады.

фитоценоздардың ярустылығы

Ярустылық - фитоценоздардың әртүрлі дәрежеде қабысқан асси- , миляцияға, заттар және ;энергия жинақтауға әр қалай қатысатын қабаттарға, ярустарға қалңаларға» биогоризонттарға,; яғни структуралық немесе функцианальдық бөлімдерге бөлшектенуі.

Сонымен, қабат дегеніміз./Быков, 1978,- І988/ фитоценоздың негізгі структуралың, сонымен. бірге экологиялық және энергетикалық бөлігі. Ол доминант, субдоминант популяцияларынан пайда болған немесе бір экобиоморфага' жататын кондоминанттардан пайда болган.



Фитоценоздарда мынадай қабаттарды /Быков, 1988/ ажыратады:

1/ Конституциялық немесе негізгі /агаштар, бүталар, шөптер., мүктер және қыналар қабаттары/; - . .

2/ Эдафикалың неггзінен редуценттерден түратын /топырақтагы саңрауқүлақтар және микробтардың қабаты/;

3/ Орындаушылар_ планктондың организмдер қабаты/.

Сонымен қатар басты және екінші дәрежедегі қабаттарды ажыратады. Басты қабаттарды доминанттар жәңе кондоминанттар, екінші дәрежедегілерді - субдомиңанттар түзеді.

Конституциялық қабаттардың структурасы туралы мәліметтер көп те, ал эдафикалық қабаттар туралы өтё аз. Геоботаниктер ол туралы өте аз біледі. Микологтар бүл мәселені зерттемейді . Комплексті жүмыстар бүл багытта. әлі өте аз.

Фитоценоздың жер үстіңдегі және жер астындағы бөлшектеріңцегі ярустардың саны оның қүрамына кіретін қабаттардың санымен анықталады. Бірақ әртүрлі қабаттардағы ярустардың кей жағдайларда дәл шектеліп ажыратылмайтындығын; естен шығармаған жөн. Мысалы, : ормандарда жарық сүйгіш және жарықты онша қажет етпейтін агаш тардың ярустары бір - біріне түтасып кетуі мүмкін. Кей жағдайда әртүрлі экобиоморфаға жататын өсімдіктердің ярустары бір - біріне дәл келіп үйлесіп кетеді. Мысалы, шығыс Қазаңстанның бүталы далаларында бүталарымен /ерекше Cazagana pumila Pojazk, - аласа қарағай/ '. астық түқымдастардың биіктіктері бірдөй. Бірақ олардың жер.астындағы мүшелерінің ярустары бір - біріне сәйкес келмейді.

Ярустылықты зерттегенде әртүрлі әдістер қолданады. Фитоценоздың вертикаль жазықтықтагы керінісін суретке түсіріп немесе суретін салып алуды бисекте деп атайды. Бүл фитоценоздың қабаттарының структурасын белгілеп алудың ең қарапайым әдісі.



Пайдалынатын әдебиеттер :

а) негізгі

1. Беклемишев В.Н. Биогеоценологические основы сравнительной паразитологий

М 1978 ж.

2. Вернадский В.Н. Биосфера М.Мысль 1970

3. Культиасов И.М.Экология растений М.Изд МГУ 1982

б). қосымша:

4. Одум. Ю. Экология М.1986 т-1,т-2

5. Пианка Н.Ф. Эволюционная экология М.1981

6.М. Мұхиддинов «Геоботаника негіздері» А.

7. М.Н. Терминология основных понятии. 1935.Сов. бот. №5.

8. А.Л.Четыре царства органического мира “Природа”.

9. Геоботаника: Оновные понятия, направления и свещение

10. Растений Очерки популяционной биологии 1988.



Пәннің әдістемелік қамтылуы.


Әдістемелік құрал

Атауы

Техникалық құрал

Лекция тақырыбы

Пл-3

Фитоценоздардың қалыптасуы және оның компоненттерінің қарым-қатынасы.




3

ДФ-5

Фитоценоздардың құрамы.

ДФ-1

5

Пл-9

Фитоценоздардың структурасы




9

Пл-12

Фитоценоздардың эколого-биологиялық структурасы




12

Пл -19

Тіршілік формалары-өсімдіктердің экологиялық факторлар жиынтығы




19

Пл -25

Фитоценоздың морфологиялық структурасы




25

Пл-28

Экологиялық факторлардың топталуы




28



Шартты белгілер:

а) білімді бақылау бойынша:

1.Р – реферат

2.Г – глоссарий

3.А – ауызша

4.Ж – жазбаша

5.Б – Бақылау

6.Кл – коллоквиум

7.Бс- бақылау сұрақтары

8.Т – тест

9.СЖ – сұрақ-жауап

10. ПЖҚ – лабораториялық жұмыстарды қорғау.

Б) методикалық қамтамасыздандыру бойынша:

ПЛ- 3,5,9 плакат № 3,5,9

ПЛ-12,19,25 плокат № 12,19,25

ПЛ-28 плокат №28



в) техникалық қамтамасыздандыру бойынша:

дф – 5 диафильм (диапроектор) № 5










©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет